Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологияларын қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес «Денсаулық» білім беру саласының мақсаты – балаларды салауатты өмір салтына баулу, денсаулық сақтау технологияларын қолданып, ойындар мен жаттығулар арқылы дене шынықтыруға қызығушылықты қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе қаласы, КММ «Заречный тұрғын алабы мектеп- балабақша кешенінің» тәрбиешісі Муханбетпайзова Нурила Рахметовна



Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс барысында денсаулық сақтау технологияларын қолдану


Мектепке дейінгі кезең – бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезең екенін білеміз. Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке жүйелерімен дене мүшелерінің және жүйкелік-психикалық дамуы қалыптаса түскен кезі. Ал жекелеген жүйелер, мүшелер - жүрек, тамыр, жүйке психологиялық тыныс алу, иммуналдық жүйелері толыққанды жетілмесе, онда бала ағзасының қорғаныс күші және ауруға қарсылықты көрсете алуы әліде жеткіліксіз болып келеді. Және де ауруға бала аз қимыл-әрекеттенгендіктен жиі ұшырайды.
Сондықтан да МДҰ -да осы денсаулық сақтау іс-шаралары міндетті түрде кешенді және жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Сонда ғана жаңа өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере алатын болады.

«Денсаулық сақтау білім беру технологиялары» ұғымы педагогикалық практикада соңғы жылдары ғана пайда болды. Бұл тақырып балалардың денсаулық жағдайына байланысты өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселесін бала мектепке барғанға дейін, яғни балабақшада шешу маңызды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес «Денсаулық» білім беру саласының мақсаты – балаларды салауатты өмір салтына баулу, денсаулық сақтау технологияларын қолданып, ойындар мен жаттығулар арқылы дене шынықтыруға қызығушылықты қалыптастыру.

Қазақстанда денсаулық сақтау технологиясы мәселесі салауатты өмір салтының түрлі аспектілері бойынша балалардың денсаулығын сақтау теориясы мен тәжірибесіне елеулі үлес қосқан Г.Д.Әлімжанованың, Р.Р. Амангелдиевтың, З.К.Дунаеваның, С.А. Жампеисованың еңбектерінде ашып көрсетілген.

Қазіргі уақытта ғалымдар «денсаулық сақтауды» арнайы ұйымдастырылған дене шынықтыру-сауықтыру, білім беру, санитарлық-гигиеналық, емдік- профилактикалық және т.б. іс-шаралар жиынтығын қамтитын, яғни мектепке дейінгі ұйым қызметінің балалар денсаулығын сақтау мен нығайту, қалыптастыру бойынша барлық бағыттарын біріктіретін процесс ретінде қарастырады.


Міндеттері:

- дамытушы ойын ортасын құру;

- ұйымдастырылған оқу қызметінде денсаулық сақтау технологияларын қолдану;

- салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру;

- мектеп жасына дейінгі балаларда салауатты өмір салтын қалыптастыруда ата-аналарды ынтымақтастыққа тарту.

Мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулықты сақтау жүйесі қамтиды:

- түрлі сауықтыру сәттерін (таңертеңгі гимнастика, «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметі, сергіту сәттері, қимылды ойындар, серуендер, спорттық мерекелер мен сауықтар, музыкалық-ырғақтық сабақтар);

- нәрлі тамақтануды ұйымдастыру;

- балалармен медициналық-профилактикалық жұмыс жүргізу;

- шынықтыру шараларының кешені (сауықтыру гимнастикасы, өзіне-өзі массаж жасау, түзету, тыныс алу жаттығулары, салқын тиюден болатын ауруларды, жалпақ табандылықты болдырмау үшін алдын ала емдеу; жалаң аяқ жүру, тамақты және ауызды шаю).

Білім беру процесіне денсаулық сақтау технологияларын енгізу

педагогтерге мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығы мен психоэмоционалдық көңіл-күйін, дене дайындығын жақсартуға, ауру- сырқаудың азаюына және салауатты өмір салтын саналы түрде ұстану сұранысына қол жеткізуге мүмкіндік береді.


Денсаулық сақтау технологияларының маңызы мен ұстанымдары

Педагогика ғылымында «денсаулықты сақтау» ұғымы XX ғасырдың 90- жылдары қолданыла бастады және түрлі кезеңдерде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері арқылы балалардың денсаулығын сақтауда қатынас өзгешелігін көрсетті.

Отандық және шетелдік ғалымдар адам денсаулығының 7-8% денсаулықтықты ойдағыдай сақтауға, 50% - өмір салтына байланысты екендігін анықтады, сондықтан мектепке дейінгі ұйымның міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша педагог жұмысының тиімділігін арттыру.

Денсаулық сақтау педагогикалық технологияларын таңдау: мектепке дейінгі ұйым типіне, мектепке дейінгі ұйымның нақты жағдайларына, педагогтердің кәсіби құзыреттілігіне, балалардың денсаулық көрсеткіштеріне байланысты болады.

Соңғы уақытта әртүрлі сала мамандарының назарын ұл балалар мен қыз балалардың арасындағы айырмашылықтың гендерлік аспектілері қарқыны және интеллектуалдық даму сапасы, эмоционалдық әрекет қабілеттілігі, іс-әрекетті және жетістікті, мінез-құлықты бағалауы аударуда.

Мектепке дейінгі ұйымның міндеті әр балаға өз мүмкіндіктерін сезінуге, оларды дамыту үшін дамытушы ойын ортасын құруға, баланың денсаулығын сақтау мен нығайтуға көмек көрсету.

Денсаулық сақтау технологиясы анықтамасынан балаларда денсаулық мәдениетін қалыптастыру маңызды мақсат екендігін байқауға болады. Денсаулық мәдениетін зерделемей, тәрбиелеу қажет.

Денсаулық сақтау технологияларының мәні салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастырудан, денсаулықта болатын өзгерістерді болжаудан және соған сәйкес педагогикалық-психологиялық, түзету және сауықтыру шараларын өткізуден тұрады.

Денсаулық сақтау технологияларын ұйымдастыру және қолдану келесі дидактикалық ұстанымдарды ескере отырып іске асырылады:

- жас ерекшеліктерін ескеру;

- жүйелілік пен бірізділік;

- қол жетімділік пен дараландыру (орта балалардың ойындар мен ойыншықтарға, материалдарға, құрал-жабдықтарға еркін түрде қол жетімділігін қамтамасыз етеді);

- қауіпсіздік (орта сенімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптары элементтерінің сәйкестілігін ұсынады);

- вариативтілік (балалардың танымдық, қимыл, ойындағы белсенділігін ынталандыратын құрал-жабдықтар мезгілімен ауыстырылуы тиіс);

- баланың жетістігін сезінуі.

Педагогтердің білім беру қызметінің денсаулыққа бағытталған әдістемелік ұстанымдарына ғалымдар (И.И.Брехман, Н.В.Колбанов, Г.К. Зайцев,

Л.Г. Татарникова) тұжырымдама жасады және кейін олар біздің жағдайға икемделді:

- денсаулықты сақтау - Үлгілік оқу бағдарлама мазмұнын игеру қарқынын анықтауға бағытталады;

- денсаулықты нығайту, әрбір баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, денеге түсетін салмақтың дұрыс мөлшерленуін сақтауды негізге алады;

- денсаулықты қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталады, өтпелі тақырыптарды жоспарлауға сәйкес білім беру салаларын

кіріктіру арқылы іске асырылады.Топтарда профилактикалық шараларды жүргізу: топ және жатын бөлмелерін кварцтау, ұйқыдан кейінгі жаттығу, тыныс алу жаттығуы, топ және жатын бөлмелерін желдету, таза ауада серуендеу, релаксация.

Мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясы келесідей қызмет атқарады:

релаксациялық – бұлшық еттерді босаңсытып, шаршағанды басады, жағымды жағдай тудырады;

коммуникативтік – өз денсаулығына ұқыпты қарауға ықпал ететін салауатты өмір салтын ұстану тәжірибесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

түзету – балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалау.

Мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін диагностиканың нәтижесі бойынша түзетуді қажет ететін балалармен түзету жұмысы жоспарланады, оның нәтижесі «Бақылау парағына» толтырылады;

профилактикалық – физиологиялық және психологиялық аурулардың пайда болуының алдын алу.

Денсаулық сақтау технологиялары басқа білім беру салаларымен белсенді түрде кіріктіріледі: мысалы, «Шығармашылық» білім беру саласы «Музыка» ұйымдастырылған оқу қызметінде тыныс алу, артикуляциялық гимнастика, ән айтуға дайындық кезінде ойын түрінде өзіне-өзі массаж жасау балалардың музыкалық қабілеттерін дамытуға, денсаулықты нығайтуға көмектеседі және баланың денесін дамыту құралдарының бірі болып табылады. Сондай-ақ ән айту баланың денсаулығына және дамуына оң ықпал етеді: ақыл-ой қабілетін белсендіреді, эстетикалық және адамгершілік түсініктерін, есту қабілетін, есін, сөйлеуін, ырғақты сезуін, зейінін, ойлауын дамытады, өкпені және барлық тыныс алу аппаратын нығайтады.

Балабақша жағдайында құрылған денсаулық сақтау ортасы баланың әлеуметте бейімделуін, балалардың қимыл белсенділігін қажетсінуін іске асыруды және қимыл дағдыларын тиімді игеруді қамтамасыз етуге ықпал етеді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.08.2021
1329
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12