Материалдар / Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыстың түрлері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыстың түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымда жүргізілетін әдістемелік жұмыс түрлері педагог мамандардың сапалық құрамына, педагогикалық шеберлік деңгейін, жұмыс тәжірибесіне, т.б. байланысты болады. Әдіскер тәрбиешілерге арнап әдістемелік көмектің бірнеше түрін ұйымдастырады. Олар кеңестер, тақырыптық әңгімелесу, семинарлар, т.б. болуы мүмкін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2022
1668
10 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепке дейінгі ұйымдағы

әдістемелік жұмыстың түрлері


Мектепке дейінгі ұйымда жүргізілетін әдістемелік жұмыс түрлері педагог мамандардың сапалық құрамына, педагогикалық шеберлік деңгейін, жұмыс тәжірибесіне, т.б. байланысты болады.

Әдіскер тәрбиешілерге арнап әдістемелік көмектің бірнеше түрін ұйымдастырады. Олар кеңестер, тақырыптық әңгімелесу, семинарлар, т.б. болуы мүмкін.

Кейбір мәселелер ұзақ уақыт талқылауды, әңгімелесуді қажет етеді. Тәрбиешілермен әңгімелесу әдістемелік жұмыстың кең тараған түрі болып табылады. Бұл әдісті әдіскер педагогикалық жұмыстың қорытындыларын шығарғанда, озат тәжірибені зерделеу, жалпылау барысында, т.б. жағдайларда қолданады. Әңгімелесу алдында оның мақсатын, талқыланатын сұрақтарды ойластырған жөн. Тәрбиешімен емін-еркін сөйлесу оның өз ойын ашық білдіруіне мүмкіндік туғызады.

Әдістемелік жұмыстың бұл түрі әдіскерден көрегендікті қажет етеді: сөйлеушіні тыңдай білу, қолдау көрсету, сынды көтере білу, т.б.

Тәрбиешімен сөйлесе отырып, әдіскер оның көңіл-күйін сұрайды,талап-мүдделерін, қиындықтарын сұрап біледі, сәтсіздіктердің себебін анықтайды, нақты көмек көрсетуге тырысады.

Егер әдістемелік көмек бірнеше тәрбиешіге қажет болса, онда семинар өткізуге болады.

Семинар жұмысын басқарушы ретінде белгілі мәселе бойынша жақсы нәтиже көрсеткен тәжірибелі тәрбиешіні таңдауға болады. Оқу жылының басында әдіскер семи нардың тақырыбын таңдайды, жетекшісін тағайындайды. Семинардың ұзақтығы тақырыбқа байланысты болады, олар бір айда бір рет, жарты жылда бір рет немесе жыл көлемінде өткізіліп тұруы мүмкін. Семинарға қатысу әркімнің өз еркінде.

Мектепке дейінгі ұйымның педагогтары семинарда алған теориялық білімдерін семинар-практикумде бекітіп, жетілдіре алады.

Семинар –практикумды келесі түрде жоспарлауға болады:

  • теориялық сұрақты ашу;

  • ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жоспарлау;

  • жинақталған практикалық материалды ұсыну;

  • ойын атрибуттарын әзірлеу, т.б.

Тәжірибелі әдіскер топ бөлмесін мерекеге безендіруге, балаларды өлең оқуға дағдыландыруға, дидактикалық ойындарды өз қолымен әзірлеуге, қуыршақ театрын көрсетуге, т.б. т.с.с. үйретеді. Семинар-практикумдерде әзірлеген әдістемелік құралдарды тәрбиешілер өз жұмысында қолдана алады, ал кейбір құралдар үлгі ретінде әдістемелік бөлмеге қойылады.

Пеагогикалық кеңес – педагогикалық ұжымның алқалы басқару органы, шеберлік мектебі және педагогикалық тәжірибе мінбесі. Педагогикалық кеңеске меңгеруші төрағалық жасайды.

Жыл бойы 4 педагогикалық кеңес өткізіледі. Онда мектепке дейінгі ұйым педагогтарының кәсіптік деңгейін, арттыруға, тәрбиелеу-білім беру процесіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған өзекті мәселелер талқыланады. Сондай-ақ педагогикалық кеңесте балалардың денсаулығын нығайту, мектепте оқуға дайындық, т.б. жалпы мәселелер қарастырылуыда мүмкін.

Пдагогикалық кеңеске дайындалғанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты талаптарының және бағдарлама міндеттерінің орындалуы, жылдық жоспарда белгіленген міндеттердің іске асырылуы, т.б. өзекті сұрақтар таңдалып алынады.

Оқу жылы басталғанда педагогикалық ұжым педагогикалық кеңесте қандай сұрақтар қарастырылатынын, кімнің қай уақытта педагогикалық еңестешығып сөйлейтінін, қай тақырыпта сөйлейтінінбіледі және солуақытқаалдын-ала дайындалады, жоспар құрады.

Педагогикалық кеңестің тиімділігі қабылдаған шешімдердііске асыруға бағытталған әдщіскердің жұмысына байланысты болады.

Кеңес – тәрбиешілерге көмек көрсетудің тұрақты түрі. Кеңестің бірненше түрі бар: бір топ тәрбиешілерінеарналған, параллель топ тәрбиешілріне арналған, жеке және топтық. Топтық кеңестер бір жылға жоспарланады. Жеке кеңестерді жоспарлаудың қажеті жоқ, өйткені ондайкеңестерді өткізу тәрбиешілердіңқандай да бір нақты мәселе, бойынша әдіскерден әдістемелік көмек сұрауына байланысты болады.

Қазіргі уақытта педагогтарға кеңес беру емес, олармен белгілі бірмәселе бойынша ақылдасқан әлдеқайда ұнайды. Сондықтан шығармашылық топтар, брифингтер, пікірталастар және миға шабуыл,дөңгелек үстел сияқты әдістемелік жұмыстың интерактивті түрлері әлдеқайда нәтижелі болып келеді. Мысалы, әдщіскер қандай да бір мәселні шешу жолынбірлесіп ойласуда және шешуді, оның жолдарын іздестіруді ұсынады. Әдіскер педагогтардың алдына міндет қойғанда оны соңына дейін жеткізуі, қорытындысын шығаруы, іс-әрекет жолдарын көрсетуі керек. Әр педагог мәеленің бірлесе отырып шешім тапқанын, ұжымның көмегімен орындалғанын түсінеді, өзіне белгілі бір жауапкершілік артылғанын біледі.

Мектепке дейінгі ұйымның әдіскерінің инновациялық қызметі

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі тәрбие мен оқытужүйесі инновациясыз дами алмайды. Туындаған мәселелерді шешу үшн әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың жаңа түрлері мен әдістері қажет.

Әрбір педагогтың кәсіби шеберлігін арттыруға, жеке тұлғалық өсуіне, шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына мүмкіндік туғызатын модель келесі топтардан тұрады:

  1. педагогтардың шығармашылық тобы;

  2. әдістемелік кеңес;

  3. тәлімгер педагогтар тобы;

  4. ақпараттық қолдау тобы;

Осындай модельді қолдана отырып, келесі нәтижелерге жетуге болады:

  • мектепке дейінгі білім берудің мазмұнын жаңарту және сапасын арттыру;

  • әдістемелік жұмысты ұйымдастыру түрлерін жетілдіру;

  • білім бері сапасын басқаруды жетілдіру;

  • педагогтардың кәсіптік және әдістемелік құзіреттілігінің өсуі, олардың инновациялық қызметке дайындық деңгейінің артуы;

  • инновациялық әдістемелікөнімді дайындау (инновациялық бағыттар бойынша перспективалық жоспарлау, әдістмелік әзірлемелер, жобалар мен авторлық бағдарламалар әзірлеу)

Инновациялық бағытта жұмыс істейтін топтардың қызметін ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық базасы:

  • топты құру туралы бұйрық;

  • инновациялық топ туралы ереже;

  • топтың ағымдағы жылға жұұмыс жоспары;

  • отырыс хаттамалары;

  • инновациялық топ мүшелері дайындаған инновациялық әдістемелік өнімге (жобалар, әдістемелік нұсқаулар, авторлық технологиялар) сараптамалық қорытынды.

  • Инновациялық топтар қызметінің алгоритмі:

  1. Шығармашылық топ.

Шығармашылық топ құрамына 5 және одан жоғары педагогикалық жұмыс өтілі бар педагогтар енеді. Бұл топ жаңа бағдарламалар мен технологиларды педагогикалық процеске енгізуге және қолдануға жауап береді. Топ мүшелері оқу жылының басында жұмыс жоспарын жасап бекітеді. Жыл бойында топтың жұмысына қажет болған жағдайда түзетулер енгізіледі, оқу жылының аяғында қорытынды шығарылады және келесі оқу жылына міндеттер қойылады.

Топ жұмысының қорытындысы ретінде семинарлар, дөңгелек үстел, кеңестер, шеберлік топтары, іскерлік ойындар, пікірталастар өткізіледі.

  1. Әдістемелік кеңес.

Әдістелік кеңес құрамына 10 және одан жоғары педагогикалық жұмыс өтілі бар педагогтар енеді. Әдістемелік кеңес мүшелері жылдық міндеттерді ойдағыдай шешу үшін жағдай жасауға, жобалық құжаттарды (мектепке дейінгі ұйымның даму бағдарламасы, мектерке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасы, зерттеу жобалары, жұмыс жоспарына сай іс-шаралар ұйымдщастыру) әзірлеуге жауап береді, педагогтар әзірлеген инновациялық әдістемелік құралдарды сараптамадан өткізеді.

Топ мүшелері оқу жылының басында жұмыс жоспарын жасап бекітеді.

Жл бойында топтың жұмысына қажет болған жағдайда түзетулер енгізіледі, оқу жылының аяғында қорытынды шығарылады және келсі оқу жылына міндеттер қойылады.

Жұмыс нәтижелері даму бағдарламасы, тәрбие мен оқыту бағдарламасы, зертеу жобалары болуы тиіс.

  1. Тәлімгер педагогтар тобы.

Тәлімгер педагогтар:

  • жас мамандардың кәсіптік деңгейін және педагогикалық ұстанымдарын қалыптастыруға жауап береді;

  • оқу-тәрбиелеу процесін жобалауда және үлгілеуде;

  • әр баланың жеке тұлғасын және балалар ұжымын дамытуды жобалауда;

  • оқу-тәрбиелеу процесінің құралдарын, әдістерін және ұйымдық түрлерін таңдай білуді қалыптастыруда;

  • нақты педагогикалық міндеттерді анықтай және дәл тұжырымдай білуді, оларды шешуге жағдай жасай білуді қалыптастыруда;

  • кәсіптік қызмет пен педагогикалық ұстаным деңгейін қалыптастыруда психологиялық-педагогикалық қолдау және көмек көрсетеді.

Тәлімгер педагогтар тобы оқу жылының басында ағымдағы жылы жас мамандармен жүргізілетін жұмыс жоспарын дайындайды. Сондай-ақ әрбір тәлімгер педагог жас маманның жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сәйкес жеке жұмыс жоспарын әзірлейді. Жыл көлемінде топтың жұмысына қажет боған жағдайда түзетулер енгізіледі, оқу жылының аяғында қорытынды шығарылады және келесі оқу жылына міндеттер белгіленеді.

Тәлімгер педагогтардың жүргізген жұмыстары жөніндегі есеп педагогикалық кеңесте тыңдалады.

  1. Ақпараттық талдау тобы.

Білім беру процесін ақпараттандыру алуан түрлі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады, олардың ішінде басты рөл компьютерге беріледі.

Ақпараттық талдау тобынакомпьютерліктехнологияларды жеткілікті меңгерген педагогтар енеді және олар әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі, мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігімен және басқа топтармиентығыз байланыста жұмыс жүргізеді.

Ақпааттық талдау тобының жұмыс бағыттары:

  • электрондық құжат айналымын ұйымдастырады;

  • мәліметтер базасын қалыптастырады және жүргізеді;

  • дидактикалық материалдарды әзірлейді;

  • аттестациядан өтетін педагогтарға портфолионы ресімдеуге көмектеседі;

  • интернет материалдарын кеңінен қолдан,ады;

  • мерекеле, ойын-сауықтар, ашық сабақтарда түсірілген бейнежазбалардың бейнеқорын құрайды;

  • мектепке дейінгі ұйымдағы іс-шараларды (педагогикалық кеңес, семинар, ата-аналар жиналысы) өткізуді компьютермен сүйемелдейді,тұсаукесер (презентация) дайындайды, үлестірмелі материалдар әзірлейді.

Ақпараттық талдау тобы мүшелері жұмысының нәтижесі компьютерлік бағдарламалардың көмегімен құрастырылған тұсаукесер, бейнеролик,құралдар, әзірлемелер, ата-аналарға арналған буклет, жадынама түрінде әзіленген ақпарттық материалдар, бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген материалдардан көрінеді және бұл материалдардан көрінеді және бұл материалдар мектепке дейінгі ұйымның әдістемелік қорын толықтырады, жүйеленеді және педагогикалық процесте қолданылады.

  1. Әдістемелік бірлестіктер.

Әдістемелік бірлестік – кең тараған ұжымдық әдістемелік жұмыстың бір түрі. Әдістемелік бірлестік жұмысына әдіскер басшылық жасайды. Оның отырыстары жоспарға сәйкес айына 1 рет өткізіліп тұрады, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелері зерделеніп, жұмыс тәжірибесіне енгізілу ұсынылады, дәрістер оқылып, семинарлар өткізіледі, материалдар жинақталады, құралдар әзірленіп, жұмыс тәжірибесін түрлі конкурстарға ұсыну туралы шешім қабылданады.

Қалалық әдістемелік бірлестік жұмысына қатысу үшін барлық балабақшалардан педагогтар шақырылады. Жылына 4 рет отырыс өткізіледі. Әдістемелік бірлестіктің әр отырысы екі бөлімнен тұрады; теориялық – баяндама,хабарлама, әдістемелік әдебиетке шолу; практикалық – ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысып көру, оларды талқылау, көрмелер, шеберлік топтары, балалардың шығармашылық және конкурстық жұмыстарының қорытындыларын шығару.

Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік бірлестікте өз бетімен білім алуды келесі жұмыс түрлерінде жүзеге асыруға болады:

  • біліктілікті арттыру курстары;

  • қалалық әдістемелік бірлестіктің жұмысына қатысу;

  • семинарларға,тақырыптық курстарға, конференцияларға қатысу;

  • педагогтардың жеке әдістемелік тақырып бойынша өз бетімен білім алуы;

  • жоғары оқу орындарында, колледждерде оқып білім алу;

  • аттестациядан өту;

  • инновациялық топ жұмысына қатысу.

Жас тәрбиеші мектебі

Педагогикалық ұжымда арнаулы мектепке дейінгі білімі жоқ педагогтардыңміндетті түрде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша білімін толықтыру жас тәрбиеші мектебінде жүзеге асырылады. Жас тәрбиеші мектебінің бағдарламасына енг.ізілетін сұрақтар бақылау жүргізу барысында айқындалады.

Жас тәрбиеші мектебінің жұмысы жас мамандарды ашық ұйымдастырылған іс-шараларды қарауға, педагогикалық процесті бақылауға қатыстыру, балалармен жұмыс түрлерін, қиындық тудыратын мәселелерді шешу жолдарын үйретуге бағытталады.

Озат педагогикалық тәжірибені зерделеу, жалпылау, енгізу

Тәрбиешінің тәрбиелеу-білім беру процесінде жинақтаған білім, білік дағдыларының жиынтығынан тұратын озат тәжірибесін зерделеу, жалпылау және енгізу әдіскердің көп күш салуын қажет етеді. Озат педагогикалық тәжірибені кез-келген мектепке дейінгі ұйымда педагогтардың сапалық құрамына қарамастан ұйымдастыруға болады.

Озат педагогикалық тәжірибені енгізу бағытында келесі жұмыс түрлері жүргізіледі:

  • тәжірибені зерделеу, жалпыла, белгілі нәтижеге жетуді болжау;

  • тәжірибеге қатысты теориялық сұрақтарды зерделеу;

  • тәжірибе туралы баяндау;

  • жоспар құру;

  • педагогикалық процесті бақылау;

  • енгізудің тиімділігін анықтауда педагогтардың жұмысын диагностикалау;

  • озат педагогикалық тәжірибеге қызығушылықты тудыру мақсатында семинар ұйымдастырып өткізу;

  • озат педагогикалық тәжірибені енгізу нәтижелерін педагогикалық кеңесте қарастыру.

Озат педагогикалық тәжірибені енгізудің келесі жолдарын көрсетуге болады:

  • ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде көрсету;

  • озат педагогикалық тәжірибе мектебінің жұмысын ұйымдастыру;

  • іскерлік ойындар ұйымдастырып өткізу;

  • шығармашылық есеп беру;

  • панорамалық көрсетілім ұйымдастыру;

  • әдістемелік кабинетке материалдар ұсыну.

Педагогтардың өз бетінше білім алуы әдістемелік жұмыстың бір бағыты. Оның негізгі мақсаты – педагогтың теориялық білімдерін кеңейту және тереңдету, кәсіби дағдыларын жетілдіру.

Әдіскер жыл көлемінде атқарылған жұмыстың тақырыбын таңдайды. Өз бетінше білім алу жоспарын құрғанда тізімге, ең алдымен, меңгеруші, одан кейін әдіскер, ал содан соң тәрбиешілер егізіледі. Бұл үздіксіз өз бетінше білім алу жүйесі болып табылады.

Педагогтардың өз бетінше білім алу жұмысының негізгі бағыттары:

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы жаңа нормативтік құқықтық құжаттармен танысу;

  • ғылыми-әдістемелік және оқыту әдістерін зерделеу;

  • педагогтардың жаңашыл тәжірибесімен танысу, балалар психологиясы, анатомиясы, физиологиясы туралы білімдерін пысықтау, т.б.

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тәрбиешілердің біліктілігін арттырудың, оларға әдістемелік көмек көрсетудің тиімді түрі

Тәжірибелі тәрбиешілердің жұмысын ұжым болып қатысып көру болып табылады. Педагог.икалық кеңесте қарастырылатын тақырыпқа байланысты тәжірибелі ұжым болып көру кейін осы тәжірибені ұжым болып көру кейін осы тәжірибені практикаға енгізу мақсатында өткізіледі.

Өз жұмысын тәжірибесі бар педагогтар ғана көрсете алады. Педагогтар әріптестерінің тәжірибесін талдай отырып, өз тәжірибелерін жетілдіре түседі. Мұны әдіскер әр тәрбиешінің жұмысынан көре білуі тиіс. Әдіскер тәрбиешінің қандай да бір жетістіктерін байқай отырып, оны ары қарай дамытуды жобалайды: қажетті әдебиетті таңдайды, кеңес береді, педагогикалық процесті бақылайды. Жұмыс тәжірибесін ұжым болып қарау бір тоқсанда 1 рет жоспарланады. Сондықтан бұл жұмыс түріне алдын-ала жақсылып дайындалуға боады: тақырыпты дұрыс таңдау, сабақтың негізгі мақсатын тұжырымдау, технологиялық карта құру және т.б.

Ашық ұйымдастырылған жұмыс тәжірибесін талқылау барысында әдіскер тәрбиешінің орасан зор, кең бағытта жұмыс жүргізгенін, балалардың түсініктерін, білімдерін жалпылай білуін, оларды ойлауға, тұжырымдауға үцреткені атап өтеді.

Мктепке дейінгі ұйымда ұйымдастырылып өткізілетін әдістемелік жұмыс түрлерінің нәтижесі педагогтардың кәсіби біліктілігінің артуы және жұмыс тәжірибесін кеңеюі болып табылады.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!