Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтің құжаттары

Тақырып бойынша 15 материал табылды

Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтің құжаттары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтің құжаттары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттар



























Кіріспе

Мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істейтін педагог-психологтің негізгі мақсаты балалардың психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету.

Психологиялық денсаулық психикалық денсаулықты көздейді, балалық шақтың барлық кезеңдерінде баланың толыққанды психикалық дамуы оның негізі саналады.

Қойылған мақсатқа сәйкес педагог-психолог келесі міндеттерді орындайды:

- балалармен жұмыста әр жастың даму мүмкіндіктерін жүзеге асырады;

- баланың жеке ерекшеліктерін дамытады, яғни маманның назарын баланың қызығушылықтары, қабілеттері, бейімділігі, сезімдері, әуесқойлығы, қарым-қатынасы және т. б;

- мектепке дейінгі ұйымда баланың дамуы үшін қолайлы климат жасайды;

- балаларға, олардың ата-аналарына, тәрбиешілеріне уақтылы психологиялық көмек көрсету.

Педагог-психолог қызметінің негізгі түрлері:
- психологиялық ағартушылық;

- психологиялық профилактика;

- психологиялық кеңес беру;

- психологиялық диагностика;

- психологиялық түзету.


Психологиялық ағартушылық – ересектерді (тәрбиешілерді, ата-аналарды) және балаларды психологиялық біліммен таныстыруды білдіреді. Қоғамда психологиялық білім жеткілікті түрде кең таралмаған, басқа адамға деген қызығушылықты, оның жеке тұлғасының ерекшеліктерін құрметтеуді, өзінің жеке қарым-қатынастарын анықтау және түсіну сияқты ұмтылысты білдіретін психологиялық мәдениет көрініс бермей жатады. Педагогикалық ұжымдарда, отбасындағыдай қақтығыстар болуы мүмкін, олардың негізінде ересектердің психологиялық кереңдік, бір-бірін тыңдау, түсіну, кешіру, ығына жығылу сияқты және т.б. іс-әрекеттерді орындай алмау немесе қаламау, сондықтан практикалық психолог үшін балалармен жұмыс істейтін адамдардың психологиялық мәдениетінің деңгейін арттыру өте маңызды. Психологиялық ағартушылықтың негізгі мағынасы – тәрбиешілер мен ата-аналарды баланың психикалық жағынан қолайлы дамуының негізгі заңдылықтары және шарттарымен таныстыру, психологиялық зерттеулердің нәтижелерін насихаттау және түсіндіру, психологиялық білім алу қажеттілігін қалыптастыру және оларды баламен жұмыс жүргізу немесе жеке тұлғаны дамыту мүддесінде пайдалану, балабақшада практикалық психология мен педагог-психолог жұмысының қажеттілігін түсінуге қол жеткізу. Психологиялық ағартушылық дәрістер, әңгімелер, семинарлар түрінде өтуі мүмкін.

Психологиялық профилактика – бүгінгі таңда балалар практикалық психологі қызметінің көп дами қоймаған түрі. Ол мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде балалардың психологиялық денсаулығын сақтауға, нығайтуға және дамытуға бағытталған. Психологиялық профилактика балабақшада әр жас кезеңінде баланың психологиялық жағынан толыққанды дамуы мен жеке тұлғасын қалыптастыру үшін қажетті психологиялық жағдайлардың сақталуына жауапкершілікті қамтиды. Сондай-ақ, психологиялық профилактика баланың белгілі бір қиындықтарға, интеллектуалды және эмоционалдық дамуындағы ауытқуларға, оның мінез-құлқы мен қарым-қатынасына әкелуі мүмкін осындай ерекшеліктерін уақтылы анықтауды қамтиды.

Педагог-психолог туындауы мүмкін қиындықтарды болжай алуға және олардың алдын алу бағытында жұмыс жүргізуге тырысуы керек. Психопрофилактикада бастама толығымен педагог-психологтен шығады, бұл оның маман ретіндегі жұмысын көрсетеді. Педагог-психолог әр жас кезеңінің ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі жастағы балаларға арналған дамыту бағдарламаларын әзірлейді және жүзеге асырады, сондай-ақ ол баланың зияткерлік және жеке дамуындағы белгілі бір қиындықтардың немесе ауытқулардың пайда болуын одан әрі шарттай алатын психологиялық ерекшеліктерін анықтайды. Педагог-психолог мектепке дейінгі ұйымда әр жас кезеңінде балалардың қалыпты психикалық дамуы мен жеке басының қалыптасуы үшін қажетті жағдайлардың сақталуын қадағалауы керек, балалардың келесі жас кезеңіне өтуіне байланысты психикалық дамуы мен жеке тұлғасының қалыптасуында болуы мүмкін қиындықтардың алдын алу керек.

Тәрбиешілер педагог-психологке келесі мәселелер бойынша жиі жүгінеді: балалардың оқу бағдарламаларын (мектепке дайындық) игерудегі қиындықтардың себептері, балалардың айналысқысы келмеуі және қабілетсіздігі, эмоционалды, тұлғалық бұзушылықтар, басқа балалармен жанжалды қатынастар.

Ата-аналар мына мәселелермен жиі хабарласады: балаларды мектепке қалай дайындау керектігі, балаларда қызығушылық болмауы, еске сақтау қабілетінің нашарлығы, ұйымдаспағандық, жалтақтық, агрессивтілік, жоғары қозғыштық немесе жасқаншақтық, қорқақтық, басқаша айтқанда «қиын бала» сөзімен айтуға болатын барлық ұғымдар.

Педагог-психологтің міндеттеріне баланың психикалық дамуының ерекшеліктерін, белгілі бір психологиялық «жаңа құрылымдар» қалыптасуын, баланың даму деңгейінің жас нормаларына сәйкестігін анықтау кіреді, сондықтан педагог-психологтің қызметінде диагностика маңызды орын алады.

Психодиагностиканың міндеті – тәрбиешілер мен ата-аналарға балалардың жеке психологиялық ерекшеліктері туралы ақпарат беру.

Педагог-психолог топтық және жеке сабақтар, консультациялар өткізеді. Тәжірибелі психолог мамандар атап өткендей, жас маман жұмыстың барлық мүмкін бағыттарын бірден бастап кетпеуі керек. Психолог өзі жақсы меңгерген проблемалардан және құзыреті жеткілікті жағынан бастап, әдістемелік оқу-құралдары жарағын ұлғайтуы керек. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологке арналған жеке кабинет болу керек, бұл психологиялық қызметті ұйымдастырудың маңызды шарты.

Табысты жұмыс істейтін педагог-психолог өзін және басқаларды тануға деген ұмтылыс, қызығушылықтардың кеңдігі және көзқарастардың тәуелсіздігі, адамдарды эмоционалды түрде өзіне тарту қабілеті, өз сөздері мен іс-әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін арттыру, өз құзыреттілігінің шекараларын білу сияқты кәсіби қасиеттерімен ерекшеленеді.



Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтің лауазымдық нұсқаулығы:

мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, тәрбиеленушілердің психикалық және әлеуметтік амандығын сақтауға бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асырады;

баланың дамуы мен мінез-құлқындағы проблемаларды анықтайды. психикалық, эмоционалдық-коммуникативтік және тұлғалық даму деңгейі мен ерекшеліктеріне психологиялық диагностика жүргізеді, психологиялық қорытынды жасайды.

мектепке дейінгі жастағы балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, әртүрлі психологиялық (психопрофилактикалық, дамытушылық және консультациялық) көмек көрсетеді.

қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және балаларға арналған, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар жеке дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ оны педагог-ассистент іске асыру үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу жөніндегі бағдарламаларды жасайды, оларды жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде іске асырады;

мектепке дейінгі жастағы дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етеді;

ата-аналарға, тәрбиешілерге және педагогтерге консультациялық көмек көрсетеді;

белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;

кәсіби құзыреттілігін арттырады, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады;

балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғаныс қағидаларын сақтайды.

Білуге тиіс:

Білім беру саласының нормативтік құқықтық актілерін: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері;

жалпы психология, педагогикалық психология және жалпы педагогика, тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас психологиясы, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматика;

педагогикалық этиканың нормаларын;

арнайы мектепке дейінгі педагогика, психотерапия, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;

белсенді оқыту әдістері, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингі;

ата-аналарға арналған жеке және топтық кәсіби кеңес берудің заманауи әдістері, баланың дамуындағы бұзылыстарды диагностикалау және түзету; еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

"Психология" бағыты бойынша "Педагогика және психология" бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе "Психология" бейіні бойынша педагогикалық қайта даярлауды, медициналық білімін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.


Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог":

педагог-психологке қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
заманауи психологиялық әдістерді қолданады;
мектеп жасына дейінгі балалармен диагностикалық, түзету жұмыстарын жүргізу, эмоционалдық саулықты, балалардың тиімді дамуын қамтамасыз ету;
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
педагогикалық ұжым мен ата-аналарға психологиялық білім беруді жүзеге асыру;

2) "педагог – модератор":

"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, балалармен жұмыс жүргізу;
балалармен, педагогтермен, ата-аналармен проблемалық (стандартты емес) жағдайларда жұмысты ұйымдастыру;
ересектердің балалармен қарым-қатынасын қамтамасыз ету және реттеу;
әлеуметтік бейімделудің белсенді әдістерін қолдану;
ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;


3) "педагог – сарапшы":

біліктілікке сәйкес келуі тиіс: "педагог-модератор", сондай-ақ:
әртүрлі профильдер мен мақсаттардағы психологиялық диагностиканы жүргізу, балалармен жеке жұмыс жүргізу;
шығармашылық топты басқару, психологиялық–педагогикалық қызметтің өзекті мәселелері бойынша конференцияларға, семинарларға қатысу;
мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;

4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне, сондай-ақ:
психологиялық тексеру және диагностика деректерін ескере отырып, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау бойынша психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды дербес әзірлеу, психологиялық қорытынды жасау және түзету жұмыстарын жүргізу;
психологиялық-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың инновациялық тәжірибесін енгізу;
мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру бойынша педагогтерге көмек көрсету;
аудан, қала деңгейінде психологиялық-педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын айқындау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде тәжірибені жинақтау;

5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне, сондай-ақ:
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған, шығарылған оқу-әдістемелік құралдардың, оқу-әдістемелік кешендердің авторы (тең авторы) немесе авторлық бағдарламасы болуы тиіс;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық кәсіби конкурстардың қатысушысы болу.






Есептік құжаттаманың мынадай түрлері мен нысандары ұсынылады:

- психолог жұмысының перспективалық (жылдық) жоспарлау мектепке дейінгі ұйым басшысымен (меңгерушісімен) келісіледі.



1-форма

Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтің жұмысын перспективалық (жылдық) жоспарлау

(Үлгі)

Мақсаты:

  • Білім беру ортасындағы барлық субъектілердің жеке мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне сәйкес олардың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуы үшін жағдай жасау.

Міндеттер:

  • тәрбие-білім беру процесінің барлық қатысушыларының психологиялық денсаулығын нығайту және сақтау;

  • балалардың зияткерлік және тұлғалық дамуын психологиялық сүйемелдеуді, олардың шығармашылық әлеуетін әртүрлі жас кезеңдерінде ашуды жүзеге асыру;

  • ерте жастағы балаларға психологиялық көмек көрсету және мектепке дейінгі ұйымға сәтті бейімделу кезінде олар үшін әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау;

  • отбасымен өзара іс-әрекеттің белсенді нысандары арқылы балалар мен ата-аналар қарым-қатынасын оңтайландыру бойынша психологиялық-педагогикалық білім мен дағдыларды кеңейту;

  • әр жас кезеңінің міндеттері мен бар проблемаларды ескере отырып, әртүрлі жастағы балаларға арналған жеке және топтық арнайы түзетуші-іс әрекет бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.

Жұмысты перспективалық (жылдық) жоспарлаудың
негізгі бағыттары

  • психологиялық-педагогикалық диагностика;

  • түзету-дамыту жұмысы;

  • психопрофилактикалық жұмыс;

  • психологиялық ағарту ісі;

  • консультациялық қызмет;

  • ғылыми-әдістемелік жұмыс және психологтің кәсіби шеберлігін арттыру.


(Үлгі)

Жұмыс мазмұны

Жұмыс формасы

Өткізілетін күні

Күтілетін нәтиже

1.Психологиялық-педагогикалық диагностика

1.1.

Жаңадан қабылданған балаларды мектепке дейінгі ұйымның жағдайына бейімдеу процесін сүйемелдеу.

Бейімделу кезеңінде балаларды бақылау, одан әрі психологиялық сүйемелдеу үшін бейімсіздену белгілері бар балаларды анықтау

Қыркүйек-

қараша

Баланы мектепке дейінгі ұйымға бейімдеу. Бейімделу парақтары.

МДҰ-ға бейімделу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама. Бейімделуі қиын балаларды психологиялық сүйемелдеу.



Ата-аналармен жеке кездесу:

- бейімделу болжамы;

- анамнестикалық деректерді жинау.



МДҰ-ға бейімделу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама. Бейімделуі қиын балаларға психологиялық сүйемелдеу. Мәселелер шеңберін анықтау, ұсыныстар әзірлеу.


Ата-аналарға сауалнама жүргізу.

Баланың мектепке дейінгі ұйымға дайындық дәрежесін анықтау.

Қыркүйек

Сауалнама нәтижелері бойынша талдамалық анықтама.

1.2.

Мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың танымдық саласын психологиялық-педагогикалық зерттеу.


Мектепте оқуға психологиялық дайындықтың бастапқы деңгейін анықтау және түзету-дамыту сабақтарын өткізу мақсатында мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың зияткерлік саласының дамуын талдау («Балалардың мектепте оқуға дайындық деңгейін анықтау» әдістемелер жиынтығы).

Қыркүйек-

қазан

Мектепке зияткерлік дайындық, ұсыныстар әзірлеу.


1.3

Орта және ересек топтағы балаларды психологиялық-педагогикалық тексеру.

Ойлау операцияларының даму деңгейін зерттеу

Жыл бойы

Танымдық процестердің қалыптасу деңгейі, ұсыныстар әзірлеу

1.4.

Орта және ересек жас топтағы балалардың жеке диагностикасы (эмоциялық-жігерлі сала).

Эмоционалды сфераның құрылымын анықтау.

Қыркүйек-

қазан

Мазасыздығы жоғары балаларды анықтау, түзету жұмыстарын қалыптастыру үшін қарым-қатынас қиындықтары, ұсыныстар әзірлеу

1.5.

Балалардың мектепке дайындығын диагностикалау (мектепалды топ).

Балалардың мектепке дайындық деңгейін анықтау.

(«Балалардың мектепке дайындық деңгейін анықтау» әдістемелер жиынтығы)

Наурыз - сәуір

Тұлғалық, эмоциялық-жігерлі және танымдық саладағы қиындықтарды анықтау және табу


1.6.

Балаларды психологиялық тексеру (сұранысқа қарай).

Тұлғалық, эмоциялық-жігерлі және танымдық саладағы қиындықтарды анықтау және табу

Жыл бойы

Мәселелер шеңберін анықтау, ұсыныстар әзірлеу.

1.7.

Түзету жұмыстарының нәтижелілігін диагностикалау


Сәуір - мамыр


1.8.

Тұлғааралық қатынастарды диагностикалау

Баланың мағыналы қарым-қатынас шеңберін, топтағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін, топ мүшелеріне симпатияларын анықтау.

Жыл бойы

Тұлғааралық қатынастардың қалыптасуы. Топты біріктіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

1.9.

«Тәуекел тобындағы» отбасылардағы балалардың жағдайын диагностикалау және бақылау.

Осы санаттағы балаларда психологиялық проблемалардың болуын анықтау (заңды өкілдердің рұқсатымен).

Қыркүйек-мамыр

Мәселелер шеңберін анықтау, ұсыныстар әзірлеу.

1.10.

Ата-аналарға сауалнама жүргізу: “Біз баламызды мектепке беруге дайынбыз ба?”

Балалардың мектепке дайындығы жөнінде ата-аналардың болжамы.

Қазан

Мәселелер шеңберін анықтау, ұсыныстар әзірлеу.

1.11.

Ата-аналарға сауалнама жүргізу: “Мектепке дейінгі ұйымға бейімделу қалай өтті?”

Балалардың мектепке дейінгі ұйымға бейімделуі туралы ата-аналардың болжамы.

Қараша

Сауалнама нәтижелері бойынша талдамалық анықтама. Педагогтерге топта қолайлы атмосфера қалыптастыру туралы ұсыныстар

1.12.

Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты диагностикалау (сұранысқа қарай).

Отбасындағы қарым-қатынасты зерттеу

Қыркүйек - мамыр

Мәселелер шеңберін анықтау, ұсыныстар әзірлеу

1.13.

Педагогтерге сауалнама жүргізу:

(сұранысқа қарай).

Ұжымдағы психологиялық климатты зерттеу

Жыл бойы

Сауалнама нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

1.14.

Ата-аналар мен педагогтерге сауалнама жүргізу (сұранысқа қарай)


Жыл бойы

Сауалнама нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

2. Арнайы түзету-дамыту жұмысы

2.1.

Эмоциялық-жігерлі саланы дамыту бойынша мектеп жасына дейінгі ересек балалармен кіші топтық сабақтар (ПМПК ұсынымдары бойынша, диагностика нәтижелері бойынша)

ҰІӘ санын жазу

Жыл бойы

Эмоциялық-жігерлі саланың қалыптасуы.

2.2.

Танымдық және эмоциялық-жігерлі саланы дамыту бойынша мектепалды топ балаларымен кіші топтық ҰІӘ

ҰІӘ санын жазу

Жыл бойы

Балалардың мектепке бейімделуі

2.3.

Даму деңгейі төмен балалармен жеке арнайы түзету-дамыту ҰІӘ (ПМПК ұсынымы және диагностика нәтижелері бойынша)

Балалармен арнайы түзету-дамыту ҰІӘ (ҰІӘ санын жазу)

Қараша-мамыр

Танымдық саланың қалыптасуы

2.4.

Тәрбиешілердің, ата-аналардың, оның ішінде "тәуекел тобындағы" отбасылардағы балалармен сұранысы бойынша эмоциялық-жігерлі және тұлғалық саланың проблемалары бойынша жеке арнайы түзету-дамытушы ҰІӘ

Балалармен арнайы түзету және дамытушы ҰІӘ

Қараша-сәуір

Танымдық, эмоциялық-жігерлі саланың қалыптасуы

2.5.

Зияткерлік қабілеті өте жоғары деңгейдегі балалармен дамытушы ҰІӘ

Мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалармен дамытушы ҰІӘ

Қараша-наурыз

Мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың зияткерлік қабілеттерін дамыту

2.6.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында зияткерлік турнирлер, байқаулар өткізу

Турнирлер, байқаулар

Жыл бойы

Мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың зияткерлік қабілеттерін дамыту

3. Психопрофилактикалық жұмыс

3.1.

Ерте жастағы балалардың мектепке дейінгі ұйымға бейімделуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар:

а) жаңадан келген балалардың медициналық карталарын талдау;

б) бейімделу кезеңінде баланы бақылау карталарын жасау және оқу жылы ішінде баланың мәртебесін қадағалау;

в) ерте жастағы балалардың балабақшаға бейімделу нәтижелері және бейімделу кезеңінде өткізілген іс-шаралар туралы талдамалық анықтама құру;
г) бейімсіз балалардың педагогтері мен ата-аналарына ұсынымдар әзірлеу;
д) мектепке дейінгі ұйымның жоспары бойынша ата-аналар жиналыстарына қатысу.

Баланың дамуы мен денсаулығы туралы ақпарат алу, көп көңіл бөлуді қажет ететін тәуекел тобындағы балаларды анықтау.

Бейімделу парақтарын толтыру.

Ерте жастағы балаларды бейімдеу нәтижелері бойынша медициналық-педагогикалық кеңес «Бейімделу қорытындылары».









Презентациялар, жаднамалар.

Қыркүйек












Қаңтар

Баланың балабақшаға бейімделуі
















Бейімсізденудің (дезадаптацияның) алдын алу




3.2.

2-4 жастағы балалардың эмоционалды саласын бейімдеу мен дамытуды жеңілдету мақсатында топтық ҰІӘ ұйымдастыру.

Мектепке дейінгі ұйымға бейімделу кезеңінде 2-4 жастағы балалармен ҰІӘ

Қыркүйек-қазан

Баланың балабақшаға бейімделуі.

3.3.

Мектеп жасына дейінгі кіші, орта, ересек жастағы балалармен сенсорлық бөлмеде кіші топтық ҰІӘ ұйымдастыру

Бағдарлама

Қараша-ақпан

Бұлшықеттегі және психоэмоционалды күш түсуін жеңілдету, релаксация мен психикалық тепе-теңдік жағдайына жету

3.4.

Топтарда достық қарым-қатынасты қалыптастыруға арналған психологиялық ойындар мен жаттығулар (педагогтерге ұсыныстар).

Балалар ұжымын ұйымшылдыққа тәрбиелеуге арналған ойындар мен жаттығулар картотекасы, коммуникативтік дағдыларды дамыту.

Жыл бойы

Бір-біріне мейірімді көзқарас, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру

3.5.

3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған психогимнастика (педагогтерге ұсыныстар).

Психогимнастика

Жыл бойы

Психиканың әртүрлі қырларын дамыту: танымдық және эмоциялық-тұлғалық сала.

3.6.

Педагогтердің эмоционалды «жанып кетуінің» алдын алу және жүйкесіне күш түсуін кетіру

Тренинг элементтері бар семинар

МДҰ кестесіне сәйкес

Білім беру ортасында психологиялық денсаулықты сақтау

3.7.

Педагогикалық ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру

Ұйымшылдықты дамытуға арналған тренинг

МДҰ кестесіне сәйкес

Ұжымның ұйымшылдығын арттыру

3.8.

Психологиялық жеңілдеу күні (педагогтердің эмоционалды «жанып кетуінің» алдын алу).

Ойындар, жаттығулар, аутотренинг

Жыл бойы

Білім беру ортасында психологиялық денсаулықты сақтау

3.9.

Арт-терапия” ата-аналармен семинар-практикум

Ата-аналардың балалармен бірлескен практикалық арт-терапиясы

Желтоқсан

Арт-терапияның әркелкі түрлерімен танысу, эмоционалды шиеленісті жеңілдету

3.10.

Мектептегі бейімсізденудің (дезадаптация) алдын алу бойынша ата-аналар жиналысы

Балалардың мектепке психологиялық дайындығы, мектептегі бейімсізденудің (дезадаптация) алдын алу бойынша ата-аналармен дөңгелек үстел

МДҰ кестесіне сәйкес

Балалардың мектепке дайындығы, бейімсізденудің (дезадаптация) алдын алу

4. Психологиялық ағартушылық

4.1.

Педагогтерге психологиялық білім беру (педагогикалық кеңестерге қатысу).

«Баланы мектепке дайындаймыз» дөңгелек үстелі (диагностика нәтижелері бойынша).

«Ойын іс-әрекетіндегі балалар қақтығыстарын шешудің әдістері мен тәсілдері».

Қорытынды педагогикалық кеңес. «Балалардың мектепте оқуға дайындығын талдау».

Қазан





Қараша, наурыз





Мамыр

Педагогтердің психологиялық құзыреттілігін арттыру

4.2.

Ата-аналарға психологиялық білім беру:
а) ата-аналардың топтық жиналыстарына қатысу;
б) ата-аналарға арналған «Маман кеңестері» ақпараттық стендін, бұрышын ресімдеу
(жаднамалар, буклеттер, брошюралар).

Тақырып:

- «Балалар жасының психологиялық ерекшеліктері»;

- «Баланы мектепке дайындаудың психологиялық ерекшеліктері»;

- «Баланы балабақшаға бейімдеу»;

- "Балалардың агрессиясының себептері».

Жыл бойы

Ата-аналардың психологиялық құзыреттілігін арттыру

5. Консультациялық қызмет

5.1.

Педагогтерге сұраныс бойынша жеке кеңес беру.


Жыл бойы

Өзекті мәселелерді шешу үшін психологиялық көмек көрсету.

5.2.

Эмоционалды саланы және танымдық процестерді диагностикалау нәтижелері бойынша педагогтермен топтық кеңес беру (эмоционалды саланы дамытуға және интеллектуалды дамуға арналған ұсыныстар).


Жыл бойы

Балалармен қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдерін үйрету.

5.3.

Балаларды МДҰ бейімдеу мәселелері бойынша кеңес беру


Жыл бойы

Бейімсізденудің алдын алу.

5.4.

Диагностика нәтижелері бойынша ата-аналарға жеке кеңес беру


Жыл бойы

Өзекті мәселелерді шешу үшін психологиялық көмек көрсету.

5.5.

Балалармен қарым-қатынас, олардың дамуы, тәрбиесі және басқа да мәселелер бойынша кеңес беру.

Баланың жеке даму картасы негізінде жұмысты ұйымдастыру бойынша педагогтермен кеңесу.


Жыл бойы

Психологиялық көмек

5.6.

Мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балаларды, сондай-ақ олардың ата-аналарын «Ата-аналарға арналған консультациялық пункт» қызметі шеңберінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.

Білім беру ұйымының сайтында онлайн түрде

Жыл бойы

Психологиялық көмек

6.Әдістемелік жұмыс

және психологтің кәсіби шеберлігін арттыру

6.1.

Әдістемелік семинарларға қатысу (қала/аудан, облыс, республика).


Жыл бойы

Кәсіби құзыреттілікті арттыру

6.2.

Кабинетті жұмысқа дайындау, педагогтер мен ата-аналарға арналған сауалнамаларды басып шығару, құжаттамамен жұмыс істеу, дидактикалық құрал, психологиялық құрал-саймандарын дайындау.


Жыл бойы


6.3.

Талдамалық анықтамалар жасау, әкімшілікке, педагогтерге, ата-аналарға сұраныс бойынша диагностикалық тексеру қорытындылары бойынша ұсынымдар әзірлеу.


Жыл бойы


6.4.

Стендтер үшін ақпараттық материалдарды ресімдеу, семинарларға, консультацияларға, ата-аналар жиналыстарына, педагогикалық кеңестерге дайындық.


Жыл бойы

Кәсіби құзыреттілікті арттыру

6.5.

МДҰ сайтында психолог айдарын үнемі жаңартып отыру.


Жыл бойы

Кәсіби құзыреттілікті арттыру

6.6.

ҰІӘ, ашық іс-шараларға қатысу.


Жыл бойы

Кәсіби құзыреттілікті арттыру

6.7.

Жылдық есеп жазу


Мамыр

Кәсіби құзыреттілікті арттыру

6.8.

Кәсіби байқаулар мен ғылыми конференцияларға, семинарларға қатысу.


Жыл бойы

Кәсіби құзыреттілікті арттыру

6.9.

Біліктілікті арттыру курстары, біліктілік санатын растау/беру.


Кестеге сәйкес

Кәсіби құзыреттілікті арттыру

6.10.

ПМПК-ға құжаттарды дайындау

Құжаттама, хаттамалар





Балаға бақылау жүргізу сызбасының үлгісі

(Үлгі)


Баланың Т.А.Ә.


Бақылау жүргізген уақыттағы толық жасы


Топ


Баланың сыртқы көрінісі

Баланың дене бітімі сипатталып жазылады: акселерация, астенизация, толықтық. Баланың ірі моторикасының сипаттамасы: координация және тепе-теңдік ерекшеліктері, кернеудің болуы. Сымбат. Баланың бет әлпетінің ерекшеліктері: оның қозғалғыштығы, жағдайға сәйкестігі. Егер баланың дене кемістігі болса, оларға өзінің эмоционалды қатынасын түсіну керек. Баланың ұқыптылығы, мұқияттылығы, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларының даму деңгейі және ата-ананың баланың сыртқы түріне көңіл бөлу деңгейі туралы түсінік береді. Сыртқы көрінісіне жалпы сипаттама беру кезінде, ең алдымен, баланың жеке ерекшеліктері байқалады.

Мінез-құлықтың ұйымдасқандығы

Мінез-құлықтың ұйымдасқандығы баланың өз белсенділігін жоспарға немесе тапсырмаға қалай бағындыра алатынын білдіреді. Импульсивті мінез-құлық – мектепке дейінгі кіші және ересек жастағы балаларға тән өз-өзін реттеуінің жетілмегендігінің белгісі. Баланың мінез-құлқының еріктілігін арттыру оның мектепте оқуға дайындығының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Еріксіздік келесідей көрінеді: бала педагогті ести ме, оның нұсқауларын орындай ма, ережелерге бағына ма, өз кеңістігін қалай ұйымдастырады (ойыннан бастап, өзі салған қағаз парағының кеңістігіне дейін). Кейбір балалар кез келген әрекетті бейберекеттікке айналдырады, бұл құрылымсыз белсенділікті көрсетеді, керісінше, басқалары жағдайды және өз мінез-құлықтарын оған сай басқаруға тырысады.

Баланың жүйке жүйесінің ерекшелігі

Баламен қарым-қатынас кезінде ата-аналар мен тәрбиешілер оның жүйке жүйесінің сипаттамасы туа біткенін ескеруі керек. Жүйке жүйесінің күші баланың ұзақ уақыт бойы бір әрекет түрімен, күш-жігермен және жоғары белсенділікпен айналысу қабілетімен сипатталады.

Астениялық бұзылыстары бар балаларда жүйке жүйесі әлсіз болады: қысқа мерзімді күш түсуден (жүйкеге) кейін олар демалуды қажет етеді. Баланың өнімділігінің күрт төмендеуі әртүрлі себептерге байланысты болуы мүмкін: бір жағдайда бұл жүйке жүйесінің сарқылуының және оның әлсіздігінің белгісі, ал екіншісінде күшті 7 жүйке жүйесі бар балаларда бірдей тапсырмаларды орындауға қызығушылықтың төмендеуінің белгісі. Жүйке жүйесінің күші мен әлсіздігі абсолютті көрсеткіштер емес екенін түсіну маңызды, мұнда "күш" "жақсы", ал "әлсіздік" жаман дегенді білдіреді. Психологияда іс-әрекеттің жеке стилі туралы түсінік бар, олардың әрқайсының өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Әртүрлі қызмет түрлерін (соның ішінде кәсіби) орындау үшін жүйке жүйесінің әртүрлі типтері бар адамдар қолайлы.

Мотивация ерекшеліктері

Баланың мотивациясын түсіну – оның осы немесе басқа әрекетті не үшін жасайтынын түсіну, бұл оған рақат сыйлайды, оның мінез-құлқын басқарады. Балада қандай мотивтер ұсынылатындығын анықтау керек (қарым-қатынас мотиві, іс-әрекетінің мақұлдануы, сәтсіздікке жол бермеу және т. б.); мотивацияның сипатын бағалау, мысалы, қарым-қатынас пен ойын мотивтері баланың жасына сәйкес келеді, ал мақұлдау мотиві («Мен жақсы жасадым ба?», «Мен дұрыс жасадым ба?») эмоционалды-жеке саланы дамытудағы кейбір қиындықтарды көрсетеді («Мен» теріс бейнесі, өзін-өзі бағалаудың төмендігі).

Баланың эмоционалды көрінуінің ерекшеліктері

Ең алдымен, балада басым болатын жалпы эмоционалды фон бағаланады. Эмоционалды көріністердің ерекшеліктері эмоциялардың қарқындылығы, бір күйден екінші күйге ауысу сипаты, бала жиі көрсететін эмоционалды спектр арқылы бағаланады. Мазасыздық, қорқыныш және агрессия сияқты эмоцияларға ерекше назар аударылады (қандай жағдайларда пайда болады, оларды не тудырады, баланың эмоцияны қалай білдіретіні, мұндай эмоционалды тәжірибені басу үшін не істейтіні).

Баланың сөйлеу тілі дамуының ерекшелігі

Бала дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі – оның сөздік қоры. Әдетте, бала неғұрлым көп сөздерді білсе және сөйлеуде көп сөзді қолданса, оның ақыл-ой дамуы соғұрлым жоғары болады. Бұл жағдайда сөйлеу сауаттылығы мен айтылу ерекшеліктері бағаланады. Болашақта айтылымдағы ақаулар жазуды игеруде қиындықтар тудыруы мүмкін. Қайталанатын сөздерге, тұтығушылыққа және т. б. ерекше назар аудару керек.

Ойын іс-әрекетін меңгеру деңгейі

Бұл критерий жеке тармаққа бөлінген, өйткені мектепке дейінгі жаста ойын іс-әрекеті жетекші рөл атқарады. Бұл баланың құрдастарымен қарым-қатынасының сәттілігін анықтайды және танымдық даму деңгейіне әсер етеді.




2-форма


Мектепке дейінгі ұйымдағы педагог-психологтің жұмыс циклограммасы

Жұмыс циклограммасы қызмет түрлері көрсетілген психологтің бір апталық жұмыс режимі:

- тәрбие-білім беру процесіне қатысушылармен жеке және топтық консультациялық жұмыс жүргізу;

- жеке және топтық консультациялық жұмысқа дайындау, алынған нәтижелерді өңдеу, талдау және қорыту, есепті құжаттаманы толтыру, сондай-ақ біліктілікті арттыру.

Педагог-психологтің аталған жұмысты орындауы тікелей білім беру ұйымында да, одан тыс жерлерде де жүзеге асырылуы мүмкін (әкімшіліктің келісімі бойынша).






Педагог-психологтің 20__/20__ оқу жылына арналған жұмыс циклограммасы

(Үлгі)


Категориялар

Жұмыс мазмұны

Топтар

Мерзімдер

Нәтиже

1.Психологиялық-педагогикалық диагностика

Балалармен жұмыс





Педагогтермен жұмыс





Ата-аналармен жұмыс





2. Түзету-дамыту

Балалармен жұмыс





Педагогтермен жұмыс





Ата-аналармен жұмыс





3. Психопрофилактикалық

Балалармен жұмыс





Педагогтермен жұмыс





Ата-аналармен жұмыс





4. Психологиялық ағарту ісі

Балалармен жұмыс





Педагогтермен жұмыс





Ата-аналармен жұмыс





5. Консультациялық қызмет

Балалармен жұмыс





Педагогтермен жұмыс





Ата-аналармен жұмыс





6. Әдістемелік қызмет

Балалармен жұмыс





Педагогтермен жұмыс





Ата-аналармен жұмыс





Мектепке дейінгі ұйымда баланы психологиялық-сүйемелдеуге ата-анасының (заңды өкілінің)
КЕЛІСІМІ

Мен, ______________________________________________________________________

(ата-ананың Т.А.Ә. (заңды өкілінің)
балам _____________________________________________________________________
(баланың Т.А.Ә., тобы)
мектепке дейінгі ұйымда психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсетілуіне келісемін.

Баланы психологиялық сүйемелдеу:

- психологиялық диагностика;

- баланың дамытушы іс-әрекеттерге қатысуы;

- ата-аналарға кеңес беру (қалауына қарай);

- қажет болған жағдайда баланың түзету-дамыту тобына баруын қамтиды.

Педагог-психолог:

- ата-аналары (заңды өкілі) жүгінген кезде баланы психологиялық тексерудің нәтижелері туралы ақпарат беруге;

- бала және оның ата-анасымен (заңды өкілімен) жеке әңгімелесу барысында алынған жеке ақпаратты жарияламауды міндетіне алады.


Құпиялылық келесі жағдайларда бұзылуы мүмкін:

- егер бала өзіне немесе басқаларға ауыр түрде зиян келтіру ниеті туралы хабарласа;

- егер бала өзіне немесе басқаларға қатыгездік көрсетілгені туралы хабарласа;

- егер құқық қорғау органдары жеке жұмыс материалдарын ұсынуды талап етсе.

Сізге осындай жағдайлар туралы хабар беріледі.


Ата-аналардың (заңды өкілдің) құқығы бар:

- өзін қызықтыратын мәселе бойынша педагог-психологке жүгіну;

- меңгерушінің атына жазылған өтініш бере отырып, балаға (жоғарыда көрсетілген жеке компоненттерінен) психологиялық сүйемелдеу көрсетілуінен бас тарту.


20__ж. «___» _________

Ата-ананың Т.А.Ә. (заңды өкілінің) ___________________________


Бейімделу кезеңі

Мектепке дейінгі ұйымға түсу кезінде барлық балалар бейімделу (адаптация) кезеңінен өтеді.

Бейімделу – лат. «бейімдеймін» – бұл организмнің бейімделуінің күрделі процесі, ол әртүрлі деңгейде жүреді: физиологиялық, әлеуметтік, психологиялық.

Ағзаның әлеуметтік өмірдің жаңа жағдайларына, жаңа режимге бейімделуі баланың мінез-құлық реакцияларының өзгеруі ұйқының бұзылуы, тәбеттің бұзылуымен бірге жүреді.

Дененің ең күрделі қайта құрылуы бейімделудің бастапқы кезеңінде жүреді, ол көпке созылып, бейімделуге ауысуы мүмкін, бұл баланың денсаулығының, мінез-құлқының, психикасының бұзылуына әкеледі.

Мектепке дейінгі ұйымдағы өмірдің жаңа жағдайларына ауысатын бала күйзелісті (стресс) бастан кешіреді; онда тежелу, индикативті реакциялар пайда болады (болады, болмайды), бала кешенді әсерлер ықпалына түседі. Бейімделу синдромы пайда болады, бұл оның бойынан қорқыныш пен жағымсыз эмоциялар тудыратын белгісіз әсерлердің жинақталуын білдіреді.
Балаға бір уақытта өз өміріндегі негізгі адамдардан алыстап, үнемі құрдастарының ортасында өмір сүру және жаңа ережелерге үйрену керек болады. Күніне бірнеше сағат бойы тұрақталатын теріс эмоционалды көңіл күй, үмітсіздік пен реніштің үстемдік алатыны соншалық, бала тамақ пен ұйқыны да ұмытады. Ол тәрбиешінің оны қандай да бір жолмен тыныштандыруға тырысқан әрекеттерінен қорқады.

Әр бала ұзақ уақыт бойы үйрену кезеңінен өтпейді. Балабақша өмірінің басталуынан оңай өтетін үш жасар балалар да бар. Бастапқы кезеңде баланың жылауы ата-анадан ажыраудан қорқу сезімін білдірмейтінін есте ұстау керек. Көп жағдайда бұл «шекті қорқыныштың» белгісі, жаңа топқа деген сенімсіздігін білдіреді.

Бейімделу кезеңіндегі бала күйзеліс жағдайының шынайы моделі. Күйзеліс – қиындықтармен күресу реакциясы, кейбір жағдайлардан екіншісіне ауысу нормасы.


Бейімделу кезеңінің өтуіне әсер ететін факторлар.

1. Баланың жасы.

2. Денсаулық жағдайы.

3. Даму деңгейі.

4. Ересектер және құрдастарымен қарым-қатынас жасау қабілеті.

5. Заттық және ойын әрекетінің қалыптасуы.

6. Үйдегі және балабақшадағы күн тәртібінің жақындығы.

Балабақшаға келген кезде бала білуі керек:

- орындыққа өзі отыра алу;

- кеседен өзі іше алу;

- қасықты қолдану;

- киінуге, жуынуға белсенді қатысу.

Табысты бейімделудің екі негізгі критерийі бар: ішкі жайлылық – эмоционалды қанағаттану, мінез-құлықтың сыртқы адекваттылығы – қоршаған орта талаптарын оңай және дәл орындау мүмкіндігі.

Бейімделу ауырлығының 4 дәрежесі бар:

1. Оңай бейімделу: мектепке дейінгі ұйымда болған 20-шы күні ұйқы қалыпқа келеді, бала қалыпты тамақтанады, құрдастары және ересектермен байланыстан бас тартпайды, олармен өзі араласа бастайды. Сырқаттанушылық 10 күннен аспайтын мерзімде бір реттен артық емес, асқынусыз өтеді. Салмағы өзгермейді.

2. Ауырлық дәрежесі орташа бейімделу: мінез-құлық реакциялары мектепке дейінгі ұйымда 1-2 айдан кейін қалпына келеді. Жүйке-психикалық даму біршама баяулайды. Ауру 10 күннен аспайтын мерзімде екі есеге дейін асқынусыз өтеді. Салмағы өзгерген жоқ немесе біраз азайды.

3. Ауыр бейімделу: біріншіден, ұзақтығы айтарлықтай болады (2 айдан 6 айға дейін) және барлық көріністердің ауыр өтуімен сипатталады.

4. Бейімделудің аса күрделі өтуі: шамамен алты ай немесе одан да көп. Сұрақ туындайды: бала мектепке дейінгі ұйымда қалуы керек пе, мүмкін ол «балабақша баласы емес» шығар. Әртүрлі елдердегі ғалымдар жүргізген кешенді зерттеу барысында бейімделу процесінің үш фазасы анықталды:

Бұл жастағы баланың негізгі іс-әрекеті – заттық ойын.

Осы кезеңдегі ойындардың негізгі міндеті – эмоционалды байланыс, балалардың тәрбиешіге деген сенімін қалыптастыру. Эмоционалды қарым-қатынас күлімсіреу, сүйіспеншілік, әр балаға қамқорлық көрсетумен қатар, бірлескен іс-әрекеттер негізінде пайда болады. Алғашқы ойындар фронтальды болуы керек, сондықтан бір балада назардан тыс қалмайды.

Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, балалардың бейімделуін жеңілдететін маңызды факторлардың бірі – баланың темпераменті. Сангвиник пен холериктің жаңа жағдайларға тез және оңай үйренетіні байқалады. Бірақ флегматиктер мен меланхоликтерге ауыр болады. Олар баяу және балабақша өмірінің қарқынына ілесе алмайды: олар киіну, серуенге шығу, тамақтану, тапсырманы орындау сияқты әрекеттерді жылдам орындай алмайды.
Мектепке дейінгі ұйымға келу – бала өміріндегі маңызды оқиға, сондықтан баланың мектепке дейінгі ұйымға кезең-кезеңімен үйрену жүйесін жасау қажет.

1. Мектепке дейінгі ұйымға балаңызбен бірге барыңыз. Балаңыздың балабақшасына бірге баруды жоспарлаңыз (ертерек жоспарлағаныңыз абзал). Баламен бірге ойын алаңында ойнаңыз, балалар серуендеп жүргенде топқа барыңыз. Балабақшаға баруды кезең-кезеңімен орындаңыз: алдымен, балалармен серуендеу, содан кейін 1-2 сағат еркін іс-әрекет. Осылайша, балабақшаға барудың бірінші күні бала үшін жақсы таныс болады.


2. Балаңызға жаңа достар табуға көмектесіңіз. Егер сізде осындай мүмкіндік болса, балаңыздың өз тобындағы басқа балалармен кездесуін ұйымдастырыңыз. Осылайша, олар балабақшаға барар алдында бір-бірімен таныса алады, содан кейін баламен бірге еркін ойын кезінде топқа бара бастаңыз.

3. Үйде балаңызбен бірге балабақша ойынын ойнаңыз. Балаңызға балабақшаға бару идеясына үйренуге көмектесу үшін тақырыптық ойындар ұйымдастырыңыз. Ертегі айту, ән салу және күндізгі ұйқыға дайындалу сияқты әртүрлі әрекеттерді кезекпен орындаңыз. Сондай-ақ, рөлдерді ауыстыра отырып, баланың тәрбиеші болуына мүмкіндік бере аласыз. Бұл ойындар балаңызға балабақшаны ойын-сауық орны ретінде қабылдауға көмектеседі және мектепке дейінгі ұйымға барудың бірінші күнінде оның алаңдаушылығын азайтады.

4. Дағдылану процесін ойынға айналдырыңыз. Түйме түймелеп, сыдырмаларды жауып, арқасына рюкзак іліп, пальто немесе күртесін ілгекке ілуге жаттықтырыңыз. Аяқ киімін киюді ойынға айналдыруға болады: мұны қаншалықты жылдам жасай алатындарыңызды көріңіз.

5. Өз тәжірибеңізді ортаға салыңыз. Балаңызға балабақшаға алғаш рет қалай барғаныңызды және сол кезде не сезінгеніңізді айтыңыз, сүйікті естеліктеріңізді айтып беріңіз. Мүмкін болса, мектепке дейінгі фотосуреттерді табыңыз, сіздің немесе балаңыз жақсы танитын басқа ересек адамдардың суреттерін көрсетіңіз, олар туралы әңгімелесіңіз.

6. Балабақша режиміне сәйкес жаңа күн тәртібін орнатыңыз. Мектепке дейінгі ұйымға барудан бірнеше апта бұрын, мектепке дейінгі ұйымда сабақ кестесіне сәйкес балаға ұйықтау және ояну уақытын жаңадан белгілей бастаңыз: балаға түнде жақсы демалуға мүмкіндік беретін ұйықтау уақытын және таңертең асығыссыз жиналуға қолайлы болатын ояну уақытын таңдаңыз. Осылайша, өзіңіз бен балаңыз үшін жаңа кестеге үйренуге уақыт болады. Егер мүмкіндік болса, ертең балабақшаға киетін киімді бүгін кешке қарай таңдап қою әдетін қалыптастырыңыз.
7. Балабақшадағы сияқты ас мәзірі. Балабақша мәзірі бойынша тамақтану режимін орнатыңыз, балабақшадағы ас мәзірі мен тамақтану уақытын алдын ала біліңіз.

8. Балаңыздың сөзіне құлақ салыңыз. Балабақшаға бара бастауына байланысты балаңыздан сезімдері туралы сұраңыз және оған толқуды, мазасыздықты немесе кез келген басқа эмоцияны сезіну табиғи құбылыс екенін түсіндіріңіз. Өмірдегі жаңа кезең қорқынышты және ауыр көрінуі немесе өте көңілді болуы да мүмкін. Балаңызды сабақтан кейін алып қайтатыныңызға сендіріңіз және оның жаңа тәртібі туралы сөйлесіңіз.

9. Қоштасу түрін ойластырыңыз. Баламен қоштасып тұрғанда оған жақын арада қайта қауышатындарыңызды айтып, жылдам және көңілді қалыпты сақтауға дағдыланыңыз. Баланы тыныштандыруға көмектесетін ерекше рәсімді жасай аласыз: бірге ән айтыңыз немесе онымен өздеріңізге қол алысудың бір қызықты түрін ойлап табыңыз.
10. Балаңызға балабақшаға өзімен бірге сүйікті ойыншығын алып баруға рұқсат етіңіз. Бұл балаға балабақшада жалғыз емес, досымен бірге екеніне сенімділік береді.

11. Мақтау айтуға сараң болмаңыз. Баланы эмоционалды түрде қолдаңыз: жиі құшақтап, еркелетіп айтатын есімдерімен атаңыз. Кішкентайыңызбен бірге өткізген әр сәтке қуаныңыз.

Өзіңіз ойлап көріңізші, ғалымдар баланы күніне кемінде 12 рет құшақтау керектігін анықтады. Әрине, әр құшақтағаныңызды санаудың қажеті жоқ, бұны мүмкіндік болған сайын жасаңыз.


Балалардың бейімделуін зерттеуді талдау

Баланың Т.А.Ә.

Коммуникативті дайындық, қарым-қатынасқа ашықтық: өзіне қажеттерін және қалауларын білдіре алу

Ересектердің бағалауына адекватты түрде жауап беру

Танымдық дайындық: іс-әрекетте, ойындарда белсенділік таныту, істі соңына дейін жеткізе білу

Ойын әрекеттерін орындау, гигиеналық дағдыларды қолдану, өзіне-өзі қызмет көрсетудегі дербестік

иә

жоқ

ішінара

иә

жоқ

ішінара

иә

жоқ

ішінара

иә

жоқ

ішінара


















Баланың сенсорлық дамуы – заттардың маңызды қасиеттері, олардың пішіні, түсі, мөлшері, кеңістіктегі орны, сондай-ақ иісі мен дәмі туралы түсініктерді қабылдауын дамыту және қалыптастыру. Мектепке дейінгі жастағы сенсорлық дамудың маңыздылығына асыра баға беру қиын. Дәл осы кезең сезім мүшелерінің қызметін жетілдіру, қоршаған әлем туралы идеяларды жинақтау үшін ең қолайлы уақыт.

Балалардың сенсорлық тәрбиесінде 3 жастан бастап жалпыға ортақ сенсорлық эталондар және оларды қолдану тәсілдерімен таныстыру негізгі орын алады. Бұл түс, түс реңктері, геометриялық фигуралар, шамалар. Бала өмірінің бірінші жылында сенсорлық тәрбиенің міндеттері манипуляциялық және заттық қызметте сәтті түрде шешіледі. Болашақта сенсорлық дамудың ең бай мүмкіндіктері ойын, еңбек, конструктивті, бейнелеу сияқты іс-әрекеттерден айқын көрінеді. Осы іс-әрекеттердің әрқайсының өзіндік сенсорлық негізі бар.

Бейнелеу іс-әрекетінде – түс, реңк, пішін, шама, кеңістіктегі орналасу, пропорцияларды қабылдау және ажырату; еңбек іс-әрекетінде – материалдардың ерекшеліктерін, олардың икемділігін, құрылымын, барикалық қасиеттерін және т.б. қабылдау мен ажырату.

Кез келген әрекетті жетілдіру баланың сенсорлық даму деңгейіне байланысты. Бұл тәуелділік әсіресе дифференциацияның керекті дәлдігі мен нәзіктігін қамтамасыз ететін белгілі бір анализаторлардың басым дамуын қажет ететін көркемдік қызмет түрлерінде айқын байқалады.

Сенсорлық ойындар дегеніміз не? Бұл сезім мүшелерін ынталандыратын ойындар. Сенсорлық ойындардың көпшілігі сенсорлық, көру және есту қабілеттерін ынталандыруға бағытталған, өйткені олар бәрінен де қолжетімді. Бала миының дамуы үшін сенсорлық ынталандыру қажет: ол тиісті синапстар, содан кейін функциялар, дағдылар мен біліктердің дамуына көмектеседі. Мидағы синапстар өмірлік тәжірибеге байланысты пайда болады немесе жоғалады – нейропластика, мидың миды «үйрету» үшін жүйке жолдарын немесе синапстарды өзгерту қабілеті деп аталады. Баланың миы сенсорлық ақпаратты өңдеу дағдыларын игеруі үшін оны әртүрлі сенсорлық тәжірибелермен таныстыру қажет.

Сенсорлық ойындардың қандай пайдасы бар?

Тапсырманы орындау үшін баланың бірнеше сезім мүшелерін пайдалану қажеттілігі туындаған кезде, ол көбірек тәжірибе алады және көп ақпарат сақтайды. Ойын барысында шығармашылық ойлау, тілдік, танымдық, визуалды-кеңістіктік, әлеуметтік және эмоционалды дағдылар дамиды.

Сезімге бағытталған сенсорлық ойындар – қоршаған әлемді қабылдаудың әртүрлі нұсқаларын ұсына отырып, балалардың сенсорлық органдарының дамуына ықпал ететін іс-әрекеттің бір түрі. Адам миы қоршаған ортаны шарлау үшін сезім мүшелерін пайдаланады және сенсорлық ойындар балаларда осы дағдылардың дамуына ықпал ететінін атап өту өте маңызды.


Ерте балалық шақтағы сенсорлық ойындар мидың дамуына аса зор әсер етеді, өйткені сенсорлық ынталандыру сенсорлық интеграция мен когнитивті дамудың ажырамас бөлігі болып табылады. Сенсорлық тәжірибе балаларға ерте жастан үйренудің негізгі құралы болатын өз денелерін пайдалану арқылы білім алуға мүмкіндік береді. Кішкентайлар ересектеу балалар сияқты сөйлеуді білмейді, сондықтан оларды оқытудың негізгі әдісі – әлемді дене сезімі арқылы қабылдау. Сенсорлық өңдеуде қиындықтарға тап болған балалар үшін сенсорлық ойындар ерекше маңызды. Олар сенсорлық ойындарға қатысқанда қиындықтарға тап болады, сондықтан олардың сенсорлық дамуын қолдау үшін арнайы әзірленген іс-әрекеттер қажет болуы мүмкін.

Сенсорлық ойындар – тері рецепторлары арқылы қоршаған әлемді қабылдауға бағытталған ойындар.

Ойындар баланың сөйлеуін дамытуды ынталандырудан басқа:

  • балаларға өз саусақтары мен қол-басын сезінуді, оларды басқаруды үйретеді;

  • тыныштандырады, баланың эмоционалды жағдайына оң әсер етеді;

  • зейінді шоғырландыруды үйретеді;

  • қозғалыстарды үйлестіруді, кеңістіктік бағдарлауды дамытады;

  • логикалық ойлауға ықпал етеді.

Сенсорлық ойындардың артықшылықтары:

- сенсорлық ойындарға қатысу еске сақтау дағдыларын нығайтуға және тілдік дағдылар мен мәселелерді шешуді қоса алғанда, күрделі тапсырмалардың негізін құруға ықпал етеді;

- бақылаулар, эксперименттер және әртүрлі материалдармен манипуляциялар арқылы балалар ойлау процестерін дамытады, өлшемдерді салыстыруды, үлгілерді сұрыптауды, тануды және әртүрлі материалдардың қасиеттерін ажыратуды үйренеді;

- сенсорлық іс-шараларға қатысу балаларға кеңістікті, ондағы өз орнын жақсы білуге көмектеседі, сонымен қатар өзін-өзі тануды дамытады және өзін-өзі бағалауын арттырады;

- сенсорлық ойындар кезінде жаңа жағдайларға тап болған балалар өзіне деген сенімділікті және өзгерістерге сәтті бейімделу қабілетін дамытады;

- тактильді ойындар іштен тынған тұйық балаларды тыныштандырады, ал сенсорлық әрекеттерге қатысу жағымсыз эмоцияларды кейінге қалдыруға көмектеседі;

- бірлескен сенсорлық ойындар ауызша сөйлеу дағдылары мен жазудың мықты дағдыларын алдын ала қалыптастыру арқылы ауызша қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді;

- материалдармен өзара әрекеттесу арқылы ойнайтын балалар саусақтарын, қолдарын аяқтары және денесін жаттықтыра отырып, ұсақ және ірі бұлшықеттерді дамытады;

- сенсорлық ойындар қиялды ынталандырады, шығармашылық процесті және алынған нәтижелерге қанағаттану сезіміне бөлейді;

- әртүрлі материалдармен өзара әрекеттесу балаларға болжау, мәселелерді шешу және стратегиялық ойлауды дамытуға мүмкіндік береді;

- сенсорлық ойындарда шағын топтарда жұмыс істеу балаларды қарым-қатынас жасауға, бөлісу және эмпатияны дамытуды үйретеді, олардың әлеуметтік және эмоционалды дамуына ықпал етеді.

Ерте балалық шақтағы сенсорлық ойындар инклюзия мен қабылдауға ықпал етеді және қымбат сенсорлық ойыншықтарды сатып алмай-ақ, қарапайым заттардан сенсорлық ойындар құруға болады.

Сонымен, сенсорлық ойындарды күнделікті өмірге енгізуді қалай бастаймыз? Бұл өте оңай, айналаңызға мұқият қарау арқылы даму мүмкіндіктерін байқай аласыз.

Мүсіндеу үшін ермексаз бен кесекті, сонымен қатар тұзды қамырды қолданыңыз.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ермексаз және мүсіндеуге арналған кесек қол моторикасын дамытудың тамаша тәсілдері болып саналады, олар әріптер мен сандарды оқып, қолжазба қалыптаса бастағанда пайдаға асады. Әртүрлі техникада ермексаз бен қамырдан өнер туындыларын жасаңыз (үзіп алу, айналдыру, жағу, араластыру және т.б.): қажетті нәтижеге жету үшін уақыт пен шыдамдылық қажет. Өмірде күнделікті шешім қабылдау үшін екеуі де қажетті дағдылар. Балаңызға өз бетінше мүсіндеуді немесе слайм жасауды және айырмашылығын анықтауды ұсыныңыз.

Сенсорлық бөтелкелер жасаңыз.

Судан босаған мөлдір пластик бөтелкелеріне су мен кеңсе желімі немесе глицерин қоспасын құйыңыз (пропорциясы: үштен бір бөлігі желім, үштен екі бөлігі су болу керек), қоспаға аздап тағамдық бояғыш пен екі шай қасық жылтыр қосыңыз. Бөтелкені жабасыз, шайқайсыз. Пайда болған иірімде жылтырдың түсуін бірге бақылаңыз.

Суретті аяқтауды ұсыныңыз.

Параққа ағаштың кескінін сызыңыз, содан кейін балаңызға оны «өсіруді» ұсыныңыз: қарындаштар немесе бояулармен бояңыз, қағаз кесектері, табиғи немесе кептірілген жапырақтарды жабыстырыңыз, жемістер немесе гүлдер қосыңыз. Сонымен, суретте баланың өзі таңдаған әртүрлі текстуралар мен реңктер пайда болады, сонымен бірге сіз балаңызға қағаз бетіне әртүрлі ілмектерді немесе өзі қалаған фигураларды салып, оларды адам, жануар, гүл немесе қайыққа ұқсайтындай етіп салуын ұсына аласыз.

Сенсорлық тақтаны немесе себет жасаңыз.

Сезім мүшелерін ынталандыратын әртүрлі заттарды балаңызбен бірге жинаңыз (оларды пайдалану қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз): әртүрлі текстуралы мата мен жүн, тегістегіш қағаз немесе металл жөке, жұмсақ щеткалар, шыны шарлар, хош иісті сабын немесе бір тамшы иіссу тамызылған тығын, сылдырмақ, талшын және ақжелкен. Заттарды үстелге қойыңыз, сонда бәрі сіздің көз алдыңызда болады (немесе керісінше, бәрін кездейсоқ шығарып алу үшін қорапқа салыңыз). Әр затты қолыңызға алыңыз, ұстаңыз, қарастырыңыз, иіскеңіз және балаңызға сұрақтар қойыңыз: «Бұл не, ол қалай көрінеді, иісі қандай екен, қандай дыбыс шығарады? Бұл тегіс пе, тайғақ па, жылы ма?» Осы арқылы сөздік қоры да дамып кетеді.

Әртүрлі жармалармен ойын ойнау.

Құрғақ күйіндегі борпылдақ жармаларды (күріш, асбұршақ, жасымық, үрме бұршақ) қорапқа, контейнерге немесе тегенеге төгіп, балаға оларды қолдарымен қазып, аударыстырып, бір контейнерден екіншісіне төгуге рұқсат етіңіз. Бастапқы уақытта бала жармаларды ұстау үшін саусақтарын ғана пайдаланғаны жөн, яғни қасықтар мен шыныаяқтарды қолданбау керек. Ол жарманы саусақтарының ұшымен алып, «пинцетті ұстау» тәсілін жаттықтырсын, күріштің немесе үрме бұршақтың әр дәнінің құрылымын сезінсін. Кейінірек балаға «құралдарды» (қасық, шыныаяқтар) бере аласыз, сонда бала заттармен манипуляция жасауды үйренеді және бір ыдыстан қасықпен алған жарманы екінші ыдысқа жеткізуді игереді.

Боялған күріш салынған контейнер.

Бірнеше килограмм күрішті тағамдық бояғыштармен әртүрлі түстерге бояу керек (мысалы, Пасха жиынтығынан) және оны үлкен тұрмыстық контейнерге құйыңыз. Күрішті бірден араластырмаңыз, оны баланың өзі жасауға мүмкіндік беріңіз. Ол күрішті қолымен жылжытсын, содан кейін жарманың арасын қазып, ойыншықтарды жасырып, көміп, қайта қазып алып, жарманы ары-бері аударып көрсін. Кейінірек ойынға әртүрлі контейнерлер мен қасықтарды қосуға болады.

Ылғалды материалдармен ойын ойнау.

Сенсориканы, атап айтқанда жанасуды дамытуға арналған сабақтар баланы әртүрлі сезімдермен таныстыруды қамтиды. Гидрогель немесе "Orbeez" шарлары ("орбиз").

Бұл гүл өсіруде, медицинада, ауыл шаруашылығында қолданылатын және дүкендерде сатылатын кішкентай түйіршіктер. Ойын азғантай дайындықты қажет етеді: түйіршіктерді 4 сағатқа суға салып қою керек, содан кейін олар диаметрі 1-ден 2 см-ге дейінгі гель шарларға айналады. Олармен ойнаған өте көңілді.

Шарлар түрлі түсті немесе түссіз болады, бірақ әрқайсының қызықты қасиеті бар: олар суда мүлдем көрінбейді, судан алып шықсақ, баланың қолына тегіс және қатты бірнеше шар жиналып қалады. Шарлар өте берік және бірнеше күн пайда жарайды. Ваннада немесе үлкен шылапшынға шомылғанда шарлармен ойнауға болады.

Ылғал қағазды зерттеу.

Кішкене ваннаға немесе аяққа су толтырып, кішкентайыңызға ескі журналдар немесе қажетсіз поштаны сулауға мүмкіндік беріңіз. Балаңыз қағаздың жаңа қалпына таңырқап қалады. Бұл өте қарапайым болып көрінуі мүмкін, бірақ күнделікті заттарға балалардың табиғи қызығушылығы бар. Мұндай әрекеттер оларға қоршаған әлемді зерттеуге еркіндік береді.

Түрлі түсті желе.

Шарлардың көмегімен балаңыз үшін бірнеше түрлі түсті желе жасай аласыз. Содан кейін оны балаға ұсақтап бөлшектеуге бере аласыз. Желе нұсқаулыққа сәйкес түрлі түсті бояу, желатин және су қосып, нұсқауға сәйкес жасалады. Содан кейін түрлі түсті шарлар құйылады. Суығаннан кейін шарды ептеп «жару» және шешіп алу керек. Желені шұқуға, ішіне кішкене заттарды қоюға, кесуге, қолмен ұсақтап отырып, ботқаға айналдыруға болады.

Саусақ бояулары.

Бұл жанрдың классикасы, өйткені саусақ бояуларымен сурет салуды ұнатпайтын балалар сирек кезедеседі. Әдетте, балалар бояуларды қағазға (ватман немесе тұсқағаз бетіне) немесе өздерінің үстіне жаққанды жақсы көреді.

«Бұл не екенін тап» ойыны.

Бастапқы уақытта былай ойнауға болады: заттарды баланың алдына қойыңыз, оларды есіне сақтау үшін бірнеше секунд беріңіз. Содан кейін бәрін себетке немесе сөмкеге саласыз да, көзін байлап қоясыз. Бала заттарды кезек-кезек шығарып, оларды қолмен ұстап көру арқылы танып, атауын дауыстап айтады. Уақыт өте келе ойын күрделене түседі: балаға заттар алдын ала көрсетілмейді, оның көзі байланып, қолына бір зат беріледі.

Бөбектің кішкене қолдарына арналған басқа ойындар:

- қолда бар материалдардан жасалған дамытушы кітаптар

- фетр, түймелер, таспалар, моншақтар, сыдырмалар, әртүрлі текстуралы маталар;

- көздерін жұмып ермексаз бен тұзды қамырдан мүсіндеу;

- балаңыз ішіне малтатас, кәмпит сала алатын ұясы бар ботқа қорабы;

- бизиборд – әртүрлі түймелері, ілгектері, ажыратқыштары бар ағаш панель;

- баулар, моншақтар, мозаика, инелі конструктор, «ошаған» конструктор.

Қазына толы сандық.

Өзіңіздің сенсорлық қазынаңызды жасау үшін балаңыздан қалған майлық салатын контейнерлер мен ас сақтайтын банкаларды қайта өңдеңіз. Алтын бүріккіш бояумен контейнерді сиқырлы қазына сандығына, ал азық-түлік банкаларының қақпақтарын алтын теңгелерге айналдырыңыз. Оған құм толтырып, қазынаңызды жасырыңыз, балаңыз оны тауып алсын.

Күзгі жапырақтармен ойнау.
Күзгі табиғаттың сұлулығы ересектерді де баурайды. FantasticFunandLearning біз күзде көретін әлемдегі өзгерістерге тікелей байланысты бірқатар іс-шараларды ұсынады. Өнерге, зерттеуге немесе ғылымға негізделген жобалар болсын, кішкентайларға күз мезгілінің сиқырын жақсы түсінуге көмектесетін көптеген идеялар бар.
Құшақтау, уқалау (массаж), сипау да тактильді ойындарға жатады. Балалық шағыңыздағы «Рельстер, рельстер» ойынын еске түсіріңіз: мұндай ойындар босаңсытып, тыныштандырып қана қоймайды, олар жақындастырады, сүйіспеншілікті нығайтады және нәресте үшін қауіпсіздік сезімін береді.




3-4 жастағы балалардың сенсорлық дамуын тексеруді талдау

Баланың
Т.А.Ә.

Пішіндерді (8) сәйкес келетін жазықтықтағы ұяшықтарға салу

Алтау арасынан заттарды түсіне қарай таңдап топтастыру

Бес бөлшектен
тұратын матрешканы құрау

Негізгі бес түстен пирамида жинау, қызыл, сары, көк, жасыл және

т.б.)


Үш бөліктен тұратын, тігінен қиылған суретті құрастыру

иә

жоқ

ішінара

иә

жоқ

ішінара

иә

жоқ

ішінара

иә

жоқ

ішінара

иә

жоқ

ішінара

















Ескерту. Педагог-психолог педагогтің немесе басқа қызметтердің өтініші бойынша 3 жастан бастап, балаларға психологиялық-педагогикалық тексеру жүргізуі керек.

Баланың мектепке психологиялық дайындығы

Мектепте оқуға дайындық деңгейі – баланың психологиялық жағдайы отбасы ішінде және мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу мен оқытудың арқасында қалыптасатын мектеп талаптарына сәйкестігі. Мектепке өте жақсы дайын бала оқуға жауапкершілікпен қарайды, өз іс-әрекеттерін басқаруға, ақыл-ой міндеттерін орындауға, білімді саналы түрде игеруге, құрдастары және мұғалімдермен қарым-қатынас жасауға қабілетті келеді.
Мектеп жасына дейінгі баланың мектепте оқуға дайындық компоненттерінің сипаттамасы:

- жеке дайындық (бала мектеп туралы әңгімелерді тыңдауға қызығушылық танытады, ол үйде тәртіп сақтайды, табандылығы мен жауапкершілігі жеткілікті);

- мотивациялық дайындығы (бала оқығысы келеді, бірақ жаңа сөмке ұстап, әдемі киініп жүретіндіктен ғана емес, ол мектепке барудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсінгенеді, еңбекқорлыққа және мектеп ережелерін орындауға дайын);

- интеллектуалдық дайындық (бұл мектеп жасына дейінгі баланың жақсы санайтынын немесе оқитынын білдірмейді, оның сөздік қоры жеткілікті, қоршаған әлеммен таныс болуы, инновацияларды оңай қабылдауы, сұрақтар қоюы маңызды);

- ерікті жетілу (бала ересек адамға бағынып қана қоймай, сонымен бірге айтылғандардың мазмұнын зерттей алады, тапсырмаларды түсінеді және оларды орындауға тырысады);

- жеткілікті дамыған көру-моторлық координациясы (мектеп жасына дейінгі баланың қолы мен көзінің әрекеттері үйлесімді болуы керек).

Психологиялық дайындық екі компоненттен тұрады: баланың білім алуға деген ұмтылысындағы өзіндік белсенділігі (білім алуды қалау) және оның дамуының объективті көрсеткіштері, бұл жаңа мәртебеге – мектеп оқушысының мәртебесіне көшу ол үшін мүмкін екенін көрсетеді.

Баланың білім алуға ұмтылуының өзіндік белсенділігі нені қамтиды?

Мотивациялық дайындық – оқуға деген көзқарас:

- білім алуға құштар болу;

- мектепке дейінгі оқытуға деген жақсы көзқарас және осы тәжірибені қолдана білу;

- дамытылған танымдық қажеттіліктер, жүйелі оқу іс-әрекетіне қызығушылық.
Жеке дайындық – баланың жеке тұлғасы білім алуға бағытталуы:

- саналы түрде қойылған мақсатқа сәйкес әрекет ету қабілеті;

- өзін-өзі адекватты түрде жоғары бағалау;

- оқу-ойын іс-әрекетінде белсенділік пен дербестік;

- дербес танымдық ізденіске ұмтылу;

- адамгершілік әрекеттерді жасауға деген ұмтылысқа негізделген мінез-құлық мотивтері.

Бала дамуының объективті көрсеткіштері, оның оқушы мәртебесіне өту үшін нақты мүмкіндіктері.

І. Ерікті дайындық – оқу міндеттерін саналы түрде шешу:

- мақсат қою және оның мағынасын түсіну қабілеті;

- шешім қабылдау қабілеті;

- ішкі жоспар құра білу және оны орындай алу қабілеті;

- қиындықтарды жеңу қабілеті;

- өз мінез-құлқын ерікті түрде басқара білу;

- өз іс-әрекетінің нәтижесін бағалай білу.

ІІ. Интеллектуалдық кемелдену – ауызша-логикалық ойлаудың бейнелі ойлаудан басым болуы:

- жасына сәйкес қоршаған әлем туралы жалпыланған ғылыми білімге қызығушылық;

- сөйлеуін логикалық тұрғыда құру және оқу міндеттері мен іс-әрекеттерін айту қабілеті;

- құбылыстар арасындағы негізгі байланыстарды орнату мүмкіндігі;

- зейінді шоғырландыру қабілеті;

- ақпараттың үлкен көлемін еске сақтау қабілеті;

- парақ бетіндегі кеңістікте, сандық қатарда шарлау мүмкіндігі;

- фигура мен фонды ажырату, тапсырмадағы табылуы қажетті мәнді, әдеби шығармадағы мағыналық бөлімдер мен кейіпкерлерді анықтау қабілеті;

- үлгіні қайта жаңғырту қабілеті;

- дамыған көру-моторлық координациясының болуы.

ІІІ. Әлеуметтік есею – оқушының рөліне, жаңа қажеттіліктері мен құндылықтарына сәйкес келетін қарым-қатынас дағдыларының деңгейі:

- оқу іс-әрекеті контекстінде ересектермен қарым-қатынас жасай білу;

- ересектердің өкімдері мен тапсырмаларын түсіну және орындау қабілеті;

- құрдастарымен ынтымақтаса білу;

- басқалармен санасу, ырқына көну және қажет болған жағдайда бағыну мүмкіндігі;

- икемделу және бейімделу қабілеті, мектеп режимі мен ережелерін орындау мүмкіндігі;

- өзінің қарапайым мәселелерін өз бетінше шеше білу, өзіне қызмет көрсете алу;

- оқушының рөлін орындауды қалау.
ІҮ. Эмоционалдық есею – эмоционалды тұрақтылығының салыстырмалы түрде алғанда жақсы деңгейі:
- импульсивті реакциялардың болмауы;

- аса қызықты емес тапсырмаларды ұзақ уақыт бойы орындай алу мүмкіндігі. МТОМЖМС сәйкес мектепке дейінгі ұйым мен мектепалды сынып түлегі келесі қасиеттерге ие:
- физикалық жағынан дамыған;
- ізденімпаз;
- бастамашыл;
- табанды;
- бейімделуге қабілетті, коммуникабельді;
- өзіне сенімді;
- командада жұмыс істей білу;
- ықыластылық;
- өзі, отбасы, қоғам (жақын қоғам), мемлекет (ел), әлем және табиғат туралы алғашқы түсініктері бар.


























Баланың мектепке жеке дайындығын мониторингтеу хаттамасы


Баланың аты-жөні ________________________________________________

Жасы___________________________

Өткізілген күні ____________


  1. Төртінші артық” тесті.

(Р.С. Немовтың «Бұл жерде не артық?» әдістемесі бойынша)

Мақсаты: бейнелі-логикалық ойлау процестерін, талдау және жалпылау операцияларын зерттеу.

Құрал-жабдық: суреттер (4 дана) 4 заттан тұрады, олардың біреуі артық.

Нұсқаулық: балаға әртүрлі заттарды көрсететін суреттер ұсынылады және келесідей нұсқау айтылады: «Осы суреттердің әрқайсында бейнеленген төрт заттың біреуі артық».

Суреттерге мұқият қарап, ондағы қай тақырып және неге "артық"екенін анықта.

Мәселені шешуге 3 минут уақыт беріледі.

Суреттерді бір-бірден көрсетуге болады.



1

2

3

4

5

Жалпы балл

Деңгей









Нәтижелерді талдау:


Балл саны

Нәтижелерді интерпретациялау

Даму деңгейі туралы қорытындылар

10 балл

Бала тапсырманы 1 минуттан аз уақыт ішінде шешті, барлық суреттегі артық заттарды атады және олардың неге артық екенін дұрыс түсіндірді.

өте жоғары

8-9 балл

Бала 1-1,5 минут ішінде тапсырманы дұрыс шешті.

жоғары

6-7 балл

Бала тапсырманы 1,5-2 минут ішінде орындады.

орташа

4-5 балл

Бала 2-2,5 минут ішінде тапсырманы шешті.

2-3 балл

Бала тапсырманы 2,5-3 минут ішінде шешті.

төмен

0-1 балл

Бала 3 минутта тапсырманы орындай алмады.

өте төмен


  1. Керна-Йирасектің тесті.

(Керн-Йирасектің «Мектепке дайындықтың кемелділігін бағдарлау тесті»)


Адамның суреті (балл)

Жазбаша әріптердің суретін салу” суреті

Нүктелер” суреті (балл)

Жалпы

балл

Деңгей







Баланың мектепке дайындығын зерттеу үшін Керн-Йирасектің тесті қолданылады.

Тест 3 тапсырмадан тұрады:

  • адам фигурасының суретін салу.

  • жазбаша әріптерден құралған фразаны графикалық түрде көшіру.

  • белгілі бір кеңістіктік позициядағы нүктелерді салу.

Мақсаты: баланың психикалық даму деңгейін, оның көзбен мөлшерлеу, еліктеу қабілеттерін дамыту, нәзік моторлық координациялардың қалыптасу дәрежесін анықтау.

Нұсқаулық: әдістеменің барлық үш тапсырмасы қолдың ұсақ моторикасын, қозғалыс пен көруді үйлестіруді анықтауға бағытталған. Мұның бәрі мектептегі баланың жазуды үйренуі үшін қажет. Сонымен қатар, осы тест арқылы баланың интеллектуалды дамуын, үлгіге еліктеу қабілетін және зейінін, зейінін шоғырландыру қабілетін жалпы түрде анықтауға болады.

Керн-Йирасектің тесті топта да, жеке де қолданылуы мүмкін. Әр тапсырманы орындау уақытына шектеу қойылмайды, баланы асықтырмаңыз, ол қолынан келгенінің бәрін көрсетсін. Осы тесті орындау кезінде көмек көрсетуге тыйым салынады. Балаға беті сызылмаған парақ беріледі. Қарындаш балаға оң және сол қолымен бірдей ыңғайлы болатындай етіп орналастырылады. Егер бала барлық тапсырмаларды орындай алмаса, ол тест кезінде орнынан тұрады, қашып кетеді, қолдарын сермейді және т.б., бұл эмоциялық-жігерлі саланың жетілмегендігін көрсетуі мүмкін.

1-тапсырма.

«Бір ағаның суретін салып көр». Қосымша нақтылау жасау қажет емес. Көмектесуге немесе қателерді түзетуге болмайды.


Нәтижелерді талдау:


Балл саны

Нәтижелерді түсіндіру (интерпретациялау)

Нәтиже

1 балл

Суретке салынған фигураның басы, денесі, аяқ-қолдары бар. Бас пен денені мойын қосып тұр (ол денеден үлкен болмауы керек). Баста шаш (қалпақ немесе бас киім), құлақ болуы керек. Бетінде көз, мұрын, ауыз. Қолдарының бес саусағы бар алақаны болуы керек. Ерлер киімінің бөлшектері көрінеді.

2 балл

Барлық талаптарды орындау, бағалау кезінде 1 балл. Үш деталь болмауы мүмкін: мойын, шаш, қолдың бір саусағы; бірақ беттің кез келген бөлігі жоқ болмауы керек.

3 балл

Суреттегі фигураның басы, денесі, қолдары, аяқтары бар, олар екі сызықпен сызылып салынған. Мойын, құлақ, шаш, киім, аяқ саусақтары, аяқтың табаны жоқ.

4 балл

Қол-аяғы бар бастың қарабайыр суреті. Әр аяқ (бір жұп жеткілікті) бір сызықпен бейнеленген.

5 балл

Дененің, қолдың және аяқтың айқын бейнесі жоқ. Шимайлар.










2-тапсырма.

Сурет салынып аяқталғаннан кейін, сырт жағында фраза үлгісі жазулы тұрған парақты аударып қоюын баладан сұраңыз.

Мұнда не жазылғанын көр. Сен әлі жаза алмайсың. Бұл сурет деп елестет, оны мүмкіндігінше дәл көшіруге тырысып көр.

Үлгі:

Ол көже ішті.

Нәтижелерді талдау:


Балл саны

Нәтижелерді түсіндіру (интерпретациялау)

Нәтиже

1 балл

Бала салған фразаны оқуға болады. Әріптер үлгіден екі еседей үлкен және үш сөзді құрайды. Жол түзу сызықтан 30 градустан аспайтындай мөлшерде ауытқыған.

2 балл

Сөйлемді оқуға болады. Әріптер шамасына қарай үлгіге жақын, әріптердің әдемі болуы міндетті емес.

3 балл

Әріптер кем дегенде екі топқа бөлінуі керек. Кем дегенде төрт әріпті оқуға болады.

4 балл

Үлгіге кем дегенде екі әріп ұқсас. Әріптер тобы жазуға аздап ұқсайды.

5 балл

Шимай.








3-тапсырма.

Бұнда нүктелер салынған. Өзің де қағаз бетіне осындай сурет салып көр.

Үлгі:

Балл саны

Нәтижелерді түсіндіру (интерпретациялау)

Нәтиже

1 балл

Үлгіні дәлме-дәл қайталау. Шеңберлер емес, нүктелер сызылған. Фигураның көлденең және тігінен симметриясы сақталған. Фигуралардың кез келгені кішірейтілуі мүмкін, ұлғайту екі еседен аспайды.

2 балл

Симметрия аздап бұзылуы мүмкін: бір нүкте бағаннан немесе жолдан асып кетуі мүмкін. Нүктелердің орнына шеңберлер салынуы мүмкін.

3 балл

Нүктелер тобы үлгіге аздап ұқсайды. Фигураның симметриясы толығымен бұзылуы мүмкін. Шыңы жоғары немесе төмен төңкерілген бесбұрыштың бейнесі сақталады. Нүктелер саны көбірек немесе азырақ болуы да мүмкін.

4 балл

Нүктелер бір жерге шоғырланып, олардың тобы кез келген геометриялық фигураға ұқсауы мүмкін. Нүктелердің шамасы мен саны маңызды емес. Сызықтар сияқты басқа суреттерге жол берілмейді.

5 балл

Шимай.







Кейбір жеке тапсырмаларды орындау нәтижелерінің қосындысы осы тест бойынша зерттеудің жалпы нәтижесі болып саналады.

Нәтижелерді түсіндіру (интерпретациялау)


Балл саны

Даму деңгейі туралы тұжырымдар

(нәтижелерді сипаттау)

3-5 балдан бастап

Барлық тапсырмаларды орындағаны үшін 3-тен 5-ке дейін балл алған бала психомоторлық даму деңгейі бойынша жетілген, яғни мектепке дайын деп бағаланады.

6-7 балл

Мектепке дайындықтың орташа деңгейі – «жетіліп жатқан» деп аталады. Бұл жағдайда қолайлы болжам жасауға болады.

8-9 балл

Мектепке дайындық деңгейі орташадан төмен. Бұл балаға қосымша жаттығулар қажет.

10 және одан көп балл

Бала психомоторлық дамуы бойынша жетілмеген деп бағаланады.


  1. Графикалық диктант” тесті.

(Д.Б.Элькониннің “Графикалық диктант” әдістемесі бойынша)

_______________________________________________________________


Мақсаты: кеңістікте бағдарлауды зерттеуге арналған. Оның көмегімен ересек адамның нұсқауларын мұқият тыңдау және дәл орындау, қағаз парағында сызықтың берілген бағытын дұрыс жүргізу, ересек адамның нұсқауы бойынша өз бетінше әрекет ету мүмкіндігі анықталады.

Құрал-жабдықтар: бір-бірінің астына салынған төрт нүктесі бар, ірі торкөзді дәптер парағы. Қара қарындаш.
Нұсқау:
Қазір сенімен (сендермен) бірге әртүрлі үлгілерді саламыз. Оларды әдемі және ұқыпты салуға тырысуымыз керек. Ол үшін мені мұқият тыңдап отыр, мен саған қанша ұяшық бар екенін және қай бағытта сызық салу керектігін айтамын. Мен айтатын сызықты ғана саласың. Қарындашты қағаз бетінен алмай, келесі жолды алдыңғы сызық аяқталған жерден бастау керек. (Балалармен бірге оң және сол жақтың қайда екенін анықтаңыз, үлгіде сызықтарды оңға және солға қарай қалай салу керектігін көрсетіңіз.)

Сапалы іс-әрекет етуге ынтаны арттыру үшін ойын нұсқасы берілуі мүмкін: «Біз машинистпіз. Паровоздарымызды бағдар бойынша жүргіземіз. Бағдар бойындағы рельстер күрделі өрнекпен салынған. Апатқа ұшырамау үшін паровоздарды рельстермен ғана жүргізіп отыру маңызды. Диспетчер беретін бұйрықтарға мұқият болыңдар».


Жаттығуға арналған өрнек

Нұсқаулық

1-өрнек.

Қарындашты ең жоғарғы нүктеге қой. Назар аудар! Сызық сыз: бір ұяшық төмен. Бір ұяшық оңға. Бір ұяшық жоғары. Бір ұяшық оңға. Бір ұяшық төмен. Бір ұяшық оңға. Бір ұяшық жоғары. Бір ұяшық оңға. Бір ұяшық төмен. Әрі қарай өзің жалғастыр.

Диктант кезінде балалар алдыңғы жолды аяқтай алатындай ұзақ үзілістер жасалады. Үлгіні өз бетінше орындау үшін 1-1,5 минут беріледі. Үлгіні орындау кезінде ересек адам балаға жіберген қателіктерін түзетуге көмектеседі. Болашақта мұндай бақылау алынып тасталады. Балаларға үлгі парақтың бүкіл енімен жүрудің қажеті жоқ екенін түсіндіріңіз.

2-өрнек.

Қарындашты келесі нүктеге қой. Дайын бол! Назар аудар! Бір ұяшық жоғары, біреуі оңға. Біреуі жоғары, біреуі оңға. Бір ұяшық төмен, біреуі оңға. Біреуі төмен, біреуі оңға. Біреуі жоғары, біреуі оңға. Біреуі жоғары, біреуі оңға. Бір ұяшық төмен, біреуі оңға. Біреуі төмен, біреуі оңға. Біреуі жоғары, біреуі оңға. Біреуі жоғары, біреуі оңға. Енді сол үлгіні өзің жасай бер. 1-1,5 минуттан кейін біз өз бетімізше сурет саламыз: «Келесі үлгіні салуға дайындал. Қарындашты көтер, келесі нүктеге қой».

3-өрнек.

Назар аудар! Үш ұяшық жоғары, біреуі оңға қарай. Екеуі төмен, біреуі оңға. Екеуі жоғарыға қарай, біреуі оңға. Үш ұяшық төменге, біреуі оңға. Екеуі жоғарғы жаққа, біреуі оңға. Екеуі төмен қарай, біреуі оңға. Үш ұяшық жоғарыға және өзің жалғастыр. (1-1,5 минуттан кейін соңғы үлгінің диктанты басталады.

4-өрнек.

Қарындашты ең төменгі нүктеге қой. Назар аудар! Үш ұяшық оңға, біреуі жоғары. Біреуі солға, екеуі жоғары. Үш ұяшық оңға, екеуі төмен қарай. Біреуі солға, біреуі төмен. Үш ұяшық оңға, біреуі жоғары. Біреуі солға, екеуі жоғарыға қарай. Өз бетіңше жалғастыр.


Нәтижелерді бағалау:

Жаттығуға арналған өрнекті орындау нәтижелері бағаланбайды. Кейінгі өрнектердің әрқайсында диктанттың орындалуы және үлгінің дербес түрде жалғастыру бөлек бағаланады.

Бағалау келесі шкала бойынша жүргізіледі:


Балл саны

Нәтижелерді түсіндіру

4 балл

Өрнекті дәлме-дәл жаңғырту. (Сызықтың түзуі біркелкі болмауы, «дірілдеген» сызық, «кір» және т.б. ескерілмейді, олар үшін балл төмендетілмейді.)

3 балл

Бір сызықта қате жіберіп жаңғырту.

2 балл

Бірнеше қате жіберіп жаңғырту.

1 балл

Аталған өрнекпен кейбір элементтерінде ғана ұқсастықтары бар етіп жаңғырту.

0 балл

Тіпті жеке элементтерде де ұқсастықтың болмауы.

Үлгіні өз бетінше жалғастырғаны үшін бағалар сол шкала бойынша қойылады. Осылайша, әр үлгі үшін бала екі баға алады: біреуі – диктантты орындау үшін, екіншісі – үлгіні жалғастыру үшін. Олардың екеуі де 0-ден 4 арасында болады. Диктант бойынша жұмыстың қорытынды бағасы жекелеген өрнектер үшін олардың максимумын минимуммен қосу арқылы тиісті үш бағалаудан шығарылады, аралық мәнді алатын максимумға немесе минимумға сәйкес келетін баға ескерілмейді. Алынған баға 0-ден 8 балға дейін болуы мүмкін. Сол сияқты, үлгіні жалғастырғаны үшін үш бағадан қорытынды баға алынады.

Содан кейін екі баға да балл қосындысын (БҚ) беру арқылы жинақталады, ол 0-ден (егер диктанттағы жұмыс үшін және өзіндік жұмыс үшін 0 балл алынса) 16-ға дейін (егер жұмыстың екі түрі үшін де 8 балл алынса) ауытқуы мүмкін.

Әрі қарайғы талдауда қорытынды көрсеткіш қана қолданылады, ол келесі түрде түсіндіріледі:


Балл саны

Даму деңгейі туралы тұжырымдар

(нәтижелердің сипаттамасы)

0-ден 3 балға дейін

Төмен

4-6 балл

Орташадан төмен

7-10 балл

Орташа

11-13 балл

Орташадан жоғары

14-16 балл

Жоғары


4. «Дыбыстық тығылмақ» тесті

(Н.И. Гуткинаның әдістемесі бойынша «Дыбыстық тығылмақ»)

_____________________________________________________________________


Мақсаты: фонематикалық естуді зерттеу.

Өткізу барысы: педагог балаға барлық сөздер біз айтатын дыбыстардан тұратынын, сондықтан адамдар сөздерді естіп, айта алатынын түсіндіреді. Мысалы, педагог бірнеше дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтады. Содан кейін балаға дыбыстармен тығылмақ ойынын ойнау ұсынылады.

Нұсқаулық: әр жолы олар қандай дыбысты іздеу керектігін келісіп алады, содан кейін педагог балаға әртүрлі сөздерді атайды, ал ол сөзде ізделетін дыбыстың бар-жоғын айтуы керек. Әр дыбысқа онда ізделуі тиіс дыбыс бар үш сөзден беріледі. Сөздер балаға таныс және қысқа болуы керек. Дыбыстар сөзде бір рет қана қайталанғаны жөн.

Дыбыстарды кезекпен іздеу ұсынылады: «о», «а», «ш», «с».


«О» дыбысы

«А» дыбысы

«Ш» дыбысы

«С» дыбысы

торсық

балық

шаң

сәбіз

қауын

қалақай

қыс

сәукеле

қоңырау

желкен

құлақшын

жаз

жол

терек

сабын

бесеу

кеме

қант

қарындаш

дауыс


Барлық сөздерді өте анық айту керек, әр дыбысты бөліп, тіпті дауысты дыбыстарды созып айту керек (іздейтін дауысты дыбысқа екпін түсіру). Балаға педагогтің артынан сөздерді өзі айтып, оны тыңдауды ұсыну қажет. Сөздерді бірнеше рет қайталауға болады. Бланкіге дұрыс және қате жауаптар жазылады, содан кейін тапсырманы орындау әдісі талданады. Кейбір балалар қажетті дыбыс барлық сөздерде де барын айтуы мүмкін. Бұл жағдайда дұрыс жауаптар кездейсоқ деп саналуы керек. Егер бала ізделетін дыбыс ешбір жерде жоқ деп санаса, дәл солай санаймыз.


Нәтижелерді талдау:


Нәтижелерді өңдеу

Жоғары деңгей

Ешбір қате жібермесе

Орташа деңгей

Бір қателік жіберсе

Төмен деңгей

Біреуден көп қате жіберсе


5. «Нежнованың стандартты әңгімесі» тесті


1

2

3

4

5

6

Жалпы балл

Деңгей










Мақсаты: баланың ішкі ұстанымын зерттеу және мектепте оқу іс-әрекетіне бағдарлану сипатын анықтау.

Тексеру барысында балаға сұрақтар қойылады, олардың жауаптары мектеп пен оқуға қатысты бағдарлаудың үш түрінің бірін анықтауға мүмкіндік береді. Оқу іс-әрекетінің мазмұнына басымдық беру балада оқушының ішкі позициясының болуын көрсетеді.


Әңгімелесудің сұрақтары

Жауап үлгілері

Балл


1. Мектепке барғың келе ме?

А - қатты барғым келеді

2

Б - бәрібір, білмеймін

1

В - барғым келмейді

0




2. Мектепке не үшін барғың келеді?

А - оқу-білімге қызығушылық: оқуды, жазуды, сауатты, ақылды болуды, көп білуді, жаңаны үйренуді және т. б. қалаймын

2

Б - мектептің сыртқы атрибуттарына қызығушылық: жаңа форма, кітаптар, портфель және т.б.

1

В - оқудан тыс қызығушылықтар: балабақшадан жалықтым, мектепте ұйықтамайды, онда қызық, барлық балалар мектепке барады, анам айтты.

0


3. Мектепке дайындалып жүрсің бе? Сен қалай дайындаласың (сені қалай дайындап жатыр)?

А - оқу, жазу, санаудың кейбір дағдыларын меңгеру: анаммен әріптерді үйрендік, есеп шығардық және т.б.

2

Б - мектеп формасын, оқу құралдарын сатып алу

1

В - мектепке қатысы жоқ істер

0




4. Саған мектепте ұнай ма? Саған бәрінен де бұрын не ұнайды, не мүлде ұнамайды? (баланың мектепке барып көргені туралы алдын ала сұрап алу керек)

А - баланың мектепке дейінгі өмірінде баламасы жоқ мектептегі сабақтары.

2

Б - оқуға байланысты емес, оқудан тыс істер және тағы басқа: үзіліс, оқудан тыс уақыттағы істер, мұғалімнің жеке тұлғасы, мектептің сыртқы көрінісі, сыныпты безендіру.

1

В - балаға мектепке дейінгі балалық шақтан таныс және жақын болған, мектепте жалғасатын көркемдік дене шынықтыру циклінің сабақтары.

0


5. Саған мектепке және балабақшаға барудың қажеті болмаса, үйде не істер едің, күнді қалай өткізер едің?

А - оқуға қатысты істер: әріптер жазар еді, оқыр еді және т.б.

2

Б - мектепке дейін айналысқан істер: сурет салу, құрастыру.

1

В - мектепке қатысы жоқ істер: ойындар, серуендеу, үй шаруасына көмектесу, төрт түлік малға күтім жасау.

0








Нәтижелерді талдау:



Жауап нұсқалары және оларды бағалау

А

ұйымдастырылған іс-әрекеттің мазмұнына бағдарлану

2 балл

Б

ұйымдастырылған іс-әрекет пен мектеп өмірінің сыртқы атрибуттарына бағдарлану

1 балл

В

мектептен тыс іс-әрекет түрлері мен шарттарына бағдарлану

0 балл


Нәтижелерді түсіндіру:


Балл саны

Даму деңгейі туралы тұжырымдар

(нәтижелердің сипаттамасы)

10-9 балл

баланың мектепте оқу бағыты және мектепке деген оң көзқарасы туралы хабар береді (оқушының ішкі ұстанымы жеткілікті түрде қалыптасқан)

8-5 балл

баланың мектеп өмірінің сыртқы атрибуттарына деген қызығушылығын білдіреді (оқушының ішкі позициясын қалыптастырудың бастапқы кезеңі)

4-0 балл

бала мектепке қызығушылық танытпайды (оқушының ішкі ұстанымы қалыптаспаған)


6. «Корректуралық байқау» тесті

(Пьерон-Рузер әдісін модификациялау)

_____________________________________________________________

Мақсаты: зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығын зерттеу.

Құрал-жабдықтар: Пьерон-Рузер тестінің бланкі, қарындаш пен секундомер.

Нұсқаулық: «Кестені үлгі бойынша белгілеу арқылы кодтау».

Тестіге арналған бланк:

Нәтижелерді өңдеу

Тұрақты зейіннің жоғары деңгейі

1 мин 15 сек ішінде қатесіз 100%

Тұрақты зейіннің орташа деңгейі

1 мин 45 сек ішінде 2 қатемен 60%

Тұрақты зейіннің төмен деңгейі

1 мин 50 сек ішінде 5 қатемен 50%

Зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығының өте төмен деңгейі

2 мин 10 сек ішінде 6 қатемен 20%









Пьерон-Рузер тесті

Мақсаты: зейіннің шоғырлану деңгейін анықтау, қысқа мерзімді көру жадының көлемін анықтау.

Құрал-жабдықтар: Пьерон-Рузер тестінің бланкі, қарындаш пен секундомер.

Өткізу барысы: диагностика бір баламен немесе 5-9 баладан тұратын топпен жүргізілуі мүмкін. Топпен жұмыс істеудің негізгі шарттары – балаларды ыңғайлы орналастыру, барлығын тест бланктері және қарындаштармен қамтамасыз ету, тестілеу кезінде тыныштық сақталуын қадағалау.

Нұсқау: "Саған шаршы, үшбұрыш, шеңбер және ромб бейнеленген тест ұсынамын. "Бастаймыз!" белгісі бойынша келесі таңбаларды осы геометриялық фигураларға мүмкіндігінше жылдам және қатесіз орналастыр: шаршыға - ештеңе қойма, үшбұрышқа - азайту (минус), шеңберге - қосу (плюс) және ромб ішіне нүкте қой. Белгілерді қатарынан орналастыр. Тапсырманы орындауға 60 секунд беріледі. Менің "Тоқта!" деген белгім бойынша таңбаларды қоюды тоқтатыңдар". Педагог тапсырманы өткізу барысында уақытты секундомердің көмегімен бақылайды, "Баста!" және" Тоқта!" белгілерін беріп тұрады.

Тестілеуді бірнеше рет жүргізу арқылы нәтижелердің сенімділігіне қол жеткізуге болады, тестілеудің арасында айтарлықтай уақыт аралығы болуын ескеру керек.

Нәтижелерді өңдеу және талдау. Бұл тестілеудің нәтижелері: 60 секунд ішінде бала өңдеген геометриялық фигуралар саны және жіберілген қателіктер саны.

Зейіннің шоғырлану деңгейі кесте бойынша анықталады:


Өңделген фигуралар саны

Дәреже

Зейінді шоғырландыру деңгейі

100

1

өте жоғары

91-99

2

жоғары

80-90

65-79

3-4

орташа төмен

64 және одан төмен

5

тым төмен

Тапсырманы орындау кезінде жіберілген қателіктер үшін дәреже төмендетіледі. Егер 1-2 қате болса, содан кейін дәреже бірлікке азаяды, 3-4 – қате болса, екі дәрежеге төмендейді және зейіннің шоғырлануы нашар деп саналады, ал 4 – қателіктен көп болса, онда үш дәрежеге төмендейді.



Пьерон-Рузер тестінің бланкі


















7. “Баспалдақ” тесті

___________________________________________________________________

Мақсаты: баланың өзін-өзі бағалауын зерттеу.

Материал: қағаз парағына 10 сатыдан тұратын баспалдақтың суретін саламыз.

Баспалдақ” өзін-өзі бағалау (үлгі).


Өткізу барысы: балаға баспалдақты көрсетіп, ең төменгі сатыда ең жаман ұлдар мен қыздар тұрғанын айтамыз. Екіншісінде – олардан сәл жақсырақ, бірақ ең жақсы, мейірімді және ақылды ұлдар мен қыздар жоғарғы сатыда тұр. Баланың баспалдақтағы сатыда орналасуын дұрыс түсінуі маңызды, сондықтан сіз одан бұл туралы қайта сұрай аласыз. «Сен өзіңді қандай сатыға қояр едің?» Осы сатыда тұрған өзіңнің суретіңді сал. Бұл жағдайда баланың осы сатыны неге таңдағаны міндетті түрде анықталады. Содан кейін балаға өз ойы бойынша оның фигурасын анасы немесе басқа бір жақын адамдары қай сатыға қоятынын көрсетуі ұсынылады: «Анаң сені қай сатыға қояды деп ойлайсың? Сен неге осылай ойлайсың?» Сондай-ақ, баладан оны кім ең жоғарғы сатыға қоятыны туралы (әсіресе, егер ол қандай да бір себептермен анасы оны сол жерге қоймайды деп ойлап тұрған болса) және кім оны ең төменгі сатыға қоятыны сұралады.


Нәтижелерді өңдеу

1-3 саты

өзін-өзі бағалаудың төмен деңгейі (тым төмендету)

4-7 саты

өзін-өзі бағалаудың орташа деңгейі (адекватты)

8-10 саты

өзін-өзі бағалаудың жоғары деңгейі (асыра бағалау)


8. «Коммуникативтік қабілеттерді дамыту» сауалнамасы

_______________________________________________________________________


Сауалнама баланың коммуникативтік қабілеттерінің даму деңгейін анықтауға арналған. Мектепке дейінгі ұйымда болу кезінде баланың іс-әрекетін бақылау негізінде толтырылады. Оны тәрбиеші немесе педагог-психолог толтырады.


Іс-әрекетін бақылау

Жауап нұсқалары

1

Ересектермен қарым-қатынас кезінде нұсқауларды түсінеді:

а) көбінде түсінеді;

б) көбінде түсінбейді;

в) түсінуге қиналады.

2

ҰІӘ барысында бала:


а) тапсырманы орындаудың өз тәсілдерін ұсынады, басқа балалардың пікірін ескереді;

б) басқа балалардың тілектерін орындауды жөн көреді;

в) құрдастарының пікірі мен іс-әрекетін ескермейді.

3

Бала өз пікірін негіздей алады:

а) жиі; б) кейде; в) ешқашан.

4

Құрдастарының жағымды және жағымсыз әрекеттерін тани алады:

а) тани біледі;

б) белсенділігі төмен, әрқашан байқай бермейді;

в) айыра алмайды.

5

Бала ойында өзінің және құрдастарының қызығушылықтарын ескереді:

а) жиі; б) кейде; в) ешқашан.

6

Жанжалды жағдайда бала:

а) жанжалды сындарлы түрде шешеді (барлық қатысушылардың мүдделерін ескере отырып);

б) көмек алу үшін ересек адамға (педагогке) жүгінеді;

в) жанжалды өз пайдасына деструктивті түрде шешеді (көндіреді, агрессивті түрде талап етеді, жылайды және т.б.).

7

Бала ойнағанды жақсы көреді

а) көп баланың ішінде (үш не одан да көп);

б) шағын топта (екі адам);

в) жалғыз өзі.

8

Бала ересек адаммен өзара әрекеттесуге дайын, өз қажеттілігін нақты айтады

а) ылғи;

б) жиі;

в) кейде.

9

Бала басқа балалармен (ересектермен) қарым-қатынас кезінде

а) әдетте, бала мәдени мінез-құлық ережелерін қолданады;

б) әрқашан мәдени мінез-құлық ережелерін ұстана қоймайды, бірақ ол туралы біледі;

в) мінез-құлық ережелерін сирек ұстанады (олардың кейбіреулері туралы ғана біледі).

10

Бала құрдастарымен қарым-қатынаста сөйлеуді белсенді қолданады (ережелерді түсіндіреді, рөлдерді бөледі, сұрақтар қояды):

а) ылғи дерлік;

б) кейде;

в) сирек.

11

Бала басқа балалармен қарым-қатынаста

а) барлық балаларға жанашырлық танытады (ықыластылық);
б) олардың кейбіреулеріне ғана;
в) жанашырлық танытуы сирек.

12

Бала құрдастарының жағдайын түсіне ме (эмоционалдық)?

а) үнемі түсінеді/жиі;

б) кейде түсінеді;

в) түсінбейді


Нәтижелерді талдау:

Нәтижелерді өңдеу

Коммуникативтік қабілеттері дамуының жоғары деңгейі

А - 9-дан 12 балға дейін


Коммуникативтік қабілеттері дамуының орташа деңгейі

А және Б жауаптарының шамамен 50%

Коммуникативтік қабілеттері дамуының төмен деңгейі

В жауаптарының көпшілігі


Баланың аты-жөні

Топ

Өткізілетін күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12



















Мектепалды топ балаларының мектепте оқуға дайындығын
диагностикалау нәтижелерін талдау (мектепалды сынып)


Топ_________

Тәрбиешілер:____________

Психолог:_______________


Баланың аты-жөні

Қорытынды көрсеткіштер (әдістемелер бойынша)

Төртінші артық”

Керн-

Йирасектің тесті

Графикалық диктант

Дыбыстық тығылмақ

Нежнованың стандартты әңгімелесуі

Корректуралық байқау

Баспалдақ

Коммуникативті қабілеттерді дамыту

Жиыны:

Деңгей













Балаларды мектепке дайындау жұмысындағы ата-аналардың рөлі


Ата-аналардың басты міндеті – баласын бірінші қыркүйекке психологиялық тұрғыдан дайындау және оған өз-өзіне күтім жасаудың қарапайым тәсілдерін үйрету. Ең алдымен, бұл мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балаларға қатысты.

Мектепке дайындық кезінде ата-аналар үшін келесі ережелерді еске сақтау маңызды:

- егер ол сәтсіздікке ұшыраса, балаға ұрсудың қажеті жоқ;

- жылдам нәтиже шығуын күтпеңіз, шыдамдылық танытып, біртіндеп мақсатқа жеткеніңіз дұрыс;

- балаларға қарапайым дағдыларды үйрету қызықты ойынға айналады;

- баланы үй шаруасынан оқшауламаңыз, оның орнына барлық мәселелерді шешуге тырыспаңыз, бірақ оған өзіне ауыр тиетін шаруаны шамадан тыс жүктемеңіз. Бала өзінің шамасы жететін тапсырмаларды орындап, оған қанағаттанғаны жақсы;
- баланы шектен тыс мақтап жібермеңіз, бірақ бала мақтауға лайық болған кезде оны жігерлендіруді ұмытпаңыз. Есіңізде болсын, мақтау да жаза сияқты, ол іс-әрекетке сәйкес болуы керек;
- өз балаңыздың жетістіктерін басқа балалармен салыстырудың қажеті жоқ, өйткені барлық адамдардың жеке қабілеттері әртүрлі және олар ақпаратты өздеріне тән жылдамдықпен игереді;
- баламен сөйлесуді ұмытпаңыз, оның кез келген сұрақтарына жауап беруге тырысыңыз, бір іспен бірге айналысыңыз – кітап оқыңыз, сурет салыңыз, серуендеңіз. Аулада серуендеуді де танымдық сабаққа айналдыруға болады – орындықтарды санау, ағаштардың қалай аталатынын айту, құстарды бақылау. Мультфильм көргеннен немесе кітапты оқығаннан кейін кішкентайға сұрақтар қоюды ұмытпаңыз: ол не байқағанын, қандай қорытынды жасағанын түсінді. Бұл оқытуда өте қажет аналитикалық ойлауды дамытады. Қолдың ұсақ моторикасын жақсартуға ермексаз, конструкторлар, басқатырғыштар сияқты ойындар көмектеседі. Спорттық жаттығулар мен таңертеңгілік гимнастика баланың тәртіпті және төзімді болуына көмектеседі. Қауіпсіздіктің қарапайым ережелері туралы ұмытпаңыз, бала көшеде және үйде өзін қалай ұстау керектігін және мүлдем жасауға болмайтын істерді білуі керек. Мектепке дейінгі кезеңдегі күн тәртібі мектеп ережелеріне жылдам үйренуге және үнемі ерте оянуға көмектеседі.

Табыстар мен сәтсіздіктерге деген көзқарастың адекваттылығын мысалмен көрсетіңіз. Өз мүмкіндіктеріңізді және істің нәтижелерін дауыстап бағалаңыз.

Баланы жеке тұлға ретінде жақсы бағалаңыз, оған мейірімділік танытыңыз. Мұны істеу үшін баланы өз есімімен жиі атаңыз және оны басқа балалар мен ересектердің көзінше мақтаңыз («Сенің көп тырысқаныңды мен жақсы білемін», «Сен ақылды баласың»). Баланың жеке басына және оған тән мінез-құлық қасиеттеріне теріс баға беруден мүлдем аулақ болыңыз.

Ата-аналарға арналған жаднама

(5-6 жасар бала келесі сұрақтарға жауап бере алуы керек,

бұл өзін қоршаған кеңістікті бала қалай бағдарлайтынын анықтауға, оның білім қорын және мектепке деген көзқарасын білуге көмектеседі)


1

Өз аты-жөніңді ата.

2

Анаң мен әкеңнің аты-жөнін айт.

3

Сенің жасың нешеде? Сен қашан тудың?

4

Сен тұратын қала (ауыл) қалай аталады?

5

Сен қайда тұрасың? Өз үйіңнің мекенжайын ата.

6

Ата-анаң кім болып жұмыс істейді?

7

Сенің аға-әпкең бар ма?

8

Достарыңның есімдері кім?

9

Қыста, жазда достарыңмен қандай ойындар ойнайсыңдар?

10

Қыздардың қандай есімдерін (ұлдардың) білесің?

11

Апта күндерін, жыл мезгілдерін ата.

12

Қазір жылдың қай мезгілі?

13

Қыстың жаздан қандай айырмашылығы бар?

14

Ағаштарда жапырақтар жылдың қай мезгілінде пайда болады?

15

Біз өмір сүріп жатқан планета қалай аталады?

16

Жердің серігі қалай аталады?

17

Үй жануарларының қайсын білесің?

18

Үй жануарларының төлдері қалай аталады (қойдың, сиырдың, түйенің, жылқының және т.б.)?

19


Қаланың ауылдан қандай айырмашылығы бар?

20

Жабайы жануарлардың үй жануарларынан қандай айырмашылығы бар?

21

Қыстайтын құстардың жыл құстарынан қандай айырмашылығы бар?

22

Сенің мектепте оқығың келе ме?

23

Қай жерде оқу оқыған жақсырақ? Анаңмен бірге үйде оқу оқыған жақсы ма? Мұғаліммен бірге мектепте оқу оқыған жақсы ма?

24

Қандай мамандықтарды білесің?

25

Оқу не үшін керек?

26

Дәрігер не істейді (мұғалім, сатушы, дәрігер және т.б.)

27

Өскенде кім болғың келеді? Саған қандай мамандық бәрінен де көбірек ұнайды?

Нәтижелерді бағалау

Егер бала 20-19 сұраққа дұрыс жауап берсе, онда бұл жоғары деңгейді білдіреді, 18-11 – орташа, 10 және одан аз – төмен деңгей.

Қойылған сұраққа сәйкес келетін жауаптар дұрыс болып саналады:

Анам дәрігер болып жұмыс істейді. Әкемнің аты-жөні Абаев Ермек Абайұлы.

Мынадай жауап үлгісі қате болып саналады: Ана жұмыста жұмыс жасайды. Әке Әділет.












Ата-аналарға арналған жаднама

(Мектепке баратын бала нені білуі тиіс?)


1

Аты-жөніңді айт.

2

Жасың нешеде (нақты туған күнін атағаны дұрысырақ)?

3

Өз үйінің мекенжайы.

4

Өзі тұратын қаланың атауы (ауыл), оның негізгі көрнекті орындары.

5

Өзі тұратын мемлекет.

6

Ата-анасының аты-жөні, мамандығы.

7

Жыл мезгілдері (реттілігі, айлар, әр жыл мезгілінің негізгі сипаттамалары, жыл мезгілдері туралы жұмбақтар мен тақпақтар)

8

Үй жануарлары мен жабайы аңдардың атаулары.

9

Біздің ормандарымыз, климаты ыстық елдер, Солтүстіктің жабайы жануарлары мен олардың төлдері, мінез-құлықтары.

10

Тыңдалған немесе оқылған әңгімені толық және дәйекті түрде айта білу, сурет бойынша әңгіме құрастыру немесе ойлап табу.

11

Киім, аяқ киім және бас киімдерді ажырату; қыстайтын және жыл құстарын; көкөністер, жеміс-жидектерді бір-бірінен айыру.

12

Ертегілерді білу және айтып беру.

13

Геометриялық фигураларды ажырату және дұрыс атау: шеңбер, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, сопақ.

14

Кеңістікте және қағаз бетінде еркін бағдарлау (оң жақ – сол жақ, үсті – асты және т.б.)

15

Тыңдалған немесе оқылған әңгімені толық және дәйекті түрде айта білу, сурет бойынша әңгіме құрастыру немесе ойлап табу.

16

6-12 суретті, сөзді еске сақтау.

17

Дауысты және дауыссыз дыбыстарды атау.

18

Сөздерді құрамындағы дауысты дыбыстардың санына қарай буындарға бөлу.

19

Қайшыны қолдануды жақсы меңгеру (жолақтар, шаршылар, шеңберлер, тіктөртбұрыштар, үшбұрыштар мен сопақшаларды қию, затты контур бойымен қию).

20

Қарындашты ұстауды меңгеру: сызғышсыз тік және көлденең сызықтар сызу, геометриялық фигураларды, жануарларды, адамдарды, геометриялық пішіндерге сүйенетін әртүрлі заттарды салу, ұқыпты түрде бояу, заттардың контурынан шығармай қарындашпен штрихтеу.

21

10-ға дейін және кері қарай еркін санау, 10 көлемінде санау операцияларын орындау. Заттардың санын цифрмен сәйкестендіру. Сандардың құрамын игеру: 2, 3, 4, 5. Математикалық қарапайым жазбаларды оқу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2025
190
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі