Тақырыбы
«Мектепке дейінгі ұйымдарда АСБ бар балалармен педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері»
(Дайындаған дефектолог: Токсеитова Анар Куандыковна)
Мақсаты: АСБ бар балалармен педагогикалық жұмыстың тәжірибесімен бөлісу.
Жоспар:
-
АСБ негізгі белгілері мен түрлері, әсер ететін факторлары
-
Мектепке дейінгі АСБ балаларының негізгі ерекшеліктері
-
«Ойын арқылы АСБ балалардың дамытудың әдісі»
1. Жалпы түсінік АСБ дегеніміз не?
Аутизм термині латынның «autos» сөзінен шыққан – баланың шындық ортадан және айналасында болып жатқан әрекеттерден тысқары қалуы.
Аутизм - бұл мидың дамуындағы генетикалық бұзылуларға байланысты пайда болатын психикалық бұзылыс. Ол шектеулі мүдделермен, қайталанатын әрекеттермен, сондай-ақ әлеуметтік өзара әрекеттестіктің болмауымен сипатталады. Аутизм 3 жастан бастап байқала бастайды, дегенмен кейбір белгілер ертерек пайда болады. Бұл жағдай көбінесе үш жасқа дейінгі балаларда қалыптасады. Бұл аурудың белгілері әрдайым физиологиялық түрде пайда бола бермейді, бірақ баланың мінез-құлқы мен реакциясын бақылау мыңға шаққанда 1-6 балада дамитын бұл бұзылысты тануға мүмкіндік береді.
Аутистік спектр бұзылысы өз атауына ие болмас бұрын Л.Каннердің еңбектерінде кеңінен сипатталып, балалар арасында кездесетін мінез-құлық бұзылысының түрі деп сипатталады. Л.Каннер өзінің сұрақтарына жауап алу үшін 11 баланы эксперименттік сынаққа алып, аутистік спектр бұзылысының мінез-құлық саласының бұзылысы екендігін растады.
Зерттеуге алынған 11 баланың барлығында көзге қарамау, өз атына назар аудармау байқалды. Сонымен қатар, балалардың кейбірінде ыстық пен суықты ажырата алмау, шу мен айқайды аңғармау секілді белгілер кездесті.
2. Аутизмнің негізгі белгілері
Ерте жасынан қалай анықтаймыз?
Балаларда аутизмнің белгілері ерте жастан, шамамен 4 айлық кезінен бастап байқалуы мүмкін.
-
айналасына қызығушылығы болмайды
-
атымен шақырса, бұрылып қарамайды
-
анасының даусына, сылдыр дыбыстарға назар аудармайды
-
басқа адамдардың эмоциялық күйіне ешқандай реакция болмайды
Аутизм белгілерін өте ерте жаста — 6 айдан бастап диагностикалай аламыз. Баланың айналасындағы нәрселерге қалай жауап қайтаратынына назар аудару керек. Сәбидің былдыры және оның былдырламауы, бір нәрсені көрсеткісі келетіндігі немесе мүлдем парықсыздығы, таныс адамдарға жымиюы немесе жымимауы — осының бәрі маңызды. Негізі 2,5-3жасында нақты белгілерін көре аламыз. Бірінші белгілері 11-12айында, 15-17айында нақтырақ диагноз қоя аламыз. 2жасқа дейін бала ойнамаса осы белгілердің байқалуы көрінеді. Егерде ата-ана немесе тәрбиеші баланың дамуының еш өзгеріссіз болуын байқаса М-чарт диагностикасын ұсынамыз, сонда берілген сұрақтарға жауап бере аласыз. Егерде балыңыз жоғары болса, онда М-чарт 2 диагностикасымен тексере аласыз.. Аутизм белгілері баланың үш жасына дейін айқын байқалады. Әдетте, ер балаларда жиі кездеседі. Ата-анасы құрдастарымен салыстырғанда кеш дамып, әлі сөйлемегенің байқайды. Алғашыңда бала керең секілді болып көрінсе, бірақ тексеру нәтижесінде олай емес екендігі байқалады. Кейде сөйлеуді бастайды. Бірақ біраз уақыт өтісімен, сөйлеу қабілетін қайта жоғалтуы мүмкін. Күнде бір ойыншықпен жалғыз ойнайды. Тіпті ойыншықтың жарты бөлігімен ойнай береді. Күнделікті қайталанатын тәртіптің өзгеруін, бала өте қиын қабылдайды. Бала депрессияға шалдығып, эпилепсиялық ұстамаларға шалдығуы байқалады.
Назар аудару керек:
-
6 ай: бала сирек күледі және іс жүзінде ешқандай эмоцияны көрсетпейді, көзбен байланысқа түспейді.
-
9 ай: аз күледі, әрең дыбыс шығарады, эмоциясын сирек көрсетеді.
-
1 жас: мүлде сөйлемейді, өзінің атын атағанда қарамайды, көзбен, қолмен көрсетпейді, ойыншықтарына қол созбайды немесе оларға нұсқамайды.
-
1,5 жас: сөйлемейді
-
2 жас: қарапайым сөз тіркестерін өз бетінше құрастыра алмайды; заттарды ретке келтіруге тырысады (мысалы, ойыншықтарды рет-ретімен тізіп шығу); ұзақ уақыт бойы қолдарын ретсіз бұлғауы мүмкін, бір орында айналады немесе тоқтаусыз монотонды дауыспен сол сұрақты қоюы мүмкін.
Ерте анықтау кезінде «Аутизмнің қызыл жалаулары» белгілерін байқаймыз:
-
бала меңзеу қимылын қолданбайды,
-
көзге қарамайды, күлкіге жауап ретінде күлмейді,
-
өз атына немесе оған жолданған өтініштерге жауап бермейді,
-
сөйлеуді естімейді, үлкендердің оған не үшін жүгінетінін түсінбейді,
-
2 жасқа дейін 2 сөзден тұратын сөз тіркесін айтпайды,
-
ойыншықтарды мақсатына сай пайдаланбайды,
-
сюжеттік ойын дамымайды,
-
бала ересек адамның қарапайым нұсқауларын орындамайды.
2.1 Аутизм спектрінің бұзылуының түрлері (AСБ):
Классикалық аутизм (Каннер синдромы) - бұл ең жиі кездесетін және ауыр ауру формасы, ол толық спектрлі клиникалық көріністермен сипатталады. Ең жоғары нерв қызметінің үш саласында (әлеуметтік өзара әрекеттесу, коммуникация, мінез-құлық) анық бұзылу белгілері болады.
Аспергер синдромы - әлеуметтік өзара әрекеттесудегі ерекше қиындықтармен сипатталатын аутизм спектрінің бұзылуы. Аспергер синдромы бар балалар вербалды емес қарым-қатынаста, достық қарым-қатынасты орнатуда және сақтауда қиындықтарға тап болады; мінез-құлық пен іс-әрекеттің бір түріне бейім; моторикасының тежелуі, стереотиптік сөйлеу, тар бағытты және сонымен бірге терең қызығушылықтары бар.
Ретта синдромы - (ең сирек әрі тек қыздарда кездесетін түрі) Әдетте қыздар екі жасқа дейін қалыпты дамып келеді де, бірден қабілеттерінен айырыла бастайды Өзі киіне алмайды, бірте-бірте сөйлей алмай қалмайды, қолындағы заттарды ұстай алмайды, бұлшықеттер тонусы жоғалады Психикалық күйреудің салдарынан жиі ұстамалар болады.
Атиптік аутизм - Бұл аутизмнің классикалық түріне ұқсас болғанымен, кейбір белгілері толық байқалмайды. Атиптік аутизм әдетте бала 3 жастан асқанда көріне бастайды. Классикалық аутизмнен айырмашылығы осы болса керек, себебі классикалық аутизмнің белгілері ерте жастан байқалады.
Әлеуметтік қарым-қатынаста қиындықтар: Адамдармен қарым-қатынас орнатуда, көз байланысын ұстауда немесе эмоцияларды түсінуде қиындықтар байқалады.
Тілдің дамуындағы бұзылыстар: Бала кеш сөйлейді немесе сөйлеу қабілетінде белгілі бір ауытқулар байқалады.
Қайталап жасалатын әрекеттер: Белгілі бір әрекеттерді қайталау немесе шектеулі қызығушылықтар байқалады.
Сезімталдықтың жоғарылауы: Жарық, дыбыс немесе белгілі бір сезімдерге ерекше сезімталдық таныту.
2.2 Аутизмге әсер ететін факторлар:
АСБ генетикалық жолмен де, сыртқы факторлардың әсерінен де тууы мүмкін. Алайда, аутизм көбіне генетикалық жолмен және қате мутация кезінде беріледі. Ал эндогенді және экзогенді процесстер кезінде баланың психикасының тежелуіне әкеліп соғады (ЗПР). Натальді және перинатальді, яғни босануға дейінгі және босану уақытында болатын жарақаттардың кесірінен бас миына келген зақымдар, босану кезіндегі қиыншылықтар, вакуумды пайдалану, бала басының қысылып қалған жағдайларда психикалық тежелуге әкеледі.
-
Экзогенді (сыртқы) – жүкті кезінде анасының стрессте жүруі, салауатты өмір салтын сақтанбауы, жеген тағамдарының құнарсыз немесе зиянды болуы, химикаттарды жиі пайдалануы, экологияның әсері
-
Эндогенді (ішкі) – бүйрек, жүрек, эндокриндік аурулар, грипп, вирус, қызылша болған кезде плацентаның дамуына кері әсерін тигізіп, бала миының қызметін нашарлатады.
Әлеуметтік – тұрмыстық дағдылар онтогенездік дамудың сатысында сәбилік шақтан бастап қалыптасады. Олардың ең алғашқысы баланың 6 айынан бастап өз бетінше тамақтану процесінен басталады. Әрі қарай, динамикалық тұрғыда дамып, тұрақты түрде қалыптасады. Әлеуметтік – тұрмыстық дағдыларға
2.3 Әлеуметтік – тұрмыстық дағдылар жиынтығына жатады:
Өзін-өзі күту дағдылары – баланың өзін-өзі күту және қоғамдық талаптарға сай дағдыларын қалыптастыру. Оған жеке гигиенаны сақтау, гигиеналық құралдарды қолдану, олардың күтімін ұйымдастыру, киімдерін өз бетінше кию, күтімін жасау сияқты дағдылар жатады. Қалыптасу кезеңі баланың 7 айында киімдерін тану процесінен басталады.
Тамақтану дағдыларына өз бетінше тамақтану, тамақтарын үстелге жаю және жинау, ас үй құралдарын пайдалану және күтім жасау дағдылары жатады. Ең алғашқы біліктері бала туғаннан бастап ему процесінен басталады.
Еңбек дағдылары киімдерін үтіктеу, реттеу, тігу және жамау сияқты дағдыларды қамтиды.
Сонымен қатар маусымдық еңбек дағдыларына қарды, жапырақтарды тазарту, аулаға су себу, сыпыру сияқты қызметтер жатады.
Қарапайым дағдыларға үстелді пайдалану, серуендеу, басқыштарды пайдалану сияқты дағдылар жатады.
Ал, тұрғын-жайды күту дағдыларын үй жинау, жиһаздарды пайдалану жатады.
Жоғарыда аталған дағдылардың барлығын сәтті игеру және тұрмыста қолдану балаларға мынадай мүмкіндіктер береді:
-
Балаларды тамақтану кезінде, адамдармен қарым-қатынас кезінде мінез-құлық этикасына үйрету.
-
Балабақшада, мектепте өз бетінше тазалық сақтауға үйрету.
-
Ыдыс жууға және оны қолдануға үйрету.
-
Үй-жайларды тазалау кезінде балаларды жеке операцияларға үйрету (шаңды сүрту, кілемді шаңсорғышпен тазалау).
-
Тұрмыстық техниканы қолдануға үйрету: магнитофон, шаңсорғыш.
-
Балаларға бөлме өсімдіктерін баптауға баулу (дұрыс суару).
-
Гигиеналық дағдыларды дамыту: қолды дұрыс жуу және жуу, тістерді тазалау, майлықтарды (сүлгіні), дәретхана қағазын пайдалану.
Қазіргі қоғамда жиі кездесетін АСБ тағы бір түріне тоқталғым келіп отыр:
Цифрлық аутизм дегеніміз - ақпараттық немесе цифрлық технологиялар әсерінен әлеуметтік дағдыларды жоғалту дегенді білдіреді.
Аутизм деген сөзге естігенде үрейлене қарайтынымыз бар. Бірақ күн сайын гаджеттің алдында телміріп отыруды қалыпты жағдай санап, смартфонсыз бір сағат қалудан қорқамыз. Ғалымдар ми қызметі бұзылуының жаңа, әлі зерттелмеген түрін «цифрлы аутизм» деп баға берген.
Цифрлы аутизм балалардың бір жарым жасынан бастап дами бастайды. Бұл мәселе күннен күнге өте өзекті боп бара жатыр. Әдетте сәбилер тыныш отырмаса, ата-аналар мазасын алмау үшін қолына планшет ұстатып, тамақ береді. Цифрлы аутизмнің алғашқы кезеңі де осы кезде басталады. Бұл өте қауіпті. Өйткені тамақ ішіп отырған баланың жұтқыншағы ішкі ағзалармен байланысты. Телефон қарап отырып тамақ ішкен баланың жеген тамақтарын ми қабылдамайды. Әдетте адамның миы не жеп отырғанын, қалай жеу керегін бақылап, ағзаларға сигнал беріп отырады. Ал бұл жағдайда мидың ақпаратты қабылдау функциясы бұзылады. Ми тек планшетке қарап отыруды қабылдайды. Кейін бала планшетсіз тамақ жей алмай қалады. Цифрлы аутизммен ауыратын балалар смартфонға қарамаса тамақ жей алмайтын деңгейге жетеді екен. Бұл – неврологиялық дерт. Бала туғаннан кейін қалыптасқан ауру. Баланың миы, сөйлеу, ойлау қабілеттері тежеледі. Бала тамақ ішетін кезде планшетті іздесе, теледидар көріп отырып тамақ ішкісі келсе, ұйықтар алдында телефонды жиі пайдаланса, сырттағы адамдардың эмоцияларын түсінбесе, бұл – цифрлы аутизмнің белгілері. Бала планшет арқылы ғана әлемді қабылдайды. Сондықтан ата-аналар балаларымен шынайы өмірде қарым-қатынас жасай алмай қалады.
AСБ бар бала үшін бәрі жиі күрделі болып көрінеді. Айналасындағылар ашуланшақтықты, жылауды, баланың агрессиясының немесе өзін-өзі агрессиясының әртүрлі формалары көрінеді, бірақ көбінесе баланың АСБ тапшылығына байланысты қандай қиындықтарды, қоршаған әлемді қабылдаудың ерекшеліктерін түсінбейді оған жағдайды түсіну және болжау қаншалықты қиын екендігін байқаймыз.
Баланың бейімделгіш әлеуметтік тұрғыдан үйреніп кетуі, жағымсыз мінез-құлықтың орнына қолайлы мінез-құлқын қалыптастыруға, дамуына, қарым-қатынасына көмектесетін, табысты және мүмкіндігінше тәуелсіз болуға оны түсінуге және қабылдауға көмектесетін әрине ол біз бен қоғам екенің ескергеніміз жөн!
3. Мектепке дейінгі АСБ балаларының негізгі ерекшеліктері
-
Әлеуметтік өзара әрекеттесудің ерекшеліктері:
-
құрдастарымен емес, жалғыз немесе ересектермен ойнағанды жөн көреді
-
атына жүгінуге жауап бермеуі мүмкін
-
басқа адамдардың эмоцияларын түсіну және өз сезімдерін білдіру қиынға соғады
-
топтық өзара әрекеттесу ережелерін сақтай отырып қиындықтар туындауы мүмкін
-
Байланыс ерекшеліктері:
-
кейбір балалар сөйлеспеуі немесе баламалы қарым-қатынас әдістерін қолданбауы мүмкін (қимылдар, pecs карталары, планшеттер)
-
көбінесе сол сөздерді немесе сөз тіркестерін қайталайды (эхолалия)
-
олар сөйлеуді сөзбе сөз қабылдай алады, әзілдерді көтермейді
-
Сенсорлық ерекшеліктер:
-
дыбыстарға, жарыққа, жанасуға, иістерге жоғары немесе төмен сезімталдық байқалады
-
белгілі бір материалдарға айқын реакция болуы мүмкін (мысалы, құмнан, шөптен аулақ болу)
-
күтпеген қорқыныш немесе белгілі бір заттарға қатты құмарлық болуы мүмкін
-
Мінез-құлық ерекшеліктері:
-
қайталанатын қозғалысқа бейімділік (қол бұлғау, тербелу, секіру)
-
бір әрекеттен екіншісіне ауысудың қиындықтары, қатаң тәртіптің қажеттілігі
-
әдеттегі жағдайдың өзгеруіне немесе сенсорлық шамадан тыс жүктемеге байланысты жарқылдар мен эмоциялар болуы мүмкін
3.1 Мінез-құлықтағы аутизм белгілері
-
Әлеуметтік өзара іс-қимыл саласындағы бұзушылықтар
-
Коммуникация саласындағы бұзушылықтар
-
Мінез-құлықтың бұзылуы
3.2 Қозғалыс моторикасының бұзылыстары
-
Қозғалысты үйлестіруді нашар меңгереді
-
АСБ балалар баспалдақпен (жоғары және төмен) жүру өте қиын болуы мүмкін
-
аяқтың ұшымен жүру
-
қашықтықты бағалаудың бұзылуы
-
көбіне бала кішкентай заттарды қолымен ұстай алмайды
-
велосипедтің педалымен жүре алмайды
-
сілекейдің ағуының жоғарлауы
-
тепе-теңдік сақтаудың керемет қабілеттері
4. «Ойын арқылы АСБ балаларды дамыту әдісі»
Ойын - бұл барлық балалар үшін, соның ішінде аутизм спектрінің бұзылысы бар мектепке дейінгі балалар үшін әлемді танудың негізгі әдісі. Дегенмен, олардың ойын әрекеттерінің ерекшеліктері бар, оны дамыту үшін арнайы тәсіл қажет. Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Сондықтан сіздерге баланы қарапайым дамытуда ойынның 4 деңгейін ұсынғым келіп отыр:
1.Қарапайым ойын; 3.Сюжеттік ойын;
2.Процессуалды ойын; 4.Сюжеттік-рөлдік ойын.
19-СЛАЙД
Қарапайым ойын: ойыншықты бір-біріне соғу; ойыншықты сілкілеу; конструкторды бөлшектеу.
Процессуалды ойын: пирамида жинау, пазлдар, сортер қасықты кесеге салу;
машина, жол, үй құрастыру.
Сюжеттік: тамақ ішу, су ішу; ойыншықты киіндіру; ұйқыға жатқызу; конструкторды басқа заттың орнына қолдану.
Сюжеттік-рөлдік: ойыншықтармен тірі обьект ретінде ойнау; қуыршақты тамақтандыру кезінде шайнаған дыбыс шығару; шынайы өмірде бар рөлдерді сомдау: өзінің баланың анасы ретінде; өзін дәрігер ретінде елестету; қиялдан туған кейіпкерлерді сомдау.
Ойын AСБ бар балаларға қалай көмектеседі?
-
Қарым-қатынасты дамыту - ойын жағдайлары өзара әрекеттесуді үйренуге, өтініштер мен эмоцияларды білдіруге көмектеседі
-
Әлеуметтік дағдыларды дамыту - ойын қарым-қатынас, ынтымақтастық және кезектілік ережелерін үйретеді
-
Сенсорлық реттеу - құм, су, тактильді материалдармен ойнау сенсорлық ерекшеліктерге бейімделуге көмектеседі
-
Ойлау мен қиялды дамыту - біртіндеп тарту сюжеттік ойындар абстрактілі ойлауды қалыптастыруға көмектеседі
-
Ойын арқылы оқыту - AСБ бар көптеген балалар ақпаратты ойын түрінде жақсы қабылдайды, мысалы, рөлдік көріністер тұрмыстық дағдыларды игеруге көмектеседі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мектепке дейінгі ұйымдарда АСБ бар балалармен педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері

шағым қалдыра аласыз