Іздену – ұйымдас-тырушылық | Бүгін аптаның қай күні?Кеше? Ертең?Бір аптада неше күн бар?Қазір қай жыл мезгіліҚыс айларын атаңдарҚазір қай ай?ІІ. Балалар біздің топта компьютер тұр, көріп жүрсіңдер. Осы компьютерге ғаламтормен хат келді. Қане, оқиық. Кім жазған? Не жазған?«Сәлеметсіз бе, Райхан Замантаевна және балалар! Мен мектепке барғым келеді. Бірақ математикадан біраз қиналып жүрмін. Көмектеріңді сұраймын.» Сәлеммен Бауырсақ.Балалар, хат Бауырсақтан келіпті. «Бауырсақ» ертегісі естеріңде ғой. Жарайсыңдар! Бауырсақтың тапсырмаларын орындауға көмектесеміз бе? Жақсы!Сонымен, бірінші тапсырмасы орындалмаған, бұл геометриялық пішіндер: санамақпен жұмыс. Үш санамақ аламыз да Үшбұрыш жасаймыз. Неге оны Үшбұрыш деп атайды?Бір санамақ алып қосып Шаршы жасаңдар.Не үшін шаршы деп атайды?Осы шаршының үстіне бір санамақ қосып одан екі Үшбұрыш шығарамыз.Алты санамақ алып Тіктөртбұрыш жасаңдар.Неге оны солай атайды?Тіктөртбұрыш үстіне бір санамақ қосып екі шаршы жасаңдар.Бес санамақ алып Бесбұрыш жасаңдар.Не үшін солай атайды?Балалар, ал Бауырсақ неге ұқсайды?Бұл фигураны қалай атайды?Жарайсығдар, балалар! Бауырсақтың келесі тапсырмасы.Кейбір балалардың алдында сандар жатыр. Соларды қолдарыңа алып қатарға тұрыңдар. Отырған балалар бірден жетіге дейін санаңдар. Ал енді кері санаңдар. Өте жақсы!Сандардың көршілерін атаңдар. ( төрттің, бестің, үштің)Жарайсыңдар!Балалар, Бауырсақтан тағы бір хат келіпті.Оқып берейін.«Балалар, мен сендерге сегіз ғана жұлдыз жібердім. Мұғалім оны өте жақсы жауап беретін, жазатын, тәртіпті балаларға беруі тиіс. Бар күштеріңді салыңдар. Сәлеммен Бауырсақ.» күшімізді саламыз ба? Келесі тапсырмасы: салыстыру. (><=) Жылдам және дұрыс жасау керек. (Тақтада тапсырма: Төрт қатардан бір баладан шығып дұрыс таңбаны қою қажет.)Бұл жерде тағы бір тапсырма бар екен, балалар.Мына қыздың сол жағында неше пішін?Оң жағында? Астында?(Тақтада сурет) Жарайсыңдар! Ал енді демалайық.Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайықҚолды белге қояйықБір отырып, бір тұрыпБіз тынығып алайық1,2,3 орнымызды табайық.Жақсы! Отырыңдар.
- Алдарыңда жолақтар. (тақта алдында бір бала) Үстінгі жолға 8 шырша қоясыңдар, астыңғы жолға 7 саңырау құлақ қоясыңдар.- Қайсысы көп, шырша ма әлде саңырау құлақ па? 8 бе 7 ме?- Шыршамыз 8 ал, саңырауқұлақ 8 болу үшін неше саңырқұлақ керек?- 8 саны неге ұқсайды?- Ал, енді ауада жазып көрейік!
Балалар, енді санамақ жаттайық. Кел балалар санайық,Жетіге бесті қосайық.Жаңа шыққан санды біз,«Он екі» – деп атайық.
Дәптермен жұмыс: Енді, артық, кем жазамыз.Көз жаттығуы: Маған қараңдар солға, оңға, жоғары тек көзбен қараймыз. Ары қарай жазуымызды жалғастырамыз. | - Бейсенбі- Сәрсенбі, жұма.- Жеті күн бар.- Қыс мезгілі.- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.- Желтоқсан айы.
- Ия.- Ия.
-- Оның үш бұрышы бар.-- Оның төрт жағы бар, сол үшін оны төртбұрыш дейміз--- Өйткені оның екі жағы ұзын екі жағы қысқа, бұрыштары тік.--- Оның бес бұрышы бар.- Бауырсақ дөңгелекке ұқсайды.- Шеңбер деп атаймыз.
- 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 ,11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20.- 20, 19, 18, 17, 16, 15, 14, 13, 12, 11, 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0.
Ия.
- 6>4- 10>9- 12=12- 6<9- 8<11- 3<7- 5=5- 3<4
Балалар шығып тор көздің ішіне қажет санды жазады, сол жағында 4 шаршы,оң жағында 5 дөңгелек,астында 7 үш бұрыш.Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.
Сегіз санын шығаруға болады, 8 саны.
Балалар орындарында жұмыс істейді.
Шырша көп.Саңырауқұлақ аз.1 саңырауқұлақ керекКөзілдірікке ұқсайды.Балалар санамақ жаттайды.Кел балалар санайық,Жетіге бесті қосайық.Жаңа шыққан санды біз,«Он екі» – деп атайық.
Балалар көз жаттығуын жасайды, ары қарай есептерін жалғастырады. |
Рефлексифтік- қорытын-дылау | Қорытындылау: Жақында қандай мереке болады? Мына суретке қараңдар не көріп тұрсыңдар? Шыршаның үстінде 8 саны орналасқан. Осы шыршаны безендіріп сегіз санын шығару керек екі санынан. (тақтадағы шыршаның суретіне балалар кезектесіп «безендіреді» керекті санын жазады.)Балалар біз бүгін қандай санмен таныстық? Қандай тапсырма ұнады? Бауырсақ сияқты қиналдыңдар ма? Ал, енді өздерің қалай ойлайсыңдар кім бүгін өте жақсы жұмыс істеді, жауап берді, тәртіпті болды?Сол балаларға бауырсақ жұлдыз дайындапты бұл жұлдыз алтынға ұқсайды екен. Алмаған балалар келесі сабақта алады деп ойлаймын. Енді, Бауырсақ сендерден үйренген болар, сендердің арқаларыңда мектепке бара алатын болды. Рахмет сендерге балалар! |
Жаңа жыл мейрамы.Шырша.
6+5=113+4=74+13=17
Артық, кеммен таныстық (>,<)Санамақтармен, салыстыру.Жоқ.Жақсы қатысқан балалар тиісті жұлдыздарын алады. Балалар бауырсаққа көмектескендері үшін өте риза. |