Мектепке дейінгі ұйыммен
ата-аналар арасындағы өзара ықпалдастықты ұйымдастырудың
ерекшелігі
Бүгінгі отбасы бала туылғаннан
бастап шынайы себептерге байланысты балаларды тәрбиелеу мен
дамытуда, түзету процесін ұйымдастыруда мәселелерінде кәсіби
педагогикалық қолдауды ұйымдастыруды қажет
етеді.
Ата-аналардың көпшілігі мектеп
жасына дейінгі балаға білім берудің маңыздылығын сезінеді, бірақ
мектепке дейінгі ұйым қызметіне белсенді түрде
араласпайды. Оның негізгі себебі, ата-ананың көпшілігі баланың
дамуы мектеп жасына дейін қалыптасатынын толық біле
бермейді.
Осы тұста,
ата-аналардың мектепке дейінгі ұйыммен тікелей жұмыс нәтижесінде не
алғылары келетіні, мектепке дейінгі білім берудің мақсатын және оны
жүзеге асыру тәсілдерін түсінуі маңызды болып
саналады.
Мектепке
дейінгі ұйымның білім беру процесіне ата-аналарды тарту міндеті
негізгі үш бағытта шешіледі:
1.
Отбасымен ықпалдастықты ұйымдастыру бойынша балабақша ұжымымен
жұмыс, педагогтерді ата-аналармен жұмыстың жаңа түрлері жүйесімен
таныстыру.
2.
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру, балаларды тәрбиелеу
және оқыту саласымен хабардар болу деңгейін анықтау, білім беру
қызметіндегі ата-аналардың қажеттіліктерін
айқындау.
3.
Ата-аналарды мектепке дейінгі ұйыммен ықпалдастыққа тарту.
Балабақшаның отбасымен жұмысын жоспарлауда келесі
ерекшеліктерді:
-
ата-аналардың білім деңгейлері, олардың әлеуметттік
қажеттіліктері;
-
балалардың біліктері мен дағдыларының даму
деңгейі;
- мектепке
дейінгі ұйым жұмысының басым бағытын ескеру керек Мұның барлығы
балабақша мен отбасында баланың дамуына
бірыңғай
тәсілдер
құруға негіз болады.
Мектепке
дейінгі ұйым мен ата-аналардың арасындағы ықпалдастықты тиімді іске
асырудың негізгі жағдайлары баланың отбасын, оның жағдайын,
мүмкіндіктерін зерделеу.
Мектепке
дейінгі ұйым бүгінгі күні үнемі дамуда, жүйелі икемделгіш, ата-
аналардың әлеуметтік құрамының өзгерісін, олардың білімдегі
қажеттіліктері мен тәрбиедегі сұраныстарын жылдам сезінетін болуы
тиіс. Осыған байланысты балабақша мен отбасының арасындағы жұмыстың
түрлері мен бағыттары өзгеріп отыруы
қажет.
Ата-аналармен жұмыста жобалық қызметке қатысу
жақсы нәтижелер көрсетеді. Әдеттегідей, кез келген жоба отбасымен
жұмыстың топтамасын қамтиды. Оған отбасымен жұмыстың барлық
түрлерін (көрмелер ұйымдастыру, экскурсиялар, ата-аналар
жиналыстарын, стендтерді безендіруді, бос уақытты тиімді өткізу
және т.с.с.) жатқызуға болады. Осындай кешенді тәсілдер қолданғанда
ата-аналар педагогтердің белсенді серіктестері бола отырып,
міндеттердің табысты шешімін қамтамасыз
етед
Спорттық іс-шаралар өткізуде
барлық қатысушылардың дене дамуы мен денсаулықтарын нығайтумен
қатар отбасының беріктігіне, ата-ана мен бала арасындағы өзара
түсіністік, эмпатия сезімін қалыптастыруға жағдайлар жасалады.
Мысалы, «Отбасылық старттар», «Денсаулық күндері», «Әкем, анам және
мен» спроттық ойындарын, Отан қорғаушылар күніне арналған
музыкалық-спорттық мереке. Тәрбиеші, ата-ана мен баланың жақын
араласуы отбасында баланы тәрбиелеудегі ата-ананың рөлін арттыруға
ықпал етеді.
Бүгінгі күні мектепке дейінгі
ұйымда ата-аналармен жұмыстың дәстүрден тыс түрлері кеңінен
қолданылады:
-
танымдық;
- бос
уақытты тиімді өткізу;
-
ақпараттық-талдау;
-
көрнекілік-ақпараттық.