Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен өзара ынтымақтастығын орнатуда «Әкелер мектебін» құру
Баяндама
Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен өзара ынтымақтастығын орнатуда
«Әкелер мектебін» құру
Баяндамашы:
Түркістан облысы, Келес ауданы №1 «Күншуақ» бөбекжай бақшасы Отарина Гүлдана Бекмырзақызы
2023 жыл
Кіріспе
Қазіргі елімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, өз тілі мен дінінің орнығуы, өркениетті елдер қатарына қосылуына талпыныс жасауы – ел ертеңі болашық ұрпақ тәрбиесіне жауапты қарауды көздейді. Бұл жөнінде «Үздіксіз тәрбие тұжырымдамасында», «Негізгі мақсат – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойына басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» — деп атап көрсетілді.
Үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып, оған сәйкес мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесін одан әрі дамыту, мектеп жасына дейінгі балалар үшін сапалы білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және ата-аналар қауымының сапалы қызметтер алуға қажеттіліктерін қанағаттандыру қажет.
Өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.
Мемлекеттің отбасына және отбасы тәрбиесіне қатынасы қоғам дамуының әртүрлі кезеңдерінде өзгерді. Бүгінде мемлекеттің отбасына деген көзқарасы өзгергенімен, отбасының өзі басқаша болды. Алғаш рет «Білім туралы» Заңда (18-бап) ата-ана балаларының алғашқы тәрбиешісі, ал мектепке дейінгі білім беру мекемесі отбасына көмектесу үшін бар екені айтылған. Екпін өзгерді, сұрақтар болса да, отбасы бастыға айналды педагогикалық білімәлі де өзекті. Баланың өмірі мен тәрбиесі үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, толыққанды, үйлесімді тұлға негіздерін қалыптастыру үшін балабақша мен отбасы арасындағы тығыз байланыс пен өзара әрекетті нығайту және дамыту қажет. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру мекемесінде де, отбасында да баланың дамуы үшін бірыңғай кеңістік құру үшін белсенді курс қажет.
Мақсаты. Бала тәрбиесінде балабақша мен отбасының ынтымақтастығын оның ішінде әкенің рөлін дамыту.
Міндеттері:
— Мектепке дейінгі мекеме және отбасының өзара ынтымақтастығын және әке рөлін күшейту;
— Мектепке дейінгі мекеме мен отбасының ынтымақтастығының түрлерін қарастыру;
— Мектепке дейінгі мекеме «Әкелер мектебін» ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін қолдану;
— Бала тәрбиесіндегі әке мен балабақшаның бірлігін дамыту;
— Балабақшада «Әкелер мектебімен» жұмыс жасауды ұйымдастыру.
Бұл міндетті жүзеге асыру отбасы мен мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің үлесіне тиеді. өйткені баланың болашақтағы рухани және әлеуметтік дамуының негізі болатын бастапқы құлық-сана, педагогикалық қасиеттері, азаматтық бейнесі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасатыны белгілі.
Негізгі бөлім
Мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беру ісін әрі қарай жетілдіру отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмысын дамыта және нығайта түсу арқылы жүзеге асады. Баланы отбасында және мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелеу ортақ мақсат- міндеттерге негізделеді, ол – баланың ақыл-ойын дамыту, адамшгершілік қасиеттерге баулу, көркемдік талғамын қалыптастыру, сондай- ақ денсаулығын нығайта отырып, ең негізгісі болашақта мектепке даярлау болып саналады.
Нәресте дүниеге келген күннен бастап, ата-ананың да мойындағы атқара жүгі ауырлай түседі, яғни ата-ана отбасында бала дамуына қолайлы жағдай туғызуы тиіс. Баланың ой-өрісін, жан-жақты тәрбиесін дамытуда балабақшаның ата-анаға тигізер көмегі зор. Басқа да мекемелер сияқты балабақша да белгілі бір бағдарлама негізіне сүйене отырып, мектеп жасына дейінгі балаларға жан-жақты тәрбие беру мен дамыту мәселесін жоспарлы түрде шешеді, отбасына педагогикалық көмек бере отырып, басшылық етеді. Бала балабақшаға келген күннен бастап тәрбиеші мен ата-ана арасында тығыз қарым-қатынас орнауы қажет.
Тәрбиеші отбасында бармас бұрын ата-анаға қандай сұрақ қояды, не жөнінде кеңес бередің. Бұл тәрбиешіге ең қажетті, маңызды мәселелерге зер салуға, отбасындағы тәрбиенің өзіндік ерекшеліктеріне аңғаруға, тәжірибе жинауға көмектеседі.
Ата-аналармен жұмыс жүргізудің кең тараған түрі және ең тиімдісі — әңгіме, кеңес өткізу. Мұндай әңгіме ата-ананың өз баласы жайлы белгісі келген сұрағынан туып кетуі де, сондай –ақ тәрбиешінің жоспарлауымен де өрбуі мүмкін. Егер тәрбиеші кейбір келеңсіз істері жөнінде айтар болса, ата-анамен бірге оны талдай отырып, баланың бұл ісіне не әсер етіп жүргенін анықтау нәтижесінде бұдан былай оны болдырмау жолдарын ақылдасқан жөн.
Ата-аналармен өткізілетін әңгіме, кеңес тақырыптарының ауқымы кең. Мысалы: «Балаларды мәдени мінез-құлық дағдылары мен әдеттеріне тәрбиелеу», «Тілалғыштыққа тәрбиелеу туралы», «Демалыс күнді қалай ұйымдастыруға болады?», «Ұқыптылық жөнінде», «Қандай кітаптар оқып беруге болады?», «Баланы үйде мектепке даярлау үшін не істеу керек?», «Қиқарлық қайдан шығады?», «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі», «Жалғыз баланы тәрбиелеу туралы не білу керек», «Баланы сыйлау деген не?» деген тағы сол сияқтылар.
Ата-аналар жиналысын өткізу жалпы отбасымен жүргізілетін жұмыстардың іщшіндегі жиі қолданылатын және кең тараған ұжымдық формасының бірі, мұнда ата-аналар педагогикалық және ұйымдастыру мәселерімен жүйелі таныстырады.
Балаларды дамыту, тәрбиелеу мен оқыту процесіне ата-аналарды тарту мәселесінің 2 бағыттары:
-
ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру;
-
ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымның қызметіне тарту.
«ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ»
– Бұхар жырау "Әкелі бала – жаужүрек, жиын тойға барады, төрден орын алады, бітіреді жұмысын, тастан да өткізер жебесін" дейді. Өзіне қорған болған әкесінің арқасында алшаң басып, бар шаруасын бітіріп, алдына кездескен кез-келген қорғанды бұзуға дайын болады.
"Әкесіз бала – сужүрек, жиын тойға барады, босағада қалады" дейді. Яғни, жасқаншақ болатынын меңзеп тұр. Сондықтан біз бала тәрбиесінде әкенің қаншалықты маңызды рөл ойнайтынын білгеніміз жөн. Бірақ қазақ өз құндылықтарына қайтып оралмайынша, әкенің отбасындағы рөлі төмендей бермек.
Ертеректе еркекті көк тәңіріне теңеген. Ал әйелді жерге теңеген. Күлтегіннің үлкен жазуында "Тәңірідей тәңіріден жаралған бабам Күлтегін истемін қаған" деген жазу осының дәлелі.
Қазіргі кезде балаларға қоғамның ықпалы барған сайын күшейе түсуде, олардың тәрбиесіне түрлі мекемелер мен ұйымдар қатысады. Ал, отбасы ше? Оның тәрбие берудегі рөлі қандай? Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай? Әке шаңырағы – теңдесі жоқ тұңғыш өмір мектебі.Қазіргі уақытта жұмыс басты аналар мен әкелердің барлығының бірдей балаларды тәрбиелеуге уақыттары бола бермей, соңында отбасындағы тәрбиеге жұмсалатын еңбек өте өнімсіз еңбекке айналуда. Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, «тегіне тартқан» дейді. «Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала» деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені, әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. «Бір әкенің тәрбиесін — жүз мектепте бере алмас», — деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Сол себепті де бала тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәстүрлері негізінде жүргізе отырып, оны бүгінгі заманның жетістіктерімен ұштастыра білу маңызды. Осы талапқа сай құрылған «Әкелер мектебі» жобасы төмендегідей мақсат-міндеттерді басшылыққа алады:
1. Отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру;
2. Отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау;
3. Балабақша өміріне, қоғамдық жұмыстарға, іс-шараларға белсенді атсалысу.
«Әкелер мектебінің» мақсаты: балалар тәрбиесінде отбасы рөлін көтеру.Тәрбиеленушілердің отбасылық және әлеуметтік құндылықтары мен құзыреттерін қалыптастыруда отбасы, балабақша, әлеуметтік серіктестердің өзара ынтымақтастығын орнатуға жағдай жасау.
«ӘКЕ МЕКТЕБІНІҢ» МІНДЕТТЕРІ:
· Отбасылық құндылықтарды сақтау;
· Отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау
· «Отбасы-балабақша-бала» үштігінің өзара байланысын дамыту;
· білім алушыларды тәрбиелеу ісіне шетелдік және қазақстандық тәжірибеде анықталған тәрбие жұмысының ең үздік түрлі нысандары мен әдістері арқылы ата-аналар қоғамдастығы мен әлеуметтік серіктестік- тердің қатысуын жандандыру;
· отбасы мен балабақшаның ынтымақтастығын отбасылық тәрбиені ұйымдастырудағы серіктестік байланыстар арқылы үйлестіру;
· жалпыұлттық рухани-адамгершілік және әлеумет- тік құндылықтар мен құзыреттер жүйесіне баса назар аудара отырып, отбасындағы, мектептегі және қоғамдағы тәрбие ұстанымдарын қамтамасыз ету;
· үлгілі отбасының тәжірибесін тарату арқылы отбасының беделін арттыру.
· Әкелердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру
«ӘКЕ МЕКТЕБІНДЕ» БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР:
· Ата-аналардың оқу-ойын іс әрекеттеріне белсенді қатынаспауы;
· Бала тәрбиесіне әкелердің белсенді араласпауы;
ОТБАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ:
1. Отбасындағы сенімділік
2. Дәстүрлерді сақтау
3. Үлкенге құрмет , кішіге ізет
4. Туысқандық қатынастағы отбасы
5. Еңбексүйгіштік
6. Сүйіспеншілік
7. Жомарттық
Осы тұрғыда біздің балабақшаларда «ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІн» ұйымдастырып, оны жүзеге асыру мақсатында жұмыс жоспарын құрып, жан- жақты жұмыстар жүргізіп, жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деген ойдамыз.
«ӘКЕ МЕКТЕБІНІҢ» ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
№ |
Іс-шара атауы |
мерзімі |
жауаптылар |
1 |
Балабақша мекемелерінде «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасы аясында «Әкелер мектебін» құру, жұмыс жоспарларын бекіту |
Қыркүйек |
Балабақша тәрбиешілері Ата-Аналар |
2 |
«Отбасы – тәрбие негізі» тақырыбында республикалық апталық ұйымдастыру. Апталықта мектепалды топтарында «Менің әкем қандай» тақырыбында балалармен әңгімелесулер өткізу |
қараша |
Балабақша тәрбиешілері Ата-Аналар |
3 |
Отбасының тәрбиелік әлеуетін, балабақшада тәрбиеленушілердің ата-аналарымен қарым-қатынасын үйлестіру және жақсарту мақсатында «Балабақшадағы бір күн» жобасын «ашық есік» күнін іске асыру. |
желтоқсан |
Балабақша тәрбиешілері Ата-Аналар |
4 |
Әкесімен бірге қолөнер бұйымын жасау. /видеороликтер байқауы/ |
наурыз |
Балабақша тәрбиешілері Ата-Аналар |
5 |
« Әке –тірек, бала-жүрек» тәрбие бастауы отбасынан / дөңгелек үстел / |
мамыр |
Балабақша тәрбиешілері Ата-Аналар |
6 |
«Әкем және мен» атты отбасылық спорттық сайыс |
шілде |
«Әкем және мен» атты отбасылық спорттық сайыс |
«ӘКЕ МЕКТЕБІН» іске асыру механизмдері:
Әкелер мектебі
Қорытынды
Баланың жан- жақты білімді, мәдениетті, саналы адам болып қалыптасуын қамтамасыз ететін отбасы мен білім – тәрбие орындары өз міндеттеріне жауапкершілікпен қараса егеменді еліміздің көк туын жоғары ұстауға жетуіміз айқын.
Балабақшадағы мектепке дейінгі білім беру үрдісіне отбасыны тарту қажетті, өйткені ата-аналар бала тәрбиесіне жауап береді, олар баланы тәрбиелеу мен оқытуда әке өзінің рөлін сезінуі тиіс.
Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы екендігі даусыз.
Өз жобамызды ұлы ғалым В.А.Сухомлинскийдің
мынадай сөздерімен қорытындылағымыз келеді: «Ондаған, жүздеген
мандықтар, кәсіптер, мамандықтар бар: бірі темір жолын құрайды,
басқасы үй салады, үшіншісі бидай өсіреді, төртіншісі адамдарды
емдейді, бесіншісі киім тігеді. Бірақ, өзі әмбебап, өзі күрделі
және өзі асыл жұмыс бар, барлығы үшін біртұтас болып тұрған,
сонымен бірге өзіндік және әрбір жанұяда қайталанбас біртума,-бұл
адамды жарату... Күзетшіден бастап министрге дейінгі кез-келген
қызметкермен, одан да талапты адаммен ауыстыруға болады. Ал жақсы
әкені дәл осындай жақсы әкемен алмастыру
мүмкін емес»
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
-
Қазақстан Республикасының Конститутциясы
-
Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Балабақшада ата-аналармен
жұмыс: Этнопедагогикалық тәсіл - М.: ТЦ Сфера, 2005. – 144 б. - («МДҰ басқару» журналына қосымша).
4. Зверева О.Л. МДҰ ата-аналар жиналысы: әдістемелік құрал /О.Л. Зверева, Т.В. Кротова. - М.: Айрис — пресс, 2006. – 128 б. - (Мектепке дейінгі тәрбие мен дамыту)
5. Балабақша және отбасы/ Т.А. Маркова, М.В. Загик, В.М. Иванова және т.б. 1981 ж.
6. Агавелян М.Г., Данилова Е.Ю., Чечулина О.Г. МДҰ педагогтардың ата-аналармен өзара қарым - қатынасы - М.: ТЦ Сфера, 2009.
7. Скоролупова О.А. МДҰ тәрбие - білім беру үрдісін тақырыптық жоспарлау. I бөлім – М.: ООО «Скрипторий 2003» баспасы, 2008.
8. Скоролупова О.А. МДҰ тәрбие - білім беру үрдісін тақырыптық жоспарлау. II бөлім – М.: ООО Издательство «Скрипторий 2003», 2008.
9. Отбасы мен балабақша жағдайында балаларды ерте жастан тәрбиелеу. Мақала мен құжаттар жинағы / Т.И. Оверчук ред. Құрастырғандар: Р.А. Горб, И.М. Исаченкова. – СПб.: «БАЛАЛЫҚ-ПРЕСС», 2004.
10. Доронова, Т.Н. Мектепке дейінгі мекеме және отбасы – бірыңғай дамыту кеңістігі: мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне арналған әдістемелік нұсқаулық / Т.Н. Доронова, Е.В. Соловьева, А.Е. Жичкина, С.И. Мусиенко. – М.: ЛИНКА – ПРЕСС, 2001

