«Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық».

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық».

Материал туралы қысқаша түсінік
Н. Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектебінде жыл сайынғы «Мектепке жол» - акциясы басталды. Балалар жылында бұл акция «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» - ұранымен өтіп жатыр. Қайырымдылық шарасына кәсіпкерлер, меценаттар, мемлекеттік мекемелер, сондай – ақ көмек көрсетуге ниетті кез – келген адам қатыса алады. Акция аясында әлеуметтік осал отбасылардың балалары мектеп формасымен, аяқ киіммен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етіледі. Акцияны ұйымдастырып, өткізу жөнінде мектебімізде жедел желі нөмірлері іске қосылды. Көмекке мұқтаж ата – аналар жедел желіге қоңырау шалып, өз өтініштерін берген болатын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық».



Н. Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектебінде жыл сайынғы «Мектепке жол» - акциясы басталды. Балалар жылында бұл акция «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» - ұранымен өтіп жатыр. Қайырымдылық шарасына кәсіпкерлер, меценаттар, мемлекеттік мекемелер, сондай – ақ көмек көрсетуге ниетті кез – келген адам қатыса алады. Акция аясында әлеуметтік осал отбасылардың балалары мектеп формасымен, аяқ киіммен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етіледі. Акцияны ұйымдастырып, өткізу жөнінде мектебімізде жедел желі нөмірлері іске қосылды. Көмекке мұқтаж ата – аналар жедел желіге қоңырау шалып, өз өтініштерін берген болатын. Мектебіміз осы өтініштер негізінде, ауданымыздағы 8 мемлекеттік мекемеге акцияға қосылу ұсынысымен жүгінген еді. Осы мекемелер балаларымызға қолдау көрсетуге әрдайым дайын екендіктерін дәлелдей отырып, мектебіміздің 4 оқушысына мектеп формасы, аяқ киім, спорттық киімдерді табыс етті. Сонымен қатар, «Сатыбалды Ишан» - мешіті де балаларымызды мектепке дайындауға өз үлестерін қосып, 4 оқушымызға сөмке сыйлады. Бала жүзінен қуаныш көргісі келген мекемелердің арқасында балаларды мектепке дайындау оңайырақ болды. Акция аясында, 8 оқушыға 159 700 теңгенің материалдық көмегі көрсетілді. Қолдау шарапатын көрген балалардың аналары мекеме ұжымдарына: «АМАNАТ» партиясы Амангелді аудандық филиалы - басшысы М.М.Досымовқа, Амангелді ауданы білім бөлімінің музыка мектебі – директоры К.Ә.Ахметовке, «ХҚКО» - Департаментінің Амангелді аудандық бөлімі – басшысы М.Қ. Сүлейменовке, Жастар ресурстық орталығы басшысы Б.С. Көптілеуовке, Аудандық мәдениет үйі – директоры О. Ж. Қылдыбаевқа, Аман – Су МКК басшысы И.М. Абишевке, «Психологиялық – педагогикалық түзеу кабинеті» - меңгерушісі Т.Ж. Боранбаеваға, «Амангелді - Финанс» - кредиттік серіктестігі – басшысы А.С. Нурахановқа, «Сатыбалды Ишан» - мешітінің бас имамы Ж.М. Әмірхамзинге рахметтерін айтып, аналық алғыстарын білдірді. Бізде осы аталған қайырымды мекемелерге мектеп ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз. Жұмыстарына табыс, дендеріне саулық тілейміз.

Ерсін Жұмағұл.

Н. Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогы 

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.10.2022
436
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі