Кіріспе
Мақсаты: бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп-үйрететін орта, оның жүрегі-мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс-тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Мен де ұстазбын. Менің ұстаз ретінде негізгі мақсатым – сабақтың сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың өздігінен ізденуін, танымын қалыптастыру, болашақ өмірлеріне қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Міндеттері:
Электронды оқулықтар;
Телекоммуникациялық технологиялар;
Мультемедиялық және гипермәтіндік технологиялар;
Қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет арқылы оқушыларды жаңа заманға сай етіп тәрбиелеу.
Ақпараттық технология-қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық, кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
АКТ-ның негізгі мақсаты-оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу, яғни оқушыны ақпараттық қоғамға бейімдеу. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
Өз сабақтарымда АКТ-ны жиі пайдаланамын. Соның ішінде: компьютер ноутбук, электронды оқулықтар, видеопроектор, ұялы телефон, планшет, ауқымды ақпаратты сақтағыш құрылғылар, интербелсенді тақта, фотоаппарат, интернет, т.б.
АКТ-ны қолдануда оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін не қажет?
-
бір қалыптылықты пайдаланбау;
-
деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін алмастырып отыру;
-
баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;
-
әр баланың жеке қабілеттерін ескеріп отыру;
-
жеке, жұппен, топпен орындайтын тапсырмаларды қарастыру.
АКТ-ны сабақ үстінде кез келген кезеңінде қолданамын. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде тақырыпқа байланысты ұялы телефон не планшет арқылы интернет желісінен мәлімет іздеуді тапсыру тиімді. Мәліметті интернет желісінен тез тауып, оқуда қолдануға үйренгеннен кейін тапсырманы күрделендіремін. Мысалы, дүниетану пәнінен «Қазіргі мектеп» тақырыбын өтуде мектеп дегеніміз не, мектептің түрлерін интернет желісінен табу тапсырмасын кез келген оқушыға ұсынуға болады, ал дарынды оқушыларға мектеп жайлы қызықты мәліметтер,өз мектебінің тарихы жайлы немесе бұрын білмеген мәліметтерді табуды тапсырған жөн. Мұндай жұмыстар нәтижесінде оқушыларды бір-бірінен интернет желісін қолдану жолдарын үйренеді, алған материалды іріктеуге, талдауға,қолдануға, ортақ нәтиже шығаруға дағдыландырады.
Планшетті қолданудың тағы бір жолы- тапсырманы хат арқылы жіберу. Яғни мұғалім алдын ала математика пәнінен тапсырмаларды, есептерді, сызбаларды теріп қояды да, керек кезінде электронды пошта арқылы немесе SMS-пен жібереді, оқушылар тапсырманы топпен , жұппен, өз бетімен орындайды. Бұл жұмыс оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар топпен, жұппен жұмыс жасауға үйретеді.
Видеороликтер мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді.
Үй тапсырмасын сұрауға не пысықтауға дүниетану сабақтарында видеосауалдарды пайдаланамын. Қажетті сұрақтарды өзге сынып оқушыларына қойғызып, видеоға жазып аламын да, интербелсенді тақтадан тыңдатамын. Мұндай сұрақтарға оқушылар қызыға отырып, таласа жауап береді. Бұл әдіс пәнге деген қызығушылықты оятары сөзсіз.
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып интербелсенді тақтадан презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып беру қолайлы. Сонымен қатар қазақ тілі не математика сабақтарынан үлкен тарауды қайталау, қорытындылау мақсатында берілетін тест тапсырмаларына оқушы алдын ала дайындалуы үшін флеш-картаға сақтап беру жолдарын қарастырамын. Бұл оқушыға қандай бағытта дайындық қажет екендігін түсінуге көмектеседі.
Ұялы телефонның диктофонын пайдалана отырып, оқушыларға журналист роліне еніп сұхбат алу тапсырмасын ұсынып отырамын. Қасына фотоаппаратымен репортерді қосамын , бұл оқушылардың мамандық таңдауына кішкене үлес қосқаным деп санаймын.
Қорыта келе, АКТ - ны пайдалану маған не берді?
-
Оқушылар жаңа заманауи құрылғылармен жұмыс жасауды үйренді;
-
оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік берді;
-
АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, жаңа материалды жеңіл меңгеретін болды;
-
оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысы артты.
-
АКТ құралдарымен жұмыс істей отырып оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттейді, қажеттісін таңдайды;
-
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік берді;
-
Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиеледі;
-
Тіл байлығын жетілдірді;
-
Жан - жақты ізденушілігін арттырды;
-
Блум таксономиясы бойынша ойлау процестерін дамытуға, сыни ойлауына септігін тигізді.
І. Мектепте АКТ құралдарының даму тарихы
Оқу процесінде есептеуіш техника құралдары мен компьютерлік технологияны енгізу мен пайдалану процесін тарихи талдау білім беруді ақпараттандырудың тарихи алғы шарттарын ерекшелеуге мүмкіндік береді, ол шартты түрде білім беруді автоматтандыру, электрондандыру, компьютерлендіру деп аталған. Бұрынғы Кеңестер Одағында білім беруді автоматтандыру мен электрондандыру алғашқы ұмтылыстары академик А.И.Берг техникалық оқыту құралдары (ТОҚ) мен оқыту машиналарын пайдалану жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырған кезеңге – 1962 жылдарға сәйкес келеді. Қазіргі ақпараттық технологиялар компьютерлік техника мен байланыс құралдары саласындағы жетістіктерге сүйенеді.
Білім беруді ақпараттандыру

1.3-сурет. Білім беруді ақпараттандырудың алғы шарттары.
Білім беруді электрондандыру үш негізгі аспектіні қамтыды:
-
электрониканы кеңінен оқыту мен микропроцессорлық техника құралдарын қолдану;
-
оқу процесінде техникалық оқыту құралдарын, оның ішінде, оқыту машиналарын, видео жүйелерді, қарапайым электрондық ойындар мен жаттықтырушыларды интенсивті түрде пайдалану;
-
оқу процесіне микрокалькуляторлар, арнайы оқу ЭЕМ-дерін және т.б.енгізу.
Электрондандыру студенттерді дайындау процесіне, алдымен техникалық мамандық иелеріне электрондық құралдар мен есептеуіш техникаларды кеңінен енгізіу мен сипатталады. Дидактикалық программалаудың негізгі міндеттерінің бірі оқу әрекеттерін оңтайлы басқару жүйелерін белгілі бір мақсатты көздейтін жүйелерімен синтездеу, оны орындау барысында оқушылардың білімі мен іскерлігі талап етілген деңгейге жақындайды.
А.П.Ершовтың «Мектеп информатикасы» атты еңбегінде жазылғанындай, программалап оқыту дегеніміз оқыту мен тәрбиелеу психологиясының бірқатар идеяларын, басқару мен ақпараттық байланыстар туралы қағидаларды және ЭЕМ-нің икемділігі, программаланатындығы мен пайдаланушымен диалогтық байланысы тәрізді жаңа мүмкіндіктерінің мәнін синтездеу негізінде дүниеге келген.
Ақпараттандыруға байланысты мемлекеттік саясат төмендегідей негізгі бағыттарды қамтыды:
-
бірыңғай ақпараттық кеңістікте ақпараттандыру жүйелері мен желілерін құру және дамыту, олардың үйлесімділігі мен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;
-
ұлттық тағылым ретінде мемлекеттік ақпараттық ресурстарын қалыптастыру және қорғау;
-
ақпараттандыру және басқа бағыттарды ұлттық қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз ету.
Бағдарлама (білім беру жүйесін ақпараттандыруға арналған кешенді шаралардың теориялық негіздемесі)
Аймақтық және ауқымды ақпараттық ресурсқа кіру құралдарымен қамтамасыз ету
Интегративті қолданбалы программалық құралдарды жинақтау
Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру поцесі
Электрондық құжат айналымы
Білім сапасының маниторингі
Басқару қызметі
Басқару қызметін техникалық қамтамасыз ету құралдары
Оқыту поцесі
Зерттеу іс-әрекеттерінің құралдары
Оқу процесін оптимизациялау құралдары
АҚПАРАТТАН-ДЫРУ
«Болашақ бағдарды анықтауды жүзеге асыртатын жаңа білім беру парадигмасын жүзеге асырудың маңызды құралдарының бірі:прагматикалық тар шеңбердегі мақсаттан ілгері пәнаралық білім алуға көшу» ЮНЕСКО-ның Халықаралық конгресінің материалдары 1996 ж
![]()
1.4-сурет. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағдарламасы (кешенді шаралардың теориялық негіздемесі)
-
Оқытудың терминологиясы деп оқу программаларында қарастырылған білім мазмұнын жүзеге асыру тәсілін түсінеді, ол қойылған дидактикалық мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін оқытудың формалары, әдістері және құралдары жұйесін қамтиды.
Тұжырымдама материалдарында жаңа ақпараттық технологиямен оқытудың айырымдық белгілері ретінде оған байланысты төмендегідей компоненттер жүзеге асырылатын арнайы орта аталған:
-
техникалық (пайдаланылатын техниканың түрі),
-
программалық-технологиялық (оқыту технологиясымен жүзеге асырылатын программалық құралдар);
-
ұйымдастырушылық-әдістемелік мәселелер (оқушы мен оқытушыға арналған нұсқаулар, оқу процесін ұйымдастыру);
-
білімнің пәндік саласы.
Бірінші кезеңнің мазмұны:
-
жаңа ақпараттық технология құралдарын, алдымен компьютерді жаппай меңгеру басталды;
-
оны педагогикалық меңгеру мен бұрын табылған, бірақ дәстүрлі оқыту технологиясының әдістері мен оқу жұмысын ұйымдастыру формаларында қолданылмайтын технологияларды дамытуға, білім беру мазмұнының жаңа құраушыларын іздеуге бағытталған зерттеу жұмыстары басталды;
-
ақпараттандыру процесінің объективті қажеттілігінің мәнін қоғамның түсіну процесі өтеді.
Екінші кезеңнің мазмұны:
-
ЖАТ құралдарын жан-жақты меңгеріп, оны дәстүрлі оқу пәндеріне біртіндеп енгізу, осы негізде жаңа әдістер мен оқу жұмысын ұйымдастырудың формаларын педагогтардың жаппай меңгеруі;
-
«компьютерлік курстарды» оқу барысындағы еркін үйлесімділік, оқытуды дәстүрлі ұйымдастырудың формалары мен әдістерін дербес, топтық оқытумен, жұмыстың лекциялық формасын, компьютер сыныбындағы сабақтарды физикалық және т.б. зертханалық жұмыстармен үйлестіре өту.
Сөйтіп, 91 жылдарға дейінгі кезеңде білім беруді компьютерлендіру мен ақпараттандыруды бірыңғай жаппай қамтитын мемлекеттік бағдарламаны жасау қажеттілігін уағыздайтын жағдай қалыптасты.

1.6-сурет. Жаңа ақпараттық технология құралдарының оқу-әдістемелік кешені.
Ақпараттық технологиялардың дамуы.
Ақпараттық технологиялардың дамуы мен компьютерді пайдалануға бөлінудің әртүрлі белгілерімен анықталатын әртүрлі көзқарастар бар.Төмендегі баяндалатын тәсілдердің бәріне ортақ нәрсе дербес компьютердің пайда болуынан бастап, ақпараттық технологиялар дамуының жаңа кезеңінің басталуы болып табылады. Мұндағы негізгі мақсат - әрі кәсіптік салада, әрі тұрмыстық салада адамның дербес ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру.
Бөліну белгісі-міндетті түрі мен ақпаратты өңдеу процестері
1-кезең (60-70 жж.)- есептеу орталықтарында топтық пайдалану режимінде мәліметтерді өңдеу. Ақпараттық технологиялар дамуының негізгі бағыты адамның бұрынғы операциялық іс-әрекеттерін автоматтандыру болып табылады.
2-кезең (80 жж. бастап)-стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған ақпараттық технологиялар құру.
Бөліну белгісі-қоғамды ақпараттандырудың алдында тұрған мәселелер.
1-кезең-(60 жж. соңына дейін)мүмкіндігі шектеулі ақпараттық құралдармен үлкен көлемді мәліметтерді өңдеу мәселесімен сипатталады.
2-кезең-(70 жж. соңына дейін) IBM сериялы ЭЕМ-дердің таралуымен байланысты. Бұл кезеңде пайда болған мәселе-ақпараттық құралдардың даму деңгейінен программалық қамтамасыз етудің кешеуілдеуі.
3-кезең-(80 жж.бастап)-компьютер кәсіпқой емес пайдаланушылардың құралы, ал ақпараттық жүйелер-шешім қабылдауды сүйемелдеу құралы. Мәселелер-пайдаланушының қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыру және компьютерлік ортада сәйкес жұмыс интерфейсін құру.
4-кезең (90 жж. бастап)-байланыстар мен ақпараттық жүйелерді ұйымдастырудың қазіргі технологияларын құру. Бұл кезеңнің мәселелері барынша жан-жақты. Олардың ішіндегі маңыздылығы:
-компьютерлік байланысқа арналған келісімдер жасау, стандарттар мен хаттамалар тағайындау;
-стратегиялық ақпаратқа кіру мүмкіндігін тағайындау;
-ақпаратты қорғау мен оның қауіпсіздігін ұйымдастыру.
1.1 Оқытудағы АКТ дамуының кезеңдері.
Оқытудың ақпараттық технологиясы-бұл ақпаратпен жұмыс істеуге арналған арнайы тәсілдер, программалық және техникалық құралдары(аудио, бейне құралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер) пайдаланылатын педагогикалық технология.
Қазіргі уақытта оқу пәндері бойынша электронды оқу басылымдары жасалып, пайдалануда, олар оқу әдістемелік материалдар (демонстрациялық, теориялық, практикалық және бақылау) кешенін, сондай-ақ оқыту процесін басқаратын компьютерлік программаларды қамтиды.
Электрондық оқу басылымдарына оқу әдістемелік материалдардың төмендегідей электрондық нұсқалары жатады:
-иллюстрациялық сипаттағы компьютерлік презентациялар;
-электрондық сөздік-анықтамалық және оқулықтар;
-шынайы процестердегі модельдеу мүмкіндігі бар зертханалық практикумдер;
-жаттықтырушы программалар;
-тест жүйелері.
Электрондық басылымы-программалық басқару құралдары мен құжаттамалары бар және кез келген электрондық ақпарат-магниттік, оптикалық –тасымалдаушысына (CD-ROM,DVD RW және т.б.) орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа да ақпараттар жиынтығы.
Электрондық оқу құралы-құрамында оқу курсының ең маңызды бөлімдері, сонымен қатар, есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқалар, практикумдар, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындауға әдістемелік нұсқаулары бар берілген басылым түрінде мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы.
Электрондық оқу басылымы-оқытуды және білім бақылауды автоматтандыруға арналған және оқу курсына немесе оның жеке бөлімдеріне сәйкестендіріліп, сонымен қатар, шығу траекториясын анықтауға мүмкіндік беретін және әртүрлі оқу жұмыстарымен қамтамасыз ететін электрондық басылым.
Элетрондық оқулық-құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі мазмұны бар және берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы.
Электрондық оқу құралы-бұл оқулықты жекелей немесе толық алмастыратын немесе толықтыратын, басылымның осы түрі үшін арнайы бекітілген электрондық баслым.
Мультимедия технологиясы (ағылшынша-көп компонентті орта) мәтін, графика және бейне мультипликацияны пайдалануға мүмкіндік береді, оқу процесіндегі компьютердің қолдану саласын кеңейту.
Мультимедиа-бұл әртүрлі формада (мәтін,графика,дыбыс,бейне,анимация) берілген ақпаратты біріктіруге мүмкіндік беретін және онымен интерактивті режимде жұмыс істеуге болатын компьютердің ақпараттық және программалық құралдар кешені.
Ауқымды желі internet ауқымды ақпарат көлеміне кіру мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Көптеген сарапшылар internet технологиясын дербес компьютердің пайда болуынан туындайтын революциялық қопарылыс ретінде қарастырылады.
E-mail, электрондық почта-электрондық хаттарды жіберу және қабылдау, желі абоненттеріне шолу, мәліметтер және басқа да анықтамалық материалдар жіберуге болатын ақпараттық қызмет көрсету жөнінде тұтастай қызметтер сериясы.
Телекон ференциялар-үлкен қашықтықта орналасқан адамдар қатыса алатын, талқылау материалдарын алу және жіберу технологиясы.
Электрондық почта, ауқымды, аймақтық және жергелікті желі байланысын қамтитын телекоммуникация құралдары, оқыту мақсатында кең мүмкіндіктер бере алады:әртүрлі қашықтықта кез келген көлемдегі және әртүрлі ақпараттарды жылдам тарату; интерактивтілік және жылдам кері байланыс; әртүрлі ақпарат көзіне кіру мүмкіндігі; бірлескен телекоммуникациялық жобаларды ұйымдастыру, кез келген қызықтыратын мәселе бойынша ақпаратқа электрондық конференция жүйесі арқылы сұраныс жасау.
Дистанциялық оқыту технологиясы
Компьютерлік телекоммуникациялы тиімді кері байланысты қамтамасыз етеді, ол әрі оқу материалын, әр оқушылармен қарым қатынасты (электрондық почта, телеконференция арқылы) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Қашықтықтан мұндай оқыту дистанциялық оқыту деген атауға ие болды.
Дистанциялық білім беру жүйесі деп арнайы ақпараттық білім беру ортасының көмегімен ақапарат алмасу құралдарының қызметіне бағытталған кез келген қашықтықта халыққа ұсынылатын білім беру қызметін түсінеміз.
Оқытудың мұндай түрін құру идеясы компьютерлік технологиялар кеңінен таралғанға дейін пайда болды. Қашықтықтан оқытудын тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады.
Әрбір кезеңнің сипаттамасы оқушылар мен мұғалімді байланыстыратын коммуникациялық база болып есептеледі. Бірінші кезеңнің коммуникациялық базасын әдеттегі почта атқарды, ол корреспонденция алмасу арқылы жүзеге асты. Радио, теледидар, аудио және бейне техникалардын таралуымен дистанциялық оқытудың екінші кезеңі анықталады.
Дистанциялық оқытудың бірінші және екінші кезеңдері оқытушымен оқушылардын арасындағы асинхронды байланыспен сипатталды. Интерактивті коммуникациялық технологияларды дамуы дистанциялық оқытудың үшінші буынының базасын қалыптастырады. Бұл кезеңде ақпарат алмасу негізінен синхронды болып табылады, яғни ақпарат алмасу шынайы уақыт режимінде жүзеге асты.
Дистанциялық білім берудің педагогикалық – психологиялық негіздерін жеке мәселелері: ұйымдастырушылық, әдістемелік, технологиялық аспектілері ғалым, мамандардың зерттелуінде қарастырылады, олардын әр қайсысы өз кезегінде дистанциялық оқытудың идеясын педагогикалық практикаға еңгізу, ғылыми зерттеулерді, ұйымдастырумен үгіттеуге өз үлестерің қосты: А.А.Андреев, Д.М.Джусубалиева, А.А.Дувонов, В.А.Каймин, В.Г.Кенелев, Г.К.Нурғалиева, Е.С.Полат, И.В.Роберт, В.П.Техомиров, А.В.Хуторской.
Үйлестірілген класс моделі әр жерде орналасқан бір класс, оқушылар тобынын есептелген курсті интерактивті телекоммуникациялық технологиялар кеңейткен жағдайда пайдаланылады.
Өз бетімдік оқыту моделі, оқушыларды аңықталған уақыт кестесі бойынша белгілі бір класс бөлмесінде отыру қажеттілігінен босатумен сипатталды.
Ашық оқыту моделі дистанциялық топтын ішінде оқушылардың қарым- қатынасын ұйымдастыру үшін оқушыға курсті интерактивті телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, өзіне қолайлы жылдамдықпен оқуға мүмкіндік беретін курсты баспа түрінде беретін және басқада құралдары пайдалануын қамтиды.
Дистанциялық оқытудын негізі – курстын оқу матералдарынын: әдебиеттермен аудио бейне кассеталардағы жазулар, компьютерлік программалар тақырыптары бойынша арнайы іріктелген оқушылардын өзіндік жұмысы.
Дистанциялық білім берудің сипаттамалары:
-
қаланың шалғайта орналасқан орталық аудандары үшін теңдесі жоқ мүмкіндік;
-
курстын модулмен құрылуы;
-
аудиторияларда және оқытушалырдың қажеттілігін шамалылығына байланысты оқытуға жұмсалатын шығынның салыстырмалы түрдегі төмендігі;
-
жоғары жинақтылық;
-
оқушылардың бос уақытын барынша үнемдеуі.
Дистанциялық оқыту әдістері. Дистанциялық оқыту дәстүрлі оқыту тәрізді екенің зерттеулер көрсетті, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б зерттеушілердің жұмыстарына сүйене отырып, бес жалпы дидактикалық оқыту әдісін ерекшелеуге болады: Ақпараттық рецептивті, репродуктивті, проблемалық, зерттеу және эвристикалық.
Дистанциялық оқыту құралдары. Қазіргі және болашақ оқыту құралдары:
-
қағаз оқу басылымы;
-
желілік оқылу басылымы;
-
электрондық оқу басылымы;
-
аудио оқу ақпараттық материалдары;
-
зертханалық дистанциялық практикумдары;
-
вертуалдық шыңдық негіздеріндегі оқыту құралдары.
Дистанциялық оқыту түрлері. Әлеуметтік гуманитарлық пәндерді практикалық оқытуда, білім беріді дәстүрлі формаларында да, регламентті оқыту формалары: лекция, семинарлар, зертханалық сабақтар, бақылау жұмыстары, курсттық жұмыстар, емтихиндар, өз бетіндік жұмыс және т.б. кеңінен таралған.
1.2 Білім беруде АКТ-ы пайдаланудың әдістемелік қорлары
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты-оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындайды.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Оқу үрдісіне педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану-жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі»- делінген.
Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне республика міндеттерін көтерудің тиімді жолы-білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.
Индустриалдыдан ақпаратты өркениетке көшудің қазіргі кезеңінде қоғам дамуының негізгі факторы мемлекеттің қызметін құрайтын саяси- экономикалық, әлеуметтік салаға белсенді әсер ететін ақпаратты- коммуникациялық сала болып табылады және экономиканы ғаламдандыру мен қоғамдық қатынастар үрдістері айқындайды.
Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондықпоштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернетті, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. XXI-ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Өйткені, оқушы мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар іс жүзіндік білімнің алғышарттарын меңгеруі тиіс. Ал теориялық білімді өмірмен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз.
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми мәселелерді шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту үрдісінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық – психологиялық тың мәселелері әлі толық шешілмеген. Дегенменде, біздің облыс оқушылары соңғы жылдардағы пәндік олимпиадаларда информатика пәні бойынша республикада бірінші, екінші және жүлделі үшінші орындарды иеленді.
Қазір бүкіл дүние жүзі біртұтас денеге айналып, ғаламдасу құбылысы жүріп жатқанда, әртүрлі байланыс жүйелері сол дененің жүйке, қан тамырларының рөліне айналған мына заманда интернеттік жүйені меңгермеген ел ерте ме, кеш пе дүние жүзінен келетін байланыс нәрін жоғалта бастайды. Түрлі елдерде болып жатқан жаңалықтармен танысуда, ақпараттар ағымынан қалыспауда интернет, электронды пошта құралдарының атқарар қызметі мол. Сондықтан білім беруді ақпараттандырудың тағы бір басты бағыттарының бірі – оқушылардың интернет жүйесінде жұмыс істей білуіне жағдай жасау.
Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар етіп, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ. Интернетті пайдалану арқылы білімін жетілдіре түседі.
Бұл іс қазір қолға алынған. Соның бірі облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институтында өткізіліп жатқан барлық курс тыңдаушыларына арнайы «Компьютерлік сауаттылық» тақырыбында дәрістер оқылып жүр. Бірақ мектепте компьютерлік сауаттылығын одан әрі дамытуға компьютерлер жетіспегендіктен толық мүмкіндік бола бермейді. Сол себепті де информатика пәні кабинетінен басқа әр мектепте компьютермен сабақ өтуге, компьютерлік білімін жетілдіруге арналған кабинет болу керек. Бұл – қазіргі заман талабы.
Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер береді. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі – оны ЭЕМ жадында сақтау мүмкіндігі оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың ғылыми – педагогикалық, әдістемелік негіздері қалыптасу үстінде.
Дербес компьютерде жұмыс істейтін пайдаланушыны дайындау информатика курсының негізгі мақсаттарының бірі. Пайдаланушының аса маңызды іскерліктерінің бірі- дайын программаларды өзінің іс- әрекетінің құралы ретінде пайдалану.
Информатика курсында іс- әрекеттің инверсиясы байқалуда: 20 жыл бұрын программист өзінің программаларын жасаудан бастады, содан кейін барып дайын алгоритмдер библиотекасын пайдалануға көшті. Бүгінгі пайдаланушы өзінің жұмысын дайын программалармен жұмыс істеуден бастайды. Сөйтіп, өзінің программасын құруға жетіспеуі мүмкін. Дайын программалық құралдар мысалына: дискілерді форматтау, антивирустық, тренажер және оқыту программалары жатады.
Қазіргі кездегі қолданылатын ақпараттық технологиялар білім берудің әдістемесі, мазмұны мен формасына айтарлықтай әсер ететіні байқалады. Оқушылар қазіргі замандық ақпараттық технлогияларды (дербес компьютер, Интернет сервистері, электрондық оқулықтар т.б.) белсенді түрде пайдаланады.
Информатика пәнін оқытуда мультимедиа және гипермедиа технологияларды пайдалану, оқытылатын программаларды көрнекі түрде демонстрациялау және бейнесабақтарды қолдану білім алудың тиімділігін арттыра түседі.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады.
Білім беру процесі – ақпараттық қоғам жағдайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын процесс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналады. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игеруімен тығыз байланыста.
Компьютерді мектепте оқытуды практикаға енгізу әлеуметтік, экономикалық, теориялық және практикалық сипаттағы түйінді мәселелерге жол ашып отыр. Атап айтқанда, ғылыми-техникалық прогрестің тез өсу қарқыны жоғары деңгейлі мамандар даярлауда жаңаша оқыту әдістерінің қажеттігін алға қоюда.
Бұл мәселелерді шешудің бірден бір жолы – оқу процесін компьютерлендіру. Компьютерді оқу процесінде тиімді пайдалану үшін оны қолданылады. Мультимедиалық технологиялар – бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.
Мультимедиа құралдары деп әр түрлі орталарды: графиканы, гипермәтінді, дыбысты, анимацияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып тұтынушының компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын ақпараттық және программалық құралдардың біріктірілген кешендерін айтады. Мультимедиа жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең қолданылады. Мультимедиа технологияларын қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауда және де басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиалық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологиялары дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.
Мультимедиа технологиялары құралдарын оқу әдістемелік материалдары кешендерін жасауда қалай қолдануға болады? Оларға әр түрлі мультимедиалық эффектілерді жай мультимедиа мәтіндермен салыстырғанда қандай көлемде қосуға болады? Оқу құжаттарында мультимедиалық қосымшыларды пайдалануға шек қойыла ма? Осындай мультимедиа әсерлелерді шешу бағытында нақты зерттеу жұмыстарын жүргізу керек, өйткені гармонияны бұзу өте жақын, әсерлі қосымшаларды мультимедиалық эффектілерді шамадан тыс қолдану оқушылардың жұмыс қабілетін төмендетіп, оларды тез шаршатуы да ықтимал. Осындай сұрақтарға жауап беру оқыту ісіндегі шамадан асып шарықтауды болдырмау, оқу - әдістемелік материалдарын тек эффектілі түрде көрсетпей, оның тиімді жағын қамтамасыз етуі керек.
Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, ол оқытуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануына да мүмкіндік болады.
Мультимедиалық технологиялар мұғалімдерге қалыпты оқыту жүйесінің бұрынғы тәсілдерінен бас тартып, еңбек етудің интеллектуалдық түрлерін пайдалануға мүмкіндік туғызып, оқу материалдарының басты көлемін бұрынғыша беруді азайтып, жаңа тәсілдің жақсы жақтарын кеңінен қолдануға итермелейді.
Жаңа мультимедиалық технологияларға байланысты компьютерлік программаларды да көрнекі материал ретінде қолданып, тестер және бақылау жұмыстарын өткізіп, шығармашылықты дамытатын есептер шығарып, қашықтан оқыту сабақтарына қатысып, бұрынғы қалыптағы тәсілмен қоса компьютерде де жұмыс істеуді қатар атқарып, әрбір балаға бағытталған ойын сабақтарын, т.с.с жасау мүмкін болып отыр.
Қазіргі кезде жаңа информациялық технологиялар енгізу оқушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер арқылы жүзеге асыруды жылдамдатып болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бүгінгі күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жұмыс істеу қажет, олар оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, компьютерді де тез игеруге жағдай жасап отыр.
«Технология» түсінігін қарап шықсақ, ол – «өнім шығару процесінде жүзеге асырылатын шикізат формасын, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, олардың қалып – күйін, қасиеттерін өзгерту тәсілдерінің жиынтығы. Технологияның ғылым ретінде атқаратын міндеті – практикадағы ең тиімді өндірістік процесті анықтау және оны пайдалану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық және де басқа заңдылықтарды анықтау». Оқытудың компьютерлік технологиялары – ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдарының жиыны.
Білім беруде компьютерлік технологияларды оқыту процесін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту құралдары (компьютерлер, программалық және әдістемелік жабдықтар) әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса олардың оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастырудағы өзіндік жұмыстарды орындататын әдістемелік құрал ретінде атқаратын жұмысының маңызы өте зор. Әрине, қазіргі компьютер мен интерактивті программалық - әдістемелік құралдар мұғалім мен оқушының әрекеттесу формаларын өзгертіп, мұғалімді оқытушыдан гөрі ақылдаса отырып көмектесетін кеңес беруші ретінде қарастырылады. Ал мұндай өзгеріс оқушының білімге деген ынтасын арттырып, сабақтың нәтижелік бақылаудың жаңа моделдерін (баяндама, есеп беру) іздеуге итереді, оқытудың жеке адамға бағытталған қызықты түрлерін енгізуді керек етеді. Мультимедиалық технологиялар білім алушының сезім компоненттеріне әсер ету арқылы тиімділігін арттыра отырып, оқыту үрдісін жандандыра түседі. Қазіргі таңда мультимедиалық технологиялар білім беру процесін ақпараттандырудың перспективті бағыты болып табылады. Программалық, әдістемелік және материалдық қорларды жетілдірумен қатар, ұстаздар құрамының білім сапасын көтеруде қазіргі ақпараттық технологияларды қолданудың ұтымды перспективасы көрінеді. Мультимедиа бұл қазіргі заманғы техникалық және программалық құралдардың интерактивті қолданылуы, ол текст, дыбыс, графика, фото, видеоның барлығын біріктіріп, оларды цифрлық түрде ұсынады. Гипермедиа бұл мультимедиалық объектілер арасындағы байланысты орнататын гипертекстік сілтемелері бар компьютерлік файлдар. Мектептерде компьютерлік сыныптарды ұйымдастыруда Интернет - технологиялар тартымды болып келеді , бірақ артықшылықтармен қоса , жетіспеушіліктер де бар: ол - байланыс желісіндегі ақаулықтар, байланыс мүмкіншілігінсіз жұмыс істеу. Бұндай ақаулықтарды оптикалық компакт дискілерді (CD ROM, DVD) қолданумен жойылады. Дайын бағдарламалық өнімдер , электрондық оқулықтар және кітаптар оқу нәтижелілігін жоғарылатады. Мұғалімнің ақпарат іздеуде, хабар алуында және әріптестерімен қарым - қатынаста көмекші құрал Интернет болып табылады.
Қазіргі кезде мұғалім сабақтағы оқушылардың танымдық белсенділік деңгейлерінің төмендеуі, дербес жұмыс істеуге және жалпы оқуға деген ниеттерінің болмауы сияқты мәселелермен жиі кездеседі. Балалардың оқуға деген назарларының жоғалу себептерінің бірі - сабақтардың бір түрлілігі екендігі сөзсіз. Күнделікті ізденудің жоқ болуы оқытуда үзіліске әкеледі , ал бұл тұрақтылықтың көрінуі балалар назарын қиратады. Сабақ құрылымына шығармашылықпен қарау, оның қайталанбастығы, әр алуандығы, түрлі әдістер мен формаларды пайдалануы нәтижелілікті қамсыздандырады. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамытудың тәсілдері өте көп. Осындай тәсілдердің бірі бейнефильмдерді және мультимедиа технологияларды қолдану, ол оқушылардың белсенділік дәрежесін жоғарылатуға мүмкіндік туғызады және оқушылардың назарын аудартады.
Оқу орындарының жұмыс тәжірибесіне ақпаратты экрандық көрсетілім түрінде беретін видеоәдістің қарқынды енуі, оның жеке оқыту әдістемесі ретінде ерекшелеуге мүмкіндік береді. Бейнеәдіс оқытылатын материалды беру, бақылауды ұйымдастыру, бекітулер , қайталаулар үшін қолдануға болады, ол дидактикалық функциялардың барлығын табысты орындайды . Әдістің артықшылығы хабарды көрнекті қабылдатуында болып табылады. Осы әдістің оқыту және тәрбиелеу функциялары көрнекті бейнелердің әсер ету нәтижелілігімен ерекшеленеді. Көз алдына келген хабардың көрнекті түрде көрсетілуі қабылдауға өте қолайлы болып келеді.
Оқыту процесінде бейнеәдісті қолдану мынадай мүмкіншіліктерді қамсыздандырады :
-
Оқушыларға оқытылатын құбылыстар мен процестер туралы толық және ақиқат хабарды беру;
-
Оқыту үрдісіндегі көрнекіліктердің алатын ролін көтеру ;
-
Оқушы назарларындағы сауалдар мен тілектерді қанағаттандыру ;
-
Білімді бақылаумен және түзетумен байланысты техникалық жұмыс бөлімінен мұғалімін босату;
-
Нәтижелі кері байланысты орнату ;
-
Толық және жүйелі бақылау орнату , үлгерімдік туралы объективті есебін ұйымдастыру.
Бейне әдіс арқасында көптеген дидактикалық және тәрбиелік мақсаттар нәтижелі шешіледі:
1. Жаңа білімдердің баяндалуы ;
2. Күрделі механизмдердің, процестердің, графикалық үлгілердің әрекет принциптерінің динамикасын түсіндіру;
3. Көп еңбекті процестердің бақылауы ;
4. Бейнеқұжаттарды ұсыну, өмірмен байланысты нығайтуы;
5. Жабық жабдықтау ішіндегі өтіп жатқан жасырын процестерді бақылауы ;
6. Оқыту - жаттығу және зерттеу жұмыстарына арналған деректер қорын жасауы;
7. Оқу үрдісін рационализациялау, оның өнімділігін және ғылыми хабардың меңгерілуін жоғарылату жолымен педагогикалық басқару сапаларын көтеру.
Осы әдістің нәтижелілігі бейнеқұжаттың сапасына және қолданылатын техникалық құралдарға тікелей тәуелді. Бейнеәдіс мақсатқа лайықты анықтылығымен ойластырушылығымен ерекшеленетін оқу үрдісіне үлкен талаптар қояды. Бейнеәдісті қолданатын мұғалімнен оқылатын проблемалардың шеңберіне оқушыларды енгізу, олардың жұмысын бағыттау, қорытынды шығарту, дара көмек көрсету сияқты дамыған іскерлік талап етіледі. Информатиканы оқытуда қазіргі заманғы мультимедиа - технологиялардың қолданылуы оқытылатын бағдарламаларды көрнекті демонстрация жасауға қамтамасыз етіп, соның ішінде слайд - презентациялар оқудың нәтижелілігін жоғарылатуға рұқсат етеді. Сабақ құрылымында ақпараттық технологияларды қолдану, оқытудағы түрлі әдістер мен формаларды пайдалануға айтарлықтай әсер ететіндігі сөзсіз.
Мультимедиа технологиялары мектептегі білім беруде өз нәтижелілігін дәлелдей алды. Интерактивтілікпен ақпаратты жеткізетін түрлі құралдары бар мультимедиа оқу сапасының жаңа деңгейін қамсыздандырады. Қазіргі заманғы компьютерлердің техникалық құралдарының дамуымен қатар, мультимедианың визуальды ортасы қарқынды өзгереді. Үш өлшемді графиканы кеңінен қолдану гипермәтіндік беттері бар кітаптар метафорасын іске асыратын дәстүрлі электрондық оқулықтан, интерактивті білім алатын ортаға бейімдейді. Білімнің үш өлшемді әлемі монитор экраны арқылы оқушымен қабылданады, нақты объектілердің бейнелері виртуалды үлгілерімен қатар жұмыс істейді. Оқушыларды оқыту үрдісінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі шарттары: компьютерді заман талабына сай құралдар ретінде қолдану; оқушылардың ұстазбен компьютер арасындағы интерактивті әрекеттестігі; ақпараттық технологияларды қолдану арқасында, оқушылардың дербестік рөлінің жоғарылауы. Заманға сай ақпараттық технологиялардың оқу үрдісін ықшамдауы бағдарламалық - шығармашылық жобалардың қолдануына негізделген.
Шығармашылық жобаны даярлауда оқушылардың жаңа, нәтижелі, бәсекеге қабілетті, адамның қажеттіліктерін өтей алатын және сатып алушылардың сұранысын қамтамасыз ететін дербес жұмысын алдын ала ескереді. Жобаның орындалуы танымдық және тәрбиелік функциялардың дамуына, шығармашылық қабілеттіліктерінің, ынталарының, кисынды ойлаудың, іскерлік пен дағдыларын, политехникалық білімдерін тереңдетуге және бекітуіне жағдай жасайды. Ақпараттық мәдениеттің құрылымы оқушылардың танымдық қызметтерін дамуға бағытталған. Оған мыналар жағдай жасайды: оқушылардың ой белсенділіктерін ынталандыру, оқылатын материалды зерттеу мақсаттарының анықтамасы және компьютердің интерактивті операциялық ортасына оқушыларды бағыттау, оқытушы технологияларды тереңдетуі негізінде өз бетімен оқу қабілеттіліктерін дамыту және кеңейту.
Қазіргі заманғы оқушыны қалыптастырудың келесі негізгі әдістемелік ерекшеліктерін ұсынуға болады:
1) Сабақта мультимедиалық презентацияларды қолдану компьютерлік сыныптарда мультимедиалық проекторларды, резидентті анықтамаларды, автоматтандырылған оқыту жүйелерін, әртүрлі бағдарламалардың жұмысы туралы бейнежазбаларын пайдалану арқылы өткізіледі;
2) Практикалық жұмыстарда әрбір үйренушіге бөлек компьютер берілуі тиіс, онда олар жеке папка жасап, оқушының фамилиясы, аты – жөні, сыныбын жазып шифрлайды;
3) Жекеленген оқытушы бағдарламаларды кеңінен қолдану, көп дәрежелі тапсырмалар банкін тиісті пайдалану (практикалық және лабораториялық жұмыстарда);
4) Жұмыстардың маңызды бөлімін мақсатқа лайықты іскер ойындар түрінде өткізу; бітірушілер кәсіпшілік қызметте кездесетіндей көп нұсқалы нақты өмірде орындалмаған тапсырмалар берілуі тиіс;
5) Кең
көлемде жүйелілік ұстанымдарды сақтайтын жобалар әдісі қолданылуы
тиіс, бұл - бір глобальды тапсырманың жүйелі түрде барлық
практикалық (лабораториялық) және графикалық жұмыстарда тиісті
орындалып, толықтырылып және кеңейтіліп, тұйықталған жүйеге
айналуын білдіреді;
6) Бағдарламаның негізгі
бөлімдерінің параллельді зерттеу мүмкіншілігі алдын ала ескерілуі
керек; бұл білім алушыларға әрбір бөлімге қатысты терең білім
алуларына мүмкіндік береді;
7) Өзара байланысқан келесі ұстанымдарға сүйену қажет: тану мотивациясы, жан-жақты қабылдағыштық, жүйелі – ақпараттық талдау;
8) Оқытудың проблемалық әдісін кеңірек қолдану қажет, оқу барысында пайдаланылатын нақты бағдарламалардың (құжаттардың, кестелердің, деректер базасының) өңделуін алдын ала ескеру;
Білім беруде дәстүрлі оқытумен салыстырғанда мультимедиа технологияларды қолданудың келесідегідей жетістіктері бар:
-
түрлі түсті графиктер, анимациялар, дыбыстық көркемдеу, гипертекстті қолдануға мүмкіндік береді;
-
тұрақты жаңару мүмкіншілігі;
-
жариялау мен көбейтуге аз шығындалу;
-
интерактивтік веб - элементтерді орналастыру мүмкіншілігі, мысалы тестілер немесе жұмыс дәптерлері;
-
көшіріп алу және цитат алуға арналған бөлімдердің тасымалдау мүмкіншілігі;
-
электрондық кітапханалардан немесе білім беру сайттарынан қосымша әдебиет алу үшін гипербайланыс орнатады;
Мультимедиа технологияларын пайдаланып, дәрісханалық жұмыстарды ұйымдастыру уақытты үнемдеуге мүмкіншілік береді. «Информатика» пәнінің оқушылардың қызығушылығына әсері соншалықты, олар өз ойларынан ойын арқылы оқытатын орта жасай алады. Қазіргі заманғы информатика курсына мультимедиалық технологияларды оқыту жүйесіне енгізу бірқатар жақсы жақтарымен қатар біраз қиындықтар да тудырды. Мультимедиалық технологияларды (проекторды) сабақтарда қолдану, оқытылатын бағдарламаның көрнекті түрде демонстрациялап қана қоймай, уақытты да үнемдеуге мүмкіншілік туғызады. Осы кезде мультимедиалық материалдарды дайындау мен сабақты ұйымдастыруға деген қосымша талаптар қойылады.
Оқыту процесіне ақпараттық мультимедиалық технологияларды кірістіру оның нәтижелілігін арттырады. Бірақ бұл жолда қиындықтар мен қателіктер де кезігеді, олардан болашақта да арылу мүмкін емес. Бірақ та ең басты жетістік бар, ол – оқушылардың қызығушылығы, шығармашылық дайындықтары, жаңа білім алуға деген құштарлықтары және жеке жауапкершіліктерін сезінуі. Компьютер әр сабақты бір біріне ұқсамайтындай етіп өткізуге мүмкіндік береді. Әрқашан бір жаңа нәрсені үйрену оқуға деген ықыластарын арттырады. Барлық ақпараттық каналдардың ең қуаттысы визуальді болып табылады, сондықтан оны мультимедиалық құралдар арқылы білім беру саласында қолдану біршама өңделген. Бірақ ол басқа медиа құралдардың маңыздылығын жоймайды. Мысалы, материалды меңгеру нәтижелілігіне әрбір мультимедиалық оқулыққа музыкалық үйлесімділікті орнату да өз үлесін қосады.
Мультимедиа оқулықтарындағы клавиатура мен тышқанның үйлесімді ойластырылған әрекеті білім беру технологиясының тағы да бір артықшылығын айқындайды. Ол мануальді жаттығулардың жадыны біршама дамытуға негізделген. Мультимедиалық технологиялардың оқу процесін байытатыны даусыз, білім алушының сезім компоненттеріне тікелей әсер етіп, нәтижелілігін арттырады. Г. Кирмайерге сәйкес мультимедиалық технологияларды оқыту процесінде интерактивті пайдалану меңгерілген материалдың 75% пайызын құрайды. Мультимедиалық технологиялар көрнекі статикалықтан оқулықтан динамикалыққа айналдырды. Ертеректе мұндай мүмкіншілікке білім беретін теледидар ғана ие болатын, бірақ бұл облыста интерактивті аспекті жоқ. Уақыт ағымына қарай дамитын процестердің үлгісін жасау және осы процесстердің параметрлерін интерактивті ауыстыру - мультимедиалық білім беру жүйесінің маңызды дидактикалық артықшылығы болып табылады.
Мультимедиалық технологияларды қолдану тәжірибесі мынаны көрсетеді:
-
Оқушылардың жұмысқа деген қызығушылықтары мен белсенділіктерін жоғарылатады;
-
Ойлау қабілеттерінің алгоритмдік стилі дамиды, үйлесімді шешімдер қабылдауға іскерліктері қалыптасады, вариативті іс істеуді дамытады;
-
Мұғалім ескішіл жұмыстың көпшілігінен босайды, алынған нәтижелер негізінде шығармашылық қызметін жоғарылату мүмкіншілігі туады.
1.3 АКТ-ны пайдаланудың негізгі бағыттары:моделдеу, есепке алу және бақылау, оқу үрдісін қолдану.
Модельдеу-басқа жүйенің көмегімен физикалық және абстрактілі жүйені жүргізудің әртүрлі сипаттамаларын ұсыну В.И.Першиков.
Ақпараттық модель (Информационная модель; information model)
1) басқару жүйесінде – автоматтандырылған өңдеуге жататын ақпарат айналымының процесін параметрлік ұсыну;
2)мәліметтер базасында - тұтастық шектеулер жиынтығы;
мәліметтер құрылымын тудыратын ережелердің, олармен жүргізілетін операциялардың, сондай-ақ рұқсат етілетін байланыстар мен мәліметтердің мәнін, олардың өзгерістерінің тізбегін анықтайды; мәліметтер мен олардың арасындағы қатынастарды математикалық және программалық тәсілдермен ұсыну; ақпараттық құрылымдар мен олармен жүргізілетін операцияларды формалдық баяндау.
Ақпараттық модельдердің басқа да ақпарат түрлері сияқты өзіндік тасымалдаушысы болуы керек. Олар қағаз, сынып тақтасы, қабырға – яғни, бірнәрсе жазуға, бейнелеуге болатындай кез-келген бет болуы мүмкін. Бұл тасымалдаушыларда модельдер түрлі “физикалық” тәсілдермен: қалам, бор, бояу, диапроекторлық жарық бейнесі көмегімен жазылады. Біздер жалпы жағдайда ақпараттық модель түсінігінің аясында берілетін мазмұнда түсінеміз. Мысалы, квадраттық теңдеу формуласы қалай және қайда жазылғандығына қарамастан квадраттық теңдеу формуласы болып қала береді.
Модель (фр. modele, ит. modello, лат. modulus - өлшем, үлгі) – бұл:
-
нақты объектінің қарапайымдандырылған ұқсасы;
-
заттың кішірейтілген/ұлғайтылған түрдегі макеті;
- табиғат пен қоғамдағы қандай да бір процесстің/құбылыстың бейнесі, сипаттамасы және схемасы;
- жұмыс істеуі анықталған параметрлер бойынша нақты объектінің
жұмыс істеуіне ұқсас физикалық/ақпараттық аналогы;
- анықталған шарттарда түп нұсқа объектінің бізді қызықтыратын қасиеттері мен сипаттамасын алмастыра алатын алмастырушы-объектісі;
-модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін объектінің/құбылыстың кейбір нақты жақтарын бейнелейтін жаңа объект.
Ақпараттық модель – модельденуші объектінің ақпаратты кодтау тілдерінің бірінде сипатталуы.
Модельдеу – бұл:
- нақты бар объектілердің (заттар, құбылыстар, процестер) модельдерін құру;
- нақты объектіні қолайлы көшірмемен алмастыру;
- таным объектілерін модельдері арқылы зерттеу.
Модельдеу кез-келген мақсатқа бағытталған қызметтің ажырамас бөлігі. Модельдеу танымның негізгі әдістерінің бірі.
Нақты қызметтердегі объект модельдері төмендегі жағдайларға пайдаланылады:
-
материалдық заттарды бейнелеу;
-
белгілі фактілерді түсіндіру;
-
болжамдар құру;
-
зерттелінетін объект туралы жаңа білімдер алу;
-
болжау;
-
басқару және т.с.с.
Ақпараттық модель-ақпараттық объектілер жиынтығы, олардың атрибуттары мен объектілерінің арасындағы қатынастардың жиынтығын, пәндік саланың динамикасының өзгерісін, пайдаланушылардың ақпаратты тұтыну сипатын анықтайтын пәндік саланың моделі. Алгоритм және программа – бұл ақпараттық моделдердің әртүрлі түрлері. Компьютерде жүретін кез келген процестің сәйкес ақпараттық модельді құрып, зерттеу өтуі мүмкін емес.
Білім берудің ұлттық моделі-жалпы білім беру моделі негізінде оның жетістіктері мен үздіксіздігімен білім берудің төрт деңгейін қамтиды:
-
мектепке дейіңгі оқыту және тәрбиелеу;
-
орта білім беру;
-
жоғары кәсіптік білім беру;
-
жоғарғы оқу орыннан кейінгі кәсіптік білім беру;
Ақпараттық модельдердің негізгі сандық бағаларының бірі оның күрделілігі.
Құрылымның күрделілігін оның ең кіші сипаттамасының ұзындығы ретінде түсіну керек (А.Н.Колмогоров бойыншы күрделілік).
Алгоритмнің күрделілігі оны орындауға жұмсалатын уақыт пен қажетті ресурстар (ЭЕМ, оның жады көлемі, қажетті аппараттық/ бағдарламалық жабдықтар) арқылы анықталады.
Құрастырылымды емес объектінің негізгі күрделілік бағасы оның шексіз көп элементтерінің болуымен байланысты. Элементтердің мұндай жиыны дискретті әрі үзіліссіз ұйымдастырылуы мүмкін.
Құрастырылымды емес объектілер негізінен сапалық жағынан бағаланады.
Егер объект күйі белгілі заңдылықтарға бағынып, бастапқы шарттармен бірмәнді анықталса, сәйкес детерминациялық модельдер белгілі физикалық, математикалық, экономикалық заңдар негізінде оның болжамдылығы тұрғысынан сандық бағалануы мүмкін.
Детерминациялық модельдер ортасынан күйі модельденуші объект күйі сияқты бастапқы шарттардың өзгеруіне сәйкес орнықты модельдер бөлінеді.
Модельденуші объектіге түрлі кездейсоқ әсерлердің ықпалын ескеріп, объект күйінің ықтимал (стохастикалық, индетерминациялық) моделін құру қажет. Ықтимал модельдің сандық бағасын ықтималдық теориясы мен математикалық статистика негізінде алуға болады.
Индетерминациялық модельдер орта мән (математикалық күтім), орта мәннің орташа ауытқуы (дисперсия) сияқты көрсеткіштермен сипатталады.
Модельдерді келесі параметрлер бойынша сандық бағалауға болады:
объектінің сыртқы түрін модельдеуде:
- физика-химиялық сипаттамалардан (өлшемі, салмағы, түсі т.с.с.) берілетін дәлдік (өлшеу қателігі);
- пропорцияны, масштабты сақтау;
- объект құрылымын модельдеуде:
нақты көрсеткіштер:
- бейнеленетін элементтер мен олардың өзара байланыстарының үлесі (пайыз);
- элементтер салмағы мен олардың арасындағы байланысты бейнелеу дәлдігі (дөңгелектеу қателігі);
- объект құрылымын деталдау (ірілендіру);
- ықтимал көрсеткіштер:
- элементтер санының орташа мәні мен бұл мәннен орташа ауытқуы (дисперсия);
- орта бағалардың дәлдігі (сенімділік аралығы);
- объект күйін модельдеуде:
нақты көрсеткіштер:
- объект қатысатын себеп-салдарлық байланыстарды ескеру дәлдігі
(есептеу қателігі);
-
дискретті модельдер (дербес жағдайда сандық) көмегімен үзіліссіз процестерді модельдеуде дискреттеу қадамдары (кванттық уақыт периоды);
-
модельдеу процесінің уақыт параметрі бойынша бейнеленуінің пропорционалдылығы (теңөлшемділігі);
ықтимал көрсеткіштер:
-
модельденуші объект күйі параметрлері таратылымының ықтимал заңдары;
-
объектінің бақыланатын күйі мен оның моделі арасындағы айырымның статистикалық мәнділік деңгейі.
-
Модельдерді келесі параметрлер бойынша сапалық бағалауға болады:
-
модель мен объектінің ұқсастық алмасу дәрежесі (жоғары, орта,
ұқсастықтың төменгі дәрежесі);
-
модель бойынша объектіні тану дәрежесі (танылды, тануға болады,
танылмайды);
-
модель бойынша объект күйін алдын-ала болжау дәрежесі.
Компьютерде есептеу
Егер біз математикалық модельдеуді компьютерде атқаратын болсақ, машина есептеу барысында зерттеушіні қызықтыратын кез –келген мәліметті бере алады. Бұл мәліметтердің сенімділігі құрылған модельмен анықталады. Осы себеппен қолданбалы зерттеулерде ешқандай толық түрдегі, басқа сөзбен айтсақ, өндірістік есептеулерді құрылған программа көмегімен бірден орындауға болмайды. Ол үшін алдымен тесттік есептеулер кезеңін өткізу керек. Олар программаны түзету үшін ғана емес, алгоритмді құру мен оны программалық іске қосу барысында жіберілген қателерді тауып, түзетуге арналған.
Бұл алдын –ала есептеулерде математикалық модель де сынақтан өтеді, оның құбылысты қаншалықты дұрыс сипаттайтынын, шын өмірдегі жағдайға қаншалықты сәйкес келетінін анықтайды. Ол үшін бір қатар сенімді өлшеу нәтижелері бар бақылау тәжірибелерін қайта есептеп, жауабын алынған нәтижелермен салыстырады.
Бұл жағдайлар параметрлерінің кіші шамалары үшін орындалады, яғни, толыққанды зерттеулер жүргізген кезде пайда болатын қиындықтар тумайды. Осы нәтижелерді есептеу, нәтижелерімен салыстыру арқылы математикалық модельді анықтауға, модель көмегімен алынатын болжамның дұрыстығына көз жеткізуге болады.
Нәтижелерді талдау
Бұл кезде модельде алынған нәтижелердің зерттелуші объектіге сәйкестігі талданады. Модель негізінде зерттеуші есептеу тәжірибелері көмегімен модель негізінде қойылған сұрақтарға жауап алып, тиісті талдаулар жасайды. Талдау барысында гипотезалық модель мен есептеу алгоритмі сәтті таңдап алынады ма деген сұраққа жауап беріледі. Егер модель зерттелетін объектіге сәйкес келмесе, модель құрудың бастапқы сатысында –ақ маңызды нәрселерді елемей кеткетніміз. Бұл жағдайға модельді анықтап, жетілдіруге тура келеді. Егер оның негізіндегі мүмкіншілігі жоқтығы анықталса, алғашқы берілген жағдайлар қайта қаралып, жаңа модель құрылады. Мысалы, алынған модель таңдалатын параметрлерді болса да анықталған параметрді есепке алу үшін барлық кезеңдерді қайталау керек. Зерттелетін объектіні жеткілікті дәрежеде толық және таңдап алынған критерийлер бойынша қажет етілген дәлдікпен сипаттаса, модеь құрылып, аяқталады деп есептеуге болады.
2. Электрондық және виртуалдық кітапханалар және каталогтар. Электрондық оқулықтар мен қашықтық курстар. Виртуалдық мектептер.
-
Электрондық оқулықтар
-
Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты
-
Виртуалды шындық
-
Қашықтан оқытудың негізі
-
Қашықтан білім берудің сипаттамалары
-
Қашықтан оқыту әдістері.
-
Қашықтан оқыту құралдары
Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды енгізу. Өйткені, бүгінгі таңдағы білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын орындау немесе оқулықты пайдалану заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Оқу материалдарын ұтымды игеруде электрондық оқулықтардың атқаратын рөлі зор. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдар графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсіну және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтеді және материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.
Электрондық оқулықтар – ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың тұжырымдық негізі модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуге жол ашады.
Электрондық оқулық - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияларға негізделген оқыту, бақылау, моделдеу, тестілеу, т.б. бағдарламалардың жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:
- кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;
- жай оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса, электрондық оқулық қажетті оқулықты тез мүмкіндік береді;
-гипермәтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Ең бастысы, электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:
- белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;
- электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест, материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;
- электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын, яғни, берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру;
- белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.
Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса, онда экранда пайда болатын оң жақ тік төменгі көлденеңінен жылжыту сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-төмен, оңға–солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді. Сондай-ақ кейбір пәндерге, атап айтқанда, физика, химия, биология секілді пәндерге қатысты үрдістерді анимациялап көрсету, тіпті кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін MPEG, AVI типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипермәтінді формат арқылы электрондық оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік әдістемелік деңгейін арттырады.
Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процессін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Осы принципті басшылыққа ала отырып, қазіргі заман талабына сай сабақтарда жүйелік бағдарламаны пайдаланып, оқу бағдарламасын да электрондық оқулық негізінде құрған өте тиімді. Әр сабақтарға арналған бейне көрініс электронды оқулықтарда бар. Бұл электрондық оқулықтарды пайдаланып сабақ өткізу өте тиімді, мұғалім көп ізденбей дайын сабақтарды өз жұмысында пайдалануға толық мүмкіншілігі бар. Әсіресе, логика, алгоритм, интернетке шығу, WEB сайт құру.
Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтардың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруіне зор ықпал етеді. Себебі, көптеген электронды оқулықтарда оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.
Мазмұны қиындау бір үлкен тақырып бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жай түрде көрсетуге пайдалы. Электронды оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіндік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет элементі – аудио хабарлар.
Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электронды оқулықтарды сабақта пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін электронды оқулықтарды тиімді пайдаланып отырсақ білім берудегі еңбегіміз жақсы нәтижеге жетер еді.
Электрондық оқулықтың мазмұндық бөлігі гипермәтін арқылы жүзеге асырылады. Бұл мәліметтер жиынтығы ретінде ақпараттық–оқу ортасы болып саналады. Ол білім беру міндетті білім деңгейі талаптарына сай электронды оқулықты жасаушы автордың көзқарасымен іріктеледі. Гипермәтіндер сол пән саласы бойынша бейне материалдармен толықтырылады.
Электрондық оқулықтың операциялық бөлігі интерактивті режимдегі тапсырмаларды орындауға негізделген. Бұл әдістің жүзеге асуы, негізінен, оқыту әдістемесіндегі педагогикалық мәселенің дайындалу деңгейіне және сонымен қатар қашықтықтан оқыту әдістемесіне байланысты.
Электрондық оқулықтың бағалық - нәтижелік бөлігі тесттер арқылы жүзеге асады. Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін оқушы диаграмма түрінде өзінің білім деңгейін көре алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үрдісінде кеңінен енуі оқушылардың өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамыта отырып, электрондық оқулық көмегімен олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.
Электрондық оқулықтар пән саласындағы жетекші мамандар, педагогдидактика - әдіскерлер және программист – дизайнер – операторлардың бірігуімен оқу бағдарламасына сәйкес жасалынады, олар қарым-қатынас арқылы білім бағдарламасының мазмұнын анықтайды. Алайда, берілген бағдарлама оқыту әдісінің позициясын жағынан негізі психологиялық–педагогикалық және әдістемелік талаптарға жауап беретіндей болуы керек.
Э
Бағалы-нәтижелік
Операциялық
Мазмұндық
Мотивациялық мақсаты
Электрондық оқулық
лектрондық оқулықтар – оқытудың автоматтандырылған процесі болып табылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен немесе өздігінен модульдермен, гипермәтіндермен, тапсырмалармен, тестілермен таныса алады.
1-сурет. Электрондық оқулықтың құрылымы
Мұндай мәтіндік және компьютерлік деп бөлінетін екі дидактикалық бөліктен тұратын электрондық оқулықтарды оқу процесінде пайдаланудың моделін 2-суреттегідей бейнелеуге болады, ал бастауыш мектепте мұның алғашқы қадамдары ғана қалана бастайды. Мәселен, оқушының өз бетімен жұмыс жүргізуі мүмкін емес, оған мұғалімнің басшылығы өте қажет. Сондықтан бұл модельге түбегейлі болмағанмен өзгерістер енгізеді.
Бұл модельге сәйкес оқу материалының мазмұны электрондық оқулықтағы модульдер көмегімен беріледі. Оқу материалы компьютерлік жаттықтырғыштар, тапсырмалар арқылы сабақта бекітіледі. Электрондық оқулықтарда компьютерлік жабдықтары әдістемелік нұсқауларымен енгізіледі. Электрондық оқулықтармен жұмыс оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, оқу материалын тереңірек білуге талпындырады, таным белсенділігін күшейтеді, сонымен қатар оқу процесін қарқындандырады.
Білім тексеру
Лабораториялық сабақ
Электрондық оқулықпен сабақтан тыс уақыттағы өзіндік жұмыс
Мұғалімнің басшылығымен өзіндік жұмысты ұйымдастыру
Оқу материалы
Практикалық сабақ
Компьютерлік оқыту жабдықтары
Электрондық оқулық
2-сурет. Электрондық оқулықты пайдалануға негізделген оқытудағы ақпараттық технологияның моделі.
«Электрондық оқулықтар жасаудың педагогикалық техникалық құрылымы оқыту үрдісінің заңдылықтарына негізделіп, бір-бірімен байланысты төрт бөліктен тұрады» - деп көрсетеді Г.Қ.Нұрғалиева өз еңбегінде.
Электрондық оқулық материалдарын оқу процесінде жаңа материалды оқу (танымдық іс-әрекет, аналитикалық талдау); оқушылардың ізденіс жұмыстары (тапсырма бойынша жеке көзқарасты компьютерде бейнелеу, белгілі бір сұрақ төңірегінде ізденіс жүргізу, тақырып бойынша материалдарды жүйелеу, жинақталған компьютерлік материалдарды өңдеу); аралас сабақ (оқып-үйрену, қайталау, жалпылау); өз бетімен оқу (ақпарат блоктары арасындағы қатынас бойынша жаттығу, жеке дара шығармашылық жобалармен айналысу); білім тексеру (логикалық тапсырмаларды, тестілерді пайдалану); қайталау (оқу материалдарын, тапсырмаларды қайталау) үшін пайдалануға болады.
Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты – оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық–ізденіс қабілетін дамыту.
Білім берудің кез келген саласында, соның ішінде гуманитарлық оқытылатын пәндерге «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызады.
Жалпы орта білім саласына ене бастаған қазіргі мультимедиалық құралдардың бірі «виртуалды шындық» деп аталатын технологияға негізделген модельдеудің әр түрлі құралдары болып табылады.
«Виртуалды шындық» нағыз бар немесе ойдан құрастырылған нысандарға немесе процесстердің электрондық модельдері жатады.
Виртуалды шындық – бұл дыбыстық, көзге көрнекті, тактильді және т.б. ақпарат түрлерін бейнелейтін және қолданушының көлемді виртуалды кеңістікке енуін, реалды уақытта бұл кеңістіктің нысандарына қатысты қолданушының жылжуына жағдай жасайтын мультимедиалық құралдар.
"Виртуалды шындық" жүйелері адамның ортамен тікелей қарым – қатынасын қамтамасыз етеді. Олардың ішінде қолданушы компьютердің жадысындағы ортадағы нысанды қолымен ұстай алады. Бұл әрекетті датчиктері бар қолбақ киіп іске асыруға болады. Басқа жағдайда экранда бейнеленген затты «аударуға» және оны басқа жағынан қарастыруға болады. Қолданушы «ақпараттық киім-кешекпен», «ақпараттық қолбақпен», «ақпараттық көзілдірікпен» (көзілдірік - мониторлары) немесе басқа аспаптармен қамтамасыз етіліп, виртуалды кеңістікке қадам баса алады (6-сурет).
Осындай тәрізді мультимедиалық құралдарды мектепте қолдану қабылданатын ақпаратты ойластыру және тану механизмін өзгертеді.
Тәуелсіз еліміздің рухани және экономикалық өрлеуі, білім берудің қазіргі жаңа құрылымы мен оқу-әдістемелік мазмұнының өзгеруі оқытушылардың өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап етеді. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану арқылы жаңа инновациялық әдістері ретінде қашықтықтан оқыту жүйесі жетекші рөл атқарады. Қашықтықтан білім беру дегеніміз – оқытушы мен оқушының қазіргі заманда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үрдісінде пайдалануды жүзеге асыруы. Компьютермен жұмыс істеу оқушының танымдық қабілетін арттыра отырып білім нәтижесіне көз жеткізеді. Компьютер арқылы оқыту мынадай міндеттерді қамтиды:
-
оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашады;
-
оқыту, тәрбиелеу үрдісіндегі ақпараттық алмасу сипатын айқындайды;
-
дайын бағдарламаларды қолдана білу шеберлігін арттырады;
-
ойлау қабілетін дамытады.
Жалпы қашықтықтан оқытуды сырттай конференция өткізуге мүмкіндік беретін спутниктік байланыс: кабельді теледидар, компьютерлік желілер мен CD-ROM дискілері, электронды пошта желілері, т.б аудио-видео құралдары арқылы ұйымдастыруға болады. Бүгін интернет немесе теле көрсетіліммен ешкімді таңдандыру мүмкін емес, себебі олар оқу-танымдық қызметінде үнемі қолданылып жүр.
«Ауыл мектептерін қашықтықтан оқыту» жобасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру – бүгінгі күннің басты мақсаты.
Қашықтықтан оқытуды жүзеге асырудың негізгі әдістері электронды оқулықтар мен «Қашықтықтан оқытудың жер серіктестігі» арнасы болып табылады. Ал қарама-қарсы байланыс интернет арқылы жүзеге асырылады.
Қашықтықтан оқытудың Жер серіктестігі арнасының басты мақсаты – ауыл мектептерін ашық білім кеңістігіне қосып, ауыл оқушыларының білім сапасын арттыру, ауыл мектептеріне ғылыми-әдістемелік көмек көрсету. Қашықтықтан оқыту Жер серіктестігі арнасы барысында біз дәстүрлі сабақтың ауқымын кеңейтіп, ақпараттық ортаны едәуір жоғарылатып, білім беру үрдісін көру арқылы қабылдауын қамтамасыз етеміз, яғни бұл арнаның басты ерекшелігі және тиімділігі оқушы мен оқытушының арасындағы байланыс көзбен көру арқылы жүргізіледі. Мұнда бейнетаспаға түсіріліп алынған сабақтар мен телебағдарламалар басты рөл атқарады, яғни кез келген пәннен түсірілген белгілі бір тақырыптағы телевизиялық оқу сабақтары оқытушының сабақты жүргізу әдісін бейнетаспаға жазып алумен ерекшеленеді.
Компьютерлік телекоммуникациялы тиімді кері байланысты қамтамасыз етеді, ол әрі оқу материалын, әр оқушылармен қарым қатынасты (электрондық почта, телеконференция арқылы) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Қашықтықтан мұндай оқыту қашықтан оқыту деген атауға ие болды.
Қашықтан білім беру жүйесі деп арнайы ақпараттық білім беру ортасының көмегімен ақпарат алмасу құраладарының қызметіне бағытталған кез келген қашықтықта халыққа ұсынылатын білім беру қызметін түсінеміз.

Әрбір кезеңнің сипаттамасы оқушылар мен мұғалімді байланыстыратын коммуникациялық база болып есептеледі. Бірінші кезеңнің коммуникациялық базасын әдеттегі почта атқарды, ол корреспонденция алмасу арқылы жүзеге асты. Радио, теледидар, аудио және бейне техникалардың таралуымен дистанциялық оқытудың екінші кезеңі анықталады.
Қашықтан оқытудың бірінші және екінші кезеңдері оқытушымен оқушылардын арасындағы асинхронды байланыспен сипатталды.Интерактивті коммуникациялық технологияларды дамуы дистанциялық оқытудың үшінші буынының базасын қалыптастырады. Бұл кезеңде ақпарат алмасу негізінен синхронды болып табылады,яғни ақпарат алмасу шынайы уақыт режимінде жүзеге асты.
Қашықтан білім берудің педагогикалық – психологиялық негіздерін жеке мәселелері: ұйымдастырушылық, әдістемелік, технологиялық аспектілері ғалым, мамандардың зерттелуінде қарастырылады, олардын әр қайсысы өз кезегінде қашықтан оқытудың идеясын педагогикалық практикаға еңгізу, ғылыми зерттеулерді, ұйымдастырумен үгіттеуге өз үлестерің қосты: А.А.Андреев, Д.М.Джусубалиева, А.А.Дувонов, В.А.Каймин, В.Г.Кенелев, Г.К.Нурғалиева, Е.С.Полат, И.В.Роберт, В.П.Техомиров, А.В.Хуторской.
Уйлестірілген класс моделі әр жерде орналасқан бір класс, оқушылар тобынын есептелген курсті интерактивті телекоммуникациялық технологиялар кенейткен жағдайда пайдаланылады.
Өз бетімдік оқыту моделі,оқушыларды анықталған уақыт кестесі бойынша белгілі бір класс бөлмесінде отыру қажеттілігінең босатумен сипатталды.
Ашық оқыту моделі дистанциялық топтын ішінде оқушылардың қарым – қатынасын ұйымдастыру үшін оқушыға курсті интерактивті телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, өзіне қолайлы жылдамдықпен оқуға мүмкіндік беретін курсті баспа түрінде беретін және басқада құралдары пайдалануын қамтиды.
Қашықтан оқытудың негізі-курстан оқу матералдарынын: әдебиеттермен аудио бейне кассеталардағы жазулар,компьютерлік программалар тақырыптар бойынша арнайы іріктелген оқушылардын өзіндік жұмысы.
Қашықтан білім берудің сипаттамалары:

Қашықтан оқыту әдістері. Қашықтан оқыту дәстүрлі оқыту тәрізді екенін зерттеулер көрсетті, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б зерттеушілердің жұмыстарына сүйене отырып, бес жалпы дидактикалық оқыту әдісін ерекшелеуге болады: ақпараттық рецептивті, репродуктивті, проблемалық, зерттеу және эвристикалық.
Қашықтан оқыту құралдары.Қазіргі және болашақ оқыту құралдары:

Қашықтан оқыту түрлері. Әлеуметтік гуманитарлық пәндерді практикалық оқытуда, білім беруді дәстүрлі формаларында да, регламентті оқыту формалары: лекция, семинарлар, зертханалық сабақтар, бақылау жұмыстары, курсттық жұмыстар, емтихандар, өз бетіндік жұмыс және т.б. кеңінен таралған.
Қашықтан оқыту – оқулық материалын жеткізу, оны өз бетімен оқып-үйрену, оқыту үрдісі қандай да бір нақты оқу орнының орналасқан жеріне тәуелсіз болған жағдайда оқытушы мен оқушылар арасындағы сұхбатты ұйымдастыру үшін қолданылатын дәстүрлі және жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген оқытудың интеграциялық нысаны.
Қазақстанда қашықтан оқыту жүйесін халықтың мынадай категориялары қажет етеді:
-
ЖОО студенттері;
-
Орта мектеп оқушылары;
-
Түрлі деңгей басқарушылары;
-
Аймақтық басқару органдары жетекшілері;
-
Жұмыспен қамту қызметінде тіркелген тұлғалар;
-
Екінші білім алуға немесе біліктілігін өзгертуге ниет білдірген тұлғалар;
-
Қандай да бір білім саласындағы біліктілігін арттырғысы келетін тұлғалар.
Қашықтан оқытудың негізгі ақпараттық технологиялары:
-
оқу-әдістемелік материалдар жинақтарын құрамдастырып, оқушыларға өз бетімен оқып-үйрену үшін таратуға негізделген кейс-технологиялар;
-
эфирлік, кабельді және ғарыштық телевизия жүйелерін пайдалануға негізделген ТВ-технологиялар;
-
студенттерді оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін де, оқытушы мен оқушы арасындағы интерактивті қарым-қатынас орнату үшін де Internet желісін пайдалануға негізделген желілік технологиялар;
Internet арқылы қашықтан оқыту жүйесін Internet желісіне қатынай алатын кез келген адам пайдалана алады.
2006 жылдың басында «Шалғайдағы және осал аймақтардың орта мектептері үшін АКТ пайдаланып қашықтан оқыту» ЮНЕСКО жобасы аясында Республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми-әдістемелік орталығы «Modular Object Oriented Digital Learning Environment (MOODLE)» - http://moodle.rcie.kz/moodle/ - Қашықтан оқыту порталын ашты.
Порталда тіркелген пайдаланушылардың мектеп бағдарламасы бойынша білім беру материалдарына тегін қатынауға, біртұтас ұлттық тестілеуге әзірленуге, сынақ тестілеуден өтуге, әдістемелік көмек алу мүмкіндігі бар.
Форумда оқытушылар әрбір оқу курсы бойынша пікір алмасып, қандай да бір тақырып бойынша сабақ өткізу тәжірибесімен бөлісіп, жаңа тақырыптарға пікірталастар ұйымдастыра алады.
Қорытынды
Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, ақпараттық коммуникациялық технология интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық – коммуникациялық технологиялар маңызды рөл атқарады. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, теле-конференция коммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуы керек.
Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Ақпараттық коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:үйренушінің шығармашылық әлеуетін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі мәдениетін дамыту; оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру; қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу.
Мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық технологиялардың пайдалану жөніндегі қызметі табиғатының, оның мақсаттарының өзінің сапалық өзгеруі оқыту мақсатында ақпараттық коммуникациялық технология пайдалану дағдысына әсер ету жолымен мүмкін болуы мүмкін.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан ақпараттық коммуникациялық технологиялық дидактикалық әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылатындай. Сондай-ақ педагогтың компьютерік сауаттылығы ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер
1. ГиглавыйА.В., Кравчук Т.П. Лицей информационных технологий. — М.: Финансы и статистика, 1995.
2. Информатика: 10—11 кл. / Под ред. Н.В.Макаровой — СПб.: Изд-во «Питер», 1999.
3. Информационная культура: 11 кл. — М.: Дрофа, 1999.
4. Каратыгин С., Тихонов А., Долголаптев В. Базы данных: простейшие средства обработки информации, электронные таблицы, системы управления базами данных: В 2 т. — М.: ABF, 1995.
5. Макарова Н. В. и др. Информатика. Практикум по технологии работы на компьютере. — М.: Финансы и статистика, 1998.
6. Пакеты программ офисного назначения. — М.: Финансы и статистика, 1997.
7. Симонович С., Евсеев Г., Алексеев А. Специальная информатика: Учеб. пособие. — М., 1998.
8. Советов Б.Я. Информационная технология. — М.: Высш. шк., 1994.
9. Статистические и динамические экспертные системы. — М.: Финансы и статистика, 1996.
10. Шафрин Ю.А. Информационные технологии: 10-11 кл. — М.: Лаборатория Базовых Знаний, 1999.
11. Шишкин Е. В. Начала компьютерной графики. — М.: Диалог-МИФИ, 1994.
Қосымша әдебиеттер
12. Бехтева Е.В., Кокаулин В. Д. Интегрированный курс «Основы предпринимательства, экономики и информатики» // ИНФО. – 1998. – №4.
13. Бешенков С. А. «Информатика и информационные технологии» (гуманитарный профиль) // Информатика: Ежен.прил. к газ.«Первое сентября». –1998. – № 39 – С. 19- 22.
14. Богуславский А.А. Школьная система автоматизированного проектирования // ИНФО. - 1999. - № 7. – С. 59–64.
15. Боровиков В. П., Боровиков И. П. STATISTICA – Статистический анализ и обработка данных в среде Windows. – М., 1997.
16 Брызгалов Е.В., Шестаков АЛ. Уроки по ACCESS // ИНФО.– 2000. №7.С. 18-29.
17. Велихович Л. С. Программа курса информатики // Информатика: Еженед. прил. к газ. «Первое сентября». –1995. –№ 11.
18. Горячев А. В., Шафрин Ю.А. Практикум по информационным технологиям. — М.: Лаборатория Базовых Знаний, 1999.
19. Гриценко А. Н., Угринович Н.Д. Информационные технологии и основы предпринимательской деятельности (экономический профиль) // Программы для общеобразовательных учреждений. Информатика. — М.: Просвещение, 1998. - С. 100-103.
20. Гуров В. В. Интернет для бизнеса. — М.: Электрон-информ, 1997. 2\.Диго СМ. Проектирование и использование баз данных: Учеб. — М.: Финансы и статистика, 1995.
22. Ефимова О., Морозов В., Шафрин Ю. Курс компьютерной технологии. - М.: ABF, 1998.
23. Ефимова О., Морозов В., Шафрин Ю. Практикум по компьютерной технологии. — М.: ABF, 1998.
24. Заичкина О. И., Поляков В. Л. Новые возможности профориентации // ИНФО. - 1997. -№1.
25. Информатика. Задачник-практикум / Под ред. И.Г.Семакина и Е.К.Хеннера. — М.: Лаборатория Базовых Знаний, 1999.
26. Информационные системы в экономике: Учеб. / Под ред. В.В.Дика. — М.: Финансы и статистика, 1996.
27. Исаева О.В. Практикум по СУБД ACCESS 2.0 // ИНФО. - 2000. -№ 3.- С. 20–31; № 4. –С. 23 –34.
31
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мектепте АКТ құралдарының даму тарихы

шағым қалдыра аласыз