Мектепте дене тәрбиесі пәніне психологиялық қолдау: түйткілдері және шешу жолдары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектепте дене тәрбиесі пәніне психологиялық қолдау: түйткілдері және шешу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепте дене тәрбиесі пәніне оқушыларға психологиялық қандай көмек көрсете алады.Оқушыларға психологиялық көмек беру жолдарын табу және оны саралау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепте дене тәрбиесі пәніне психологиялық қолдау: түйткілдері және шешу жолдары


Төребек Бауыржан Өмірбекұлы


Қызылорда қаласы, №136 Т.Жүргенов

атындағы мектеп –лицейінің

бағдарламашысы



Спорттың адамға берер пайдасы шаш етектен. Үнемі бір формада болу, сұлу бітімде қалыптасу, денсаулықты жақсарту және творчестволық-интеллектуалдық қабілетті өсіру және де мінез - құлық қалыптасады.Алға қойған мақсатқа жетуді және қалай жеңу жолдарын үйретеді. Спорт өзінің педагогикалық жағымен, спорттық дайындығымен дене тәрбиесінің бір бөлігін құрайды, сондықтан, білім беру мен тәрбиенің барлық жүйесінің жиынтықтарына жауап береді. Спорт қоғам қызықшылықтарына қызмет ететін тәрбиелік, даярлық функцияларды дайындайды.

Спорт – тек қана жаттығуларды, жарыстарды ғана қажет ететін сала десек , мықтап қателесеміз. Спортқа психологиялық қолдау өте керек , яғни спорт психология саласымен тығыз байланысты.

Спорт психологиясы - жарыс және жаттығу әрекетіндегі адам психикасының білінуі мен дамуының, сондай-ақ топтық өзара әрекеттестіктердің заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының саласы.

Спорт психологиясының қазіргі уақыттағы негізгі міндеттері — спортшылардың спорттық жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар спортшы тұлғасын жан-жақты дамыту, оның жалпы және психологиялық мәдениетін көтеру болып табылады. Спорттық жарыстардың алдында спортшылардың психикасын сол үрдіске бейімдеп жаттықтыру және бәсекелестік мәселесінен жеңімпаз ететіндей нұсқалармен қаруландыру. жарыс барысында өзін-өзі билеп, басқара алатын дәрежеге машықтандыру негізгі мәселе болып табылады.

Психологияның басқа да көптеген бағыттары секілді спорт психологиясы XX ғасырдың 60 — 70-жылдарында қауырт дамыды; бастапқыда бұл саладағы негізгі зерттеулер спортшылардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін, спорттық жаттығулардың нәтижелілігін арттыру амалдарын зерттеуге жұмылдырылады. Қазіргі уақытта спорт психологиясы зерттейтін мәселелер анағұрлым көбейді. . Спорттың әр түріне орай, жалпы, педагогикалық, жастық және әлеуметтік психологияның жетістіктері ескеріле отырып арнаулы жаттығу кешендерінің бағдарламалары жасалуда. Олар спортшылардың физикалық, сондай-ақ психикалық жаттыққандығын, эмоциялық — еріктілік, этикалық, моральдық-адамгершілік және ұжымдық дайындалғандығын кемелдендіруге бағытталады.

Алайда менің бүгінгі сіздермен ортаға салар ойым – мектептегі спортқа психологиялық қолдау қаншалықты және қандай дәрежеде? Осы мәселе төңірегінде сөз қозғағанда, шыны керек, сөзден біраз тосылып қалатынымыз да рас. Мектеп психологы барынша, мүмкіндігінше жұмыс жасап жатыр . Дегенмен де мектептегі жас спортшыларға психологиялық дайындық, тренингтер өте көп қажет. Ең бастысы спортшыны тек қана жарыс алды дайындығы ғана емес,жас спортшының өз жеңістеріне және жеңілістеріне көзқарасы мәселелеріне көп көңіл бөлген дұрыс.

Мен Нұр-Сұлтан қаласындағы №40 Ә.Марғұлан атындағы мектеп-лицейінде дене шынықтыру пәні мұғалімі болып жұмыс жасаудамын. Оқушыларды спорттың түрлеріне баулу мақсатында әр түрлі үйірмелерді жүргіземін. Соның ішінде «Баскетбол» үйірмесі жетістіктерге жетелеп келеді. Осы үйірме арқылы жас баскетболшыларды баскетбол тәсілдеріне шыңдап, төселдіріп, тер төгіп келемін.Нәтиже де жоқ емес. Бәрін айтпай-ақ, Ынта"2003-2004 жылы туылған оқушылар арасында қала бойынша ll- орын алған биылғы жетістігімді мысалға келтіре кетсем де болады.

Оқу жылының басында маған үйірме бойынша командалар құру ,оларда тұлғалар аралық қарым-қатынастар орнату, олардың топтасқандығын және құндылық-бағдарлық бірлігін нығайту мәселелері , жаттықтырушы және жанкүйерлер арасындағы қарым-қатынас, командалар аралық қарым-қатынастар мәселелері тұрғысынан әлеуметтік-психологиялық ахуалды реттеу жағынан проблемаға кезіккенімді жасыра алмаймын. Міне сол кезде мектеп психологының қолдауы жеткіліксіз болып қалғандай еді. Осы жағдайда әр спортшыға жеке тұлға ретінде қарау керектігін басты назрда ұстанған дұрыс.

Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерекшелік бар. Оның бірі — әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар. Бұл – адамдардың типтік мақсаттарыен байланысты теориялық мәселе. Екіншісі – сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологияда айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделе отырып қарастырылады. Биологиялық фактор – адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиолигиялық қасиеттер, ал әлеуметтік фактор – адамның жетілуіне тіршілік ортасының, қоғамның, тәлім – тәрбие істерінің әсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірін – бірі толықтырып отырады.

Адамның өзіндік психологиялық сипатын зерттеуде ерекше орын алатын іс-әрекет түрі – оның белсенділігі. Белсенділік іс-әрекетпен, оның бағдар – мақсатымен, өмір – тіршілігімен тығыз байланысты.

Жас спортшы қабылдағанына, істеген ісіне, ойлағанына, арманына немқұрайлы қарамайды. Адам әрекетінің, оқиғаларының бірі бізді қуантса, екінші біреулерді мұңайтады, ал үшіншілері ашу шақырып, зығырданы қайнайтын жағдайға жетеді. Міне сол кезде оқушы бойындағы сезімдермен дұрыс жұмыс жасау керектігі келіп шығады. Сезімдер – өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Оқушылармен жүргізілтін сан алуан психологиялық тренингтер , сауалнамалар , зерттеулер өз нәтижесін берері хақ. Дегенмен де дәл сол сәтте спорт жаттықтырушысы әрі психолог, әрі педагог, әрі жаттықтырушы бола алатындай дәрежеде дайын болуы керек.

Қорыта айтқанда, спорттағы іс-әрекет психологиясы спортшының даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат етіп қояды.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2025
79
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі