Материалдар / «Мектепте коучинг пен тәлімгерлік практикасын ұйымдастыру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мектепте коучинг пен тәлімгерлік практикасын ұйымдастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік жұмыс жүйесінде жас маманмен тәлімгерлік жұмысты ұйымдастырудың жолдарын ұсыну және тәлімгерліктің жұмысын бағалау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2021
672
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өрлеу РИПКСО


Курс тақырыбы: «Мектепте коучинг пен тәлімгерлік практикасын ұйымдастыру»






Жоба тақырыбы: «Әдістемелік жұмыс жүйесінде тәлімгерлік тәжірибе сапасын бағалауды және тәлімгерлікті ұйымдастыру»





Курс кураторы: Аблуллаева А.А


Жоба жазғандар:

К.Әзірбаев атындағы №15 орта мектебінің ДӘЖО

Рустемова Эльвира Бегайдарқызы


К.Әзірбаев атындағы №15 орта мектебінің ДӘЖО

Исажанова Сандугаш Мадетовна


11 орта мектеп ДОІЖО

Суюмкулова Фаризат Маликовна



2020 жыл


Жоба жоспары


Кіріспе......................................................................................................................3

І. Тәлімгерліктің мақсаты мен міндеттері............................................................5

ІІ.Тәлімгерлік жоспар үлгісі.және тәлімгерлік жұмысын бағалауды ұйымдастыру.........................................................................................................13

Қорытынды............................................................................................................21

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................22























Кіріспе

Жоба мақсаты:

Әдістемелік жұмыс жүйесінде жас маманмен тәлімгерлік жұмысты ұйымдастырудың жолдарын ұсыну және тәлімгерліктің жұмысын бағалау

Жобаның міндеттері:

  • Әдістемелік жұмыс жүйесіндегі тәлімгерліктің жұмыс жоспарын ұйымдастыру жолдарын көрсету

  • Тәлімгерлік пен тәлім алушы арасындағы жоспар үлгісін және тәлімгерлік жұмысын бағалауды ұсыну

Тәлімгерлік мұғалімнің өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекетті талдау және ол туралы ойлануға түрткі болатын фактор ретінде де қарастыруға болады. Себебі, мұғалімнің кәсіби маман және жеке тұлға ретінде өсуіне мүмкіндік береді. Бағдарламада көрсетілгендей тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, қарым-қатынас болып табылады және бірқатар міндеттерді орындайды. Олар: тәлім алушыға мүмкіндіктер мен проблемаларды қарауға мүмкіндік береді, стратегиялық деңгейде өзінің жаңалығымен алмасады, тәлім алушыға шынайы мақсат қоюға және және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектеседі. Сонымен қатар мұғалімнің белсенді тыңдай білу, тәжірибені дамыту, сұрақ қою, проблемалардың шешімін өзіндік ізденуі сынды түйінді дағдыларын дамытуға қолдау көрсетеді. Басты ескеретін жайт, тәлімгерлік үдерісі шынайылыққа, адалдыққа, сенімділікке, ашықтыққа, ынтымақтастыққа құрылып даму қағидатына бағытталады. Алайда бұл ұстанымдар мен ережелер тәжірибеде  қаншалықты жүзеге асуда? Шынайы әріптестің тұлғалық және кәсібилігін дамытуға әсер етуде ме? Неліктен ол кей кезде қағаз жүзінде ғана қалып қояды?  деген сұрақтар мазалары анық. Осы ретте бағдарлама ұсынып отырған тәлімгерлік отандық білім беру жүйесіне таңсық немесе жаңадан келгені жоқ. Тек қана жаңа қырынан қарастырып, жүйелеп, бақылау тетіктерін айқындап беруде. Осы ретте тәлімгерлікті жүйелі жүзеге асырудың қадамдарын қарастыруға болады.

Қазақстан Республикасының педагогика мәртебесі туралы заңында

13-бап. Тәлімгерлерді бекіту тәртібі

      1. Бір оқу жылы кезеңінде орта білім беру ұйымына педагог лауазымына алғаш рет қабылданған педагогке оның кәсіби бейімделуіне практикалық көмек көрсететін тәлімгер бекітіледі.

      2. Жас педагогтерге тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды, тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.































І.Тәлімгерліктің мақсаты мен міндеттері туралы

Тәлімгерлік туралы

Мектеп тәлімгерлігі – білім беру ұйымдарындағы педагогикалық қызметте еңбек стажы жоқ мұғалімдермен жеке тәрбиелік жұмыс жүргізудің бір түрі.

Тәлімгер – сабақ беру мен тәрбие саласына қатысты әдістемелерді игерген, білімді, кәсіби және адамгершілік қасиеттері жоғары тәжірибелі мұғалім.

Жас маман – әдетте, жоғары оқу орындарының бағдарламалары бойынша педагогика негіздерін игерген, өз қабілет – қарымын одан әрі жетілдіруді қалайтын, іске жаңадан кіріскен мұғалім.

Тәлімгерліктің мақсаты мен міндеттері. Білім беру мекемелеріндегі мектеп тәлімгерлігінің мақсаты жас мұғалімдерге кәсіби тұрғыдан тәжірибе жинақтауға көмектесу болып табылады.

Мектеп тәлімгерлігінің негізгі міндеттері мыналар:

- Жас мамандардың педагогикалық қызметке ынта ықыласын ояту, оларды білім беру мекемелеріне тұрақтату;

- Мұғалімнің кәсіби тұрғыдан қалыптастыру процесін жеделдету және атқаратын қызметіне байланысты жүктелген міндеттерді өздігінен әрі сапалы етіп орындай білу қабілетін дамыту;

- Корпоративтік мәдениетке бейімдеу; мектеп ұжымының үздік дәстүрлерін, тәртіп ережелерін сақтауға, ұстаздық міндетті саналы түрде және творчестволықпен орындауға баулу.

Тәлімгерлік. Тәлімгер тәрбие жұмыстарына қабілетті болуы тиіс. Әдетте, тәлімгер жас маманға бір жылға жетпейтін уақытқа бекітіледі. Тәлімгер жұмысының тиімділігі, баға көрсеткіштері жас мұғалімнің сол кезеңдегі өз міндеттерін орындау деңгейінен көрінеді.

Тәлімгердің міндеттері:

- Жас маманның іскерлік және адамгершілік қасиеттерін, оның сабақ өткізуге, мектеп ұжымына, оқушылар мен олардың ата – аналарына деген көзқарасын, қарым – қатынасын, әуестіктері мен бейімділіктерін зерттеу;

- Жас маманды мектеппен таныстыру, оқу сыныптарының, кабинеттердің қызметтік және тұрмыстық орын – жайлардың жұмыс жүргізуі тәртібін түсіндіру;

- Қызметтің қыр – сырын игеруіне көмектесу;

- Қажетті кеңестер беру;

- Жас маманның оқу сабақтары мен сыныптан тыс шараларды өздігігнен өткізу жағдайларын бақылау және оған баға беру;

Мұғалімнің тұрақты түрде үйренуі керектігін бәріміз де мойындадық: күнделікті, жатпай-тұрмай, жүйелі әрі шынайы түрде. Кәсіби біліктілікті арттырудың мынандай түрлері бар:

- өздігімен (кітап оқу, іздену, дербес зерттеулер жүргізу, т.б.),

- құжаттармен жұмыс жасау,

- кәсіби қоғамдастық аясында (мектепішілік: сабақты зерттеу топтары құрамында, тәлімгерлік, тренинг пен коучингтерге қатысу, мектепаралық: басқа мектептердің мұғалімдерімен араласу арқылы, т.б.),

- курстарға қатысу.

Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру әдістерінің ішінде мен тәлімгерлікке тоқтауды жөн санадым.

Үйрену – адамның негізгі қасиеттерінің бірі.

 Адам өмір бойы үйренеді. Ең бірінші кезекте басқа адамдардан, солардың тәжірибесінен үйренеді: «білім – тәжірибе» (Джон Дьюи). Мысалы, тәлімгерлік арқылы. Сондықтан да әр адамның тәлімгері болғаны дұрыс, тәлімгерлік арқылы адам өзінің өмірлік тәжірибесін арттырады.

Мектепте де солай: әр мұғалімнің тәлімгері болуы керек. Тіпті жасы үлкен тәжірибелі мұғалімдерге немесе мектеп директорының өзіне де басқалардан үйренуге болады, мысалы, ағылшын тіліне немесе АКТ қолдануға. Мектептер осыған сәйкес тәлімгерлікті мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру құралы ретінде қолданады да.

Тәлімгерлік жұмысты ұйымдастыру мен қадағалауды мектеп директорының өз қолына алғаны дұрыс, өйткені бұл – өте маңызды жұмыс бағыты, мұғалімдердің кәсіби дамуының деңгейі осы жұмысқа мықтап тәуелді. Директор тәліптерді өз қарамағына алып, өзін тәліптердің «кураторы» деп атағаны да  орынды болар. Осы арқылы мектеп басшысы тәлімгерлікті мектеп мәдениетінің ең асқақ ұғымдарының біріне айналғанын көрсетер еді. Директор ылғи да әр отырыста, әр сөйлеген сөзінде жақсы тәлімгерлер мен тәліптер туралы жылы сөйлеп, солардың жұмыстары мен тәжірибелеріне сілтеме жасап, оларды қолдап отырса, барлық мұғалімдер өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын тәлімгер және тәліп болуға ынталанатын шығар.  

Бұл жұмыста тек жауапкершілікті тәліптерге аудару керек. Үйренуде тәліптер белсенді болуы керек, бастама танытуы қажет. Тәліп - бірінші орында, тәлімгер – екінші кезекте болады.

Менің байқауым бойынша, көп мектептерде бұл жұмысты ұйымдастыруда негізгі салмақ тәлімгерлерге ауыстырылатын секілді. Мысалы, мектеп басшысы тәжірибелі мұғалімдерге 1, 2 немесе 3 жас мұғалімдерді («Әр тәлімгерде ең көп дегенде 3 тәліп болады» деген қағиданы ескеріп): «Сіз осы жас әріптестерімізмен өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз, оларды педагогикалық шеберлікке үйретіңіз!» деген сөздермен бөліп береді.

Мұндай жұмыстың нәтижесі қандай болмақ? Біріншіден, тәжірибелі мұғалімнің бұл іске  зауқы да болмауы ықтимал: «Менің қолым тимейді: сағатым көп, жұмысым бастан асып жатыр!» (тәжірибелі мұғалімдер көп жұмыспен айналысатындығы белгілі ғой!), не «Бұл жұмыс үшін маған ақша төленбейді!» деп тәлімгер болудан бас тартуы да ықтимал.

Немесе ол кісі директордың сөзін жерге тастағысы келмесе «Жарайды!» деп келісімін беріп, әрі қарай бұл жұмысқа формалды, немқұрайды қарап, жастармен «Мен сендерге көмектесіп жүрмін, ал сендер менен үйреніп жүрсіңдер!» деп есептейік!» деп келіседі. Егерде үйге қашқысы келіп тұратын жастар болса, олар бұған қуана-қуана келіседі. Ал үйренгісі келетін жас мұғалімдер кімге барып үлкен әріптесінің үстінен кімге барып шағымданады? Іштен тынып жүреді де.

Ал егерде тәжірибелі мұғалім жастарға шынымен-ақ тәлімгер болғысы келсе,  оның бұл ұмтылысы жас мұғалімнің талпынысына сәйкес келмесе ше? Яғни, енді тәліптің үйренуге ынтасы жоқ болса ше? Онда тәлімгер тәліптің артынан жүгіріп, оны өз сабақтарына шақырып немесе сабақтарына кіретіндігін ескертумен айналыса ма? Осылайша жастарға жексұрын атана ма: «Ойбай, қаштық! Әйтпесе, қазір тәлімгеріміз көріп қойып, өз сабағына кіргізіп, оны талдатып қояды! Не басқа жұмысқа жегіп қояды!» деп?

Осындай келеңсіз жәйттер орын алмауы үшін тәлімгерлік жұмыста салмақты тәліпке аудару қажет.

Бұл үшін мектеп басшылары оқу жылының басында барлық жас мұғалімдерге (қажет болса тіпті 10 жыл жұмыс өтілі бар мұғалімдерге де) өздеріне бір тәлімгерді таңдауды ұсынады. Немесе бұл жұмысты сауалнама арқылы да шешуге болады: «Сіз кімнен үйренгіңіз келеді?» деген сұраққа берілген жауаптарды сараптау арқылы.

Сауалнама қорытындыларын мұғалімдер бөлмесіне іліп те қоюға болады: мұғалімдер жас әріптестерінің кімді қанша рет атағанын көрсін, «Мені 3 рет атапты!» деп қуансын, ал кейбіреулері «Мені ешкім де атамапты! 50 жастан асып, ешкімге де керек, пайдалы, өнегелі болмағаным ба?» деп іштен ойлансын. Әрине, егер мұғалімдердің рефлексия жасау дағдылары дамыған болса, ұяттары күшті болса, «Бұл өмірдің мәні – артыңда із қалдыру» деген ұғымды ұстанған болса. Әйтпесе «Алақай! Жақсы болды: менің ешкім де атамапты! Бұл бәледен құтылдым!» деушілер өздерін жеңімпаз санап, өзгелерге мүсіркей қарауы да мүмкін: «Сауап болды сендерге! Өздеріңнен көріңдер: сау бастарыңа сақина тауып алдыңдар! Тыныш қана жүру керек еді ғой!» деп.

Мектеп басшыларының ендігі жердегі міндеті - тәжірибелі мұғалімдердің «Тәлімгер боламын!» деген келісімін алу. Тәлімгерлер келісімде жас мұғалімдердің сұрақтарына жауап беретіндіктері, оларды өз сабақтарына кірген жағдайда кедергі жасамайтындықтары, жастардың сабақтарына кіріп, оларға сындарлы кері байланыс ұсынатындығы, тәліптермен кәсіби сұхбат жүргізетіндігі жайлы ауызша уәде береді.

Осыдан кейін мектеп басшылары тәліптермен кездесу өткізіп, оларды тәліп болуға үйретеді: тәліптің қандай болу керектігін айтады, тәліп жоспарында не жазу керектігін түсіндіреді.

Тәліптер мына мәселелерді мықтап түсінуі керек:

- тәліптің ең басты мақсаты – тәлімгерлерден үйрену,

- тәліп тәлімгерден тек кәсіп қыр-сырларына үйреніп қана қоймай, одан өмірлік сабақ та алады,

- тәлімгерлік жұмыста жауапкершілік тәлімгерде болмайды, тәліп өзінің кәсіби дамуына өзі тікелей жауапты болуы керек;

- тәлімгер емес, тәліп белсенді әрі бастамашыл болады: ол тәлімгерге не жасау керектігін бірінші болып ұсынады.

Тәліп жоспарын да әр тәліптің өзі құрастырады (дұрысы алдымен бір тоқсанға, өйткені қажет болса екінші тоқсанда жоспарға түзетулер енгізу мүмкіндігі болады). Жоспарда жас мұғалімдердің мыналарды көрсеткені орынды:

- бірінші тоқсанда қандай тақырып (проблема, мәселе) ауқымында зерттеу жұмыстарын жүргізетіндігін,

- зерттеу тақырыбы бойынша тәлімгерімен неше рет кәсіби сұхбат жүргізетіндігін,

- тәлімгердің сабағына қатысатындығын,

- тәлімгерді қанша сабағына шақыратындығын,

- қанша кітап оқып, оны тәлімгерлерімен қанша рет талқылайтындығын,

- тәлімгерінен үйренгенін практикалық тұрғыдан көрсету үшін қашан ашық сабақ өткізетіндігін,

- тәлімгерінен қалай үйреніп жатқандығы туралы мектеп басшыларына қашан және қандай нысанда есеп беретіндіктерін.

Қысқа да нұсқа жазылған жоспарлар (нақты іс-әрекеттен тұратындықтан көлемі 1 беттен аспағаны жөн) тәліптер жиналысында қаралып, талқыланып, қабылданады. Олардың орындалуы айына бір рет директордың жанындағы кеңесте қаралып отырғандығы дұрыс. Мұнда әр тәліп тәлімгерінен не үйренгенін дәлелдермен келтіріп, келесі айда не жоспарлағаны туралы ой-пікірлерімен бөліседі, жоспарларына өзгерістер енгізеді.

Мектеп басшысы жас мұғалімдермен ақылдасып, оларды қолдап-қуаттап, оларға көмектесіп, туындаған қиыншылықтарды жеңуге жәрдемдесу арқылы тәліптерде үздіксіз үйрену дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Тәліптер өз кәсіби дамуына жауапты екендіктерін сезінуі керек. Сондықтан да олар тәлімгерлерден «Үйренемін!» деп бір елі қалмағаны дұрыс. Олардың көкейінде ылғи да «Ай соңында директор сабағыма кіріп, "Тәлімгеріңізден не үйрендіңіз?" деп сұраса, оған не айтамын?» деген сұрақ тұруы қажет.

Жақында бір жас әріптесімізге мынандай кеңес беріп едім:

- Тәлімгеріңізбен жағымды қарым-қатынас құруға ұмтылыңыз. Оның қас-қабағына қарап, оны өз енеңіздей көріп, асты-үстіне түсіп, «Апай, апай!» деп безектей беріңіз. Осылайша бабын, тілін табуға ұмтылыңыз, өйткені сіз оған емес, ол сізге қажетті ғой! Оған емес, сізге үйрену керек қой! Сондықтан, амал жоқ, апайыңызды өзіңізге қаратудың бар амалдарын қолданыңыз. Бұл үшін ол кісімен тек сабақтарда ғана араласпай, сонымен бірге бейформалды тұрғыда қарым-қатынас жасауға тырысыңыз. Қажет болса, тәлімгермен бірге түскі ас ішіп, сол кезде білгіңіз келгендерді сұрап алыңыз. Таңертең үйінен қарсы алып, ал жұмыстан кейін үйіне дейін шығарып салып, жолда өзіңізге керектінің бәрін сұрай беріңіз, сұрай беріңіз. Үйіңізге қонаққа шақырыңыз да, дастархан басында оған өзінің бай тәжірибесімен бөлісуіне жол беріңіз. Кәсіби тәжірибеден басқа ол кісіден өмірлік тәжірибені де үйреніңіз: жақсы жар, жақсы келін, жақсы ана болуды, қайын жұртқа «тастай батып, балдай сіңуді», қонақ күтуді, кәделерді жасауды, тамақ жасауды, табақ тартуды, үйді жиһаздандыруды, күйеу мен балаларды тәрбиелеуді, т.б. Қысқасы, тәжірибелі жақсы адамдардан үйренеріміз көп емес пе?!

Тәлімгерлікті ұйымдастыру арқылы бір оқпен екі қоянды атып алуға болады: біріншіден, жас мұғалімдер белсендірілсе, екіншіден, тәжірибелі мұғалімдер де белсенді жұмыстарға тартылады. Мәселен, олар әдеттегідей, жылына екі ашық сабақ өткізудің орнына тәжірибелі мұғалімдер өз тәліптері үшін әр сабағын ашық сабаққа айналдырып, бұрынғыдай оқу жылында бірнеше ашық сабаққа қатысудың орнына енді тәліптерінің сабақтарына әр аптада қатысады.

Әрине, ертең сабағыңа біреулер қатысам десе, бұл әске асқан жауапкершілікпен қарасаң, онда бұрынырақта талай рет өткізген сабағыңа да қосымша дайындаласың емес пе? Тәліптеріңнің кез келген уақытта: «Ағай (немесе апай), менің сабағымда мынандай қиыншылық туындады!.. Соны қалай шешсем екен? Сіз өз тәжірибеңізде қалай жасаушы едіңіз?»  деп тықыңдап тұратынын білсең, амал жоқ, педагогиканың жаңалықтары мен өзекті мәселелеріне ылғи а құлағың да түрік, көкірегің де ояу болатын шығар?

«Мектеп басшысы жұмысының 85% қарым-қатынастан тұрады» деген қағиданы ескерсек, директор күніне 2-3 оқушы, 3-4 мұғалім мен қызметкерлер, 2-3 ата-анамен сұхбаттасуы қажетті болар.

Осыған сәйкес директор тәлімгерлермен де жиі кездесіп, олармен ақылдасып, тәліптер мен олардың сұраныстары, талап-тілектері, қиындықтары мен кедергілері туралы әңгіме-дүкен құрып, тәлімгерлерді қолдап, олардың жұмыстарына жағымды баға беріп, ұтымды тәжірибе көріністерін елге (ұжымға, қоғамға, оқушыларға) жариялап тұрғаны дұрыс. Сұхбаттасуда тәлімгерлердің жұмыстарына талдау жасап,  жақсарту туралы нұсқау беріп, қажет болған жағдайда жауапқа да шақыруларына болады. Мысалы, тәлімгерлікке салғырт қараған әріптестерін ұялтып: «Айдар ағай, мұныңыз қалай? Жыл басында тәлімгерлердің жиналысында елдің алдында «Тәліптеріме көмектесем!» деп уәде беріп едіңіз ғой! Қолыңыз тимей жүр ме?.. Тарихшы Сәкен ағайдың жетекшілігімен оқушылар мектептің жаңа тарихын (бұрын жазылған болса) жазып жатқанын білесіз  ғой? Байқаңыз, олар кітапқа сіздің тәліптерге көмек бермегеніңіз туралы жазып жібермесін!» дегендей жұмсартып.

Осылайша тәлімгерлік жұмысты ұйымдастыру және қолдау арқылы мектепте мұғалімдердің бір-бірінен үйрену ортасын құрып, мектеп мәдениетіне, педагогтардың санасына «Үздіксіз үйрену – мүғалімнің басты міндеті», «Үйренудің ең тиімді жолы - бір-бірімізден үйрену», «Әріптестеріңді үйрету – сауапты іс», «Білмесең – сұра», «Сұрасаң – 15 минут ұяласың, сұрамасаң – өмір бойы ұяласың» (соңғысы жапон мақалы) деген ұғымдарды мықтап енгізуге болады.



















ІІ. Тәлімгерлік жоспар үлгісі.және тәлімгерлік жұмысын бағалауды ұйымдастыру

Тәлімгер тәлім алушыға жоспар құрарда алдына мақсат-міндеттер қояды

Тәлімгер:  Тәлім алушы:


р/с

Орындалатын жұмыстың атауы

Күтілетін нәтиже

Мақсаты

1

Тәліппен кәсіби сұхбат жүргізу

Тәліптің сабақ барысында кездесетін қиындықтарды, проблемаларды анықтау

Тәлім алушымен сұхбат жүргізу арқылы қажеттілігн анықтау

2

Тәліптің жеке қажеттілігін ескере отырып тәлімгерлік жоспар құру.

Тәлімгерлік жұмы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!