Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектептегі жалпы биология курсында «зат алмасу» ұғымын қалыптастыру әдістемесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіру. Бұл оқушының өзіндік әрекеттерін, дербес жұмыс жасау қабілеттерін дамытудың маңыздылығын айқындайды. Педагогика ғылымы және мектеп практикасы баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастырып сол арқылы таным әрекетін белсендіру қажеттігін көрсетеді. Оқу нысанын тану, оны игеру ұғымдарды қалыптастыру негізінде жүреді, олай болса таным әрекетінің белсенділігін арттыру арқылы ұғымдарды қалыптастыруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектептегі жалпы биология курсында «зат алмасу» ұғымын қалыптастыру әдістемесі


Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту туралы мемлекеттік бағдарламада жалпы орта білім берудің жаңа мемелекеттік жалпыға бірдей стандарты түлектердің базалық біліктілігі түрінде көрініс беретін, нәтижеге бағытталған ұлттық білім беру мақсаттарының жүйесі айқындалған.

Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі.

Биологиялық ұғымдарды қалыптастырудағы маңызды қадам - балалардың заттың ең ерекше белгілерін айыра білуі болып табылады. Айталық, мұғалім заттың бір немесе бірнеше ерекше белгілерін атай отырып, оқушыларға заттың өзін атауды талап етеді. Маңызды белгілер мен қасиеттерді анықтауға байланысты жүйелі жұмыс жүргізу балалардың жеке табиғат обьектілері туралы саналы түсініктерінің қалыптасуына зор мүмкіндік береді.

Жұмыстың келесі кезеңі – балаларда белгілі ұғымдардың қалыптасуы. Оқушыларда айқын және дәл түсініктердің болуы бұл ұғымдарды қалыптастырады.

Ұғымның белгілі бір мазмұны мен көлемі болады. Ұғымның мазмұнына заттың немесе табиғат құбылысының оны басқалардан ажырататын маңызды белгілері кіреді. Ұғымның мазмұнын дәл ашуды анықтама деп атайды. Ұғымға байланысты жұмыс әрқашанда баланың сөздік қорын молайтумен ұштасып отырады. Әр жаңа ұғымға байланысты сөзді әңгімелеу барысында қолдануды міндетті етіп санау бала санасында, сөздік қорында нақты толық орын алуына септігін тигізеді. Сондай-ақ бала санасындағы жаңа ұғым кеңейіп және тереңдеп отыру үшін мұғалім сабақта сол ұғымға бірнеше қайтара соғып, жаңа мазмұнымен байытып, тереңдетіп, кеңейтіп қайталап отыруы қажет. Сонымен біртіндеп сезім мен қабылдаудан түсінікке, түсініктен ұғымға жетелейтін жол - бала санасында болмыстың маңызды, заңды байланыстары мен қатынастарын қоса толық бейнелеуге баратын жол болып табылады.

Ұғымдар - қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын ойша елестете алу. Табиғат туралы ұғымдардың қалыптасуы - жаратылыстанудың аса маңызды міндеті, өйткені адам ойының негізінде әрқашан бейнелер жатыр. Біз «орман» деген сәтте оны қандайда бір түрде көз алдымызға елестетеміз.

Бейнелердің жасалу тәсілдеріне орай ұғымдар есте сақтау және елестету ұғымдары болып бөлінеді. Есте сақтау ұғымдары табиғат обьектілері мен суреттер, бейнелі құралдар арқылы оқыту, көріністерді тікелей бақылау, көру негізінде пайда болады. Көрініс обьектінің немесе құбылыстың сыртқы кейпін қалай дәл берсе, ол туралы ұғым соғұрлым нақты болады. Мұғалім баланың назарын сұрақ қою арқылы зейінде тұрған нәрсенің қайсыбір нақты белгісіне аударған кезде пайымдау немесе ұғымдар пайда болады.

Елестету ұғымдары - бұл обьектіні тікелей бақыламаған сәтте пайда болады. Олардың негізінде ауызша немесе жазбаша сипаттау жатады. Елестету ұғымдары әрқашан шашыраңқы келеді, есте сақтау ұғымдарына қарағанда оқушының обьектіні сипаттауда қабылдау ерекшілігін көбірек көрсетеді.

Жалпы биология курсында зат алмасу жөніндегі ұғым табиғаттағы – биосферадағы – зат және энергия айналымы ұғымына дейін кеңейеді. Жекелеген мүшелерді зат айналымының қалай өтетінін ұғынуға мүмкіндік береді.

Ұғымдардың дұрыс қалыптасып одан әрі дамуына алдын ала көркем дайындалған жануарлар мен өсімдіктердің (жеке мүшелер мен ұлпалардың суреттері) көмегімен динамикалық сызбанұсқалар себін тигізеді.

Ассоцияциялар (орнықтыру) тудыру, ұғымдарды дамыту үшін бұрын өтілген тақырыптардағы, тіпті бұрынғы жылғы тақырыптардағы материалдарды еске түсіру қажет болады.

Мектеп биология курсындағы ұғымдарды дамытудың мысалына теориялық жасуша, эволюция, ген, экожүйе деген ұғымдардың қалыптасуын мысал ретінде қарастыруға болады.

Осы ұғымдарды қалыптастыру мен дамыту үшін жүретін танымдық операциялар: теориялық анализ, абстрактлықтан нақтылыққа қарай көтерілу, нобайларды құру және түсіндіру, абстракцияларды жинақтау. Практикалық маңызы адам әрекетінің тиімді технологиясын анықтайтын пәнаралық қолданбалы теориялардың негізі. Бұл ұғымдардың дүниетаныммен және әлемнің ғылыми бейнесімен байланысы - олардың ғылыми әдіснама негізінде құрылуы, философиялық ойлар мен ғылымилылық нормалар және идеалдарды көрсетеді.

Қазіргі таңда ұғымдар оқу мазмұнының негізгі бірліктері түрінде қарастырылады. Ұғым нысандар мен құбылыстардың жинақтау нәтижелерінің мәнін көрсетеді. Тіпті деректердің өздері де ұғымды анықтау баспалдағы болып табылады. Сондай-ақ ұйғарым да бірнеше ұғымдардың тізбегінен тұрады. Ұғым –нақты әлемдегі құбылыстар мен заттардың маңызды белгілерін анықтайтын адамның ой еңбегінің көрінісі. Ұғымға келмес бұрын жады мен мида бірнеше әрекеттер жүреді. Ұғымдар арқылы адам ойланады. Олар адамға дүниені танып-білуге көмектеседі. Оқушыға ұғымдарды қолдану ой еңбегін арттыруға, ойлана білуге, ізденуге, жаңа нәрселерді меңгеруге көмектеседі. Сондықтан да оқыту мен тәрбиелеуде ұғымдарды қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі. Ұғым –білімнің жинақталған түрі, сондай-ақ биологияны меңгерудегі ойлану формасы. Ол өз бойына биология негіздерінің мазмұнын сыйдыра алады. Таным теориясында ұғым абстрактілі ойлау деңгейіндегі шынайылықтың көрінісі болып табылады. Әрбір ұғымның мазмұны болады, ол маңызды белгілерден құралады, ұғымның сапалық жағын көрсетеді. Ұғымның көлемі онда жинақталған нысандардың санына байланысты, ол ұғымның сандық көрінісін береді. Ұғымның мазмұны мен көлемі – оның логикалық сипаттамалары. Ұғымды игеру –білмеуден білуге алып келетін ғылыми тану үрдісі. Оның бірнеше кезеңдері бар. Ішкі дүниені және құрылымдарды танып-білуде тірілеу көріп-сезінудің маңызы зор. Ең абстрактілі деген түсініктің өзі сезінумен тікелей байланысты. Материалдық әлем ұғымдардың көзі болып табылады. Ұғым –құбылыстар мен заттардың ойша көрінісі, ұзақ түсіндіру жұмыстарының жемісі, танымдық еңбектің нәтижесі. Сезіну –нақты дүниенің сезімдік көрінісі. Сезінудің нәтижесінде нысанның біртұтас бейнесін, оның ішкі қасиеттерінің жиынтығын қабылдау үрдісі жүреді. Қабылдау – бұл сезінуді ой елегінен өткізудің басталуы. Қабылдаудан кейін елестету пайда болады. Елестету – адамның санасында бұрын қабылдаулар кезінде алынған құбылыстар мен заттардың бейнеленуі. Елестету – сезіммен танудың күрделі түрлерінің бірі. Сезіну мен қабылдауға қарағанда елестету үшін зерттелетін нысандармен тікелей қарым-қатынас жасау өте маңызды, өйткені елестету жадыда ішкі бейнелер түрінде сақталады. Елестетулер – сезімдік-көрнекі жинақтаушы бейнелер, оларды жадыда сақтап, ойша олармен жұмыс істеуге болады. Олар бір жағынан тұжырымға айналады, өйткені оларды жасағанда бейне белгілі бір белгілерінен айрылып қалады. Сондықтан елестетулер абстрактілеудің баспалдағы, саналы танымға барар жол деп айтуға болар. Алайда олар адамның психикалық көңіл-күйімен тікелей байланысты болғандықтан, елестету дегеніміз ойлау емес. Ұғымдар негізінде тұжырымдар мен қорытындылар жасалады. Ойлаудың бұл түрлері бір-бірімен тығыз байланысқан. Тұжырымдар мен қорытындылар ұғымдардың бағалануын, нәтижесінде салыстыру мен біріктірілуін қамтамасыз етеді. Ұғымдарды қалыптастырудағы маңызды кезеңнің бірі дамыту. Ұғым таным нысаны, таным құралы, ойлану түрі мен қорытындысы ретінде қарастырылады. Көптеген авторлардың ұғымды сипаттауы бір-біріне кереғар келмейді, керісінше бірін-бірі толықтырады.

«Мектептерде биология сабақтарында биологиялық «зат алмасу» ұғымын қалыптастыруда түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланса, жаңа технологиялық сабақтар элементтерін қолданса, онда сабқтың тиімділігі артуы мүмкін, себебі оқушылардың қызығушылығы мен ынтасы арта түсер еді».

- Мектептердегі оқу-тәрбие үдерісін жетілдірудегі ұғымдардың рөлі теориялық тұрғыда талданады, биологиялық ұғымдар жүйесі анықталып педагогикалық және психологиялық әдебиеттердегі ұғымдар рөлі теориялық негізделеді.

- Педагогикалық эксперимент арқылы биология сабақтарындағы ұғымдарды жетілдірудің биологиялық білім игерудегі маңызы дәлелденіп эксперимент нәтижесімен нақтыланады.

Орта мектеп биология курсында биологиялық білімді жетілдіру мақсатында қолданылатын жүйелік әдіс оқушылардың биологиялық ұғымдарды өз дәрежесінде меңгерулеріне, білімінің тереңдеуіне үлес қосқан әдіс екені дәлелденген. Ұсынылған әдістеме оқушылардың биологиялық ұғымдарды меңгеруіне, әрі қарай биологиялық білімнің тереңдеуіне тигізген оңтайлы әсері эксперимент барысында айқындалады.

Қорыта келе жүргізілетін педагогикалық эксперимент және ұсынылған әдістеме орта мектеп оқушыларының биология курсын оқу барысында осы уақытқа дейін жинақталған биологиялық ұғымдарды меңгерудегі білім деңгейін жоғарылатуға оң әсерін тигізеді.



Қарағанды облысы Жезқазған қаласы

Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің

биология пәнінің мұғалімі С.Қ.Қорғанбек



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
873
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12