Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
мектептегі мұғалім көшбасшылығы деңгейлік курсы бойынша рефлексиялық есебі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Нурлыбек Гулжаухар «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» А бөлімі
ПШО ЖМ филиалы Көкшетау қ. Мұғалім көшбасшылығы
А1 Оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп
Мұғалімнің алдына қоятын мақсаттарының ең бастысы- сабағын жоспарлауда қызықты әрі ұтымды жүргізу. Оқушының бойында ізденімпаздық,дәлеледер келтіре білу дағдыларын қалыптастыру үшін көптеген тәдіс-тәсілдер мен технологилар бар. Педагог В.А.Сухомлинский: «Балалар егер бірдемені түсінбейтін болса,онда білім беруші балаларды кіналауға керек емес,оларға түсіндіре алмай отырған өзін айыпты етуі қажет»- деп айтқан еді. Қазіргі заман талабына сай ұстаз алдына келген шәкіртіне жан-жақты білім беруі қажет. Осындай мақсатқа жету үшін «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы ұстаздар үшін өте тиімді деп ойлаймын. Осы бағдарлама мазмұнында ұстаз-бағыттаушы,ұйымдастырушы. Жаңа әдіс-тәсілдердің барлығы дербес тұлғаның өз-өзін ілгерілеуін,өз алдына мақсат қоя білу қабілетін,іс-әрекетін реттей алу дағдыларын,сыныптастарымен қарым-қатынастарын нығайту,ұсынылған мәліметтерді сапалы ұғынуға бағытталған. Курсқа келуде біздің мақсатымыз жеке тұлағаларға сапалы білім үйретуде бағдарламаның жеті модул қамтылған тізбектелген төрт сабақтың орта мерзімді жоспарын жоспарлап және оны тиімді іске асыру. Тізбектелген төрт сабақтың орта мерзімді жоспарын 1 сыныптың математика пәні бойынша жоспарладым. Орта мерзімді жоспар 12 наурыз бен 16 наурыз аралығында өтілетін «Қосу амалына берілген есептер», «Азайту амалына берілген есептер», «Кері есеп», «Кері есепті құрастыру және шығару» тақырыптарында құрастырылды.
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы бойынша ұстаз алдына келегн оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу міндеті қойылған. Сапалы оқыту үшін маңызды фактордың бірі оқушының берілген тапсырманың мағынасын өз бетімен түсінуі және бағалай алуы. Осындай міндет орындалу үшін,әрине ұстаздың шеберлігі алатын орны айырықша. Осыған дейін дәстүрлі білім беруде балалар білімді жаттап қана орындап,алған білімін өмірде қолдануды жүзеге асыра алмайтын еді. Ал сындарлы оқыту бойынша негізі рөл мұғалімге емес оқушыға бағытталады. Мұғалім бағыт беруші,қадағалаушы болады.Оқушы өз бетімен білім алып,ізденуші болып табылады. Осы оқытуда білім балаға дайын түрде берілмейді,оқушы әрдайым ізденіс үстінде болады,алынған білімі не үшін өмірде қажет екенін түсініп,өмірде қолдана біліге дағдыланады.
Математика сабағы бойынша негізінен оқушының жан- жақты ойлауымен бірге логикалық ойлау дәрежесін арттырып,өзінің дербес пікірін дамытады. Негізі математика пәні қиындау болғандықтан,оны іске асыру логикалық тұрғыдан басталады.
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету- оқушының,мұғалімнің де сыни ойлауын дамыту. Оқушылардың сыни ойлауын дамытуда ерекшеленеиін қасиеттер: алған білімін ой елегінен өткізіп нақты пікір айту, талдау, дәлелдер келтіру, белсенді іс-әрекет ету.Дәстүрлі сабақа оқушылар сыни олйауда тек тақырып аясында ойланып,жауап береді. Ал сыни ойлауды сабақ барысында қолдануда оқушы тақырып бойынша ғана емес жоғары деңгейлі сұрақтарға жауап беруге және өз ойынан сұрақтар құрастыра алу, еркін ойлау дағдысын дамыту керек. Өзімнің тізбектелген сабағымда «Есептің сызбасын құрастыр», «Миға шабуыл» , «Өрмекші» әдістерін қолдану арқылы жүзеге асыруды жоспарлаймын. Осы сыни тұрғысынан ойлауға үйрету модулі Блум таксономиясын қамтиды. Сонда Блум таксономиясын қолдану арқылы оқушының бойында бағалай білу,білімін жинақтау.түйінді ой қорыту дағдылары артады. Оқушының сыни ойлауын дамыту ол әрине мұғалімнің де сыни ойлай алуы,ұстаздың шеберлігі. Ұстаз әрқашан ізденіс үстінде болуы қажет.
Бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның айтқан ойын,іс-әркетін бақылауы және өз –өзін бағалау бойынша өзінің жеке ойлауын,тәртібіне зер салу болады. Бұл жеті модульдің бірі оқу үшін бағалау және оқуды бағалау. Алдындағы бес бал бойынша бағалауда оқушыға субьективті ретінде қарап бағалау болатын еді,ал қазіргі бағалауда біз оқушыға обьективті ретінде қарап бағалау болатынын түсіндім. Қайсысы тиімді деген сұрақ туындаған еді? Әрине осы модульді қолданған тиімді. Себебі бес балдық бағалауда оқушының білімінің жетістігін нақты көре алмаймыз,ал қалыптастырушы бағалау арқылы оқушының бойында ілгерілеу,ынталану,жауапкершілік,өзін-өзі және сыныптастарын бағалау сияқты дағдылары дамиды. «Екі жұлдыз,бір тілек», «Табыс баспалдағы» , «Білемін,білгім келеді,білдім», «Бас бармақ» әдіс-тәсілдерін сабақта қолдануды жоспарладым.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулінде оқушының ойлау деңгейі мен білім алу деңгейіне орай сабақты жоспарлау. Өткізілетін тақырыпың оқушының жас ерекшелігіне орай ұйымдастырылуы. Өз сабағымда оқушының пәніме деген қызығушылығын, ынтасын арттыру мақсатында,жасына сай білімді меңгерту,осыған орай көздеген мақсатыма жету үшін «Үштік әдіс», «Көктемгі бақ» іспеттес тәсілдерді қолдануды жоспарладым. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы тапсырмаларды баланың жас ерекшелігіне орай таңдап алдым. Оқушылардың ынтасын арттыру үшін сергіту сәттері мен тартымды ойындар да баланың жас ерекшеліктерін ескеріп жоспарладым.
Тізбектелген сабақтарды жоспарлауда үлесі зор болған модульдің бір оқыту мен оқуда ақпараттық технологияларды пайдалану. Математика пәні бойынша «Кері есептерді шығару және құрастыру» бейнеролик көрсету арқылы қызығушылығын арттыруға,танымдық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпалы зор болады деп ойлаймын. «Қыстап қалатын құстарды санау» бейнеролигін тамашалау арқылы білімдері толықтырылып,есептеу дағдылары артады деп ойлаймын.
Бағдарлама мазмұнын түсіне келе тапсырмаларды бір деңгейде емес,әр түрлі деңгейде жеңілден күрделіге қарай күрделендіріп оқушының қабілетіне орай берілетінін түсіндім. Мұғалім алдында отырған баланың дарындылық қабілетін ашып,оны ары қарай дамыта білуі қажет. Сонда ғана оқушы бойындағы қабілеті тапсырманың күрделеніп берілуімен бірге мұғалімнің бағыт беруі арқылы артады. Мұғалім тапсырманы оқулық төңірегінде ғана емес,одан тыс тапсырмалард қамтуы қажет. «Сұраққа жетіп ал», «Өзіндік ойын», «Математикалық турнир» әдістерін қолдануды жоспарладым. Оқушылардың басым бөлігі есептің шартына сәйкес сызбаны таңдап алса,кейбір оқушылар сызбаны өз бетімен құрастыруға негізделген тапсырма,жоғары деңгейі оқушылар өз ойынан есеп құрастырып,оған кері есеп құрастыру сияқты тапсырмаларды беруді жоспарладым.
Диалогтік оқыту модулі арқылы оқушының бойында өз ойын анық ойын дәлелді жеткізе біле алу қабілеті,бір-бірімен сөйлесу,қарым-қатынас жасауда шынайылылық,бір-бірінің идеясын талдай білу сияқты дағдылары қалыптасады. «Үштік әдіс», «Ойлан – жұптас-бөліс», «Ойлан тап» әдістерді сабағымда қодануды жоспарладым. Осы әдістер арқылы ойларын нақты анық жеткізіп,ұтымды ойларын білдіру қабілеті дамиды деп ойлаймын.
Балалардың көшбасшы болу дағдысын дамыту үшін рөлдік,топтық жұмыстарда қолдануды жоспарладым. Бір-бірін сыйлау,бір-бірінің идеяларын тыңдай білу,өз пікірін дәлелі түрле айта білу дағдысы артатынын түсіндім.Маңыздысы мен үшін алдыма келген баланың қабілеті мен дарындылық деңгейін тапсырмаларды күрделендіре беріп,оның бойындағы талантын одан әрі дамытып,өз алдына мақсат қоя білетін және мақсатқа жету жолын іздестіріп ізденуші дағдыларын арттыру болады.
Орта мерзімді сабақтарды жоспарлауда осы жеті модульдерді ықпалдастыра отыра қолдануды жоспарладым. Осы сабақтардан күтілетін нәтижелер: Берілген есептің деректерін талдай отырып,сызбаны дұрыс толықтыра біледі,есептің шешуін санды өрнек түрінде жаза алады;есептің шешуін дұрыс табады;есептің жауабын толық жаза алады. Оқушыларда қосуға арналған есептерді шешу дағдысы қалыптасады деп ойлаймын. Қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептің шешімін анықтай алу,кері есептер құрастыра алу және шығара біледі деп жоспарладым.
Қалай оқу керектігін үйрену модулі бұл «өзін-өзі реттеу» үдерісіне жатады. Бұл модульді мен өз сабағымда жұптық жұмыстарды жүргізу арқылы қолдандым. «Орындап көр», «Жұбыңмен бөліс» әдіс-тәсілдерді қолдануды жоспарладым. Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында проблемаларды өздігінен айқындап,өз бетімен шешу дағдыларын қалыптастырады деп жоспарладым. Білім беру үшін баланың алғашқы білімі мен дағдыларын еске алып және оларды ілгері қарай дамыту мақсатында тапсырмалар қолдануды ойластырдым. «Миға шабуыл», «Кім жылдам?» тәсілін қолдануды жоспарыма енгіздім. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын бағалауға,бір-бірін тыңдау арқылы жауапкершілік дағдысын қалыптастыру мақсатым деп ойладым. Осындай дағдыларды қалыптастыруда оқушы өзін-өзі реттей алуға үйренеді.
Орта мерзімді сабағымның төртінші сабақтың қысқа мерзімді сабағымның жоспарын жасадым. Соңғы сабағымның тақырыбы «Кері есепті құрастыру және шығару». Сабағымның мақсатын оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырдым. Осыларды ескере отырып осындай мақсат қойдым: «Қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есеп құрастыру және шығару». Сабақты бастамас бұрын оқушылардың ортасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін психологиялық дайындық «Адамгершілік» атты өлеңің қолдануды және топқа бөлу үшін «Кәмпит түрлері» арқылы топқа бөлуді жоспарлап отырмын. Жаңа білімді оқушыларға беруден бұрын алдыңғы білімді жаңа біліммен ұштастыру мақсатында «Өзіндік ойын» әдісін қолдануды ойластырдым. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру,сыни ойлау қабілеттерін ары қарай дамыту мақсатында «кері есептер» бейне материалын енгізуді жоспарладым. Осы сабақты жоспарлауда сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің маңызы зор деп ойлаймын. Математика сабағы көп ойлануды талап етеді. Сыни ойлау қабілетін арттыру мақсатында «Математикалық турнир» әдісін алдым. Бұл әдістің мақсаты оқушы өз ойынан есеп құрастырып,оның сызбасын сызуы қажет. Осы тапсырманы топтар бір-бірін бағалау дағдысын дамыту үшін «Плюс-минус-қызықты» әдісін қолдануды жоспарға енгіздім. Балалардың белсенділік қабілетін,көшбасшылық дағдысын дамыту үшін сергіту сәтіне «Ханзада мен айдаһар» әдісін қолдануды жоспарладым. Шығармашылық қабілеті мен талдау,жинақтай білу,бағалау дағдыларын одан әрі қалыптастыру үшін «Ойлан» және «Орындап көр» әдісетрі арқылы алдым. Осы тапсырма арқылы оқушы кері есеп құрастыру,оған сәйкес сызбаны таңдау,сызбаны құрастыруды орындауды үйренеді. Алған білімдерін қорытындылап,бағалай білу,өмірде қолдана алу мақсатында «Аквариумдағы балықтар» әдісі арқылы дамытуды ойластырдым. Бірін-бірі бағалай білу,өзін-өзі бағалау дағдысын арттыру үшін «Таңдау», «Стикер түстері», «Бес саусақ» әдісетірн қолдануды жоспарға енгіздім.
Осы барлық сабақтарыма модульдерді ықпалдасытра қолдану арқылы сабағыма қойған мақсатқа жетемін деп ойлаймын.
Орта мерзімді жоспар
Пәні: Математика
Сынып: 1
Бөлімі: 3.В.Теңдік және теңсіздік
Мақсаты: есептерді шығару,қосу және азайту компоненттерін ажырата білу,есеп шығаруда қолдануды үйрену,кері есептер құрастыра білу дағдыларын дамыту.
|
1.Оқытудің негізгі мақсаттары |
2. Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер |
3.Диференциалды оқыту |
4. Оқу нәтижелері |
5. Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау |
6. Барлығын қосқанда |
7. Негізгі дереккөздер |
1 |
Тақырыбы: Қосу амалына берілген есептер мақсаты: 1.5.1.2.қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептер құрастыру және шығару |
1.Психологиялық ахуал «Шеңбер бойымен ырғақты беру» 2.Топқа бөлу «Түстер» стикер ақылы 3.Өткен білімді еске түсіру «Кім жылдам?» Өз-өзін бағалау 4.Жаңа сабақ «Ойлан-жұптас -бөліс» есептің берілген мәтінің салыстыру. ҚБ «Шапалақ» әдісі 5. ҚБ «Сәйкестендіру» әдісі. Есептің шешуін тауып,сәйкестендір. Кері байланыс: «Желкенді қайық» 6. «Ойлан тап» әдісі Есептің шартын толықтырып,кері есеп құрастыр. 7.Қорытынды «Орман жиегінде» әдісі Есептің сызбасын жасайды. |
Оқушылардың барлығы: қосу мен азайтудың белгісіз компонеттерін таба біледі Басым бөлігі: кері есептер құрастырады және шығарады Кейбірі: мәтінді есептерді шығару арқылы есептің сызбасын құрастырады |
Қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептің шешімін анықтайды Кері есептер құрастырады және шығарады Оқушыларда қосуға арналған есептерді шешу дағдысы қалыптасады |
Өзін-өзі бағалау «Шапалақ» топ бір-бірін бағалайды «Желкенді қайық» «Бас бармақ» әдісі Кері байланыс: «Алма ағашы» Жасыл түсті алма- түсіндім Қызыл түсті- сұрағым бар,түсінбедім. |
1.«Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» 2.Диалогтік оқу 3.Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау |
Түрлі-түсті стикер,қима қағаздар,маркер, Сызуға арналған құралдар |
2 |
Азайту амалына берілген есептер Мақсаты 1.5.1.1 есепті схема, сурет, қысқаша жазу түрінде үлгілеу; есепті шешуге қажетті тірек схеманы таңдау |
1.Психологиялық дайындық «Жүректен-жүрекке» Топқа бөлу «Есептің құрамдас бөліктері» арқылы бөлінеді Шарты , сұрағы, шешуі, жауабы 2.Өткен сабақты еске түсіру «Миға шабуыл» Белгілі сұрақ қою арқылы есептің шешу жолдары туралы білімдерін ауызша ой салу Көрсетілім көрсету. «Қыстап қалатын құстар» 3.Жаңа сабақ «Рөлдік ойын» Құстардың рөлін ойнайтын оқушыларды санату. Жасаған іс-әрекеттерің негізінде есептің мәтінін құрастырып, оны шешу тәсілін анықтаңдар. 4.«Өрмекші» әдісі Жаңа материалды пысықтау: есепті оқып,оны талдап, есепке сызба құрастыру. Қалыптастырушы бағалау: «бес саусақ» әдісі 5.« Жұбыңмен бөліс» әдісі Сурет бойынша азайту амалына берілген есепті жұппен орында. ҚБ: бір-бірін бағалайды 6.Сергіту сәті «Заряд алу» 7.«Шығарып көр» Сызбаны толықтырып,есепті шығар. Қорытынды «Кубизм» әдісі –-Азайтудың компоненттері қалай аталады? -Есепті шығару үшін қолданылатын санды өрнектерді жаз. Кері байланыс «Сэндевич» әдісі |
Барлық оқушылар есептің шартына сәйкес сызбаны мұғалімнің көмегімен таңдап шығарады Басым бөлігі: Есепті шығаруда қысқаша жазу түрінде үлгілеуді біледі Кейбір оқушылар: Есепті шешуде керекті тірек схеманы модельдейді |
Берілген есептің деректерін талдай отырып,сызбаны дұрыс толықтырады, -есептің шешуін санды өрнек түрінде жазады; -есептің шешуін дұрыс табады; -есептің жауабын толық жазады. |
«Бас бармақ» тәсілі арқылы топ жұмысын бағалау «Бағдаршам» әдісі «Сағат тілімен достар» «Сэндэвич» әдісі 1-бөлік – позитивті комментарий, не ұнады; 2-бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек; 3-бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы … |
1Сын тұрғысынан ойлауға үйрету 2.Бағалау 3.Диалогтік оқыту. 4.Талантты және дарынды балаларды оқыту 5.оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану |
Интербелсенді тақта,құстардың суреттері, |
3 |
Кері есеп Мақсаты: 1.5.1.4 Айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шешу,кері есеп құру және шешу |
1.Психологиялық дайындық және топқа бөлу. «Гүлмен тілек» Арнайы гүлдерді қолына алып,бір-біріне тілек тілейді, гүлдің астына жазылған сөздер арқылы топқа бөлінеді 2.Өткенді еске түсіру. «Қар кесегі» әдісі Әрбір топ параққа қосу амалына есептер жазып бір-біріне лақтырады. 3.Жаңа сабақ «Үштік» әдіс Мәтінді есептерді салыстыр. Қайсысы кері есеп? Бағалау «Екі жұлдыз,бір тілек» 4. «Көктемгі бақ» әдісі: есептің мәтінін оқып,есепке кері есеп құрастырып,сызбасын сызу. Дескриптор арқылы бағалау 5.Сергіту сәті: «Бұзық телефон» ойыны 6. «Ойлан тап» әдісі,жеке жұмыс Берілген сызбаның қай есепке сәйкес келетінін анықта. 7.Қорытынды. «Сұраққа жетіп ал» тақырып бойынша әр түрлі сұрақ беріледі. Кері байланыс: «Табыс сатысы» |
Барлық оқушылар: Қосу және азайту амалдарына берілген есептерді шығара алады. Оқушылардың басым бөлігі: Сызбаға сәйкес есептерді сәйкестендіріп,есепті шығару жолдарын біледі. Оқушылардың кейбірі: Кері есептер құрастырып,есепке өз бетімен сызба құрастыра алады. |
Санды бірнеше бірлікке арттыруға/кемітуге берілген есептерді шығарады. Кері есептер құрастырады және шығарады |
«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі Дескриптор арқылы бағалау Табыс баспалдығы |
1.Оқушылар-дың жас ерекшеліктері-не сәйкес оқыту және оқу 2.Қалай оқу керектігін үйрену 3.Сын ойлауға үйрету 4.Диалогтік оқыту |
Қағаздан жасалған гүлдер,сызбаны түсіретін қағаздар,маркер ,оқулық. |
4 |
Кері есепті құрастыру және шығару Мақсаты: 1.5.1.3 Қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есеп құрастыру және шығару |
1.Психологиялық ахуал Әрбір адам? Туысым,досым, жұрағат
Үйрену,ұғу,ұлағат
Тірлік,тірек,адамдық
Шындық,бірлік,адалдық Топқа бөлу «Кәмпиттер» арқылы топқа бөлінеді 2.Өткен білімді еске түсіру «Өзіндік ойын» әдісі Сұрақтардың жауаптары беріледі,әр жауап үшін сұрақ ойлап табу керек. 3. Жаңа сабақ Бейне материал тамашалау «Кері есептер» 4. «Математикалық турнир» әдісі Суреттер арқылы есеп құрастырып,оны конвертке салу қажет. ол конверттегі тапсырманы келесі топ орындап,кері есеп құрастыру керек. Бағалау: «Плюс,минус,қызықты» 5. Сергіту сәті «Ханшайым,Ханзада, айдаһар» 6. «Орындап көр» әдісі Жұппен орындау. Сызба бойынша есеп құрастыру. Кері байланыс: «Бас бармақ» 7. «Ойлан» әдісі Есепті шығару үшін оған сызбаны таңдау және қағаз бетіне жазады. Қорытынды. «Алтын балыққа арналған аквариум.» Сұрақ: -Егер есептің шешуі 5+2 өрнегімен шықса,осы есептің шешуі қандай болуы мүмкін? Кері байланыс: «Таңдау» әдісі. |
Барлық оқушылар: суреттер арқылы есептер құрастыра алады Оқушылардың басым бөлігі: Берілген есептерге кері есеп құрастыра алады,есепке сәйкес сызбаны таңдай алады Оқушылардың кейбірі: өз бетінше ойдан есептер құрастыра алады,сызба құрастыра алады |
Қосындыны және қалдықты табуға берілген есептерді шығарады |
«Плюс,минус, қызықты» «Бас бармақ» Кері байланыс: беттерді бір-бірімен алмастырып,оқушылар өзара тексереді. «Стикер түстері» әдісі |
1.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету 2. Диалогтік оқыту 3. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану 4.Талантты және дарынды балаларды оқыту |
Оқулық,қима қағаздар,интер белсенді тақта,маркер,ақ қағаз. |
Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3.В.Теңдік және теңсіздік |
Мектеп: Қырық құдық ауылы орта мектебі |
||||||
Күні: 13.03.2018 |
Мұғалімнің аты-жөні: Нурлыбек Гулжаухар |
||||||
Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
|||||
Сабақ тақырыбы |
Кері есепті құрастыру және шығару |
|
|
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.5.1.3 Қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есеп құрастыру және шығару |
||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: суреттер арқылы есептер құрастыра алады
Көптеген оқушылар: Берілген есептерге кері есеп құрастыра алады,есепке сәйкес сызбаны таңдай алады
Кейбір оқушылар: : өз бетінше ойдан есептер құрастыра алады,сызба құрастыра алады
|
||||||
Бағалау критерийлері |
Қосындыны және қалдықты табуға берілген есептерді шығарады |
||||||
Тілдік мақсаттар |
Есепті сараптауда оқушыларға есептің компоненттерін «Шартын», «Сұрағын», «Шешуін», «Жауабын» атауды және «...-еуі артық», «...-еуі кем» сөз тіркестерін дұрыс қолдануды, оларды математикалық амалдармен «+» және «–» байланыстыруды білу |
||||||
Құндылықтарды дарыту
|
Бірін-бірі сыйлау,құрметтеу,тыңдай білу. |
||||||
Пәнаралық байланыстар |
Қазақ тілі,дүниетану,музыка |
||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта,ғаламтор |
||||||
Бастапқы білім |
Қосу және азайту амалына берілген есептерді шығаруды біледі |
||||||
Сабақ барысы |
|||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||
Сабақтың басы 10 мин |
Психологиялық ахуал Әрбір адам? Туысым,досым,жұрағат
Үйрену,ұғу,ұлағат
Тірлік,тірек,адамдық
Шындық,бірлік,адалдық Топқа бөлу «Кәмпиттер» арқылы топқа бөлінеді Оқушыларға екі түрлі кәмпит беріледі. 1-топ- 2-топ 2.Өткен білімді еске түсіру «Өзіндік ойын» әдісі Сұрақтардың жауаптары беріледі,әр жауап үшін сұрақ ойлап табу керек. 1. 7+ ⹀ 12 2. азайғыш,азайтқыш,айырманың мәні 3. қосылғыш,қосылғыш,қосындының мәні. |
Кәмпиттер
Қима қағазадр |
|||||
Сабақтың ортасы 20 |
3. Жаңа сабақ Бейне материал тамашалау «Кері есептер»
«Математикалық турнир» әдісі Суреттер арқылы есеп құрастырып,оны конвертке салу қажет. ол конверттегі тапсырманы келесі топ орындап,кері есеп құрастыру керек.
Кері байланыс- «Плюс,минус,қызықты» арқылы топтар бір-бірін бағалайды.
2. «Кім жылдам?» әдісі Есептерді салыстыр: Әдістерді таңдау Топтарға есепті салыстыру тапсырмасы беріледі. (А4 қағазға сызбасын салады.) -Есептердің шартын оқы және салыстыр. -Бұл есептерді қалай атауға болады? -Бұл есептердің өзара кері есеп екенін қалай дәлелдер едің? (Топтың спикері топқа берілген есепті талдап айтып береді.) 1-топ есебі: Дина есеп шығаруға 10 минут,ал сурет салуға 30 минут жұмсады. Дина сабаққа оқуға барлығы неше минут жұмсады?
2-топ есебі: Дина 40 минут сабақ оқыды.ол 10 минут есеп шығарды,ал қалған уақытта сурет салды. Дина сурет салуға неше минут жұмсады?
Бағалау : «Стикер түстері» әдісі Жасыл-түсінікті Сары- түсінбедім Қызыл- сұрағым бар
Сергіту сәті: «Ханзада,айдаһар,ханшайым» Екі топ бірігіп,қарама-қарсы сызық бойымен тұрады. Бір топ ханзада болып,бір топ айдаһар болу немесе ауысып ханшайым мен ханзада болу арқылы бірнеше қайталау арқылы өткізіледі.
«Орындап көр» әдісі Оқушылар тапсырманы жұппен орындайды. Тапсырма: Сызба бойынша есеп құрастыр. Берілген есепке неше кері есеп құрастыруға болады? Кері есептер құрастыр. 13 5
?
Кері байланыс: Бас бармақ
«Ойлан тап» тапсырма : Есепті оқып шық және оны шығар. Берілген есепке кері есеп құрастыр. Оларды шығаруға арналған сызбаларды таңда.
Есеп: 5 бала мысық асырайды. Ал 14 бала ит асырайды. Қанша балада үй жануары бар? А ) 14 5
Ә ) ? 5
|
Бейнематериал «кері есеп»
Әр түрлі суреттер
|
|||||
Сабақтың соңы 10 мин |
Қ орытынды. «Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі Оқушыларға жасырын суреттер таратылып беріледі. Кімге алтын балық түссе,сол алтын балықтың маскасын киіп ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақ қояды,егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.
Сұрақтар: 1. Егер есептің шешуі 5 + 2 өрнегімен шықса, осы есепке кері есептің шешуі қандай болуы мүмкін? – Егер есеп 5 – 2 өрнегімен шықса, кері есептің шешуі қандай амалдармен орындалады? – Кері есептер құрастыр. Зоодүкенде 6 теңіз шошқасы және 4 атжалман бар. Зоодүкенде қанша жануар сатылады.
Кері байланыс: «Таңдау» әдісі |
Балықтар суреті |
|||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||
|
«Бас бармақ», «Плюс-минус-қызықты», «Стикер түстері», «Таңдау» әдісі |
|
|||||
|
|
||||||
|
|||||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Коучинг тақырыбы: |
Сыни ойлау дағдыларын дамытуда СТО стратегияларын қолдану тиімділігі |
||
Жалпы мақсаты: |
Мұғалімдерге сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдістерін сабағында қолдануға ықпал ету, |
||
Күтілетін нәтиже: |
Мұғалімдер әдіс-тәсілдерді қолдануға ынталанып,өз тәжірибесінде іске асыруды ойластырады. |
||
Барысы |
Мұғалімдердің әрекеті |
Ресурстар |
|
1.Жағымды ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: “Оркестр”жаттығуы Мен - дирижер, тыңдаушылар - оркестр. Қолымды төмендетсем әнді ақырын орындайды, жоғарылатқан сайын қатты дауыспен айтады. |
Мұғалімдер бірге әнді қайталап орындап отырады. |
Көңілді әуен |
|
2. Топқа бөлу: Әр түрлі әндер арқылы топқа бөлінеді.
|
Үлестірмелі қағаздарда жазылған әндер арқылы топқа бөлінеді.
|
Әуендер жазылған қима қағаздар |
|
3.«Ой қозғау» әдісі арқылы «Боз орамал» бейне материал көрсету |
Әңгімені тоқтатылған жерден жалғастыру |
«Боз орамал» бейне материал,интербелсенді тақта |
|
4. «Ой түрткі сұрақ» әдісі арқылы қажеттіліктерін анықтап алу. Барлық топқа ортақ сұрақ: - Осы тапсырмаларды орындау үшін қандай ойлау деңгейінен өттіңіз? |
М 1 2 3 4 1 2 3 4 1 2 3 4 1 2 3 4 ұғалімдер сұраққа топпен жауап береді:1. Сіз сын тұрғыдан ойлауды қалай түсінесіз? 2. Баланы сыни ойлауға қалай үйрету қажет? 3.СТО ойлаушының қандай қасиеттері болады,олар не істей алады? (ми салып,соның ішіне жазу қажет.) |
|
|
5.Сын тұрғысынан ойлау туралы слайд көрсету. |
Сын тұрғысынан ойлау туралы білімдерін ортаға салады. Блум таксономиясын талдау. |
Интербелсенді тақта |
|
6. «Миға шабуыл» әдісі салыстыру?
|
Суреттердің айырмашылығын табады.
|
Суреттер |
|
7.«Дананың кілттері» туралы таныстырылым |
Мұғалімдер танысады |
Интербелсенді тақта |
|
8.«Дананың кілттері» әдісін пайдалану арқылы «Құмырсқа» мәтінін тадау «Керісінше» «Егер де» «Тағы қалай» «Кемшіліктер» |
Топпен «Құмырсқа» мәтінін «Дананың кілттері» бойынша талдау жүргізеді. |
А4 қағаз,маркер |
|
9.Эссе жазу. Әр топқа сәбіз,жұмыртқа,ағаш,кофе сөздері таратылады. |
Осы сөздерді бір-бірімен байланыстырып шағын мәтін құрастыру қажет |
Ақ қағаз |
|
10. Кері байланыс : «Еттартқыш,қоқсалғыш,чемодан» |
Мұғалімдер сабақта өздеріне алған әсерін стикерге жазып,жапсырады. |
|
А2 Коучинг-сабақ арқылы әріптестердің тәжірибесіне өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп
Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер енгізіліп отыр. «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы мұғалімдерге өзіміздің әріптестерімізбен коучинг арқылы жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибеде пайдалануды үйренуге мүмкіндік береді.
Коучинг деген сөздің мағынасы дайындау,жаттықтыру деген мағына береді.Яғни біз өзіміздің әріптестерімізбен пікір алмасып,тәжірибемен бөлісіп,идеялармен алмасып,белсенді диалогтік қарым-қатынаста боламыз. Осының барлығын ескере отырып мен коучинг сабағымның тақырыбын «Сын тұрғысынан ойлау модулінің әдістерін сабақта қолдану» деп алдым. Осы тақырыпты алу мақсатым әріптестерім «сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулі ол бір-бірінің қателіктерін,сынын айту деп түсінеді екен». Сондықтан әріптестерімнің сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулі туралы нақты мағұлматты ұғындыру,өз тәжірибесінде әдістерін тиімді қолдануға дағдыландыру.
Коучинг сабағымның мақсаты мұғалімдерге сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдістерін сабағында қолдануға ықпал ету және белсенділікке ынталандыру деп алдым. Жүргізетін коучинг сабағымның нәтижесінде сабақтың аяғында әрбір ұстаз сын тұрғысынан ойлаудың әдістерінің қыр-сырын ұғынып,маңызын,тиімділігін білу арқылы тәжірибеде қолдануға ұмтылады,ортада жайлы әрекеттестік орнайды,өз идеяларын зерделеп,әңгімелесу үшін мүмкіндіектер жасайды деп ойлаймын. Коучинг сабақты бастамас бұрын әріптестер арасында жағымды ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін “Оркестр”жаттығуын алуды жоспарладым. «Мен - дирижер, тыңдаушылар - оркестр. Қолымды төмендетсем бір әнді ақырын айтады, жоғарылатқан сайын дауыс ырғағын жоғары шығарып айтады». Топқа бөлуді «Әндер» арқылы «Анажаным,Әке,Бала» 3 топқа бөлуді ойластырдым. Коучинг сабаққа қызығушылығы мен зейінін шоғырландыру мақ
Сабақтың басында әріптестердің үйрету модулі туралы білімдерін тәжірибелерімен бөлісу мақсатында, мұғалімдердің қажеттіліктерін анықтау мақсатында «Ой түрткі сұрақ» әдісі арқылы анықтауды жоспарладым.
1 2
3 4
1 2
3 4
1 2
3 4
1 2
3 4
«Анажаным,Әке,Бала» деп бөліп, топтық жұмыстың тиімділігі мен маңызың «Ой қозғау» әдісі арқылы мұғалімдердің сыни ойлауын дамыту мақсатында «Боз орамал» бейне материалын өткізуді жоспарладым.
Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулі бойынша білімдерін толықтыру мақсатында модуль туралы таныстырылым көрсетуді жоспарладым. «Миға шабуыл» әдісін пайдалану арқылы сыни түрде ойланып шығармашылық деңгейлерін одан әрі дамыту мақсатында суреттерді өткізуді ойладым. Бұл жерде 3-топқа әр түрлі суреттердің айырмашылықтарын анықтау беріледі.Осыдан кейін сыни түрде ойлауға үйрету модулінің бірі «Дананың кілттері» әдісімен таныстырып,сабақта қолдану жолдарын талдау жүргізуді жоспарға енгіздім. Әрбір жұмысты орындаудың алдында топтың ережесін құрастырып,белгілі уақытты белгілеуді ойластырдым. Әрбір жұмыстан кейін топтар арасында кері байланыс беріп отыруды ұсынамын.
Оқытудың жаңа әдістерін бағдарламада үйреніп,коучинг сабағымды жүргізуде өзімнің алған білімімді: тиімді кері байланыс алу,талдау,бағалауды әріптестерімен алмасып,сол алған білімімізді тәжірибеде қолдануды іске асыруға ұмтылдыру қажет деп ойладым. Жеті модулдің әдістерін,идеясын сабақта тиімді қолдануды мұғалімдерге үнемі қолдануды дағдыландыру қажет деп жоспарладым. Осы жұмыстарды жүргізу барысында мұғалімдердің бағдарлама туралы білімдерін көтеріп,кәсіби деңгейінің өсуіне ықпал жасаймын деген ойдамын. Осы сабақты өткізу арқылы мен өзімнің терең ойланып,қадағлай білу,ұтымды кері байланыс ұсыну,өзекті мәселені анықтай білу,ізденімпаздық,шығармашылық сияқты қасиетім дамиды және сыни ойлау,бағыт беру дағдыларым артады деген ойдамын. Коучин сабақ жүргізу арқылы біздің бойымызда ұйымдастырушылық пен көшбасшылық дағдыларымыз дамытылады.
Негізі топтық жұмыстар жүргізу арқылы әріптестеріміз ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйреніп,одан әрі шығармашылықтарын дамытып,қандай да жағдай кезінде жауапкершілікті өзінің мойнына алуға,мәселелерді өз бетінше шешу жолдарын табуды,өз-өзін бағалай білуге дағдыланады деген ойдамын.
Коучинг сабақтың соңында кері байланыс алу мақсатында «Еттартқыш,қоқсалғыш,чемодан» әдісі арқылы жүргіземін. Осыдан шығатын түйінді коучинг арқылы мұғалімдер сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерінің маңызы туралы біліп,оны тәжірибеде тиімді қолдануға ұмтылады деп ойлаймын.
А3 Тәлімгерлік жоспар
Тақырыбы: Сыни ойлау дағдыларын дамытуда СТО стратегияларын қолдану тиімділігі
Тәлімгерліктің мақсаты |
Сабақта СТО стратегияларын қолдануды үйрену,мақсатқа жетудің әдістерін жоспарлауға көмектесу және топтық жұмысты жүргізуді үйрету. |
||||
Тәлімгер |
Тәлім алушы |
Уақыт аралығы |
Мақсаты |
Нәтижесі |
Табыс критерийі Қалай анықтайсыз? |
Нурлыбек Гулжаухар |
Ербол Есенгул |
Бірінші апта |
Тәлім алушымен шынайылылық қарым-қатынасын орнату |
Тәлім алушының өзінің сабағына әдістерді қолдана алатынына сенімділігі артады. |
Тәлім алушымен сұхбат жүргізу арқылы қандай әдіс арқылы жүргізетінін білу |
Нурлыбек Гулжаухар |
Ербол Есенгул |
Екінші апта |
Өзімнің сабақтарыма қатыстыру |
Сабақта баланың белсенді қабілетін арттыру жолын түсінеді |
Сабақты көру арқылы жаңа әдістердің қолданылуын және белсенді қабілетті дамытуды түсінеді |
Нурлыбек Гулжаухар |
Ербол Есенгул |
Үшінші апта |
Коучинг сабағына қатысу |
СТО әдістерін сабақта қолдануға ынтасы болады |
Коучинг сабақ арқылы |
Нурлыбек Гулжаухар |
Ербол Есенгул |
Төртінші апта |
Тәлім алушының сабатарына қатысу,сыни ойлау дағдысын дамытуда әдістердің ұтымды қолданылуын бақылау |
Сыни ойлау дағдысын дамытуда әдістің қолданылғанына көз жеткізу |
Кері байланыс, әңгімелесу |
Нурлыбек Гулжаухар |
Ербол Есенгул |
Бесінші апта |
Сабақ жоспарлауда Блум таксономиясын ықпалдастыра қолдануға үйрету |
Блум таксономиясының қолдану тәсілдерін меңгереді |
Сауалнама |
А3 Әріптестердің бірімен тәлімгерлік үдерісі жүзеге асырылғаны туралы рефлексиялық есеп
Мектептегі мұғалім көшбасшылығы бағдарлама мазмұны бойынша мұғалім білімін өзінің әріптестерімен алмаса отырып,мектептегі мұғалімдердің жаңа әдіс-тәсілдерді сабақтарында қолдануға ықпал ету болып табылады. Осы арқылы біз тәлімгерлік болу қабілетімізді дамытамыз. Сол үшін мен өзімнің әріптесіме көмек беруге,тиімді түрде сабақта жеті модульдің бірі сыни ойлау дағдыларын дамытуда СТО стратегияларын қолдануға үйретемін деген ойдамын.
Тәлімгер үдерісі дегеніміз мұғалімдер арасында шынайлылық,сенімді қарым-қатынас орнату,білімін,тәжірибесін дамыту,жетілдіру мақсатында күрделі сұрақтар қоя білу дағдысын дамытуға бағытталған. Тәлімгер тәлім алушыға мәселелерді шешуге көмек бере алады. Осындай мақсаттарды жүзеге асыру үшін тәлімгерлік ету жоспарына сауалнама,кері байланыс жүргізу,сұхбат алу арқылы мәселелерді анықтауды жоспарладым.
Тәлімгерлік үдерісті бастаудың алдында тәлім алушымен сенімділік пен шынайлылық қарым-қатынас орнату мақсатында сұхбат жүргізуді жоспарладым. Сұхбат жүргізе отырып тәлім алушының сабақта қандай әдістерді қолдануды білетінін және қандай қиындықтары бар екенін анықтамын және оған тәлімгерлік көмегімді ұсынамын.
Екінші аптада тәлім алушыға өзімнің сабағыма қатысуға ұсыныс жасаймын. Мен өз сабағымда жеті модулдің әдістерін қолдану жолдарын көрсетемін. Сыни ойлау дағдыларын дамытуда СТО-ның стратегияларын оның ішінде «Инсерт» , «Джигсо», эссе жазу, «дананың кілттері» атты әдістерді қолданамын.
Үшінші аптада коучин сабағына қатыстырамын. Коучинкте ол жеті модуль туралы түсінік қалыптастырады,соның ішінде сыни ойлау әдістерін толық түсінеді,өз тәжірибесінде тиімді қолдануға дағдыланады. Коучинкте топтық жұмыс кезінде әдіс-тәсілдерді сабақта қалай қолдану керектігіне көзін жеткізеді.
Төртінші аптада мен тәлім алушының сабақтарына қатысып,әдіс-тәсілдерді қалай ұтымды қолданатынын бақылаймын. Тәлім алушының сабағында оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуда қаншалықты әдіс-тәсілдерді меңгергендігін анықтаймын. Сабақ аяқталған соң тәлім алушымен кері байланыс беру арқылы ұсыныстар жасаймын.
Бесінші аптада тәлім алушыға сабақ жоспарлауда Блум таксономиясының ойлау деңгейлері арқылы жүргізуге ықпал етемін. Блум таксоноиясының ойлау деңгейлері: білу,түсіну,бағалау,талдау туралы білімін кеңейтеді. Сауалнама жүргізу арқылы қажеттілігін анықтаймын.