400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектептегі сыныптан, мектептен тыс және күн тәртібіндегі дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
қазіргі кездегі қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінгі білімді жаңалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында мектеп мұғалімдері өз үлестерін қосып отыр. Мұндай мектептердің жұмысы бүгінгі таңда заман сұранысын болашақ талаптарымен ұштастыра отырып, қазіргі жаһандану жағдайында жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған. Қазіргі кезде оқыту мен тәрбие беру үдерісінде сабақтан басқа сыныптан тыс жұмыстардың орны ерекше. Мектептегі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері - тәрбиеші, жаттықтырушы және тәлімгерлік қызметтерді қатар атқаратындығы белгілі. Мұғалімнің кез-келген мәселені шешу қабілеті, мектептегі дене шынықтыру мен сауықтыру жұмыстарын сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта ұйымдастыра алу шеберлігі, оқушылардың денсаулығын нығайту міндеттерінің орындалуы осы тұстан көрініс табады, осы тұрғыдан алып қарағанда дене шынықтыру сабағы барлық уақытта мектептегі дене тәрбиесі және тәрбие жүйесіндегі басты пән болып қала береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектептегі сыныптан, мектептен тыс және күн тәртібіндегі дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру

Авторы: Бахтова Айдана, ғылыми жетекшісі: Жумадилова Б.Т.

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

а) Мектептегі сыныптан тыс спорт, көпшілік спорт жұмыстарын ұйымдастыру;

б) Мектептен, сыныптан тыс және спорттық жұмыстарды дамыту және ұйымдастыру арқылы жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Курстық жұмыстың мақсаты: мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы сипаттама бере отырып, мектептегі сыныптан тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыс түрлерін дамыту арқылы жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылықтарын арттырудың жолдарын айқындау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

1.Сыныптан тыс, спорттық жұмыстар туралы түсінік.

2 Сыныптан тыс және спорттық жұмыстардың түрлері мен маңызын сипаттау.

3. Мектептегі сыныптан тыс спорттық жұмыстарды ұйымдастыру жолдарын айқындау.

4. Сыныптан тыс спорт - көпшілік жұмыстарын жоспарлау жүйесі.

5. Жазғы демалыс лагерьлеріндегі спорттық-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру жолдары.

6. Балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріндегі спорттық жаттығу дайындықтарын айқындау.

7. Жасөспірімдерді сыныптан тыс және спорттық жұмыс түрлері арқылы спортқа деген қызығушылықтарын арттыру жолдарын айқындау.

Курс жұмысының гипотезасы: егер, дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне қарай дене жаттығулары дұрыс таңдап, осы жаттығуларды орындауда күн тәртібін дұрыс ұйымдастырып, сабақтарымызды талаптарға сай өткізе білсек, онда біз оқушылармыздың бойында төмендегідей естіліктер мен дағдыларды қалыптастыра аламыз:

- оқушылардың қиымл-қозғалыс әрекетін дұрыс орындайтын болады;

- дене сымбаттылығы мен мүсіні дұрыс қалыптасады;

- жаттығулардың адам ағзасына пайдасын біледі;

- қимыл-қозғалыс жаттығулары бала ағзаның қызметін арттырады;

- жаттығулар тиісінше деңгейде өзгертеді және ағзалар массасының ұлғаюына, құрылымдарының дамуына әсер етеді

Курстық жұмыстың теориялық негізі: мектептердегі бүгінгі дене тәрбиесінен сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың сипатына көз салсақ, дене мәдениеті мұғалімдерінің өткізетін сыныптан тыс жұмыстар туралы қазіргі ойлары, сондай-ақ оларды қолданудың практикасы көп жаңалық, өзгерістер болып жатқанын көрсетеді. Практикада жиі кездесетін көптеген жаңалықтарды ғалымдар оқыту процесінде шығармашылықты дамытудың алгоритмі, яғни шығармашылықты дамытудың тәртібі мен ережесі.

Негізгі бөлім

Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан сыныптан тыс жүргізілетін әртүрлі әрекеттермен де ұштасады.

Қазіргі кезде мектеп тәжірибесіндегі сыныптағы сабақтық жүйеден басқа, сыныптан тыс жұмыс түрлері бар. Ол, әрине, қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласында оқыту мен тәрбиелеуді реформалаумен тығыз байланысты іске асырылуда. [1]

Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді. Олар оқытудың жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды.

Оқушылармен сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын оқытудың міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарының маңызы – оқу және тәрбие процестерінің бірізділігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын жоспарлауда сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін, ұйымдастыру жұмыстарындағы іс-әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі [2,384 б].

Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы.

Соңғы нәтижеде дене тәрбиесі тәрбиенің басқа түрлерімен біріге отырып педагогикалық процесс ретінде жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді [3].

Мектептен тыс мекемелер көптеген мектептің оқушыларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме өзінін. жұмыс істейтін бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады.

Мекемелердің қызметші, педагогтар кұрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді.

Осы аталған мекемелердегі жұмыстар екі бағытта, ұйымдастырылады:

1. Арнайы бағыт. Ол бағыт - спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету бағыты. Бұл бағытта жұмыс істейтін мекемелер денсаулықтары мықты, дене қуаты дайындығы жоғары, тұрақты оқушылар контингентімен жұмыс істейді.

Ол мекемелер:[1]

- Балалар, жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ)

- Олимпиадалық ізбасарлар спорт мектебі (ОІСМ)

- Жоғарғы спорттық шеберлік мектебі (ЖСШМ)

- Спорттық мектеп интернаттар

2. Жалпы немесе көпшілік бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың қозғалысқа деген табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Ол бағытта жұмыс істейтін мекемелердің ерекшеліктері, олар денсаулықтары жақсы, белгілі бір уақытта топтың құрамдары ауысып тұрған балалармен жұмыс істейді. Ол бағыттағы мекемелер:

- Жазғы сауықтыру лагері

- Еңбек сауықтыру лагері

- Стадиондар, су станциялары

- Жас туристер станциялары

- Мәдениет үйлері мен спорггық сауықтыру кешендері

- Мәдени демалыс парктері

- Аула клубтары

Еліміздегі балалар және жасөспірімдер спорт мектептері қазіргі таңда барлық қалаларда, аудан, облыс орталықтарында жұмыс істейді. Көптеген спорт мектептерінің бөлімшелері (филиалдары) ауылдарда окушылармен жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің негізгі мақсаты — оқушылармен жаттыктыру, тәрбие жұмыстарын жүргізіп, спорт түрлері бойынша жоғарғы жетістіктерге жету.

Әдебиеттер тізімі:

1. Матвеев Л.П. Основы спортивной тренировки. – М.: ФиС., 2007,

2. Менхин Ю.В., Менхин А.В. Оздоровительная гимнастика: теория и методика. – Ростов-на-Дону.: Феникс,2002. – 384 с.

3. Матвеев Л.П. Теория и методика физической культуры. –М., 1991, -

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25 наурыз
837
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі