Мектептегі тәжіребе кезеңінде орындалған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша есеп

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектептегі тәжіребе кезеңінде орындалған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжіребе кезіндегі тапсырмаларға қатысты есеп
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шарипова Гулзарим Ярмагамедовна Мұғалім портфолиосы В3 есебі

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы III деңгей №5 топ

Алматы облысы 06.11.2015


«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған

тапсырмаларға қатысты бірлескен

таныстырылым бойынша бір есеп (1000сөз).



Зерттеушінің пікірі



Бағалаушының пікірі

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру мақсатында 3 айлық курстар ұйымдастырылды.

Бұл курстың негізгі міндеті – Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу болып табылады.

Осы 3 айлық курстың бірінші бетпе – бет кезеңінде біз жалпы теориялық білім алдық. Ол жерде бағдарламаның жеті модуль аясында оқу мен оқытудағы жаңа әдіс -тәсілдерді оқып үйрендік. Ол бірлескен топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылды.

Мен үш айлық курстың «Бетпе-бет» бірінші кезеңінің теориялық бөлімін аяқтаған соң тәжіребеге өзім қызмет етіп жүрген мектебіме бардым. Мектептегі тәжірибені өзімнің мектебім «Малыбай орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде өткіздім. Бір ай көлемінде алған білімімді екінші кезең Мектептегі тәжірибеде бағдарламаға сай оқытудың жеті модулін қарастыру мақсатында өз тәжірибемді бастадым.

Менің мектептегі тәжірибем мектеп әкімшілігімен кездесу, әріптестермен кеңесуден бастау алды. Тәжірибе кезеңінде курста бірге оқыған әріптесіммен кеңесіп, мектеп директоры К.Б.Садыканова, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Н.Курбанов, Р.М.Илишевамен курс туралы әңгімелесіп, осы курстың ерекшеліктері, нәтижесі туралы ой-пікірімізді айттық. Орта мерзімді жоспармен таныстырдық.

Мен мектептегі әріптестеріммен курс бойынша кеңесу өткіздім. Кеңесуда мен ең алдымен үш айлық курстың мақсаты, күтілетін нәтижелері, бағдарламадағы жеті модуль туралы түсіндіріп өттім. Әрине, олар үшін бұл курс өте қызық болды.

Мен кеңесу кезінде бағдарламаның тиімді екенін атап көрсеттім, себебі бұл бағдарлама бойынша сабақта басты басымдылық оқушыға беріледі, ал мұғалімнен өз сабақтарын оқушының білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастыру талап етіледі.Бұл жерде өзіміздің күнделікті беріп жүрген сабақтарымызға ұқсамайтынын, сабақ жоспарымызда өзгеріс болатынын түсіндірдім. Орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар туралы жалпы мәлімет беріп өттім.

Әріптестерім кеңесу бойынша өз ой- пікірлерімен бөлісті, үш айлық курс бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды.Кеңесудің қызық өткенін атап өтті. Содан кейін мен оларға «Мінсіз мұғалім» тақырыбына постер жасауды ұсындым. Постерге әрбір ұстаз мінсіз мұғалім туралы жазып, постерді қорғады. Олардың пікірінше мінсіз мұғалім білімді, ақылды, көп ізденетін, рухани бай, мәдениетті болуы керек. Әріптестеріме постер жасаған өте ұнады, өз сабақтарында оқушыларға тақырыпқа байланысты постер жасату тиімді екенін түсінді.

Үш айлық курс бойынша ата-аналар жиналысын өткіздім. Ата- аналарға курс бойынша жалпы түсінік бердім. Жиналыста ата-аналарға балаларының сабақта түскен сүреттерін, видеоларын көрсеттім. Олар оқушылардың өзгергенін байқағанын айтты. Постер жұмыстарын жасағаны, оны қорғап жатқанын, жауап беріп жатқанын көрді. Ата-аналар арасында сауалнама жүргіздім.

Мектептегі тәжірибемді бастаудан бұрын орта мерзімді жоспар құрып, оны оқу ісінің меңгерушісіне тексеруге ұсынып, мектеп директорына бекіттірдім

Мен мектептегі тәжірибені өткізуге сабақ беретін сыныптарымның ішіндегі 10б-сыныбын таңдап алдым. Сыныпта 14 оқушы.

Мен бұл сыныпты бесінші сыныптан бастап оқытып келемін. Оқушыларымды біраз білемін. Олардың білімі, сабақты қабылдау қабілеттері, берілген тапсырмаларды орындау жауапкершілігі туралы жақсы таныспын. Ал енді тәжірибеден кейін мен оқушыларымды басқа қырларынан таныдым. Мысалы Гульбахар мен Шахрияр суретті жақсы салады екен, мен оны топтық жұмыста, постер жасағанда байқадым. Сынып оқушылары әр қашан бірлікте, достықта әрекет етті. Топ ережесін оқушылармен бірлікте құрдық.

Өзімнің курстан алған біліміме сүйеніп, «Пажарестің білім беру стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі сенімге негізделген ой тоқтамдарының ықпалы күштірек» деген сөздерін есіме алып іске кірісіп те кеттім. Тәжірибе кезінде мен сынып оқушыларының сабақ барысында белсенді болуларына көңіл бөлдім. Оқушы сабақ уақытында барлық тапсырмаларға қатыса отырып терең білім алады.

Үшінші деңгей бағдарламасының негізгі талабына сай өз сабақтарымда бағдарламаның жеті модулін қолдана отырып өз сабақтарымды өткіздім. Барлық төрт сабақта бағдарламаның жеті модулі қарастырылды. Сабақтарымның барлығын оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді басшылыққа ала отырып, көңіл-күй атмосферасын қалыптастырумен және сергіту сәтімен бастадым.

Бағдарламаның жеті модулін қолдана отырып, өзімнің де оқушыларыма білім беруге деген ынтам артты. Олардың сабаққа деген қызығушылықтары артты. Әр сабағымнан өзгешелік қөре отырып, сабаққа деген қызығушылығы, жауапкершілігі артты.

Мектептегі тәжіребе аяқталып, курсқа қайтып оралдық. Келгеннен кейін мектептегі жұмыстарымызды

« Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар» кітапшасы бойынша көрсеттік. Топтық және жұптық тапсырмалар орындадық. Өзара өткізген сабақтарымызды көріп, ұсыныстар айтылды.

«Әріптестермен кеңесу» тапсырмасы бойынша Жазира апайдың, Ерзаттың, Иңкар апайдың жүргізген жұмыстарымен таныстық. Әріптестерім өз мектептерінде бірінші тапсырма бойынша жүргізген жұмыстарын дәлелдемелерімен көрсетті. Маған Иңкар апайдың әріптестерімен өткізген «Оқу үдерісіндегі бақылау және бағалаудың жаңа технологиясын меңгеру жолдары» тақырыбында өткізген семинар сабағы ұнады. «Ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру» тапсырмасын Айша екеуміз жұптасып орындадық. Айшаның сергіту сәтін, «Шаттық шеңберін» оқушылармен қалай жүргізгенін дәлелдемелерімен көрдім. Айша курста алған теориялық білімін мектептегі тәжірибеде қолдана білген. Сабақтарында жеті модульды тиімді пайдаланған. Үшінші, төртінші тапсырмалар бойынша постер жасап қорғадық. Әріптестерім оқушыларға сұрақ қою, бағалау бойынша өз жұмыстарын көрсетті. Сұрақ қою бойынша төртінші топтың жасаған постері маған өте ұнады. Олар тақырыпты жақсы аша білді. Бағалау бойынша екінші топ постерді ерекше етіп жүрек жасаған. Олардың пікірінше оқушыға қойылған баға жүректен шығу керек. «Жұптық әңгіме» бойынша слайд жасадық, әр бір мұғалім өз жұмысын сүреттерімен, бейнежазбаларымен, дәлелдемелерімен көрсетті. «Өзін-өзі реттеу» тапсырмасы бойынша постер жасап, оны топ болып қорғадық. Хапура постерді табиғатпен байланыстырып жасады. Күн, бұлт, көлді АВС деңгейіндегі оқушылармен байланыстырып салдық. Салтанат «Ойлаудың алты қалпағын» АВС деңгейіндегі оқушыларының қалай алып шыққанын көрсетті.

«Дарынды және талантты оқушылар» тапсырмасы слайд бойынша түсіндірілді. Салтанат «Дарынды бала» туралы слайд көрсетсе, Гулзада АВС деңгейіндегі оқушыларын жұмыстарымен салыстырып көрсетті. Гулзада әрбір оқушысына жеке-жеке тоқталды. Орта мерзімді жоспардағы төртінші сабағымыз бойынша жәрмеңке ұйымдастырдық. Әр топ өзінің жақсы деген сабақтарын көрсетті. Амина апайдың, Жаңыл апайдың, Айгүл апайдың, Орынкүлдың сабақтарын көріп, ең жақсы ыдеген баға Амина апайға берілді. Әріптестерім көрсеткен сабақтарын көре отырып, өзіме ұнаған, ертең өз сабағымда қолданам деген тұстарын түртіп отырдым. Мысалы Жаңыл апайдың сабағынан «Бір сөйлем» әдісі үй тапсырмасын сұрауға өте қолайлы болса, Амина апайдың «Ментальды карта» әдісі жаңа тақырып бойынша не білгенін анықтауға жақсы әдіс екен. «Ас картасы» әдісін оқулықпен, тақтамен жұмыс жасағанда қолдансақ болады екен деп ойладым. Амина апайдың бағалауда ерекше әсер қалдырды. Әріптесім бағдаршам арқылы бағалаған, яғни жасыл түс түсіндім, біреуге түсіндіре аламын деген мағынаны білдірсе, қызыл түс түсінбедім деген мағынаны білдіреді.

С есебі бойынша жұптық жұмыс жасадық. Мен Ғалия апайдың С есебін оқып шықтым, сүреттерін көрдім. Апай өз есебінде сабақтарында бағдарламаның жеті модулін қалай қолданғанын, сабақтағы өзгерістер туралы толық жазған. Әдіс-тәсілдерді көп пайдаланған. Менің есебім бойынша өз ұсыныстарын айтып өтті.

С есебін толығымен Динара әріптесім оқып шықты. Есеп жақсы жазылған. Айгул апай, Иңкар апай есеп бойынша өз ойларын айтып өтті, ұсыныс жасалды.

Қорыта айтқанда курста алған білімім бойынша мен оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен қарайтын болдым. Оқушылардың білім алуға деген ынтасы мен қызығушылықтың одан да арта түсетініне сенемін

Пайдаланған әдебиет: «Мұғалімге арналған нұсқаулық»


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2018
578
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі