Материалдар / Мектептің білім беру үдерісінде SWOT- талдауды тиімді қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектептің білім беру үдерісінде SWOT- талдауды тиімді қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама мектептің педагогикалық жұмысына свот талдау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2021
13787
42 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектептің білім беру үдерісінде SWOT- талдауды тиімді қолдану

Измагамбетова Айгуль Амантаевна

Атырау облысы Атырау қаласы, Жамбыл атындағы орта мектеп, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары


«Білімді болуға – оқу керек» Ахмет Байтұрсынұлы


Бүгінгі білім берудің мақсаты – халықтық тәрбие тағылымын игерген, білімді, парасатты, денсаулығы мықты, ел болашағын ойлайтын, өз бетінше ойланатын шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу.


Білім мекемесін басқару – жалпы оқу үрдісінің көзге көрінбейтін ішкі механизмі болып табылады. Бұл механизмнің мәнін тек терең жасалған педагогикалық талдаудың нәтижесінде ғана ашуға болады. Оқу жылының қорытындысында педагогикалық талдау жасау ісі - кеткен кемшіліктердің себебін анықтау, алдағы оқу жылына міндеттер белгілеу болып табылады. Талдау – басқару әрекетінің құрамдас бір бөлімі. Жан-жақты терең талдау мектептің дамуын жүзеге асырады, ұжымның іс-әрекетінің тиімділігін көтереді. Стратегиялық жоспарлау аясындағы ішкі ортаны талдаудың белгілі әдістерінің бірі болып SWOT –талдау саналады.


SWOT деген не? SWOT – тақырыпқа деген көзқарасты анықтау үшін жүйелі ойлауға негізделген сараптамалық әдіс. Бұл сөздің мағынасы жоқ, дегенмен құрамындағы әр әріптің өзіне тән түсінігі бар. Бұндағы :

S - Strengths – Күшті жағы,

W - Weaknesses – Әлсіз жағы,

O - Opportunities – Мүмкіндіктер,

T - Threats – Қатерлер.


Алғаш рет SWOT туралы 1963 жылы Гарвард Университетінде өткен бизнес – саясат мәселелерінің проблемалары жөніндегі конференцияда профессор Кеннет Эндрюс айтып өткен. 1960-жылдардан бастап күні бүгінге дейін SWOT талдауы стратегиялық жоспарлау үрдісінде кеңінен қолданылуда. Жалпы, SWOT- талдау, сараптама дегеніміз, бұл негізінен қоршаған ортаның тарапынан туындайтын жағдайлардың күшті және әлсіз жақтарына, мүмкіндіктер мен қауіптерге жасалатын сараптаулар, олар көмекші кестелерді пайдалану арқылы жүргізіледі.


SWOT әдісінің жақсы жақтары қандай ?


SWOT әдісінің кемшілігі бар ма?


SWOT- талдау үш кезеңде өткізіледі.

1-ші кезең: ақпарат жинау мен даму мүмкіндіктерін ашатын факторларды белгілеу.

2-ші кезең: күшті, әлсіз жақтарын анықтауға беретін ішкі ортаны талдау. Талдау нәтижесінде құралатын кез келген тұжырымды нақты фактілермен: статистикалық мәліметтермен, есептермен, зерттеулермен бекіту қажет.

3-ші кезең: алынған мәліметтер салыстырылады, бұл нысанның бар мүмкіндіктерін пайдаланып сыртқы қауіптің теріс ықпалын төмендету қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.


SWOT талдау– негізінде мектеп қызметінің немесе мәселенің күшті, әлсіз жақтары, мүмкіндігі және қатерлері қаралады. Бұл проблемаға бағытталған талдау, проблемалар жиынтығын құруға, стратегиялық басқаруды жүзеге асыру үшін ақпараттарды жинау, талдау және жинақтау жүргізуге негіз болады. Көтеріп отырған мәселенің күшті және әлсіз жақтары ішкі ортаны қамтиды. Яғни, нысанның өзі сыртқы ортаға қалай әсер ететіндігі сөз болады. Ал мүмкіндіктер мен қатерлер сыртқы ортаға қалай әсер ететіні талқыланады. Демек, мектептің ішкі ортасына SWOT- талдау жасау үшін ең алдымен, ақпарат жинау керек. Содан соң, күшті, әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік беретін ішкі ортаны талдау үшін статистикалық мәліметтер, есептерді жинақтау қажет. Үшіншіден, мәліметтер салыстырылып, мүмкіндіктер мен қауіпті жақтарын төмендету үшін ұсыныстар беріледі.


Мектептің қызметіне SWOT- талдау жасаудағы мақсат:


Жоғарыдағы мақсатқа сай мектептің қызметін SWOT-талдау төмендегідей төрт бағытта жүреді (1-кесте)

1-кесте. SWOT талдау жүргізудің төрт бағыты.


2019-2020 оқу жылында елімізде орын алған төтенше жағдайлардың бірі – COVID-19 короновирустық инфекцияның пайда болуы – білім беру жүйесіне жаңа өзгерісті, қашықтан оқыту үдерісін енгізді. Елімізде, тіпті әлемде алғаш рет білім беру жүйесінде қашықтан оқыту арқылы білім беру мен тәрбиелеу ісі жүргізілетін болғандықтан бастапқы кезде көптеген қиындықтар мен кемшіліктер орын алды. Кездескен қиыншылықтарды мектеп әкімшілігі, ұстаздар қауымы, ата-аналар мен оқушылар түсініп, өзгерісті оң қабылдады. Бұл жаңаша үдеріс ұстаздардың басқа бір жаңа қырынан танылуына, кәсіби деңгейлерінің артуына әсер етті. Әкімшілік, білім бөлімі тараптарынан біршама әлеуметтік көмек беру шаралары ұйымдастырылды. 144 оқушыға: соның ішінде 1 смартфон, 43 модем-роутер, 97 ноутбук, 3 планшет, 39 компьютерлер беріліп, аса көмек қажет етіп отырған 144 оқушының 130-на, яғни 90%-на көмек көрсетілді.


Мектебімізде қашықтан оқытуды жүйелі жүзеге асыру бойынша оқу процесіне қатысушылардың функционалдық міндеттері қарастырылып, жұмыстар жүктелді.


Соның арқасында мынадай күтілетін нәтижелерді айтуға болады:

  • Қашықтан оқу арқылы – ақпаратты өңдеп, ойлана алатын, алған білімдерін өмірде қолдана алатын, жан-жақты бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптасады.

  • Ұлтымыздың құндылықтарын сақтай білетін, қазіргі заманға сай сапалы біліммен қаруланған отансүйгіш азамат тәрбиеленеді.

  • Қашықтан оқыту технологияларын жетік меңгерген, шығармашыл, жан-жақты мұғалімдер саны арта түседі.

  • Жеке тұлғаға және нәтижеге бағытталған оқыту жүйесі арқылы оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылады.

Қашықтан оқытудағы мұғалім, оқушы, ата-аналар арасындағы кедергілерді анықтай отырып өткен оқу жылындағы мектебіміздегі қашықтан оқыту процесіне төмендегідей SWOT- талдау (2-кесте) жасалынды.


2-кесте. 2019-2020 оқу жылында мектебімізде қашықтан оқыту процесінің

жүргізілуіне SWOT- талдау.

Күшті жақтары

  • Ақпараттық мәдениетінің дамуы,

  • Жаңа мәлімет, қызығушылық,

  • Логикалық ойлауды дамыту

  • Барлық дереккөздердің сақта-луы,

  • уақытты ұтымды пайдалану,

  • білім порталдарынан түрлі қызықты ақпараттар алу,

  • мұғалімнің де, білім алушының да уақыты мен орнын тиімді таңдай білуі,

  • мұғалім мен білім алушының арасындағы қарым-қатынастың қажеттілігінше қолжетімді болуы,

  • ата-ана бақылауы (ата-ананың білім беру үрдісін және мұғаліммен қарым-қатынасын бақылау мүмкіндігі).

Әлсіз жақтары

  • интернет желісінің төмендегі, қолжетімсіздігі,

  • оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және бағдарламалық құралдар болуы тиіс,

  • халықтың әлеуметтік жағдайы-ның төмендігі,

  • ата-аналардың балаларына оқуға қол жетімді құралдармен қамта-масыз ете алмауы.


Мүмкіндіктері

  • ақпараттық құрылғыларын меңгеруге,

  • іс-тәжірибені таратуға, шығар-

машылығын шыңдауға,

  • ата-ананың баласының білімін бақылап отыруға,

  • ауыл мен қала баласының тең дәрежеде білім алуына мүмкіндік бар,

  • қашықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарының бірі – оқушылардың оқу бағдар-ламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу,

  • компьютерлік техниканы ұтым-ды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асырылуы.

Қауіп - қатерлері

  • оқушы мен мұғалімнің денсау-лығына кері әсері,

  • көптеген қауіпті сайттардың қолжетімділігі,

  • оқушылардың компьютерге, планшетке тәуелділігі,

  • теориялық білімді жеткілікті түрде ала алмағандықтан прак-тикада дұрыс қолдана алмауы,

  • пән мұғалімдерінің оқушылары-ның білімін жеткілікті түрде сабаққа қатысуын басқару құзіреттілігінің төмендеу қаупі.



2019-2020 оқу жылындағы қашықтан оқыту жағдайындағы іс-шараларды қорытындылап, талдай келе:

  • Мұғалім компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет екендігі

  • Қашықтан оқытудағы мақсаттар мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі

  • Мұғалімнің ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы

  • Оқу үрдісін қашықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлану, қашықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет екендігі анықталды.

Мектепті басқарудың теориясы мен тәжірибесінде совет ғалымы, педагогика ғылымының докторы, профессор Ю.А.Конаржевский, Т.И.Шамова педагогикалық талдаудың үш түрін: көрсеткіштік, тақырыптық, қорытынды талдауларды ұсынған [С.Ж.Тәуірбекова. «Қазіргі мектепті басқару»]. Осы талдаулардың ішінде Қорытынды талдау – мектептің оқу тоқсанын, жарты жылдық, жылдық жұмысының қорытындысын шығаруда қолданылады. Қорытынды талдау басқарудың барлық функцияларын қамтиды. Сондықтан бұл талдау уақыт, кеңістік және мазмұны жағынан барынша кең көлемде жүзеге асады. Қорытынды талдаудың бір түрі ретінде мектептің бір жылдық жұмыс жоспары бойынша өткен оқу жылының жұмысын SWOT-талдау тәсілімен талдау өте тиімді деп есептеймін.

2019-2020 оқу жылының жалпы талдауы өте ауқымды. Сондықтан, барлық мәліметті жинақтап, мектеп қызметінің өткен оқу жылындағы нәтижелеріне SWOT- талдау жасалып, күшті және әлсіз жақтары анықталды.

Күшті жақтары: S “strengths”

  1. Басқару саласындағы жаңашылдық.


  1. Педагогтар қызметіндегі жаңашылдық.

Мектебіміздегі білікті мамандардың саны артуда. 15 мұғалім тренерлік «Тәжірибедегі рефлексия» курсын аяқтаған.


3-кесте. Кадрлар (сандық, сапалық құрамы)

Педагог кадрлардың жалпы саны

98

Санаттары бар:

Жоғары - 1 педагог-шебер – 1

І санатты - 3 педагог-зерттеуші – 6

ІІ санатты - 2 педагог-сарапшы – 23

Санатсыз - 40 педагог-модератор – 22

«НЗМ» бағдарламасы бойынша сертификаты бар:

Бірінші деңгей - 2 Екінші деңгей - 0

Үшінші деңгей - 9

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курс

82 мұғалім

Үштілділік бағдарламасы бойынша курстан өткендер

6 мұғалім


  1. Әдістемелік қызметтің тиімді ұйымдастырылуы.

Ғылыми-әдістемелік жұмысты сапалы ұйымдастыру, педагогикалық қызметкерлердің оқуы мен дамуы, мектепішілік бақылау жүйесі. Жаңа педагогикалық технологиялар мен озат тәжірибелерді пайдалану арқылы оқу-тәрбие жұмыстарының деңгейін көтеру және оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Осы бағытта құрамында 13 мүшесі бар мектептің әдістемелік кеңесі де тиімді жұмыс атқаруда. Мектептегі 10 пәндік әдістемелік бірлестіктері жоғары деңгейде жұмыс атқарып, пәндік апталықтар мен мектепішілік семинарларды қызықты әрі мазмұнды өткізіп отыр. Жас мамандар үшін ұйымдастырылған тәлімгерлік жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуі үшін мектептегі «Жас мамандар» мектебі жасақталған жоспар бойынша нақты жұмыстарын атқарды.


  1. Педагог қызметкерлерге қойылатын құзіреттілік талаптардың орындалуы.

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың нәтижесі.

Мектепте құрамында 10 мүшесі бар шығармашылық топ жұмыс істейді. Олар мектептің зор қозғаушы күші. Жаңа педагогикалық технология әдіс-тәсілдерін оқу үдерісіне енгізуге ұжымды жұмылдыруда. Озат тәжірибелерді тарату мақсатында мектепте аймақтық семинарлар өз деңгейінде өтілуде. Одан басқа қалалық, облыстық пән олимпиадаларына және басқа да байқауларға қатысуына көмектеседі. Әртүрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, мұғалімдерімізде, оқушыларымызда жүлделі орындарға ие болуда. Басқа да білім беру мекемелерімен қарым-қатынас жүйелі жолға қойылған.


4-кесте. Ғылыми дәрежелер мен марапаттар


5-кесте. Ғылыми жоба


6-кесте. Пәндік олимпиадалар


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсан №988 қаулысымен ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарлама аясында дарынды ауыл оқушыларын анықтау мақсатындағы «Мың бала» жобасы іске асырылуда. Бұл жоба бойынша ауылдық жерлердегі мектептердің 5-6 сыныптар оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтап, еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік беріледі. Біздің мектебімізден өткен оқу жылында қатысқан оқушыларымыздың ішінен 2 оқушымыз сертификаттар алып «Birge Oqu» - оқу орталығында қашықтан білім алып жатыр.


  1. ҰБТ тапсыру нәтижелері.

Соңғы үш оқу жылындағы ҰБТ қорытындыларының салыстырмалы көрсеткіші.

2017-2018 оқу жылы: орта балы – 63,4 (оқушы саны - 10)

2018-2019 оқу жылы: орта балы – 63 (оқушы саны - 23)

2019-2020 оқу жылы: орта балы – 50 (оқушы саны - 13)

  1. Оқушылардың білім сапасының көрсеткіші.

Мектептегі білім сапасы көрсеткіші жыл сайын өсіп келеді. Сонымен қатар мектепте жыл сайын Алтын белгіге және Үздік аттестаттарға бітіретін оқушыларымыз да бар. Соңғы үш оқу жылындағы үлгерім мен сапаның салыстырмалы диаграммасы төмендегідей (7-кесте):

7-кесте. Білім сапасының салыстырмалы көрсеткіші.

8-кесте. Мектеп оқу үздіктерінің, екпінділерінің және «Алтын белгі» мен

«Үздік аттестат» иегерлерінің салыстырмалы кестесі.


  1. Оқу кабинеттерінің талаптарға сай жабдықталуы.

Мектепте 22 оқу кабинеті бар. Оның 16-на ақы төленеді. 1 мультиме-диялық кабинет бар. 3 кабинет (биология, химия, физика) арнайы жабдықталған. Барлық оқу кабинеттері талаптарға сай. Спортзал, спорттық алаң және спорт жабдықтары жеткілікті. Кабинеттердегі жылу және жарық режимдері сақталады. Өртке қарсы сигнализация жұмыс жасайды.


Әлсіз жақтары: W “weaknesses”


Мүмкіндіктер: O “opportunities”


Қауіпті жақтары: T “threats”


9-кесте. 2019-2020 оқу жылындағы мектептің білім беру қызметіне

SWOT-талдау

Күшті жақтары

  1. Басқару саласындағы жаңашылдық.

  2. Педагог қызметіндегі жаңашылдық.

  3. Әдістемелік қызметтің тиімді ұйымдастырылуы.

  4. Педагог қызметкерлерге қойылатын құзіреттілік талаптардың орындалуы.

  5. Білім сапасының соңғы үш жылда өсуі.

  6. Дарынды балалармен жұмыстардың жүйелі жүруі.

  7. Оқу кабинеттерінің талапқа сай жабдықталуы.

Әлсіз жақтары

  1. Оқушыларды тәрбиелеу мен білім беруде ақпараттық құралдарды

жеткіліксіз қолдану.

  1. Оқу кабинеттерінің жетіспеушілігі.

  2. Мектептің жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста болмауы.

  3. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған арнайы

Инклюзия кабинеттерінің жоқтығы.

  1. ҰБТ көрсеткіштеріміздің төмендеуі.

  2. Сабақты зерттеу деңгейі төмен болуы.


Мүмкіндіктер

  1. Білім сапасының артуымен мектептегі озат, екпінді оқушыларымыздың санын көбейтуге, сапалы білім беруге мүмкіндігіміз бар.

  2. Сабақтарда және сабақтан тыс уақытта интернет желісін пайдалану

  3. Мектепті әлі де дамытуға, жаңашылдықпен басқаруға, педагогтар құрамының сапасын арттыруға мүмкіндігіміз бар.

  4. ҰБТ көрсеткішін жоғарылатуға, гранттар санының көбеюіне, мамандықты дұрыс таңдауына бағыт беруге мүмкіндік бар.

  5. Кәсіби байқауларға қатысып, озат тәжірибе алмасуға, авторлық бағдарлама шығаруға мүмкіндігіміз бар.

  6. Ұстаздардың және жас мамандардың тәжірибесін шыңдау мақсатында қалалық, облыстық кәсіби байқауларға, үздік тәжірибе алмасуда, қалалық, облыстық деңгейде семинарлар, вебинарлар, онлайн-сабақтар өткізуге мүмкіндіктер бар.

  7. Желілік қоғамдастықтың жұмыстарын жандандыруға мүмкіндік бар.

  8. Оқушылардың қабілеттеріне қарай әртүрлі үйірме жұмыстарын жандандыруға мүмкіндік бар.

10. Үштік одақтың байланысы арқылы мектепті дамытуға, қоғамдастықтың жұмысын жолға қоюға мүмкіндік бар.

11.Мектеп жанынан жаңа оқу ғимараты салынған жағдайда, оқу кабинеттерімен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.


Қауіпті жақтары

  1. Педагог кадрлар мен мектеп әкімшілігіне артылатын жұмыс көлемінің ұлғаю қаупі.

  2. Жаңа білім беруді игеруде кейбір педагогтердің қиындыққа ұшырауы.

  3. Жаңа ереже бойынша аттестаттаудан мұғалімдердің тестіден жеткілікті деңгейде балл жинай алмауынан мұғалімдер біліктілігінің төмендеу қаупі.

  4. Жақсы оқитын оқушылардың басқа мектептерге кету қаупі

  5. Оқушылардың бос уақытын қалай өткізетіндігін толық бақылау жасай алмаймыз.

  6. Интернет арқылы берілетін жағымсыз ақпараттан оқушыларға келетін қауіп-қатерлер.

  7. Түрлі аурулардың пайда болуы мен таралуы.



SWOT-талдауда көрсетілген проблемаларды жою үшін ұсыныстарды басшылыққа ала отырып, нақты іс-шаралар жоспарлау қажет. Ол үшін әкімшілік лауазымдық міндеттерін бекітіп, жауапты адамадарды, орындау мерзімін белгілеуі қажет. Шараны өткізу барысы емес, нәтижеге жету басты мақсат болуы керек. Егер тек қана үдеріске назар аударып қана қойсақ, онда нәтижеге әсер еткен себептерді бірден анықтау мүмкін болмайды. Ал нәтижеге бағытталған талдау күтілетін нәтижелерден басталады. Бұл талдауда нәтиже алынбаған кезеңде оның себептері қарастырылады.

Мектептің білім беру қызметін талдау негізінде бар күшті жақтарымызды және әлсіз жақтарымызды айқын біліп отырмыз. Әлсіз және күшті жақтарын және ондағы проблеманы мектептің жылдық жұмыс жоспары арқылы логикалық ретпен анықтау үшін ең алдымен оқу жылына жасаған талдауды ескере отырып, проблемаларды шешу үшін келесі оқы жылына қажетті ұсыныстар беріліп, басым бағыттар анықталады. Осы мақсатта төмендегі ұсыныстар жасақталды:

  1. Талдауда көрсетілген күшті жақтарды ескере отырып, айтылған мүмкіндіктерді жүзеге асыру

  2. Мектепішілік бақылауды бір жүйеге келтіру (нақты жоспар жасау, әкімшілікке,бірлестік жетекшілеріне, тәжірибелі пән мұғалімдеріне міндеттерді нақты бөліп беру).

  3. Мектептің даму жоспарын заманауи талаптарға сай

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!