Материалдар / Мектептің информатика курсында аудиовизуалды құралдар тақырыбы бойынша оқушылардың жоба жұмысын ұйымдастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектептің информатика курсында аудиовизуалды құралдар тақырыбы бойынша оқушылардың жоба жұмысын ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептің информатика курсында аудиовизуалды құралдар тақырыбы бойынша оқушылардың жоба жұмысын ұйымдастыру
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Т үркістан обылысы, Шардара ауданы, Сырбек Каттебеков атындағы жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Эсенбаев Адилхан

Мектептің информатика курсында аудиовизуалды құралдар тақырыбы бойынша оқушылардың жоба жұмысын ұйымдастыру

Қазіргі уақытта информатика пәнінің ерекшелігіне сәйкес жобалық жұмыс оқыту формасы ретінде оқу бағдарламасына енгізіліп отыр, сондықтан зерттеу жұмысының жаңалық факторлары азайып, білім беру сапасын арттыру аспабы ретінде ғылыми іс-әрекет түсінігіне байланысты білім беру мазмұнының маңызы артты.

Білім беру процесіндегі әр қатысушы оқушылардың осы іс-әрекетін жоспарлауда және ұйымдастыруда өз жұмысын жақсы меңгеруі қажет.

Информатика пәні мұғалімнің:

  • оқушылардың жобалау және зерттеу іс-әрекетін жүргізуі көзделген курстың оқу-тақырыптық жоспарын жасай білуі;

  • оқу жобалау немесе зерттеу жұмысына оқушыны даярлай білуі;

  • белгілі оқу жобасын немесе зерттеу тақырыбын өз сыныбына, білім беру ұйымына және нақты жағдайға бейімдей алуы;

  • оқу жобасын жасай немесе зерттеу тақырыбын ала білуі;

Бұл мәселені қарастыруда информатика пәнінің мұғаліміне жарияланым материалдары, әдістемелік және ақпараттық сайттар көмегін тигізеді, сонымен қатар мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесінде курстық және модульдік даярлықтан өтуі талап етіледі.

Осы бағыттағы жұмыстарды жүргізудегі мұғалімдердің ролі аса зор. Бар білімді, ақпаратты білетін тұлғадан гөрі мұғалім оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырушыға, әртүрлі көздерден керекті білім мен ақпаратты таба білу бойынша кеңесшіге, әріптеске айналады. Оқу жобалау және зерттеу жұмыстары оқу үрдісін ұйымдастыруға, оқу үрдісін жалықтырғыш міндеттіліктен гөрі өнімді, шығармашылық жұмысқа айналдыруға мүмкіндік береді.

Оқушы көзімен қарағандағы оқу жобалау және зерттеу - өзінің шығармашылық әлеуетін толық ашу мүмкіндігіне ие болу деген сөз. Бұл іс-әрекет жеке және топта оқушылардың өзін көрсете білуіне, өз білімін қолдана білуіне, жария жағдайда қол жеткізілген нәтижені көрсете білуіне толық мүмкіндік береді. Ол жұмыс кей жағдайда оқушылардың өздері ойлап тапқан қызықты практикалық маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталады.

Мұғалім тарапынан қарағанда оқу жобалау және зерттеу–оқушылардың жобалау және зерттеу іс-әрекеті бойынша арнай білімі мен дағдыларын қалыптастыратын және дамытатын оқыту және тәрбиелеудің интегративтік дидактикалық құралы болып табылады.Ол мыналарға үйретуді:

  • проблемалық мәселелерді (проблемалардан туындаған мәселелерді қоя білу);

  • мақсатты тұжырымдау және оқушының мазмұнды іс-әрекетін жоспарлауды;

  • өзін-өзі талдауды және рефлексияны;

  • өз іс-әрекетінің нәтижесін және жұмыс барысын көрсетуді;

  • арнайы дайындалған жобалаудың өнімін әртүрлі жағдайда көрсетуді;

  • маңызды ақпараттты іздеу және жинауды, қажетті білімді меңгеруді;

Аудиовизуалды құралдар тақырыбы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар тарауында қарастырылады және оған 4 сағат берілген. 9-сыныптық күнтізбелік-тақырыптық жоспарында видео және дыбыстық ақпаратты өңдеу тақырыптары қамтылған. Мұнда Киностудия программасымен практикалық жұмыс істеу қажет болады.

Әрбір оқушы өзі үшін өте маңызды болып табылатын білімдік өнімді дайындап шығарады. Видеомонтаж туралы білімді және практикалық дағдыны оқушылар өздері таңдаған немесе анықтаған тақырыптардағы жобалық жұмыстарды орындау барысында меңгереді.

Осы тұста пәнаралық байланысты тиімділікпен жүзеге асыруға болады. Ол үшін тақырыпты ұсынуда байланыс жасалатын әрбір пәннен тақырыптар алынады. Оқу жылының аяғы болғандықтан мұндай тақырыптар жалпы курсы немесе белгілі бір тарауларды аяқтауға байланысты болуы да мүмкін.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!