400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектептің тірегі -ұстаз

Материал туралы қысқаша түсінік
жас ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектептің тірегі - ұстаз

«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» Мектептің тірегі - ұстаз .Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ғалым да, батыр да, ақын да, жұмысшы да, диқан да,шопан да,ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Мемелекетіміздің болашақ тірегі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде мектептің үлесі зор. Сондықтан да мен де осы мамандықты таңдап қана қойғам жоқ,қазіргі уақытта үлкен ұжымды басқарып отырған мектеп директорымын.

Мен Алматы облысы,Еңбекшіқазақ ауданы Достық ауылындағы Алтынбике Бертаева атындағы мектепке басшылық жасаймын. Ұжымда 72 мұғалім қызмет жасайды.Мектептегі осы ұстаздардың арқасында көптеген оқушылар өз ұстаздарының сенімі мен үмітін ақтап, түрлі аудандық,облыстық,халықаралық байқаулар мен жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.Тәжірибелі ұстаздарымыздың өз шығармашылығы,іс тәжірибелері,ізденісті зерттеулері республикалық беделді басылымдарда жиі жарияланып тұрады. Менің мектебімде Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен та­бандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге дамытушы, жа­ңа­шылдықтың бастаушысы болып жүрген майталман ұстаздарды атап кеткім келеді.Мектепте тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шебері  атанған білікті ұстаздар жетерлік. Атап айтсам, қазақ тілі пәні мұғалімдері Тутубаева Гульзира Сұлтанқызы,Хуршудова Азамат, математика пәні мұғалімі Нургазина Шынар,Сабурова Камиля,Смагулова Гульнар,орыс тілі пәні мұғалімі Жумабекова Раушан,Гуламова Венера,ағылшын тілінің мұғалімі Кемелбекова Гулсараны атап кеткім келеді.Бұл мектебіміздің майталман ұстаздары, ауданымыздың бетке ұстар мақтанышы.

.



Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Достық ауылы

Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп КММ

директоры Мухалиева Жанар Мәлікқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
536
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі