жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мемелекеттік тілді насихаттау стратегясы
Мемелекеттік тілді насихаттау стратегясы
Кез - келген мемлекеттің ең әуелi мән берiп, ұлықтайтын тiлi, әрине мемлекеттiк тiл. Қазiргi жастар елiмiздiң болашағы қазақ ұлтымен, оның мемлекеттiк тiлiмен тiкелей байланысты екенiн жақсы түсiнедi және сонымен қатар әлемдiк үдерiстiң талабына сай көп тiлдi меңгерудiң де өмiр талабы екенiн жақсы бiледi.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауында «Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз» дей келе: «Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл - өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет. Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Кез келген тіл өзге тілмен қарым-қатынасқа түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте сақтаған жөн. Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет. Бұл мәселе оқшауланған қайраткерлердің ортасында шешілмеуге тиіс. Үкімет мұны реттегені жөн» - мемлекетіміздің мемлекеттік тілі болып отырған қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді ең бірінші орынға қойып дамыта беретінін, оның болашағы үшін алаңдамау керек екенін баса айтады.
Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте жұмыс бабында қолданылатын тілге, басшының сөйлеу тіліне айналуы үшін билік аянбай еңбек ету керек. Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің аса маңызды барлық салаларында жүзеге аса береді. Сонымен, қазақ тілі – дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары сараланған, жалпы халықтық тілден ұлттық деңгейге көтеріліп, мәңгілік тілге айналады.
Қазақстан өңірінде тілдің қоғамдағы беделін нығайтып, оның барлық салаларда белсенді қолданысын қамтамасыз ету, жас дарындарды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында рухани-мәдени, қоғамдық маңызды шаралар, тіл мәртебесін көтеруге бағытталған түрлі байқаулар тұрақты өткізіледі.
Біздің қоғамның құрылуы рухани кеңестігімізде еркіндік пен демократиялық үдерістің пайда болып, ұлттың тарихи жадын жаңғыртуға, тілі мен дінін түзетуге, бары мен жоғын түгендеуге қызу кіріскен шағымен тұспа-тұс келді.
Тіл – ұлттың тұғыры, мемлекетіміздің негізі. Тілі жоғалса мемлекет те жоғаларын ұмытпайық.Біздің қасіретіміз– қазақтардың отбасылық тәрбиеден, ана тілімізден айырылып қалуы.Бұрын кеңестік жүйеге жаптық, енді кімнен көреміз? Ұлттық рухымыз солғын, жалтақтығымыз басым.
Тіл – мемлекеттік ұлттық құндылығымыз. Құндылықтарымызды қастерлей отырып тереңдету, оған сүйіспеншілікті қалыптастыру – отаншылдық пен қазақстандық патриотизмді оятады. Мұны тілдерді дамыту басқармалары мен тіл жанашырларының мойнына жүктеп қойғаннан іс бітпейді. Ол әр қазақтың, әр қазақстандықтың ортақ ісі екендігін ұмытпайық.
«Тіл – ұлттың жаны» деген аксиомаға айналған сөз бар. Ендеше, әрбір адам тілді кеудесіндегі шыбын жанындай санаса, оның мәңгілік өмір сүруі үшін қолдан келгенінің бәрін де жасауы тиіс. Мәңгілік ел атану үшін де қазақ тілінің рухы асқақ та биік болғаны жөн. Мәңгілік елдің тілі – қазақ тілі – ана тіліміз болуы шарт.
Тіл – халықтың жаны, сәні, кескін-келбеті дейді. Өткені өмірлік қоғамда халықтық негізгі қарым-қатынас құралы болып табылғандықтан, тіл халықпен бірге дамиды және өркендейді. Біздің ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаев былай деген: «Мемлекеттік тілді игеру- әр азаматтың борышы» деген. Сол себепті қазақ халқының басты мақсаты - мемлекеттік тілдің, яғни қазақ тілінің құдіретін, мәртебесін көтеру басты борышы болып табылады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы бойынша «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру қолға алынуда. Бұл жарлықтың басты мақсаты- Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты. Бағдарламада көзделген барлық iс-шаралар ұлт бiрлiгiн нығайтудың маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдi дамытудың басымдығына негiзделген және азаматтардың рухани-мәдени және тiлдiк қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыруға бағытталған.
«Өнер алды- қызыл тіл, Ой толғаған сырлы тіл» - деп Абай атамыз бұл шумақ өлеңдерін қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін меңгеруге және қазақ тілі өзінің даласындай бай екендігін көрсете білді. Ата-бабаларымыз “өнер алды – қызыл тiл”- деп мақал шығарып, мақалдың әр-бір сөзінде терең ойы мен бояуы бар және оның мағынасы мен көркемдiгi аса жоғары екендігін бағалай білген. Сондай-ақ ата-бабаларымыз, қазақ елінің ақындары осы қызыл тiлдi сайратып, талай-талай қызығын көрген де секiлдi.
Тіл – халықтың жаны, сәні, кескін-келбеті дейді. Өткені өмірлік қоғамда халықтық негізгі қарым-қатынас құралы болып табылғандықтан, тіл халықпен бірге дамиды және өркендейді. Біздің ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаев былай деген: «Мемлекеттік тілді игеру- әр азаматтың борышы» деген. Сол себепті қазақ халқының басты мақсаты - мемлекеттік тілдің, яғни қазақ тілінің құдіретін, мәртебесін көтеру басты борышы болып табылады.
Алайда «Өз тілін- бірлік үшін, Өзге тіл- тірлік үшін»- деп бекер айтпаса керек. Сондықтанда көп тіл білу заман талабы болсада, өз мемлекетіміздің бірлігі үшін, өз тілімізді қастерлей білуіміз керек!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген