Материалдар / Мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туылғанына 130 жыл әдеби кеш.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туылғанына 130 жыл әдеби кеш.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туылғанына 130 жыл әдеби кеш. 10 сынып оқушыларына арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2024
478
8 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ халқының асыл перзенті, көрнекті ақыны, жазушы, драматург және ірі қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына -130 жыл толуына орай 10-11 сынып оқушылары арасында «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты әдеби-сазды кеш.

Мекеме

«Кішішыған орта мектебі»КММ Оспанова З.С

Сыныбы:

10 «Ә» сынып

Сынып сағатының тақырыбы

Мемлекет және қоғам қайраткері «Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл» әдеби кеш

11 .10.2024

Осы сабақта қол жеткізілетін Сабақтың мақсаты

Ақынның сыршыл лирикасының табиғатын таныту, оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Ойлау дағылары

Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау , бағалау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы




Бастапқы білімді анықтау

5 минут







Жаңа тақырыпты ашу кезеңі

5 минут
















Жаңа тақырып

10 мин











Сабақтың ортасы

























Тапсырма


20 минут




























































































5 мин



Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық:

Биыл 15 қазанда қазақ ақыны, драматург және Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толады.

Сәкен Сейфуллин – қазақтың бір туар ұлы, қазақ әдебиетінің негізін салушыларының бірі. Өлмес әдеби, мәдени мұра қалдырған ақын осы уақытта біздің арамызда жүрмесе де, өлеңдері халқымен бірге жасай бермек.



Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Оқушыларға қазақ халқының көкірегі ояу, көзі ашық болуын қалап, жан қиярлық тер төккен жазықсыз қамауға алынып, репрессияға ұшыраған ұлы тұлғалары туралы мағлұмат беріледі, өз ойларынды ортаға салып отырыңдар.



Мұғалімнің кіріспе сөзі:

https://youtu.be/Bu3-gj4KEko?si=XMvMsxnOZ78Mmes8 .

Ютуб каналынан «Сәкен мұрасы халық қазынасы» жылжымалы көрмесі туралы бейнекөрсетілім көрсету.

Алғашқылардың бірі болып Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы қызметін атқарды. Айтулы датаға орай Астанадағы Сәкен Сейфуллин музейі Көкшетауға келді. Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Сәкен мұрасы – халық қазынасы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.

РКС: Атаулы датаға орай Сәкен Сейфуллиннің мұражайы мұндай жылжымалы көрмені республика аумағында алғаш рет өткізіп отыр. Ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін 30-ға жуық жәдігер әкелінді.



СНХ: МАРАТ ӘБСЕМЕТОВ, СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН МҰРАЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ



Топтық жұмыс:

Ұлдар тобына ақынның «Тау ішінде» әнін барлығы бірігіп айту тапсырылды.

Қаздар тобына «Ананың хаты» сахналық көрініс жасап берулері тапсырылды.



Жеке жұмыс: Өздерінің білетін мәліметтерін, интернеттен тапқан мәліметтерін ортаға салып оқып беру.


  1. Оқушы Сәкен Сейфуллин – қазіргі қазақ әдебиетінің негізін құраушы, қазақ әдебиетін жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан, қоғамдық ой мен әдеби-мәдени тарихымызда ерекше орын алатын күрескер тұлға, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының негізін қалаушы. Сейфуллин проза, драматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында бірқатар еңбек жазды. Оның публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі зор.

  2. Оқушы: Сәкен Сейфуллин 1894 жылы 15 қазанда бүгінгі Қарағанды облысының Ортау мекенінде дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты – Сәдуақас. Бірақ әке-шешесі еркелетіп, «Сәкен» деп атап кеткен. Руы – Арғын, Қуандықтан тарайды.

Сарыарқаның сағым даласының лебі болашақ ел азаматын рухы биік қалам шебері етіп қалыптастырған. Қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы жырларына арқау болған өлкеде қазақ ауыз әдебиеті мен фольклорынан нәр алып жетіледі.

  1. Оқушы: Сәкен ауыл молдасынан тіл сындырып, арабша хат танығаннан кейін орыс-қазақ мектебінде білім алды. Ал оқуды үздік бітіріп, Ақмолада приходская мектебіне түседі. Одан кейін тағы екі жылдық мектепте оқып, ары қарай Омбы педагогикалық семинариясына аттанады.

Сәкен жастайынан өнегелі әке мінезін, салиқалы ана тәлімін зердесіне түйіп, өнерін бойына дарытқан. Ол Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, қалалық үш класты училищеде оқыған. Одан кейін тағы бес жылдай Ақмолада оқып, 1913 жылы Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияға түседі, оны 1916 жылы бітіріп шығады. Оқу бітірген соң, елге келіп, ауылда мұғалім қызметін атқарады. 1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын жариялайды.

  1. Оқушы: Сәкен Сейфуллин – жаңа дәуірді ерекше жырлаған жаңашыл ақын. Қазақ әдебиетіне бұрын болмаған образдар мен теңеулер, сөз оралымдарын әкелген шығармашылығымен жаңа бағыттағы әдеби дәстүрдің негізін салушы болды. Өкіметтің мақтаушы ұраншысына айналмай, қоғамдық өмірдің көлеңке жақтарын да күйзеле суреттеді. «Ауыл байғұс, мінеки», «Келіншек ойы», «Ақсақ киік», «Сыр сандық» т.б. тамаша жырлары мен «Аққудың айырылуы» атты символикалық көркем поэмасы – сол кезеңнің шынайы көркем туындылары.

  2. Оқушы: 1937 жылы Сәкен Сейфуллин халық жауы ретінде тұтқындалып, Алматыға түрмеге жіберілді.

Сталиннің жеке басына табыну кесірінен жазықсыз жалаға ұшыраған заман жыршысы 1938 жылы 26 ақпанда мерт болды. Ақынның әр шығармасынан оның қаламгерлік мұраты азаматтық позициясымен терең ұштасып отырғанын байқаймыз.

Сәкен Сейфуллиннің шығармалары әлемнің көптеген тілінде жарық көрді. Ол — «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған алғашқы қазақ жазушысы.

  1. Оқушы Сәкен прозасының шоқтығы – оның «Тар жол, тайғақ кешу» атты мемуарлық романы. «Тар жол, тайғақ кешу» романында Сәкен Сейфуллин революция жылдары оқиғаларының қазақтың кең даласын бірте-бірте қамтып, күні өтіп тозған ескіліктің қирап, жаңаша дамуға жолдың еркін де кең ашыла бастағанын үлкен суреткерше қорытып айтып бере алды. Роман халықтың бақытты келешегі үшін күрескен ерлердің аққан тері мен төгілген қаны текке кетпейтініне, мұның өзі бүкіл адамзаттың жарқын болашағымен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Саяси-әлеуметтік тақырыптарды қозғау, ел басшыларының берекесіздігін сынау, жоқтықтың зардаптары, надандық шырмауындағы қазақты білімге үндеу халық мұраттары тұрғысынан оларға жауап іздеу ақынның азаматтық ой-өрісін танытады. Бұл идеялар «Мұра», «Түс», «Кім басшы аға халыққа», «Надан бай», «Жетімге», «Інішегіме» өлеңдерінің бәріне тән. Сәкен өлеңдері идеялық тұрғыдан алғанда ағартушылық, демократтық бағытта, сыншыл реализм әдісінің арнасында жазылғандығын көреміз.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Елордада белгілі қазақ ақынына арналған үлкен мұражай бар. Бұл мұражайға Сәкен Сейфуллин өмірде пайдаланған заттар қойылған, негізінен жазушының әйелі мен туыстары тапсырған жеке заттары, кітаптар, фотосуреттер, мұрағаттық құжаттар, сондай-ақ жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған картиналар мен мүсіндер бар.
Мұражайда жазушының жатын бөлмесінің макеті қайта жасалып, кілем, орындықтар, былғары шамадандар, ұлының көрпесі, Гүлбахрамның тігін машинасы, Мәжит ағаның домбырасы қойылды.






Тірек қағаздары














Бейнеролик

https://youtu.be/Bu3-gj4KEko?si=XMvMsxnOZ78Mmes8 .















































































Сабақтың соңы


Кері байланыс:, Бүгінгі сабаққа кері байланыс беру.







Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.


































Shape1 «Кішішыған орта мектебі»

комунналдық мемлекеттік мекемесі













«Қоғамдық мүлікке азаматтық жауапкершілік!»

10 сынып Қауіпсіздік сабағы (10 минут) Начало формы






Сынып жетекшісі З.С.Оспанова











2024-2025 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!