Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мемлекетік рәміздер 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер.

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстыру.Туды, Елтаңбаны және Гимнді бір-бірінен ажырата білуге үйрету.Балаларға рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге рәміздерді бәрінен биік ұстауға, рәміздердің әр элементтерін, бөлшектерін атауларын жатқа білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері. (Ту, Елтаңба және Гимн)
Сабақтың байланысы: Тіл дамыту.
Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты
Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, өлең жолдарын қайталату, рәміздерді сурет бойынша таныстыру, сұрақ-жауап т.б.

Ұйымдастыру барысы:
Балаларды оқу іс-әрекетіне дайындау.Сабаққа деген зейінін психологиялық ойындар арқылы оятып, қызығушылығын арттыру.
Кіріспе:
Сәлеметсіңдер ме балалар!Көңіл күйіміз қалай?
Жазғы демалыста жақсы демалдыңдар ма?
Енді біздер жаңа оқу жылына біздің балала бақшаға жаңадан қосылған балалар бар екен, бәріміз танысып та алған болармыз.
Балабақша сендерге ұнады ма?
Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Әрине Қазақстан Республикасында тұрамыз?
Біздің ұлтымыз қандай? Қазақ.
Біз қай тілде сөйлейміз? Әрине қазақ тілінде.
Ал, сендер біздің елді басқарып отырған Елбасымыздың есімін білесіңдер ме?Әрине Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.(Суреттен көрсету)
Сендер мына суреттерден не көріп тұрсыңдар?
Балалар кейбір жаңадан келген балалар танығанымен толық білмеулері мүмкін, мен сендерге таныстырып өтейін.
Мына бірінші суреттегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы.
Балалар тудың түсі көк.Көк түс болудың себебі адам бойына адалдық пен тазалық пен үміт сияқты қасиеттеріне сәйкестенуі тегін емес, көк түс әрқашан бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі.Яғни аспанымыз ашық болсын дегеннің белгісі екен.Тудың қақ ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз және оң жағында оюдың суреті бар.Күннің болуы әрқашан күндей нұрымыз жарқын болсын деген ниетпен, дала бүркіті Қазақстандықтар ұғымында дархандық пен қырағылық, биіктік пен бейнеленген.Тудың оң жағында оюдың бейнеленуі біздің қазақ екенімізді білдіретін қазақтың ою-өрнегі бейнеленген.Ал түстерінің сары болуының себебі сары түс молшылықтың байлықтың белгісі.
Келесі суреттен біз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының ортасында елтаңбаныі негізі ретінде шаңырақ бейнеленген.Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.
Шаңырақ еліміздің біртұтастығын, мемлекеттік бастауы, отбасы ошағын бейнелейді.Екі жағындағы қанатты тұлпар мәңгілік өмір, болашаққа үміт артқан сендер сияқты балалардың арманы, самғау биігі.
Шекесіндегі бес жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағына жол көрсетер жұлдызы.Елтаңбаның астында «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіретін айырықша белгі екен.
Біздің рәміздеріміздің бірі Қазақстан Республикасының Менлекеттік Гимні.Балалар ҚРМ Гимнінің сөзін Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз және Жұмекен атамыз жазған.Әні жазған Шәмші атамыз.
Балалар Мемлекеттік Гимнді қалай болса солай орындауға болмайды, оны барлығымыз орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүрек кеудемізге қойып бойымызды тік ұстап орындау керек.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Гимні.
Сөзін жазғандар:Жұмекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев.
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
1.Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қараашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін елім!
Туған жерім менің Қазақстаным!

2.Ұрпаққа жол ашқан,
Кең-байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар,
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін елім!
Туған жерім менің Қазақстаным!
Қорыту:
Балалар бүгінгі іс-әрекетімізде біз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ілім алдық.
Кәне маған кім рәміздерді атап береді?
Ту және Елтаңба жайында өлең жолдарын қайталату.
ҚР Мемлекеттік Гимнін орындаумен аяқталады.
ЖАЛАУ.
Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы.
Көкке қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
Көк аспанда нұрлы Күн
Күлімдейді далама.
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға.
Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай.
Нық көтеріп тұрамыз
Жалауды біз құлатпай!

ЕЛТАҢБА
Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.
Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді ЕЛТАҢБА
Ақ орданың төрінде.
Қоштасу: Оқу іс-әрекетіне белсенді қатысқан балаларды ауызша бағалау.Қош сау, болыңдар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.06.2018
776
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі