"Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Туды, Елтаңбаны және Гимнді бір - бірінен ажырата білуге үйрету. Балаларға рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге рәміздерді бәрінен биік ұстауға, рәміздердің әр элементтерін, бөлшектерін атауларын жатқа білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 04.06.2022

Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз!»

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Туды, Елтаңбаны және Гимнді бір - бірінен ажырата білуге үйрету. Балаларға рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге рәміздерді бәрінен биік ұстауға, рәміздердің әр элементтерін, бөлшектерін атауларын жатқа білуге тәрбиелеу.

Керекті көрнекі құралдар мен жабдықтар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері. (Ту, Елтаңба және Әнұран),буклеттер,кішкентай жалаушалар.


Мотивациялық – қозғаушылық:

Шаттық шеңбер

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл күйіміз қалай?

Ендеше амандасып алайық!

Сәлем саған алтын күн,

Сәлем саған көк аспан.

Сәлем саған жер ана,

Сәлем саған достарым.

Ұйымдастырушылық - ізденістік:

Балалар, видеороликке назар аударамыз!

Балалар, видеодан не көрдік?

Балалар, біз енді мемлекеттік туымыздың суретін көк және сары түстің көмегімен суретімізді бояймыз.

Жарайсыңдар, балалар!

Ойынның аты: «Ойлан, тап!»

Ойынның шарты: Үстелдің үстінде шашылып тұрған, түрлі бейнелі суреттердің арасынан мемлекеттік рәміздердің суретін тауып, тақтаға ілу болып табылады.

Сергіту сәті.

Балалармен бірге шеңбер бойына тұрып қолдарына кішкентай жалаушаларды алып «Көк тудың желбірегені» деген әнді орындап ,ән ырғағымен қозғалу.

Рефлексиялық-түзетушілік:

Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?

Әрине Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Біздің ұлтымыз қандай?

Қазақ. Біз қай тілде сөйлейміз?

Әрине қазақ тілінде.

Ал, сендер біздің елді басқарып отырған Елбасымыздың есімін білесіңдер ме? Әрине Қасым Жомарт Тоқаев.(Суреттен көрсету)

Сендер мына суреттерден не көріп тұрсыңдар?

Мына бірінші суреттегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Келесі суреттен біз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов. Қорыту: Балалар бүгінгі іс - әрекетімізде біз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ілім алдық. Кәне маған кім рәміздерді атап береді?

Тудың авторы кім?

Елтаңбаның авторы кім?

Көк туымызда не бейнеленген?

Әнұранның авторы кім?


Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы түсінікті;

Түсінеді: Туды, Елтаңбаны және Гимнді бір - бірінен ажырата білуді;

Қолданады:Ойын ойнау арқылы тапсырманы қызығушылықпен орындауды,


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2022
923
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі