Материалдар / «Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы» ашық тәрбие сағаты.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы» ашық тәрбие сағаты.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2021
1139
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Бесарық бекеті

247 жалпы орта мектептің

7 сынып жетекшісі:

Жексенбаева Кулайна Айтуреевна

\



Тәрбие сағатының тақырыбы : «Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы»

Мақсаты:

А) Мемлекеттік рәміздер туралы оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, саяси сауаттылықтарын арттыру ұлттық мақтанышымыз екенін ұғындыру;

Ә) Мемлекеттік рәміздерді құрметтей алатын, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жеке тұлға дамытуға жағдай туғызу;

Б) Рәміздерді құрметтеу арқылы Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін сүюге баулу.

әдісі: топтық, жеке жұмыс

көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаевтың суреті сөзімен, ҚР-ның рәміздері, Ту, буклет, Е.Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері» кітабы, интерактивті тақта, слайд, «Ту, Елтаңба, Әнұран, Қазақстанның көрікті жерлері» бейнеролигі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2.Мұғалім кіріспе сөзі

3.Қазақстан Республикасы туралы видеоролик көрсету

3.Рәміздер туралы топтық жұмыс

4.Топтық жұмыс (сұрақтар, жұмбақтар, мақал-мәтел айту.)

4.Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 тілек айту

5.Қорытынды.

Би. «Қазақ биі» орындайтын Қыздар тобы

1-Жүргізуші: Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемі!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман! дей отыра бүгінгі «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз»атты ашық тәрбие сағатымызды бастайық. Міне балалар осы өлеңде айтылғандай ата-бабаларымыздан мұра болып қалған туған жерде өмір сүрген жанның арманы жоқ делінеді. Қазақстан республикасы-біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін толарсақтан саз кешкен.

2-ж: Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгінгі және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

1-ж: Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, болашаққа арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

«Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев нақты дәлелдеді.

(Видеоролик көрсету.) Қазақстан Республикасының рәміздері туралы видеоролик көрсету

Әнұранды орындау.

1-ж. Елін, женрін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі-мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық незізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не?

2-ж: Рәміз-белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой-пікір туғызады. Ортақ түсінік бойынша, ортақ еңбекті, таға бақытты, зәкір (якорь) үмітті, лира музаны, арыстан құдіретті бейнелеген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге ту, елтаңба, әнұран жатады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп,4 маусым-Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.

1-ж: 1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды.

(видеоролик көрсету)

1-ж: Енді сөзді топтарға берейік

1 топ

1-оқушы. Біз ту туралы айтамыз.

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді, Ту болмады дегенге?!

2-оқушы. Ту-тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ұзындығы 2 метр,ені 1 метр көгілдір түсті мата. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран құс, сол жақ сабының тұсынан ұлттық өнер нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Алтын күн молшылықтың, байлықтың белгісі болса, қыран құс халықтың арман-мақсатының биік екенін көрсетеді. Ою ұлттық нақыштарымызды білдіреді.

Тұғырлы туымыз.

1. Егер де Туға тұтас зер салсаң ,автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран –тыныштық пен баянды өмірдің белгісі , ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші-суретші .Біздің туымыз-көгілдір түсті ,тік төртбұрышты мата.Ол бірлік пен аман –есендікті көрсетеді . Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн-тыныштық пен байлықтың белгісі.

Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі ,қасиетті құс деп есептеген .Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын ,қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған .

Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

3-оқушы. Мемлекеттік Ту 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Тудың авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков.

4-оқушы.

Шәкен Ниязбеков 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. 1958 жылы Ленинград Көркемөнер өнеркәсіп училищесін бітіргеннен кейін 1960 жылы Ленинградтағы Суретшілер және дизайнерлер академиясын оқып бітірді. КСРО суретшілер одағының мүшесі.

5-оқушы. «Қазақстан Туы »

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан Жалауы.

Көк емес ол тектен тек.

Елдің ашық қабағы.

Ақ ниеті алтын күн,

Асқақ арман қыраны.

Жалауы бұл халқымның,

Мәртебесі, Ту ары.

Бұлт баспасын күнімді,

Тартылмасын өрісім.

Биік ұстау Туымды,

Қасиетті борышым.

6-оқушы:Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тізесін бүгіп, ұлттық туымызды сүйіп тағзым етті. Содан кейін барып Ту өзінің құтты орнына қондырылды. (слайдтан елбасы сөзін оқыту)

«Өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін» Н.Ә.Назарбаев

2-ж: Ән «Қазақ елі осындай» орындайтын Жанұзақ Ұлжан мен Әбдімәлік Аида. Қабыл алыңыздар.

ІІ топ

1-оқушы. Біздің топ Мемлекеттік Елтаңба туралы айтады.

«Таңбасыз ел болмайды, найзасын ер болмайды» дейді қазақ халқы. Кейбір мемлекеттер өзінің елтаңбасын өсімдіктер немесе жануарлар суретімен бейнелейді.Қазақстан Республикасының Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғары жағында бесбұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов. Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ердегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш-бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

2-оқушы: Қазақстан Республикасының Елтаңбасының реңдік бейнесін екі түсті-алтын түс және көгілдір түс. Елтаңба 1992 жылы 4-маусымда қабылданды.

3-оқушы: Елтаңбаның авторлары Шот-Аман Уәлиханов және Жандарбек Мәлібеков. Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлиханов 1932 жылы 26-сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылында дүниеге келген. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі, профессор, Шығыс елдері Халықаралық сәулетші академиясының академигі.

4-оқушы: Жандарбек Мәлібеков Мәлібекұлы 1942 жылы Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент Политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми-зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетші болған. КСРО сәулет саласы бойынша конкурстың лауреаты.

5-оқушы: «Елтаңба»

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Мұнда да бар ерлігім,

Мұнда да бар жар күші.

Қара шаңырақ ел күні,

Асқақтатып тұр мұны.

Елтаңбасы елдігім,

Елдің тыныш тірлігі.

Т.Молдағалиев

3-Ж: Ән: «Атамекен» Орындайтын: Мәжит Ұлдана .

ІІІ топ

1-оқушы.Біздің топ Мемлекеттік Әнұран туралы айтып береміз.

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған,-деп,-Әнұран?!

2-оқушы. Гимн-мемлекеттік ресми нышан- абыройлы болып табылатын, елдің арман-аңсарын білдіретін, бағдарламалық мәні бар салтанатты саз.

3-оқушы.Отан Гимні- еліміздің ұлы ұраны, мемлекетіміздің дауылпаз дабылы, бүкіл мердианды тік көтерген даңқты дабысы елдіктің, ерліктің символы. Өткен жылдар өткелдерінің өлеңі келер күндер керуенінің аршынды адымның арыны, мәңгілік сарқылмайтын, жарық пен шаттықтың шарқ ұрған сарыны.

Асқақтаған Әнұран.

1.Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған. 1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді. 2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ың Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде

«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.

4-оқушы. Қазақстан Республикасының Гимні 2006 жылы 7 қаңтарда бекітілді. Гимннің сөзін жазғандар:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

5-оқушы. Жас ақын Ж.Нәжімеденов пен жас сазгер Ш.Қалдаяқов «Менің Қазақстаным» әнін 1950 жылдары жазды. Ж.Нәжімеденов- «Менің Қазақстаным» өлеңінің сөзін ол 21 жасында жазған екен. Бұл ән бірден халықтың сүйікті әніне айналды. Қазақстанның түкпір-түкпірінде «Менің Қазақстаным» зор мақтанышпен, ерекше көңілмен шырқалды. 2006 жылы 7 қаңтарда жарты ғасыр өткен соң, Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынуымен бұл ән Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимніне айналды.

6-оқушы.

Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов Атырау облысының Құрманғазы ауданында Қошалақ ауылында 1935 жылы дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетінде және Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстарында оқыған. «Жазушы» баспасында, «Лениншіл жас» газетінде, Қазақстан Жазушылар одағында, Баспа істер жөніндегі Мемлекеттік комитетте, «Мектеп» баспасында жұмыс істеген.

7-оқушы.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев экономика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылыми академиясының академигі, «Алтын қыран»орденінің иегері 1940 жылы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Украинадағы Днепродзержинск техникалық училищесінде, Қарағанды металлургиялық зауытының жанындағы жоғарғы техникалық оқу орнында оқып, инженер-металлург мамандығын алған. Еңбек жолын Теміртауда болат балқытушы болып бастап, кәсіпорын, қала және облыс деңгейінде басшылық жұмыстар істеді. Қазақ КСР-нің Үкімет басшысы және Елбасы жоғары лауазымды қызметтерін атқарды. 1991 жылдан Қазақстан Республикасының Президенті.

8-оқушы.

Шәмші Қалдаяқұлы 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Қапыланбек мал дәрігерлік техникумында, Низами атындағы Ташкент музыкалық училищесінде және Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында оқыған.

1950 жылдан шығармашылық жұмыспен айналысты. 300-ге жуық ән шығарды, «Қазақ валъсінің королі» атанды.

1-ж Мұғалім.Балалар,сіздерге көп рахмет!Өте жақсы дайындықпен келіпсіздер. Мемлекеттік ріміздерді құрметтеу –әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті.

Бекіту.(интерактивті тапсырмалар шығып тұрады)

1-топқа Отан,туған жер туралы мақал –мәтел айту.

2-топқа сұрақтар беріледі Сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасының Н.Ә.Назарбаев қашан сайланды?



Жауабы:1991жылы 1желтоқсанда

2.Еліміздің рәміздері қашан қабылданды? 1992 жыл4 маусымда.

3. «Астана» сөзі қандай қай тілден алынған,қандай мағына береді?

Парсы тілінен алынған, «киелі орын, босаға»деген мағына білдіреді.

4. Жаңа елорданың атауы Астана болып қашан өзгертілді?

6 .09. 1998жылы

5.Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы –теңгенің айналамға енген жылы-

1993жыл.

3-топқа Жұмбақтың жауабын үш тілде айту керек.

1.Қиналмай тауларды,орманды,

Теңізді,дария,жондарды.

Ауылды,қаланы,халықты

Ойлан тап,көтерген алыпты. (жер-земля-Earth)

  1. Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады (күн –солнце –sun)

3.Ыстық дейді оны оттан,

Патриот оны ұнатқан.

Оңбайды бұл өмірде,

Адам оны жоғалтқан. (Отан-Родина –birthplace)

4.Асқақтатып Сарыарқа даламды,

Ерлік ісі үлгі болған бабамды.

Оң қолымен ұстап тұрып жүретін,

Бүкіл әлем осы әнге салады. (әнұран-Гимн –Anthem)

5.Тай қазаным күні бойы қайнайды

Ортайып та,сарқылып та қалмайды. (көл-озеро –Lake)





« Алға Қазақстан»әніне флешмоб биі. Орындайтын 7 сынып оқушылары.

Қазақстан Республикасының 25 жылдығына 25 тілекті айтып шығу.

1.Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

2.Тұғырлы болсын!

3.Айбынды болсын!

4.Зайырлы болсын!

5.Көшбасшы болсын!

6.Ұрпағы білімді болсын!

7.Мемлекеттердің алды болсын!

8.САбырлы болсын!

9.Тәртіпті болсын!

10.Тәуелсіз елімнің саны көбейсін!

11.Аспаны ашық болсын!

12.Күннен күнге көркейе берсін!

13.Туымыз биіктерден көрініп, әнұранымыз шырқала берсін!

14.Бейбітшілік болсын!

15.Халқымыз аман болсын!

16.Өлең жыры таусылмасын!

17.Бірлігімізбен татулығымыз берік болсын!

18.Әр отбасы бақытты ғұмыр кешсін!

19.Қазақ халқының басына қуаныш тола берсін!

20.Мерейі үстем болсын!

21.Келешегі нұрлы болсын!

22.Қазақстанның әр баласы білімді, сауатты болсын!

23.Тойымыз тойға ұлассын.

24.Тәуелсіздігіміздің 100 жылдығын тойлайық!

25.Халқымыз тыныш, бейбіт елде өмір сүрсін!

Ән. «Көк тудың желбірегені» Орындайтын: Дәулетияров Досжан

(оқушылар қолдарына көк туды алып тұрады.)

Қорытынды.

3-ж: Отан деген ұлы ұғым. Сол Отанда мекендеп жатқан барша халықтың бойында отансүйгіштік қасиетпен елге, жерге, мемлекеттік рәміздеріне деген мақтаныш әрдайым есіп тұрмақ.

2-ж: Мемлекеттік рәміздер әр уақытта татулық, бірлік, достықтың белгісі болып қала береді.

Рәміздерді құрмет тұту-әрбір оқушының абыройлы міндеті, оны қастерлеудің маңызы зор болмақ. Мемлекеттік рәміздер- біздің еліміз бен егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі екенін әрқашан есте ұстайық.

1-ж. Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!

Досқа сүйеніш, дұшпанға айбар туымыз асқақтап, Әнұранымыз жанымызды тербеп айтыла берсін әрдайым,-деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!!!









































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!