Тақырыбы: «Мемлекеттік тіл- қазақ тілі»
Мақсаты: 1. Оқушыларға қазақ тілін білудің маңызын
түсіндіру.
2. Тіл туралы жазылған ақындардың
өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру.
3.Туған ана тілін сүйіп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, қанатты сөздер жазылған плакаттар: «Ана тілі жоқ жерде ұлт жоқ.
Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.
Армысыздар, құрметті көрермендер,қымбатты ұстаздар, ата-аналар !
Мемлекетіміз егемендік алып, ана тіліміз қанатын жайып, көптен
күткен арманымыз орындалды. Ия, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері,
салт - дәстүрлері, тіл ерекшелігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз -
ананың тілінен бастау алады.
"Тіл – біздің тұтастығымыз”, "Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те
айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай
қорғауға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың
абзал борышы. Олай
болса бүгін 4 а сыныбында Мемлекеттік тіл-қазақ тілі
атты тәрбие шарамызға қош
келдіңіздер
Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де
қабілетті, отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда
мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.
Тіл – таусылмайтын байлық.
Оқушылар тіл туралы не білеміз? Тіл не үшін керек деген тақырыпта ой қозғасақ
( оқушылар жауап береді)
Тіл туралы қандай жыр шумақтар білеміз?
Оқушылардан сұралады
-
Айдана
-
Айнұр
-
Ақжарқын
-
Гүлжан
-
Равиль
-
Дилназ
-
Ерсултан
Ақжарқын
Ана тілім, Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана, Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен
тілдесем.
Дильназ
Тілім
менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау – парызым бүгін менің,
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілдің ауылынан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлдененең көк атының қолжаулығына айналады.
.
Ән: Ана тілі орындайтындар Сагидоллаева Мадина Муханбетова Фаризат
Жүргізуші: Келесі кезекте біздің оқушылардың
мақал - мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін байқап көрейік.
Мақал -
мәтелдер:.
1. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады).
2. Дәлелсіз сөз... (желмен тең).
3. Ине көзінен сынады,... (шешен сөзінен сынады).
4. Піл көтермегенді,... (тіл көтереді).
5. Сөз тапқанға... (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Шебердің қолы ортақ,... (шешеннің қолы ортақ).
8. Қаһарлы сөз... (қамал
бұзар).
9. Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек
жоқ).
10. Айтылған сөз, атылған... (оқпен тең).
1. Бал тамған тілден... (у тамған).
2. Тауды, тасты жел бұзар,... (адамзатты сөз бұзар).
3. Жақсы сөз... (жарым ырыс).
4. Жақсы байқап сөйлер,... (жаман шайқап сөйлер).
5. Тіл қылыштан... (өткір).
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі... (ой өсіреді).
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы... (тілінді).
8. Көре - көре көсем боларсың, сөйлей - сөйлей... (шешен
боларсың).
9. Тілден артық... (қазына жоқ).
10. Сүңгі жарасы бітер,... (тіл жарасы бітпес)
Тіл –
халықтың тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа
жеткізетін
тіл мен
ата-дәстүрі.Біздің тіл туралы заңымыз 1997 ылы 11 шілдеде Қазақстан
Республикасының
« Тіл
туралы» жаңа Заң дүниеге келді. Қазақ тілі ұрпақтан-ұрпаққа,
атадан- балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Сондықтанда ана тіліміз
талай жылға ақау
болған.
Қазақ тілі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі.
Қазақ тілі –
қазақ халқының тілі. Оның негізігі мекені
-Қазақстан.
14
желтоқсан- Қазақстан Республикасының мемлекеттіктіл күні, халықтық
мереке. Тілді қастерлеу- ізгілік пен мәдениеттің
белгісі.
Енді біздің оқушылардың мемлекеттік тілді
қалай меңгергендігін викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы
сынап көрейік.
Викториналық
сұрақтар:
1. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).
2. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989 22
қыркүйекте. )
3.Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).
4. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А. Байтұрсынов).
5. Тұңғыш кемеңгер?
(Ыбырай).
6..Қазақстан қандай мемлекет?
7.Тілдер күні қашан?
8. Қ.Р сының президенті кім?
9.Әнұранның авторлары? (Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев)
.10. Қай жыл тәуелсіздігімізді алдық?
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзеу қараймын,
Ана тілім сені егер білмесем
Көркем сөз оқитын Адебиет Нұрай
Қазақ халқы ежелден – ақ, тіл қадірін біліп , ақылды дұрыс сөзге бағына білген. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз ұйқасы
жатады;
Үш кемеңгер дүлдүлім,
Сақтаған ел бірлігін!
Қазақта қара қылды қақ бөлген
Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің сөз үлгілеріне зер салайық.
Төле би
Уа, халқым!
Көсіле шабар жерің бар!
Тау көтерген елің бар,
Қол бастайтын ерің бар,
Атадан қалған сара жолың бар.
Сөз қадірін біліңдер!
Қазыбек би
Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, же-
ріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Еш-
бір дұшпан басынбаған елміз.Басымыздан сөзді асырмаған елміз!
Әйтеке би
Тамыры суда тұрса да
Уақыты жеткенде
Құрамайтын құрақ жоқ
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.
Жүргізуші:
Тәңірі ортақ жаратқан,
Аузына халқын қаратқан.
Қара қылды қақ жарған.
Алдынан топты таратқан,
Мөңке, Төле, Қазыбек
Әйтеке, Алшын, би Кебек.
- Белгілі шешендер мен шешен билердің сөздері жазылып сақталмағандықтан, тек бізге ұзын - ырғасы, желі - жұрнағы ғана жеткен. Ауыздан ауызға көше жүріп, сырланып, бүкіл халық қазынасына айналған. Олар халқымыздың даналығын, тіл байлығымызды көрсетеді.
Тілім менің-тірлігім,
Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?
Тілім менің, тілім менің-тірлігім!
Әрине, тілімзідің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес.Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық.. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ асайық. ( Видео көрсетіледі)
1-оқушы: «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді».Ғ. Мұстафин.
2-оқушы: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқөының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» Ғ. Мүсірепов.
3-оқушы: «Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік». М. Әуезов.
4-оқушы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».Б. Момышұлы.
Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным. деп келесі тіл сөзін топтастырып өтейік
Тіл – байлығымыз, тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз. Тіл – біздің ұлттық намысымыз, арымыз, қорытып айтсақ барымыз.
Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Жүргізуші: «Тіл –ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан,бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру-мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Қазақ тілінің мерейі үстем бола берсін!
Ән: Тәуелсіз елдің ұланы Хор
Осымен бүгінгі Мемлекеттік тіл –қазақ тілі атты тәрбие шарамыз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғыс білдіреміз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мемлекеттік тіл - қазақ тілі

шағым қалдыра аласыз