«Мемлекеттік тіл- Менің тілім!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мемлекеттік тіл- Менің тілім!»

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандар, студенттер, оқушылар үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мемлекеттік тіл- Менің тілім!»

Мақсаты: Балаларға мемлекттік тілдің өркендеп,оянуына ,мемлекеттік тілімізді сүюге ,мемлекеттік тілді аяққа баспай , мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіңдік ерекшеліктері,салт-дәсүрі, діні, тілі болатынын түсіндіру. Балалардың сөздік қорын молайту , еркін сөйлеуге баулу.

Көрнекілік: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,тақпақтар,мақал-мәтелдер,

-Сәлеметсіздер ме құрметті балалар,қонақтар! Бүгін біздің ұйымдастырылған «Мемлкеттік тіл- Менің тілім!» атты ашық оқу қызметіне кош келдіңіздер.

Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіреген көк байрағым сан ғасыр,

Жас ұландар берік ұста туыңды,

Жарқыратып туған елдің жанбаласын.

Қазақстан Республикасының – әнұраны орындалады.

Біздің отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ұланғайыр ата-мекеніміз қандай кең болса, пейіліміз де керемет бай.

Мемлекетіміз тәуелсіздік, ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, көптен күткен арманымыз орындалады.Әр ұлттың өзіндік ерекшіліктері, салт -дәстүрлері, тіл ерекшілігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз ананың сүті, ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алады.

Туған елім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.

 

Балалар, енді тіл туралы тақпақтарды айтып берейік:

Емре: Ана тілім-ұраным

Ана тілім құралым

Ана тілі болмаса,

Болмас еді жыр әнім.

Аниса: Қазақ тілің – Атаң,Анаң,

Қуат алар Отан да одан.

Дүниеде ешбір асыл

Тең келмейді қатар оған.

Ариана: Қуан далам!Қуанатын күн бүгін!

Серпіп таста,мұңды жүрек түндігін!

Тіл туралы Заңым енді күшінде,

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін!

– “Тіл – біздің тұтастығымыз”, “Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір адамзаттың абзал борышы.

 

Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.

Тіл – таусылмайтын байлық.

-Қазақ тілі -біздің ана тіліміз!!! Балалар ана тілі туралы тақпақты айтып берейік

Айым: Ана тілім-арың бұл

Ұяттың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тілінді құрметте

ДенизАна тілім – анам,

Аппақ қардай арым

Мұра еткен бабам

Жарқыраған жаным.

АйдарАна тілім – тірегім

Ана тілім – жүрегім.

Қасиетті елімнің

Тек өзің деп білемін.

АйымЖанымнан қымбат

Ана тілім маған

Ана сөзден тыңдап

Үлгі өнеге алам

Ән: «Ана тілі»

-Ендеше балалар бәріміз бірге Тіл туралы мақал-мәтелдерді жаттап алайық

 

Мақал-мәтелдер:

  • Бас кеспек болса да,тіл кеспек жоқ

  • Ана сүті бой өсіреді,ана тілі ой өсіреді.

  • Тіл тас жарады,тас жармаса бас жарады

  • Тіл қылыштан өткір

  • Көп сөз – бос сөз

  • Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын

  • Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі ілім біл

 

Сұрақтар:

  • Балалар біз кандай мемлекетімізде тұрамыз? (Қазақстан)

  • Біздің ана тіліміз қандай тілі? (Қазақ тілі)

 

-Дұрыс балалар,біздің қарызымыз қазақ тілінде еркін, бос сөйлеу

Жүректен жүрекке шеңбері.

Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс!

Бізді жақтап отырған

Сіздерге де мың алғыс!

 

Қорытынды:

-Балалар осымен біздің «Мемлкеттік тіл- Менің тілім!» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Әрбір тілде сөйле әлемде таң қылып,

Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,

Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік





Келісемін

ЖШС «ДИА.КZ» балабақшасы

Әдіскері А.Д Сатқынбаева

___________________







Тақырыбы: : «Мемлекеттік тіл- Менің тілім!»

(Ашық сабақ)

















Тәрбиеші:________________________

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.02.2021
602
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі