Кенже Зәмзебай
филология магистрі,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мемлекеттік тіл мәселесі...
Қанымызға сіңісті, жанымызға жұғысты, ой-санамызға нұрлы шуақ сыйлап, сілкіндіріп серпілтетін, марқайтып қанаттандыратын өзіміздің мемлекеттік тіліміз. Тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз. Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Бабалардың қанымен, аналардың көз жасымен келген қазақ тілін тәуелсіздік алған 24 жылда қандай деңгейде білеміз? Қазақстанда тұратын қазақстандықтардың қазақшасы қалай? – деген заңды сұрақ туындайды.
«Тіл туралы» заңдағы «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» – деген. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Конституциямыздың жетінші бабының бірінші тармағында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп анық жазылған, Ата Заңымыздан туындаған «Тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында да осы жағдай берік ресми түрде ғана қамтылған. Біздің азаматтық парызымыз – тіл заңындағы талаптарды жүйелі түрде жүзеге асыру. Ол тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларынан да көрініс тапты. Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тіліне деген қамқорлық аз болған жоқ. Қазақ тілінің дәрежесін осы құжаттарда көрсетілгендей деңгейге жеткізсек, көңіліміз жұбанар еді. Себебі, ұлттың болашағы, елдіктің ертеңі, ұрпақтың келешегін ойлаған әрбір саналы азамат бұл жайдан сырт қалмас. Егемендігімізді алғаннан кейін мәдениетімізге, әдебиетімізге, салт-дәстүрімізге, тілімізге айрықша мән беретін күн туды. Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік – ана тілден бастау алады. Қазіргі өмірде елімізде қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге де, мемлекеттік тілді дамыта түсуге ешқандай кедергі жоқ. Жыл сайын қажетті қаржы да бөлініп жатыр. Қызметшілерді мемлекеттік тілге жедел үйретудің орталықтандырылған желісінің негізі қаланды. Шығарылған сөздіктер, ғылыми әдебиеттер мен оқу құралдарының да таралымы тұрақты өсуде. Мәселен, «Орфографиялық сөздігі» - 100000 таралыммен; «Орфоэпиялық сөздігі» - 100000 таралыммен; «Фразеологиялық сөздігі» - 50000 таралыммен; «Диалектологиялық сөздігі» - 50000 таралыммен; «Тұрақты теңеулер создігі» - 50000 таралыммен; «Синонимдер сөздігі» - 50000 таралыммен; «Экономикалық орысша-қазақша сөздігі» - 20 000 таралыммен; 50 мыңға жуық сөз қамтылған «Қазақша-орысша сөздігі» - 100000 таралыммен; «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» - 100000 таралыммен; «Орысша-қазақша сөздігі» - 100000 таралыммен жарық көрді. Бүлдіршіндерге, кәсіби мамандыққа сәйкес мемлекеттік қызметшілерге арналған оқу-әдістемелік кешендер де жеткілікті жарық көрді.
Азаматтардың құқықтары мен заңнамалық негізі бар. Кез келген тілді меңгеру мәселесіндегі басты шарт – адамның өзінің ішкі ой-ниеті мен қажеттілігі. Жетпей тұрғаны – адамдардың ықыласының аздығы. Осы ықыласты оятып, қазақ тілін қоғамдағы бірінші қажеттілікке айналдыру керек. Енді өз тілімізбен өмір сүретін уақыт жетті. Тіл жанашыры М.Шаханов:
Өз тіліңді менсінбеуің,
Өз тіліңді жерсінбеуің,
Қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Ол – рухи мүгедектік, әрі ұлттық сатқындық, - дейді.
Әрине, ХХІ ғасырда Қазақстанда «қазақ тілін дамыту» көңілге кірбің ұялатады. Қазақ тілін «орта деңгейде білем» деген қызметшінің өзі: «не етіп, неден, не істеп келе жатырмын», - дейді. Бұл – жалпақ жұртқа топырақ шашқандық емес. Бұл – күнделікті тұрмыста көзге сүйелдей көрінетін дәлел. Оңды-солды аударудың салдарынан жұрттың қылжағына айналған сөздер көбейіп, кейде өз сөзімізді өзіміз түсінбей жататын жағдайға жеттік. Мысалы: «Қылтимаға шығып, төңірекке қарадым» деген сөзге қалай күлмейсіз. Мұндай мүлдем түсініксіз тәржімелерді өздеріңіз де кездестіріп жүрген шығарсыздар. Газетті – «жариядат», минералды – «арасан», энциклопедияны – «мағлұтнама», технологты – «жасалымгер», таблетканы – «түймедақ», дражені – «қаптама» десем, қайсыңыз түсінер едіңіз. Қазіргі кезде осындай келеңсіз тенденция бар. Терминологиялық электрондық қор жасау жөніндегі әңгіме де шешімін таппады. Әлі күнге дейін осындай қордың болмауынан бір терминнің алты рет қабылданған кезі де болыпты. Әрбір мекемеде аудармашының орнын «корректор» алмастырғанымен, одан ешқандай айырмашылық жоқ. Бір мекеменің барлық құжаттарын жалғыз корректор аударып отыр. Қазір еліміздегі қай қалада болсын көшелері жарнамадан көз ашпайды. Үлкен кермелерде көздің жауын алған жарнамаларды ілушілер нені насихаттаса да, зиян көрмейтіні анық. Халық көп жүретін ортада жасалған жарнама нәтижесін сол затты немесе қызметті тұтынушылар мен пайдаланушылар санының артқанынан білуге болады. Көрер көздің назарын өзіне аударатын сансыз жарнамаларда екі тілде жазылатын нұсқалары да баршылық. Бірақ, қазақ тілінің ойран-топырын шығарып, сансыз қателердің орын алғанын көргенде, орыс тіліндегі сөздерді оқып-ақ өте бергің келеді.
Бұдан шығатын қорытынды, тіл мәселесіне байланысты мынандай ұсыныстар ескерілсе:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабындағы «... орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген сөйлем алынып тасталса;
2. а) Мемлекет органдарындағы орыс тілінен мемлекеттік тілге аудару ісі тоқтатылса. Себебі, қазақ тілі басқа тілден аудару шеңберінде ғана қолданыста болып отыр.
ә) Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының жоғарғы соты тарапынан аударма қатаң бақылауда болып, оған моральдық және құқықтық баға берілсе.
3. Барлық мемлекеттік органдардың жұмыс реті, тәртібі, ісқағаздары толық мемлекеттік тілге көшірілсе, қызмет барысында қос тілді хаттар мүлде тоқтатылса;
4. Мемлекет қаржысына тіл оқыған қызметшіден, оны оқытқан мекемеден сұраныс мықты болуы керек. Керек десеңіз дұрыс білім бермеген оқыту мекемесін де, дұрыс білім ала алмаған қызметшіні де жауапкершілікке шақыру тетіктерін қарастырса;
5. Мемлекеттік тілдің абыройы мен беделін көтеру бағытындағы іс-шаралар дұрыс жолға қойылып, кеңінен насихатталса;
6. Қазақстан Республикасы жаңа «Мемлекеттік тіл туралы» заңы қабылданып, оның мақсат – міндеті мемлекеттік тілге ұлттық – мемлекеттік мүдде тұрғысынан айқын басымдық беріп, оны қоғамдық өмірдің барлық салаларына енгізудің әсіресе мемлекеттік органдардың қызмет тіліне айналдырудың нақты тетіктерін көрсету болғаны жөн.
7. Жаңа «Мемлекеттік тіл туралы» заңда мынандай жағдайлар мұқият ескерілуі тиіс;
а) Жетім балалар үйіндегі оқу және тәрбие ісін толық мемлекеттік тілде жүргізу;
ә) «Мемлекеттік тіл туралы» заңда мемлекеттік тілді қорғау шаралары туралы арнайы тарау болса;
б) БАҚ мемлекеттік тілдің үлесі 70 пайыз болуын міндеттелсе.
8. Республика мемлекеттік тілдің қолданысқа енгізілуіне пәрменді серпін беріп отыруы үшін «Мемлекеттік тіл туралы» заң орындалуын қадағалап бақылайтын, талап етіп отыратын, тиісінше шара қолданатын тіл Инспекциясы құрылуы қажет.
Мемлекеттік тілдің абыройын асқақтату – әрбір қазақстандықтың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт-санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.
Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің не тұрып жатқан еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің.
Қазақ тілі - өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы. Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Ұлт мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты.
Әбіш Кекілбаев үш жүздің билері жайлы: «Бірі бастап берген әңгімені екіншісі қостай жөнелегенде тотықұстың қауырсынындай құлпырып, аяқ астынан ажарланып жүре беруші еді. Сол үшеуінің ауызының дуасындай бірлік бергенде қазақтың жұлдызы қалай-қалай жарқырар еді! Қандай қиын түйінде де Әйтеке бауыздап, Қазыбек ұшалап, Төле мүшелеп берер еді! Қандай қиқар даукесің де Әйтеке айтқанда құлақ аспасқа, Қазыбек айтқанда құптамасқа, Төле айтқанда «төресі осы» - деп жығыла кетпеске жағдайы жоқ-ты. Әйтеке жарып айтады, Қазыбек қазып айтып, Төле тауып айтады деген сөз де содан қалған-ды. Үш арыс қазақ оларды сөйлетіп қойып, қақаған қаңтарда арқар сорпасын ішкендей бусанып, тал бойы түгел еріп, балбырап отырар еді-ау!» - деген. Олай болса, неге біздер Төле, Қазыбек, Әйтеке билер билік айтқан тілден безінеміз? Әлде, өз тілімізді өгейсітіп жүргендер тілдің киесінен қорықпай ма? Б.Момышұлының аталы сөзі ауызға оралады. Мал екеш мал да, өз «тілінде» сөйлейді. Яғни, жылқы мөңіреп, сиыр кісінемейді. Демек, қазақ тілін менсінбей жүргендер қатарын өзгенің тілімен ойлап, біреуді сомдап жүргендер деуге ауыз да бармайды. Тіл халықпен бірге өмір сүріп, дамиды, яғни, тіл - әрбір халықтың дербес ұлт екендігінің анық куәсі. Себебі, әр ұлттың тілі – сол ұлттың болашағының мықты діңгегі. Сонда біздің «шала қазақтарымыз» өз бақытынан өзі жеріп жүрген жандар ма? Ағартушы, ғалым А.Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалғанның өзі жоғалады» деген сөзінде терең астар, үлкен мән жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс», - деген болатын. Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі. Мемлекеттік тіл – барша қазақстандықтарды біріктіруші құндылықты факторға айналу қажет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Мемлекеттік тіл мәселесі..." мақала

шағым қалдыра аласыз