Мемлекеттік тілді білу міндет.
Қазақ тілі
–
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең
бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана
тілі.
Тіл
қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті,
құдыретті.
Тіл әрбір
азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген
қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет
пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға,
өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та
туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени
байлығының дамуының құралы.
Қазақ тілі
– халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа
мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті
туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл
заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат
мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен
қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры,
тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” - деген. Тіл
байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін,
көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына
қарсы тұруға тиісті.
Амал не,
туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз.
Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ
қылатын кез болды. Бүгінде де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі,
білсе де сөйлемеуі – қазақ тілін жақсартып, биік белестерге
көтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады. Туған тілден безінген
азаматтарды көргенде Паустовскийдің “Туған тіліне жаны ашымаған
адам жәндік” -деп ашына айтқаны ойға оралады. Елінің болашағын
ойлаған әр азамат ана тілінің болашағын да қолынан келген
көмегін аямауы тиіс. Өкінішке орай, соңғы кезде
көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке
айналдырған. Ата-ананы қаділеу қалай керек болса, өз ана тілімізді
қадірлеуді, қастерлеуді, аялауды қолға алайық. Төл тілінде
сөйлеуден безу – ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен
бірдей.
Қазақстан
- әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін
қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы
керек.
Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес
қазынасы – ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі –
мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеп, оны білу – біздің
әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау - өз
халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын күннен-күнге кеңейтіп, оны шын
мәніндегі қоғамдық қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күн талабы
екендігі баршамызға мәлім. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық
даналығы. Ендігі мақсат – тәуелсіз мемлекетіміздің қоғам өмірінің
барлық саласында қазақ тілін кеңінен қамтамасыз
ету.
Қазақстан Республикасының
Тұңғыш
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы
жолдауында Үкімет «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске
асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған
мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру
қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді, - деп айтылған
болатын.
Сонымен қатар, Елбасымыздың «Қазақ тілінің
мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де
дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу қажет» - деп қадап
айтқан пікірі баршамыздың берік ұстанатын қағидамыз болуға
тиіс.
Қазақстан Республикасының ХХІ ғасырдағы болашағы,
шығар биіктері саяси-экономикалық факторлармен қатар, оның
мемлекеттік тілі – қазақ тілінің де дамуына тікелей байланысты.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі Ата Заңымызда анық
айқындалған. Елбасымыз да «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!»
деп қадап көрсетті.