Материалдар / Мемлекеттің пайда болу теориялары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мемлекеттің пайда болу теориялары

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мемлекеттің пайда болу теориялары». Мақсаты: Мемлекеттің пайда болу теорияларын және себептерін қарастыру. I-ші бөлімі мемлекеттің пайда болу себептері мен нысандары талдаймыз. II-ші бөлімде, жалпы мемлекеттің пайда болу теорияларын және оның проблемаларын қарастырамыз. Ұлы ғұламалардың тұжырымдамаларын талдаймыз. Жалпы, бұл рефератта мемлекеттің шығу тегіне, функциялары мен нысандарына, оны әрі қарай қалыптасуына, азаматтық қоғамның өзегі болып табылатын құқықтық мемлектті құру принциптеріне, заңдарға, өзгеде құқықтық нормативтік актілерге, құқық қолдану кепілдіктеріне, өмірде, тәжірибеде құүқылық талаптарды іс жүзіне асыру әдістеріне көңіл салыстырмалы түрден аударылады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







Тақырыбы: “ Мемлекеттің пайда болу теориялары”



Орындаған:

Тексерген:























КІРІСПЕ


Бұл рефераттың аты: «Мемлекеттің пайда болу теориялары». Бұл реферат екі бөлімнен тұрады. Әрбір бөлім екі сұрақтан тұрады.

Рефераттың мақсаты: Мемлекеттің пайда болу теорияларын және себептерін қарастыру.

Рефераттың I-ші бөлімі мемлекеттің пайда болу себептері мен нысандары талдаймыз. II-ші бөлімде, жалпы мемлекеттің пайда болу теорияларын және оның проблемаларын қарастырамыз. Ұлы ғұламалардың тұжырымдамаларын талдаймыз.

Жалпы, бұл рефератта мемлекеттің шығу тегіне, функциялары мен нысандарына, оны әрі қарай қалыптасуына, азаматтық қоғамның өзегі болып табылатын құқықтық мемлектті құру принциптеріне, заңдарға, өзгеде құқықтық нормативтік актілерге, құқық қолдану кепілдіктеріне, өмірде, тәжірибеде құүқылық талаптарды іс жүзіне асыру әдістеріне көңіл салыстырмалы түрден аударылады.

Мемлекет теориясын оқып үйренуде оның алғашқы әліппесі ретінде мемлекеттің ұғымы және әлеуметтік мәні туралы мәселелерді қараудан бастау қажет. Бірақ мемлекеттің өзі нені білдіреді және оның қоғам өміріндегі алатын рөлі қандай екендігін түсіну үшін ең алдымен мемлекет қашан және не үшін өмірге келетіндігін анықтау қажет. Өйткені, адамзаттың тарихи даму барысындағы кейбір кезеңдерінде мемлекеттің мүлдем болмағандығы тарих пен ғылымның жетістіктері куә.









I. Мемлекеттің пайда болуы

1. Мемлекеттің пайда болу себептері.

Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік билікке жалпы сипаттама. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің ерекшеліктері болып мыналар табылады:

  • ол тек бір ру көлемінде ғана таралды, оның еркін білдірді және қандық туыстыққа негізделді.

  • тікелей қоғамдық болып табылады, алғашқы қауымдық; демократияның, өзін-өзі басқарудың бастамаларының негізінде қалыптасты;

  • бұл биліктің биліктік органдары ретінде рулық жиналыстар, ақсақалдар, әскербасылары, және т.б. қызмет етті, олар алғашқы қауымдық қоғамның өмір сүруінің маңызды мәселелерін шешіп отырды.

Мемлекеттің пайда болуы туралы мәселе даулы болып табылады, себебі, этнография және тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа мәліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері туралы бірқатар теориялар бар, мысалы: діни, патриархалды, шартты, органикалық, иррагиациялық, материалистік, психологиялық, күштеу теориалары.

2. Мемлекеттің пайда болу нысандары.

Мемлекеттің қалыптасуы - әр түрлі халықтарда түрлеше жүзеге асқан ұзақ үдеріс.

Шығыста «өндірістің азиялық тәсілі» (Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай және т.б.) нысаны кеңінен таралды. Афины мен Римде мемлекеттің падй болу бағыты басқаша жолмен жүзеге асрылды, бұларда құлиеленушілік мемлекет меншіктің пада болуы және қоғамның таптарға бөлінуі негізінде пайда болды. Афины – мемлекеттің пады болуының ең таза, классикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым ішіндегі таптық қарама-қайшылықтардың, негізінде пады болады. Римде ммлекеттің пада болуы плебейлердің римдік аристократтар – патрицийлерге қарсы күресінің нәтижесінде тездетілді.

Ежелгі Герман мемлекеттің пайда болуы көптеген жерлерді алып жатқан бөтен аумақтарды жаулап алумен байланысты, бұл жерлерге үстемдік орнатуда рулық қоғам әлсіз болды, сол себепті, мемлекеттің пайда болу қажеттігі туды.

Барлық нысандағы мемлекеттердің пада болуына негіз болып 10-12 мың жылдар бұрынғы неолиттік ревалюция табылды. Оның мәні мынада: өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында адам дайын өсімдік және жануарлық нысандарын иемденумен, байланысты құралдық қызметтен табиғатты өзгертумен және азық дайындаумен байланысты шынайы еңбек қзметіне ауысты, яғни, иемденушімен өндіруші эканомикаға өту орын алды.

Сонымен, мемлекет обьективтік түрде, сырттан емес, ішкі факторлардың негізінде пайда болды.


II. Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі тоериялар.

  1. Мемлекеттің пайда болуы жайындағы теория.

Жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның тапқа бөлінуімен өкімет халықтан бөлініп, билікті жүзеге асыру өзіне биімделген арнаулы, құрамында қаржыны, қарулы күштерді, қоғамдық тәртіпті және т.б. басқаратын адамдары бар топтарын, мемлекеттік аппараттың ісіне айналады. Мемлекет билігі жүргізілетін аумақта оны мекендеушілердің бәрі сол мемлекеттің қол астындағы адамына немесе азаматына айналды.

Сөйтіп, қанаушы қоғамдағы мемлекеттің мынандай түрлері дүниеге келді: құл иленушілік, феодалдық, буржуазиялық (капиталистік) және кеңестік. Бүгінге дейін мемлекеттің шығу тегін мәлімдейтін әр түрлі көптеген теориялардың бар екендігі мәлім.

Осылардың ішіндегі ең көнесі – бұл теологиялық теория болып табылады. Теологиялық ұғымды уағыздайтындар: Фома Аквинский, Эйве, Кост-Флорэ, Лебюфф, ислам идеологтары , католик шіркеу Жан мартен және басқалары жердегі өмір сүретіндер Құдайдың арқасында болып отыр деп түсіндіреді. Осыдан келіп, құдайға құлшылық етіп, оған табынушылық жасау керек деген ұғымдар туды. Аталған дінді уағыздайтын қайраткерлердің пікірінше тіпті мемлекет те өмір бақи өмір сүреді, ол ғұмырлық, сондықтан халық оған табынып, жалбарынуы , бағынуы тиіс. Осыдан келіп, олардың ойын әрі қарай жалғастырсақ мемлекеттің өзінде, құқықты да құдай жаратқан деп тұжырымдаған. Бірақта қазіргі кезде өркениетті теорияда мемлекеттің пайда болуына діннің, шіркеу мен діни ғимараттарының әсер ететіндігін жоққа шығармайды.

Сонау көне замандағы тағы бір белгілі теориялардың бірі – патриархалдық теория (Платон, Аристотель, Михайловский, Фильмер, т.б.), мұнда мемлекеттің шығу иегін былайша түсіндіреді – мемлекеттің дүниеге келуі отбасының бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ұласуынан туындаған, оның тарихи дамуының нәтижесі деседі. Көптеген отбасының бірігуі отбасы басшысының мемлекеттің азаматына айналғандығын, сөйтіп биліктің жаңа түрі – мемлекет басшысы – монархтың пайда болатынын білдіреді. Мемлекеттің басшысы ретінде ол барлық семьялардың әкесі деп танылады, өз билігін ендігі жерде құқық арқылы, яғни заңдарды шығару негізінде жүзеге асырады. Ал қалған әрбір отбасның басшысы мемлекеттік билікті емес, ол тек ана-аналық, жұбайылық, басқарушылық билікті ғана атқара алады. Демек, тек өз отбасында ғана билік жүргізуші ретінде танылады (яғни мырзаның жалшағы деген билігі). Бұл теорияның шығуына әрине отбасының рөлі мен мемлекеттің қалыптасуы өте ықпалын тигзгені сөзсіз.

Өз уақытында нағыз прогресшіл болып танылған (осы күнге шейін маңызын жоймаған) ілімнің бірі – шарттасу (табиғи-құқықтық) теориясы (өкілдері Гоббс, Спиноза, Локк, Руссо, Гораций, Радишев, Дидро, Пестель және т.б.). Мұны уағыздаушылар – мемлекет шыққанға дейін адамдар “табиғи жағдайда” яғни көбінесе шексіз бостандықта (мысалы, табиғи мәні бар құқықты Табиғаттан немесе Құдайдан алудан) болып келеді. Мемлекет болса адамдардың тумысынан табиғиғ құқыққа ие болғаннан кейін ғана дүниеге келді, – деседі. Демек, бұл теория бойынша мемлекет адамдармен келісіп, шартқа отырулары керек екен. Адамадар өзіне тиесілі тумысындағы құқықтық бір бөлігін мемлекетке беруіне тиісті. Өйткені, тек қана мемлекет адамдардың атынан билік ете алады және қоғамды басқарып, тәртіпке келтіруші күш ретінде танылады. Демек, мемлекет қоғамдық шартқа сүйенеді. Егерде шарт та көрсетілген мән-жайлар бұзылатын болса, онда халық оны ауыстыра алады дейді. Бұл теорияның негізінде кейбір мемлекеттің құрылуына әсер еткен тарихи деректердің жатқандығын сезінеміз.

Күштеу теориясын уағыздаушылар (Каутский, Гумплович, Дюринг, т.б.) ойынша алғашқы қауымдық қоғамда күшті, ірі тайпалар әлсіз, кішігіріп тайпаларды басып алып, арнайы басқарумен күштеу аппаратын құрған, солар арқылы жаулап алған аумақтарды басқарып, ондағы халықты өздеріне бағындырып отырған. Осылардың негізінде мемлекет құрылады, оның шығуы – күштеудің нәтижесі.

Ирригиациялық теорияның (Витфогель) негізінде жер шарының кейбір аймақтарында жерді өңдеу мен суару жасанды суарусыз болмайтын болғандықтан (мысалы Көне Египте) ирригациялық құрылысты (каналдарды, тосқауылдарды) жүргізу үшін ірі-ірі қоғамдық жұмысты ұйымдастыру қажеттігінен туындаған тарихи мәліметтер жатыр. Мемлекеттің шығу тегін осылайша тұжырымдайды.

Психологиялық теория (Цицерон, Коркунов, Петражицкий, Фромм) мемлекеттің пайда болуын адамдардың психикасының ерекше сипатысынан туындалған деп ой қорытады. Өйткені, адамдарға тумысынан тән қасиеттер: еліктеу, сыртқы мінез-құлық (тәртіп) ережелерін орындауға бейім келетіндігі болып табылады. Бұл теория аталған себептерге байланысты, адамдар ерекше билікті (мемлкетті) қажетсенеді деп көрсетеді.

Біздің отандық ғылымда жетпіс жылдан астам уағыздалып келген теория – бұл марксистік – лениндік (Маркс, Энгельс, Ленин). Бұл ілімнің өзегіндегі басты мәселе – мемлекеттің шығу тегін қоғам дамуының белгілі бір сатысындағы өндіргіш күштердің өрбуімен байланыстырады. Шынында да, адамзат тарихының ертедегі сатыларында өндіргіш күштердің деңгейі өте төмен болды. Өйткені ол кездегі өндіргіш құралдары шоқпар, тас балта, найза, ал кейінірек садақ пен жебе болды. Адамдар орасан көп күш жұмсап, өз қажеттерін болмашы мөлшерде ғана қанағаттандыра алды. Ал осы болмашы мөлшердің өзін олар бірлесіп еңбек етудің арқасында алды. Әрине, мұндай жағдайда өндіріс құрал-жабдықтары еңбектің өнімдері жеке адамға емес, ұжымға тиісті болды. Қанау мүмкін емес болды, өйткені жұмыс істеген адам өзі өмірі үшін қажетті мөлшерден артық өнім өндіре алмады. Рулық қауымның ішінде еңбек ету қатынастары үстем болды. Өндірістік қатынастар өндіргіш күштердің даму дәрежесіне сай болды.

Дамудың бұдан былайғы барысында өндіріс құралдары бірте-бірте жетіліп, оларды металдан жасай бастады. Қоғамда еңбек бөлінісі пайда болды: егіншілікпен қатар мал шаруашылығы, одан кейін қолөнер пайда болды. Еңбек бөлінісі, жоғарыда сөз еткеніміздей өз өнімдерін айырбастауды туғызды. Өйткені егінші, мал өсіруші мен қолөнершінің өнімдерін қажетсінді, ал мал өсіруші мен қолөнершіге өз кезегінде егіншінің өнімдері қажет болды. Осы өзара қажеттілікті олар тек айырбас арқылы ғана қанағаттандыра алатын.

Жаңа еңбек құралдарының арқасында қызметкер өнімді өзіне күн көрісіне қажетті мөлшерден артық өндіре бастады. Қосымша өнімнің пайда болуымен жеке меншік дүниеге келді, сөйтіп адамды адамның қанауына мүмкіндік ашылды. Осының нәтижесінде пайда болған құл иеленушілергеендігі жерде мемлекет қажет болды, оны ірі қару ретінде пайдаланып, “сөйлей алатын еңбек құралы” болып табылатын қызметкерлерді (құлды) өз қарамағына ұстап тұру үшін керек болды. Бұдан мемлекеттің пайда болуы қаналушы таптарды жаншып басып тастау қажеттілігінен туындаған деседі.

Дегенменде, қазіргі кезде ғылыми теориялар мемлекеттің шығу тегі жөніндегі маркстік ілімді жоққа шығармайды (қоғамның тапқа бөлінуін). Бірақта жер шарының басқа аймақтарындағы елеулі тарихи процестерге көз жіберсек (мәселен, Көне Шығыстағы б.э.д. IV-III мың жылдықтағы көріністерге), онда біз мемлекеттің құрылуында таптардың рөлін марксистік тұрғыда асыра сілтешілікті байқаймыз, өйткені барлық жерде осындай жолдармен ол пайда болмаған.

  1. Мемлекеттің пайда болу жөніндегі проблемалар.

Мемлекеттің пайда болуы жөніндегі проблемаларға қазіргі көзқарастардың өзі археология, этнография, алғашқы қауымның тарихына сүйеніп, адамзат қоғамының тарихында мемлекет жер өңдеумен шұғылданатын жер шарының аймағында пайда болған (құнарды топырақ, жылы климатты жерлерде) деседі. Бұл тас дәуірі деп аталатын кезеңде қалыптасқан.Ол кезде ешқандай таптар болмағандығын жоғарыда айтып өткенбіз.Тек бертін келе ғана алғашқы қоғам ыдырап, байлар мен кедейлер бөлініп шығып, қарама-қайшы таптарға айналғандығына тарих куә. Міне осыларды негізге ала отырып, қазіргі уақыттағы ғылыми теория марксистік ілімді жоққа шығармай, оны нақтылы деректермен толықтыра түседі.Жоғарыдағы мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың оң жақтарына ғана назар аударады.

Мемлекеттің щығу тегін түсіндіретін өзге де теориялар бар (органиялық, валюнаристік, аралас қандық).

Сөйтіп, мемлекеттің пайда болу жалпы заңдылықтарын сөз еткенде мыналға көңіл бөлгеніміз жөн:

1) мемлекеттін шығуы ұзак тарихы процесс;

2) мемлекет объективті негізгі пайда болады, өйткені қоғамның даму кезеңдерінің белгілі бір сатыларында онсыз болуы мүмкін емес,

керісінше, мемлекетсіз қоғам өрби алмайды, қоғам дамуының заңдылығы

осында;

3) мемлекетің шығуы қоғам ішіндегі қайшылықтармен қатар, оның табиғатпен ара-қатынасының арасынадағы келіспеушіліктеді үйлестіру қажеттігінен туындайды;

4) қоғам дамуының белгілі бір кезеңдерінде мемлекет пайда болып, болашақта ол оның тұрақты көмекшісіне айналады.


























ҚОРЫТЫНДЫ.

Қорыта келе айтатымыз, мемлекет пен құқықтың шығу тегі эканомикалық және әлеуметтік себептерге де байланысты болады. Эканомикалық себептерге жататындар:

  • тұрпайы жинаудан өнім шығару эканомикасына ауысуы;

  • қоғамдық еңбектің бөлінуі (мал шаруашылығының жер өңдеу шаруашылығынан бөлінуі; қол өнерінің бөлінуі; көпестердің пайда болуы;);

  • жеке меншіктің пайда болуы;

Ал, әлеуметтік себептердің қатарына рудың ыдырауы және отбасының пайда болуы; антогонистік қайшылықтардың дүниеге келуі, әрі қоғамның таптарға бөлінуіжатады.

Өзіміз білетініміздей, мемлекет о бастан-ақ өзінің пайда болған кезінен үстем таптың саяси ұйымы, халықтың қанаушы таптары мен топтарының өктемдік жасау құралы болып табылды. Әрбір мемлекеттің мәні өкімет басында қандай тап немесе қандай топтар тұрғанына ғана байланысты болады. Тіпті құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық мемлекеттерді айтпай-ақ өзімізге қанық болған социалистік (кеңестік) мемлекет те қоғамдық таптардың бірінің саяси өкіметінің қаруы есебінде пайда болды – оның бұрынғы мемлекеттермен ұқсастығының өзі осында, оны мемлекет деп атайтынымыз да сондықтан. Оған дәлел, алғашқы кезде Кеңес мемлекетеінің мәні – пролеториат диктатурасы болды. Онсыз құлаған езуші таптардың халықтың ревалюциялық еркіндігіне қарсылығын басығу, бұқараны жаңа өмір үшін күреске ұйымдастыруға мүмкін емес еді. Соңынан КПСС-тің диктатурасы жалғасқанын білеміз.

Жоғарыда айтылып кеткендей, мемлекеттің шығу себептерін ескерсек мынандай қорытындыға келе аламыз: жалпы мағынасында мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізішу топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықпен қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.

Мемлекет алғашқы қоғамның белгілі бір даму кезеңдеріндегі эканомикалық және әлеуметтік құрылымдар өзгерістерінің нәтижесінде пайда болып, өзгеріссіз қала алмады. Ол дамыды, әр түрлі тарихи сатыларда жаңа қасиеттерге толыды. Сондықтан да болар құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, кеңестік және өркениетті мемлекеттердің ерекшеліктері туралы сөз етілетіндігі. Бұлардың қай-қайсысы болса да әр түрлі тарихи кезеңдерде өздерінің іздерін қалдырды. Сөйтіп барлық мемлекеттердің олардың даму сатыларына қарамастан, ортақ белгілерін атауға болды. Осылар арқылы мемлекет тапсыз қоғамдағы рулық қауымдастықтан немесе таптық қоғамдағы өзге де ұйымдардан (айталық, партиялардан) ажыратылады. Осындай белгілердің жиынтығы келіп, мемлекет туралы мінездемені толық ашып береді.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!