Мен - елімнің патриотымын.
«Өз Отаныңның патриоты болу
дегеніміз – Қазақстанды жан-жүрегіңмен сүйе білу»
Н. Ә. Назарбаев
Мақсаты: Отанды сүюге, Отан алдындағы
борышын түсіне білуге тәрбиелеу. Қазақстанның әрбір азаматы өзінің
сүйікті Отанының қорғаушысы болуға міндетті. Өскелең ұрпақ
болашақта білімді де саналы, Еліміздің патриоттары болуы
керек.
Әдісі: пікірталас,сұрақ-жауап,әңгімелесу
Көрнекілік: Рәміздер, Елбасының
сөздері,Рио-де-Жанейро -2016 олимпиадасының жеңімпаздары,Еліміздің
Тәуелсіздігіне-25жыл.
Сыныпты 3 топқа бөлемін.
1-топ Кешегі Қазақстан!
2-топ Бүгінгі Қазақстан!
3-топ Ертеңгі Қазақстан!
Тәрбие сағатының жоспары:
І. Тарих-ғасырлар куәсі
Кешегі-Қазақстан.
ІІ. Ел мерейін
асқақтатқан-тұлғалар.
Бүгінгі-Қазақстан
ІІІ. «Мәңгілік ел»-
бүгінгі бүлдіршін,ертеңгі болашақтың
қорғаны
Ертеңгі-Қазақстан
ІҮ. Ел бақытын ойлаған Елбасы
Ү. Жасай берсін Елдігіміз мәңгілік!
Тәрбие сағатының барысы:
І .Тарих-ғасырлар куәсі
Қазақ хандығының құрылуына
себеп болған басты шарттарының бірі - Әбілхайыр хандығындағы ру –
тайпалардың саяси жағдайы, олардың шаруашылық өмірлеріндегі
дағдарыстар, хан ұрпақтарының билік үшін таласы, ойрат тайпаларымен
соғыста жеңіліске ұшырауы - халық бұқарасының Әбілхайыр ханға
наразылығының өрши түсуіне себепші болды. Сонымен қатар феодалдық
езгі мен қанау бұқара халықты ауыр күйзеліске ұшыратты. Көшіп -
қону тәртібі жиі бұзылады. Халық бейбіт өмірді аңсады. Керей мен
Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайда дер кезінде, өз мақсат -
тарына шебер пайдаланды. Сөйтіп, Әбілхайыр ханның үстемдігіне қарсы
күрескен қазақ тайпаларының көсеміне айналып, қазақ тайпаларын
бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш
бастады. Моғолстан ханы Есен - бұға Керей мен Жәнібекті Әбілхайырға
қарсы пайдалану үшін құшақ жая қарсы алды. Оларға Шу бойынан қоныс
бөліп берді.
1465 - 66 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды. Жаңадан құрылған
Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, Керей мен
Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқы болды. Бірақ тәртіп
бойынша жасының үлкендігі де ескерілді, сондықтан хан тағына Керей
отырды. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды.
Қазақ мемлекетінің ХVI - XVII ғғ. әлеуметтік - экономикалық жағдайы
бір қалыпты болды. Қазақ хандығының құрылымы 7 сатыдан қаланды:
ауыл – ауыл басы, ата - аймақты - ақсақал, руды - рубасы, арысты -
би, ұлысты - сұлтан, жүзді - хан, хандықты - қаған басқарды.
Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі басты саласы көшпелі және
жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Көптеген хандар билік
басына келіп өз саясаттарын жүргізді. 1680 - 1715 жж. Хан тағына
Тәуке отырды. Ол талас - тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір
орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салды, «Жеті Жарғы»
атты заң жинағын құрастырды. Абылай хан 1771 - 1871 жж. Хан тағына
отырды. Қоғамдық қайраткер, қолбасшы, дарынды саясаткер ретінде
өзін көрсете білді. Барлық мәселені тек дипломатиялық қатынас
арқылы шешті. Ұлтының азаттығы үшін күрескен, өз заманының
азаматы.
Сұрақтар
кезеңі:
1. Аңырақай түбінде барлық
жасақтарға қолбасшылық жасаған хан (Әбілқайыр).
2. Алғашқы қазақ – Бұхар соғысы қай жерде болды? (Айғыржар)
3. Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған жер (Жетісу).
4. Тұрсын хан астанасы етіп жариялааған қала (Ташкент).
5. Есім ханның Тұрсын ханды жазалауы туралы жазған жырау
(Марғасқа).
6. 1740 жылы Кіші Жүздің шекарасына қауіп төндірген мемлекет
(Иран).
7. «Көшпенділер» трилогиясының авторы? (Есенберлин)
8. «Шыңғыснама» тарихи шығармасының авторы (Өтеміс қажы).
9. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды адам
(Бұқар жырау).
10. 1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған
бекініс(Ор).
11. Ел аузында сақталған «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген сөз
осы кезден қалса керек. Осы Күлтөбенің басында күнде кеңес болған
кезде қандай заңдар жинағы жасалды? (Жеті жарғы).
12. Тәуекел хан өзбек ханы ІІ Абдаллахпен шартын бұзып, қандай
қалалардың бірін басып алады?
(Отырар).
ІІ. Ел мерейін асқақтатқан-тұлғалар.
Міне, күллі әлем көз тіккен Рио-де-Жанейро қаласындағы ХХХІ жазғы олимпиада ойындары мәреге жетіп қалды деуге болады. Бұл олимпиада Қазақстан құрамасы үшін сәтті болды деуге толық негіз бар. Қазақстаннан әлемдік бәсекеге 26 спорт түрінен 104 спортшы қатысып, бақ сынады. Қазақстандықтар барлығы 17 медаль (3 алтын, 5 күміс, 9 қола) алып, ел спорты тарихында күміс және жалпы жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Алтыны аздау демесек, төрт жылда бір келетін дүниежүзілік додада ел қоржынына түскен бұл жүлделердің бәсі жоғары.
1.Рио олимпиадасының алтыншы күні Қазақстан құрамасы үшін сәтті болып, дзюдошыларымыз қос бірдей медальді жеңіп алды. 2015 жылы Қазақстан азаматтығын алып, біздің ел намысын қорғауға бекінген моңғол қызы Отгонцэцэг Галбадрах өзінің өжеттігін көрсете білді.
Ал Отгонцэгэг Қазақстанға осы олимпиададағы бірінші медаль - қола жүлдені сыйлады. Сол күні дзюдодан өткен жылғы әлем чемпионы Елдос Сметов те ерледі. Ол өзбек Диорбек Урозбоев, әзірбайжан Орхан Сафаров сияқты мықты қарсыластарын ұтып, финалға шықты. Соңғы бәсекеде ресейлік Беслан Мудрановқа қосымша уақытта ғана жол беріп, күміс жүлдегер атанды. Енді Елдос Токио олимпиадасында алтын жүлде алуды мақсат етіп отыр.
Бұдан кейін кезек ауыр атлетика шеберлеріне келді. Дегенмен Фархад Харки мен Карина Горичева қола жүлдегер атанып, Қазақстанның бұл спорт түрінен әлі де мықтылар қатарында екендігін дәлелдеді.
Рио олимпиадасында 11 тамызға қараған түні қазақстандық спортшылар айды аспанға шығарып, қос алтын, бір күміс медальді жеңіп алды.
Ауыр атлетикадан 69 келіге дейінгі салмақта Жазира Жаппарқұл қазақ қыздары арасында тұңғыш рет олимпиада ойындарының жүлдегері атанды, оның еншісінде - күміс медаль
Ауыр атлетикадан ерлер арасында 77 келіге дейінгі салмақта Нижат Рахимов нағыз ерге тән қасиетті көрсете білді. Өзінің елінде (Әзірбайжан) қағажу көріп, Қазақстанға келген Нижат И.Ильиннің орнын жоқтатпады. Атырау облысына алтын жүлде сыйлаған Н.Рахимовтың бұдан кейін де алар асуы аз болмасы анық.
Алматылық 21 жасар спортшы Дмитрий Баландинді 200 метрге брасс әдісімен жүзуде чемпион болады деп ешкім күткен жоқ. Кіл мықтылар жиналған бәсекеде 2:07.46 минут нәтижемен мәре сызығын бірінші болып қиған Дмитрий американдық Джош Прено, германиялық Марк Кох сияқты сайыпқырандарды сан соқтырып кетті. Сөйтіп жүзу спортынан Қазақстан тарихында алғаш рет олимпиада чемпионы атанды.
Олимпиада ойындарының тоғызыншы күні қазақстандықтар үш қарғып секіруден Лондон олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпаковадан жүлде күтті. Шығысқазақстандық саңлақ бұл үмітті ақтады.
Төрешілер тарапынан әділетсіздіктің көкесі қазақстандық Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконың кездесуінен кейін болды. Екі кезең қорытындысы бойынша олардың бәсекесі тең дәрежеде деп бағаланса, үшінші раундта Василийдің қарсыласын қуып жүріп сабағанына қарамастан, жеңіс Е.Тищенкоға берілді. Бұған риза болмаған залдағы көрермендер гуілдеп, «Қазақстан!» деп айқайлап жатты. Яғни бұл - В.Левит жеңді деген сөз. Әйтеуір қазақстандық боксшының бұл күмісі алтыннан артық.
Ауыр атлетикадан Қазақстанның соңғы үміті Александр Зайчиковтың 105 кг салмақта қоссайыс қорытындысында екінші орынға көтерілетін мүмкіндігі болды.
Олимпиаданың он екінші күні барша қазақ еліне, Ақ Жайық жұртшылығына айрықша қуаныш сыйлады.
18 тамыз, бейсенбіге қараған түні бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусіновфиналдық жекпе-жегін сәтті өткізді. Енді, міне, тәжірибесі толысқан, нағыз дер шағында Қазталов ауданы Қайыңды ауылында кіндік қаны тамған Д.Елеусінов олимпиада чемпионы атанып, 25 жасында ел тәуелсіздігінің 25 жылдық тойына теңдессіз тарту жасады.
Сауатты бокстасудың үлгісін көрсетіп, жартылай финалда британиялық Джошуа Буатсидің адымын аштырмаған маңғыстаулық Әділбек Ниязымбетов 81 кг салмақта үш мәрте әлем чемпионы, кубалық Хулио Сесар Ла Круспен шаршы алаңға шықты. Бұл бәсекеде төрешілер шешімімен «қаша жүріп, соғысқан» кубалық боксшы жеңімпаз деп танылды
Әйелдер күресінен 69 кг салмақта Эльмира Сыздықованың қола жүлдені иеленуі ерекше оқиға болды. Ол қазақ қыздары арасында күрестен тұңғыш рет олимпиада жүлдегері атанды. Эльмираның жеңісті жолын келесі күні Қазақстан құрамасындағы ең тәжірибелі палуан Гюзель Манюровамен Орал қаласында туып-өскен Екатерина Ларионова жалғастырды.
Қыздар боксынан 75 келіге дейінгі салмақта Дариға Шәкімова алдымен екі мәрте әлем чемпионы, канадалық Ариан Фортинді 2:1 есебімен тізе бүктірді. Бокстан аса ауыр салмақта ел намысын Иван Дычко қорғап, алғашқы кездесуінде ол әлем чемпионы, өзін 2015 жылғы финалда нокаутқа жіберген әзірбайжандық спортшы Магомедрасул Меджидовпен шеберлік байқасты. Жалпы, бұл олимпиада қай спорт түрлерінен олқылықтарымыздың орын алғандығын, төрт жылда бір рет келетін байрақты бәсекеде жүлде алу үшін қайсысына баса мән беру қажеттігін тағы бір көрсетті. Сондықтан келесі олимпиадаға тыңғылықты дайындықты көп ұзатпай бастамасқа болмайды.
Айта кетейік, Қазақстаннан 1996 жылы Атланта қаласында өткен олимпиадаға 94 спортшы қатысып, құрама 3 алтын, 4 күміс, 4 қола, барлығы 11 медальді, командалық есепте 24-інші орынды иеленді. 2000 жылғы Сидней олимпиадасында 130 спортшы бақ сынап, Қазақстан 22-інші орынға көтерілді. 2004 жылғы Афины олимпиадасына 114 спортшы барып, Қазақстан құрамасы 202 мемлекеттің арасынан 40-ыншы орынға төмендеп кетті. 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында 129 спортшы додаға түсіп, Қазақстан 29-ыншы орыннан көрінді. Еліміз үшін 2012 жылғы Лондон олимпиадасы аса сәтті болды. 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль алған қазақстандықтар 204 елдің арасынан 12-інші орынды еншіледі. Ал биыл Қазақстан медальдар санын 17-ге жеткізді. Сөйтіп, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы тойланатын мерекелі жылда ел еңсесі тағы бір көтерілді.
ІІІ. «Мәңгілік ел»- бүгінгі бүлдіршін,ертеңгі болашақтың қорғаны
Ал «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінде былай делінеді:
«Біз, байырғы Қазақ жерінде бір тағдыр және тарихи жады арқылы байланысқан Ұлы дала елінің даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған Қазақстан азаматтары, көптеген ұрпақтың тәуелсіздік туралы арманын іске асырып, болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымызды бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен тұтастылықтың, маңызын сезініп, қоғам мен мемлекеттің жоғарғы мүдделерін негізге ала отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында осы «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін қабылдаймыз. Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарихын жазудағы жауапкершілігі мен биік мәртебесі біздің ұрпақтың үлесіне тиді. Елбасының маңында топтасу арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдардан өттік және бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның, қуатты әрі табысты мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен айтамыз. Біз - Қазақстан азаматтары, Н. Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік толғауын» негізге ала отырып, болашағы біртұтас ел - Мәңгілік Елді құру жолында бірігеміз. Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар, отбасымыздың амандығы, еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге сенім ұғымдары орныққан. Біз Мәңгілік Елдің мызғымас тұтастығын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз. Мәңгілік Ел - бұл Тәуелсіздік және Астана. Біз Тәуелсіздікті нығайтудың ұлы миссиясында адал боламыз. Астананы халқымыздың гүлденуінің жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз. Мәңгілік Ел - бұл жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Біздің отанымыз бір! Ол - Тәуелсіз Қазақстан! Біздің еліміз бір, тағдырымыз ортақ. Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ісі мыңжылдықтарға жалғасады. Мәңгілік Ел - бұл зайырлы мемлекет және жоғары руханият. Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік береді. Біздің еліміздің рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық сұхбатын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз. Мәңгілік Ел - бұл инновация жолындағы тұрақты экономикалық өсім. Біздің мемлекет индустриялық және инновациялық күш қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғауға ұқыптылықпен қарап, қоғамдағы білім мен ғылымның культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз. Мәңгілік Ел - бұл Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Біздің табыстарымыз бен жетістіктеріміз - барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі. Біздің елдің әр азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, еңбек адамына құрмет секілді құндылықтарымызды нығайтамыз. Мәңгілік Ел - бұл мәдениет пен тарихтың, тілдің ортақтығы. Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз. Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз. Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үш тілділікті еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің алғышарты бойынша дамыту қағидаты ретінде ұстанатын боламыз. Біз Үлкен Ел, Үлкен Отбасымыз. Мәңгілік Ел -ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпыәлемдік проблемаларын шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әр азаматтың қасиетті парызы болып табылады. Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық ареналарда мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз. Біз Мәңгілік елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз! Біз отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде желбірететін боламыз. Бұл біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақ халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасалған саналы таңдауымыз! Біртұтас еліміз - Мәңгілік Ел қуатты болсын! Қазақстандықтардың мәңгілік мекені - Ұлы Дала еліне бата қонып, бақ дарысын!»
ІҮ. Ел бақытын ойлаған Елбасы
Елбасының ерен еңбектері туралы айтылады.
Елбасымыздың мұраты не деп ойлайсыңдар?
Білімді ұлт қалыптастыру
Саяси тұрақты мемлекет құру
Эканомиканы көтеру
Елбасымыздың мұраты
Тәуелсіздікті ұрпақтан ұрпаққа аманат ету
Дені сау, интелектуалды ұрпақ қалыптастыру
Бақытты ел
Сұрақтар кезеңі:
1.Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан
халқына арнаған 2015 жылғы Жолдауы қалай
аталады?
(«Нұрлы жол болашаққа
бастар жол» Жолдауы).
2. 2015 жылы қандай атаулы мерейтойларды
тойланады?
(Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы).
3.Қазақ халқының хандарын
білесің бе?
4.Қазақтың бес арысы деп кімдерді айтамыз?
5.“Үш бәйтерегіміз” кімдер ? (С.Сейфуллин,І.Жансүгіров,Б.Майлин
).
6.Қазақстан Тәуелсіздігін
қай жылы жариялады? (1991жылы).
Ү. Жасай берсін Елдігіміз мәңгілік!
«Мәңгілік Ел» - бұл тек жай нысанданған күнделікті құжат емес, бұл өз кезегінде еліміздің Ата заңымыздың маңыздылығымен теңдес идеологиялық құжат. Бұл идея мемлекет тіршілігінің барлық аспектілерінде, атап айтқанда білім беруде, тәрбие ісінде, мемлекеттік қызметте және әлемдік аренада Қазақстанның беделінің одан әрі артуына септігін тигізетін ұлттық идея болуы тиіс.
Ұлт көшбасшысы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Мәңгілік Елді» құруға шақырып қана қоймай, қазақстандық жас ұрпақтарға бағытталған ұлы істің бастаушысы болды.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында аталған межеге дейін басты мақсат етіп қойған әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін, біз еліміздің одан әрі мәдени құндылықтарын, дәстүрлері мен діндерін сақтап, халықтың бірлігін қорғап, көрші мемлекеттермен әріптестік қатынастарды дамытуымыз қажет.
Осыған орай Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың мынадай сөздері әрдайым еске оралады: «Табысты дамуға қажетті шарт - бейбітшілік, тату көршілік және өзара сенім ахуалын орнықтыру».
Ата – бабаларымыз аңсаған «Мәңгілік ел» рухын бекемдеу үшін әрбір қазақстандық азамат, елімізді мекендеген әрбір ұлт осы бағытта аянбай еңбек етіп, ұлттық бірлігіміз асқан байлық екендігін өскелең ұрпақтың санасына сіңдіру қажет. Сонда ғана мемлекетіміз ұлттық стратегиямыздағы белгіленген мақсаттарға қол жеткізе отырып, әлемдегі ең қуатты, гүлденген елге айналады.
Республикада «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» принципі бойынша бірегей көпэтникалық және поликонфессиялық қоғам қалыптасты. Бұл нығайтушы идея Қазақстан халқын бір ортақ айқын мақсаттағы бір елге топтастырады.
«Мәңгілік Ел» біздің мемлекеттігіміздің жеті негізгі құндылықтан тұратын жаңа ұлттық идеяны қамтиды. Олар:
Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.
Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.
Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
«Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр» деген Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сөздері «Қазақстан-2050» ұлттық стратегиямызда белгіленген ұлы мақсаттарға жетудегі біздің мемлекеттігіміздің басты құндылықтарын айқындайды. «Мәңгілік ел»-азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың арманы
«Мәңгілік ел»- бүгінгі бүлдіршін,ертеңгі болашақтың қорғаны
«Мәңгілік ел»-Қазақстанданды мекендеген барша халықтың қасиетті ортақ Отаны!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мен - елімнің патриотымын

шағым қалдыра аласыз