Мен - өз Отанымның патриотымын!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен - өз Отанымның патриотымын!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық тәрбие сағаты балалардың патриоттық сезімін, болашаққа деген ойларын қалыптастырады. Кіші Отан бөлімі бойынша кеше, бүгін, ертеңгі жағдайын салыстыра отырып, өз қалаларының болашақ жағдайын, арман қалаларын қалыптастырады. Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне өте маңызды материал болады деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні: 02.09.2017ж

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен - өз Отанымның патриотымын!

Мұғалімі: Ахатаева Г.О.

Сыныбы 4 «Б»


Мақсаты: 
Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы -патриот тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Білім алушылардың жаңа білімді, ақпараттық ресурстарға сүйене отырып зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету.

  • Білім алушылардың ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, «Мәңгілік Ел», бәсекеге қабілеттілік ұғымдарын меңгеруге көмектесу

  • Білім алушылардың зерттеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту

  • Жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру.


Ресурстар: мемлекеттік рәміздер бейнеленген суреттер, Қазақстанның картасы, аудиожазба, компьютер, нақыл сөздер.

Әдіс-тәсілдер: Болжау әдісі, Синквейн жазу, кластер құру, Тегтер бұлты



Барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс әрекеті

Ынталандыру

































































Білу




Түсіну

- балалармен амандасып, түгелдеу.


Аспаны ашық еліміздің, 
Көркі сұлу жеріміздің, 
Біз-бақытты баламыз! 
Ақпыз,қара, сарымыз, 
Ағайынбыз бәріміз! 

Топқа бөлу: Астана- бәйтерек, Жаңатас- фосфор, Алматы – мұз айдыны қалаларының суреттері бойынша топқа бөлінеді

Болжау әдісі «Жылдар сөйлейді»

(Әр топ жылдардың мағынасын ашып өтеді)


1991 жыл 16 желтоқсан


1992 жылдың 4 маусымы

-1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар:ту,елтаңба,әнұран.Тудың түсі-көк.Көк түс бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі.Авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.Тудың ортасында күн орналасқан.Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген. Ені-1 метр,ұзындығы-2 метр. 



Елтаңбаның авторлары: Шот Аман Уәлихан және Жандарбек Мәлібеков. Елтаңбаның реңдік бейнесі алтын және көгілдір түсті.Мемлекеттік елтаңбамыздың басты белгісі- шаңырақ.Шаңырақтың айналасында уықтар. Оны пырақтар қанаты қоршап тұр.Елтаңбаның жоғары жағында бесбұрышты жұлдыз , астыңғы жағында «Қазақстан»жазуы орналасқан.


2006 жылдың 6 қаңтарында жаңа әнұран қабылданды.Әнұранның сазын,яғни әуенін жазған «қазақ вальсінің королі» атанған атақты қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқов,ал сөзін жазған көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденов және Нұрсұлтан Назарбаев. 



1993 жыл 15 қараша




1995 жыл 30 тамыз


2017 жыл 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығы.


- Көрменің тақырыбы не?

Көрме жайлы видео үзінді көрсетіледі.

-

Азамат дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Азамат – белгілі бір мемлекетке заңды түрде тиесілі тұлға.

Патриот деген кім?

  • Өз мемлекетінің жерінде, елінде, тарихында ат салысатын адам.



Бес жолды өлең СИНКВЕЙН құрайды.

Әр топқа патриот, отан, бала, адам, туған жер т. бсөздер беріледі.


Патриот

Аса өнегелі, жауапты

Еңбектенеді, жасайды, күреседі,

Өз Отанын сүйеді,

Азамат.

Картамен жұмыс

Жамбыл облысы, он ауданның аты жөндеримен таныстыру



















-Тәуелсіздік алған күн.

- рәміздер































- төл теңгеміз айналымға түсті



- Конституция күні


EXPO 2017 көрмесі ұйымдастырылуда.





5 минуттық видео көреді.







Өз жазғандарын талдайды.









Шығармашылық тапсырма



















Талдау

Көрме ұйымдастыру

Менің қалам кеше-бүгін- болашақта




Ұжымдық шығармашылық іс


«Менің қаламның, ауылымның тарихын жазамыз»



-Енді балалар кезекті ойынға берейік. 


Кел,балалар келіңіз, 


Тамашаны көріңіз, 


Томсырайып отырма 


Мақал дарды ойла 


Шешімін таппай қойма. 


(
мақал-мәтелдердің сыңары табылады)

Үш топ суреттерден көрме ұйымдастырады.



-Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: 
                         Өткеніңді еске алсаң, 
                         Өскеніңнің белгісі. 
                         Өткеніңді ұмытсаң, 
                         Өшкеніңнің белгісі, 
- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол.
Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!





Рефлексия

Тегтер бұлты

Мен ...................таныстым.

Маған ........................оңай болған жоқ

Мен ......................................қол жеткіздім.

Мен ........................істей алдым.

............................болса жақсы болар еді.

Менің................ есімде қалды.

Мен ........................................істеп көремін

Балалар кестені толтырып, кері байланыс жасайды.

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.01.2018
544
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі