Материалдар / Мен - Қазақстан патриотымын!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен - Қазақстан патриотымын!

Материал туралы қысқаша түсінік
Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін алмайтын адам.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2018
1117
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен – Қазақстан патриотымын


Патриот – Отанның мерейін үстем

ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам.
Мирза Фатали Ахундов

Мен өз елімнің патриотымын. Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыз-

дың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Міне, Отанды сүю отбасынан басталады деген осы. Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті,мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы

, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу,өз елін сүюге,өз елінің тұрмыс–тіршілігін, салт – санасын, әдет – ғұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру.

Патриотизм адам бойында бала кезінен қалыптасуы керек. Оқушылар осын­дай ұлы сезім арқылы туған дала­мыздың әр тасын, әр бұтасын, әр шөбін құрмет тұтып, еліміздің абыройын асқақ ұстауға тәрбиеленеді.
Халқымыздың тарихына терең үңіле білсек, жасынан жарқыраған күміс көмей әнші, жау жүрек батыр, нар тұлғалы палуан елі мен жері үшін аянба-

ғаны баршаға мәлім. Ендеше көкірек көзімен тарихты тамырынан тамшылата жас ұрпақ зердесіне зерлей, шырайлы сөзбен кестелей таныту ата – ана мен ұстаз – тәрбиеші шеберлігіне байланысты.
Жалпы патриот деген кім, патриотизм дегенді қалай түсінеміз? Менен «Патриот кім?» деп сұраса, Бауыржан атам деп жауап берер едім. Себебі патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім, рухани байлық-

тан кө­рініс табады. Олай болса, ең алдымен рухани байлыққа тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл – қазақ болуымыз үшін, дін – адам болуымыз үшін, салт-дәстүр – ұлт болуымыз үшін қажет».Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну. Қысқасын айтқанда патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді, - деп терең, жан-жақты анықтама берген. «Барлық халық пен ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген еді ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы. Бұл сөздің астарын-

да өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ой жатыр. Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп,құрметтеуі тиіс. Қазіргі уақытта патриоттық деген, меніңше, бірінші орында елге, сосын тілге құрметтен басталды. Патриотпын деген жастар ең бірінші сол – ана тілімізге деген құрметтен бастаса екен. Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін алмайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты,өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш – жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бірін-бірі танып, біліп құрметтеуі тиіс. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау. Сондай-ақ патриот туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді. Мен үшін өте ыстық, өте әдемі орналасқан жер – ол Қазақстан. Мен үшін Қазақстанның қыр жерлері де,суық аяздары да, терең сулары да қымбат,

осы жерде менің ата-бабаларым туып-өскен,олардың тарих -менің тарихым, олардың туған тілі – менің тілім. Қазақстанның патриоты дегеніміз – Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлтына қарамай, Отанды қорғауға дайын болуы; барлық ұлт өкілдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарап, шын ниетімен қадірлеуі, мемлекеттік қарулы күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімінің болуы, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға ынталы болуы. Әр адамға сүйікті Отанынан, туған елінен қымбат еш нәрсе жоқ. Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адамдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекет-

терден елін қорғауға дайын болуын білдіреді. Еліміз үшін көп жақсылық жасау біздің міндетіміз. Әрқашанда патриот болып, өз туған жеріміздің көркеюіне үлес қосып, бәріміз бірігіп, тату-тәтті өмір сүруге тырысу керек-

піз. Әрбір адам бала жасынан «Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды меңгеруі керек.

Қорыта келгенде, «Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату» деген сөз. Африка, Түркия, Индия елінің адамдары біздің дәстүрімізге, мәдениетімізге үлкен қызығушылар танытады. Бұл мен үшін мақтаныш. Өзімді қазақ екенімді, қазақ болып туғанымды мақтан етемін. «Мен өз елімнің патриотымын» дегенді қалай түсінеміз? Туған жерге деген ыстық сезім;елдің тарихын құрметтеу; Мемлекеттік рәміздерге құрмет-

пен қарау; Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру. Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек.

Мен жасымнан кішіпейілділік, қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық, әр істі тиянақтылықпен орындап, жауапкершілікпен қарау, үлкендерді сыйлау, тағы да осы секілді асыл қасиеттерді бойыма жиып, тиімді жұмыс жасай білуге дағдыландым. Бүгінде мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастырып, қосымша білім беру жолында жұмыс жасап жатырмын. Халық мұрасы саналатын ата – бабаларымыздан қалған өсиет, нақыл сөздерін, ұлағатты тұлғалардың, би – шешендердің өнегелі өмірін қазіргі жас ұрпаққа үлгі етіп келемін. Алдағы уақытта да алған бағытымнан таймай, бар күш – жігеріммен жұмыс жасай бермекпін. Осылайша болашақ-

тың тұтқасын ұстар жас өрендердің бойына тәрбиенің құнды дәнегін сепкім келеді. Балалардың ізденімпаз,жаңалыққа жаны құштар, қоғамдық іс-шара-

да белсенділікпен қатыса отырып шығармашыл болып қалыптасуына, туған тілінде сөйлеп, отанын, туған елін, туған жерін сүйе білуге титтей де болса өз ықпалымды жасай алсам –ол менің үлкен жетістігім. Ал менің осы жетістігім

келешекте өз Отанымның дамуы жолында зор үлесін тигізуі мүмкін. Менің кеудемде дамылдаған жүрегім бір сәт те тоқтамай соғады, демек ол туған жерінің ауасын, табиғатын сүйеді. Ал ол жүрек–менің өмірім, менің Отаным. Еліміздің Әнұранын айтуға даярланған сәтте менде ерекше сезім пайда болады. Тіпті сөзбен айтып жеткізе де алмастаймын. Өн бойым қуанышқа толып, көзіме еріксіз жас келеді. Сол демдегі ой «Мен неткен бақытты адаммын!» деп іштей жаңғырып тұрады. Неге, өйткені мен «Тәуелсіз Қазақстан» атты елде тұрамын.

Павлодар қаласы №15 жалпы орта мектебі ММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Г.Ш.Зкенова

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!