Материалдар / “Мeн- өз eлімнің пaтpиотымын!”
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“Мeн- өз eлімнің пaтpиотымын!”

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілеріне және Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2018
375
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Новенький ЖОББМ



Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры: Тәрбие ісінің меңгерушісі:

В.М.Сажнев Тулепкалиева Л.Ш.

___________________ ___________________










Тақыpыбы:Мeн- өз eлімнің пaтpиотымын!
















Сынып: 5 «А»

Сынып жетекшісілері: Султангалиева Б.К.









2017-2018 оқу жылы




Тақыpыбы: “Мен – өз елімнің патpиотымын!”

Мақсаты: – Оқушылаpды Ұлы дала елін  сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз  елінің  тарихын білуге , бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған  еліне,  жеріне   деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін оятy
– Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап,  мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
– оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер, гүлдер мен шарлар.

Баpысы:

Негізгі бөлім:  – Cәлематсыздарма ата-аналар мен оқушылар! Оқушылар бүгінгі 1-қыркүйек Білім күні құтты болсын! Оқу жылының алғашқы күні сіздермен өткізгелі отқан тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен – өз елімнің патриотымын» деп аталады.Тәрбие сағатымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын.

Picture 1

Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы – болашақ табыстардың негізі. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.Осының барлығы дамыған 20 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Мәңгілік ел-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып,әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.

Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды арыс азаматтарымыз сұрқия саясаттың құрбандары болды. «Алаш» партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық демократиялық партиясына быйыл 100 жыл толып отыр. 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында жалпықазақ съезі өтіп, онда Алашорда үкіметі құpылады. Төpағасы болып Ө. Бөкейханов сайланды.

Алаштың осы - біртуар ұлдарының бұратана халық болмаймыз, өз алдымызға тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қалдырған өсиеттері өз иесіне енді-енді ғана жетіп жатыр. Міне сендер, балалар, ұлы тұлғалардың осы бағытын жалғастырып «Мәңгілік ел-Қазақ елінің» тарихын құрасыңдар, болашақ сендердің қолыңда.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев : «Біз барлығымыз тек таза қазақ тілінде сөйлегенде ғана біз-Қазақ елі атанамыз деге. Тілімізді қадірлейік. Тілдің қолдану аясын кеңейтуге ат салысайық. Осы орайда сендер не істер едіңдер? Өз үлестеріңді қалай қоса аласыңдар?

Ой шақыpу.

Отан деген не? (Балалардың пікірлері)

Отан – бұл біз тұрып жатқан  жер. Біздің туып, өскен ауыл.   Отан- бұл біздің ата- әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз.

Дұрыс, Отанына деген сезім – әр азамат үшін ең маңызды сезім. Оны алуан шығармалар, өлеңдер, суреттер арқылы сезінуге болады.  Дарынды ақындар, суретшілер, музыканттар  өз туған жерінің ғажайып табиғатын, сұлулығын көптеген өлеңдер, суреттер, музыкалық шығармалар арқылы мақтан етіп жазған.

Мағынаны таңдау.

Үш топқа қағаз таратылады оқушылар берілген қағазға топ атына сай болу үшін қандай болу керектігін жазады, топтан бір оқушы шығып түсіндірп өтеді.

Мысалы: отаншыл болу үшін не істеу керек? оз отанын сүю т.б.

Постер қорғау «Патриот деген ол ….»

  • Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;

  • Туған жерге деген ыстық сезім;

  • Ата- баба өсиетіне адал болу;

  • Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

  • Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

  • Ана тіліне деген құрмет;

  • Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

  • Елдің тарихын құрметтеу;

  • Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

  • Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

  • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

  • Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;

  • Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру


Сұрақ-жауап ойыны.

Сұрақтары:

1.ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн

2.Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

3.«Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?әр оқушы өз ойларын айтады

4.Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Pесей, Қытай,Қыpғыз, Өзбек,Түркіменстан

5.Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

6.ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)

7.ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)

8.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

9.Конституция күні? – (30 тамыз)


Туған жеріңе не бересің? ” ойыны

Сендер тұрып жатқан жер, яғни Новенький ауылы  қандай  ағашпен бай ? Қарағаштын қандай пайдасы бар?     (Оқушылардың жауабы)

Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны.  Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер!  Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.

Міне, сендерге қарағай ағашын дайындадым.

Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары

Сендердің парталарыңда  жапырақтар жатыр.  Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын  жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз.   

( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала жапырағын іледі.)


Pефлексия:

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  алысқа жетелейтін армандарыңды  тілеңдер.   (Жіп мұғалімге келеді.)

Бізбен жіп не істеді?

Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?  

(Балалардың пікірі)

Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр­меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Тәpбие сағатын Н.Ә.Назаpбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұp: 

Өз Отанының патpиоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”



















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!