«Мен – заманауи педагогпын»

Тақырып бойынша 20 материал табылды

«Мен – заманауи педагогпын»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мен – заманауи педагогпын» эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы



Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ

Физика пәні мұғалімі Зейнелхан Гүлжазира

Эссе

«Мен – заманауи педагогпын»

Алты Алаштың баласы бас қосса,қадірлі орын – мұғалімдердікі.

                                                                                        Мағжан Жұмабаев.

Ұрпақ… Бала … Бүкіл адамзат болмысының тірлігінің мәні.Қай заманда, қай ғасыр, қай қоғамда болмасын адамдар тірлігінің мақсаты, болашаққа жалғастырар алтын көпірі, аманат етер асылы- оның ұрпағы. Сондықтан да күллі адамзат дүниесіне ортақ мүдде- ұрпақ тәрбиесі.Ал сол ұрпақтың азамат болып шығуына бағыт- бағдар беріп, үнемі қадағалау – бүгінгі ұстаздар қауымының жауапты жұмысы деп білемін. Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады» – осы бірегей тұлға ол ұстаз.

Ұстаз – ұлы есім. Осы сөз мен үшін өте құдыретті, менің өмірдегі ең басты мақсатым – жүрек қалауымен ұстаз болу еді. Бұл мақсат маған үлкен жауапкершілік жүктеді. Сондықтан да менің алдыма қойған міндетім. Өз іс – әрекетімді жоспарлауда ең алдымен « Нағыз заманауи ұстаз қандай болу керек? ». бүгінгі білім мен білімділік, біліктілік сыналар заманда ұстаз – ізденуші, зерттеуші, жаңашыл болуы тиіс деп ойлаймын. « Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерістің алғашқысы өзің бол» демекші, кез келген ұстаз соңғы ақпараттық технологияны еркін меңгеруі керек. Себебі Буын алмасқан мына заманда ұстаздар қауымы Z (зумер, зет) ұрпақпен және A (альфа) ұрпақтың кәдесіне сай болуы тиіс. Цифрлық кеңістікте туған буынды оқыту, мұғалімнің алдына дәстүрлі оқу жүйесінен бөлек сабақ барысын өзгеше өткізуді, жаңа технологиялармен машықтануды талап етеді. Сондықтан, ұстаздың «сегіз қырлы бір сырлы» болуы. үнемі өзгеріс үстіндегі жаһандану заманында ұстазға жүктелер міндеттің салмағы ауыр екені сөзсіз. Бала үшін оқытушы бір ғана пәнмен оқытатын ғана емес, рухани ой-өрісі кең, шығармашылық тұрғыдан жаңа инновациялық технологияларды меңгерген жан-жақты ұстаз болу бүгінгі ғарыштап дамыған заман талабы. Ендеше бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру елімізде көкейкесті мәселе болып отыр.

Мұғалім мамандығын жүрек қалауымен таңдап, осы салада еңбек етіп жүргеніме 15 жыл болды. осы жылдар ішінде өзіме ой түйгенім, оқушылармен қарым – қатынаста баланың жан – дүниесін танушы әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы күш.

Менің ұстаздық ұстанымым – әр сабақты әдістемелік жағынан жоғары деңгейге жеткізіп, оқыту мен тәрбие беруде оқытудың тың жаңа заманауи жолдарын іздестіру. Менің ұстаздық жолымда мектепішілік, қала, облыс, республика, халықаралық көлемінде ашық сабақтар беру арқылы өз іс – тәжиірибемді таратуда АКТ, СТО, CLIL технологиясының стратегияларын, «интербелсенді оқыту әдістері» технологияларын қолданып, республикалық деңгейде өткізілген «Үздік педагог - 2020» байқауында үздік нәтижемен жеңімпаз атанып, үздік педагог төсбелігісімен марапатталдым. Осы жұмыс тізбегінде әртүрлі олимпиада мен конкурстарға белсенді түрде қатыса отырып жыл сайын мұғалімдерге арналған КИО, НИО, ТИО олимпиадсында І,ІІ орындармен, қалалық «Үздік портфолио» , « Инновациялық сабақ - 2022», республикалық « Жаңа педагогикалық идеялар», «Үздік сынып жетекші» «Кемеңгер ұстаз» сайысымен конкурстардан І,ІІ орындарды иелендім. Педагогикалық және әдістемелік бірлестікте, іс – тәжиірбеммен бөлісіп, мектеп, қала, облыс көлемінде ашық сабақтар беру арқылы іс-тәжирбиеммен бөлістім. Физика пәні бойынша « 7-сыныпқа арналған өзіндік бағалауға арналған тапсырмалар жинағы», « Физика пәнін оқыту мен оқу үрдісін жақсартудағы CLIL технологиясының артықшылығы», «7-9 сыныптарға арналған практикалық жұмыстар», «Физика есептерін шешудегі CLIL технологиясының артықшылығы » атты әдістемелік құралды өз іс – тәжирибемде қала, облыс, халықаралық баспасөз бетінде жарияланды. Конфуцийдің « Маған жай айтсаң – ұмытамын, көрсетсең – есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйреніп аламын » деген даналығын басшылыққа ала отырып, білім алушының білімге ынтасын арттыруда ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдаланамын.

Физика пәні бойынша практикалық сабақтарда тақырыптық көрнекіліктерді, дидактикалық ойындар, интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, интерактивті ойындар әзірлеу, электронды оқулықтар, зертханалық жұмыстарды жұмыстарды визуальді түрде көрсетемін.

Бұл жұмыстар оң нәтижесін беріп келеді. Атап айтқанда, Чакпантаева Асел, Қуанбеков Ерсін, Әнуарханов Темірлан, Еламан Мөлдір, Алтаев Керім Еркінқызы Мәдина физикадан қалалық, облыстық, республикалық ғылыми жобалар сайысының жеңімпазы бола отырып, мемлекеттік грантты ұтып алды. Жомартұлы Алмас, Райсова Камила халықаралық пәндік олимпиада жүлдегері, Асхат Камила , Сағатов Алихан, Нұрғалиева Анар, Бакебакев Арман , «Жас физик» облыстық олимпиада І - 3 орын, ІІ – 1 орын, оқушыларға арналған физикадан өткен Республикалық Ұлттық Интернет олимпиада жүлдегерлері. І -орыннан 5 оқушы, ІІ -орыннан 7 оқушы, облыстық деңгейдегі «Үркер» олимпиадасынан ІІ -орын 5 оқушы, ІІІ -орын 3 оқушы иеленді. Облыстық деңгейдегі «Зияткерлік олимпиада - 2019» пәндік олимпиадасынан І –орын 5 оқушы ,ІІ -орын 3 оқушы. Сағатов Алихан республикалық олимпиада І орын, Айтмұқанбетова Алина ІІ -орын, Мырзахметова Аяулым қалалық, облыстық ғылыми жобалар сайысының ІІ,ІІІ- орын иегері. КИО республикалық олимпиадасында қала бойынша ІІ,ІІІ –орын иеленсек, Сағатов Алихан, Тырашпаева Камила халықаралық олимпиадаға қатысып жоғары нәтиже көрсетті. Биылғы оқу жылында Нұрғалиева Анар Назарбаев университетінен пәндік олимпиадаға қатысып грант иесі атанды.

Өз ойымды қорытындылай келе, бір күндігін ойлаған –бидәй егер, жұз күндігін ойлаған – тал егер, мың күндігін ойлаған – ұрпақ тәрбиелер дегендей өз ұлтының тірегі, өз әулетінің жүрегі болар ұрпақ өсіру, оның бойына қоғамның болашағына еңбек етуге ізгілікпен дарындылықты дарыту менің міндетім екенін саналы түрде түсінемін. Менің ой түкпірімде ұстаз - рухы таза, ой –өрісі биік, ұлтжанды отанның болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылықпен табандылықтың үлгісін көрсетіп, жаңашылдықтың жаршысы, ел болашағының мүсіншісі бола білу.

Заманауи педагог – баланың қиялын самғатып, алған біліміның ұштаушысы. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы .

Әрине , өз қалауыңмен таңдай білген мамандығыңның майталманы болу үшін, осы мақсатта рухани-күш жігеріңді, ақыл – парасатыңды салу керексің.

Бұл әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, байсалды адамға тән қасиет. Сондықтан болар заманауи ұстаздың қарапайым сәнді киімі, сыпайы мәдениеті сөзі, жинақы іс – әрекеті, терең білімі, бай тәжірибесі ынталы шәкірттері үшін өнеге деп білемін. Көкейімде әрдайым интелектуалды ұрпақ тәрбиелеуде жаңашыл, заманауи ұстаз ретінде мен қандай үлес қосудамын деген сұрақ тұрады.

Бұл сұрақтар мені әрқашан шабыттандырады, жігерлендіреді. Соның нәтижесінде іс – тәжірибемді сын тұрғысынан ұйымдастырып, оқушының ақпараттық технологияларын, электронды оқулықтар, визуалды зертханалық жұмыстарды, әр тақырып бойынша ең соңғы жаңалықтарды, сабақта тиімді қолданып, нәтижелі оқытуға бағытталған прогресспен еңбек етіп келемін. Ұстаз – мейрімді, ынталы, көңілі шексіз өз ісінен өзгенің жағдайын ойлайтын тұлға. Қорта келгенде, XXI ғасыр – білімділер мен жаңашылдар ғасыры. Ендеше , егемен елімізге ой өрісі жоғары, білімді, жан – жақты дамыған парасатты ұрпақты ұрпақты тәрбиелеу қажет екенін тайға таңба басқандай білуіміз керек.

Бүгінгі заманауи ұстаз ғылым негіздерінен теориялық мәлімет беріп қана қоймай, рухани жаңғыру аясында дүниежүзілік білім кеңістігіне шығуына, бәсекеге қабілетті болуға тәрбиелеу керек деп ойлаймын. Бұл биіктікке жетуіміздегі жаңашылдығымыз, жан – жақты берген білім мен тәрбиенің нәтижелілігіне қол жеткізуіміз керек деп ойлаймын. «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады»,-деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций, дегенмен өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды,бұрынығының ұстаздарына қайран қаламын инновацияның дамымаған кездерін де ақ қаншама білімді де дара азаматтарды тәрбиелеп ,келешек ұрпақ үлгі алатындай етіп қанат бітіріп, биікке самғатты.Осынау оқытудың жаңа жобаларының әр минут ,әр секунд сайын дамып келе жатқан заманда өмір сүріп жатқан ұстаздардың жүгі ауыр,инновацияның шарықтаған кезінде тәрбиеленіп,білім алып отырған тәлімгерлердің бойынан болашаққа нық қадам мен талпыныс көруіміз керек.

Н. Назарбаевтың сөзімен айтқанда, қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы. Заманауи ұстаз,замануи тәрбиеші осы қағидаларды ұстанып қызмет атқарса ғана заманауи педагог болмақ!

Мен заманауи педагогпын!!!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.08.2025
57
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі