Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Мен-адаммын!"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ мақсаты:Оқушыларды өзбетінше танып-білуге, құштарлыққа, талпынысқа, ізденіске асқан сүйіспеншілікпен талпынысқа үйрету.Міндеті:- Оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жету туралы түсінік беру;- Оқушылардың ерік-күшін дамытуға ықпал ету;- Оқушыларды еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу; |
Ресурстар:(үнтаспа, қиылған жүрекшелер |
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіздер ме, менің аяулы достарым. Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.! Көңіл күйлеріңіз қалай, бүгін сабақта кім жоқ? Сабаққа дайындығымыз қалай, оқу құралдарымыз: оқулық, дәптер, күнделік, қалам және түрлі-түсті қарындаштарымызды түгендейік. Сабақты бастайық.Баяу әуен қосылады. Тыныштық сәті. «Орманға саяхат» (Жағымды жағдай туғызу.Денелеріңізді түзу ұстаңыз. Көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер.Қазір біз бірге орманға саяхатқа барамыз. Елестетіп көріңіздер, сіздер орындарыңыздан тұрып, сыныптан шығып, далаға шықтыңыздар. Далаға шыққанда сіздер таза ауаны сезіндіңіздер, осы ауамен терең тыныс алып, беттеріңе күн шуағының жылуы сезіледі. Орманға қарай бағыттаңыздар. Орманға кіріп, жан жақтарыңызға бір қараңыздар. Айнала толған әсем, түрлі түсті гүлдер. Таза ауамен тағы да терең тыныс алыңыздар. Қараңыздар сіздер гүлді көрдіңіздер. Осы гүлге жақындап гүлдің хош иісін иіскеңіздер. Орманда құстардың әні, ағаштардың иісі, жәндіктердің тынысы сезіледі. Ағаштарға қараңыздаршы, олар биік және үлкейіп бара жатыр. Сіз өзіңізге бір ағашты таңдап, сол ағаштың қасына жақындаңыз. Ағашты ақырын құшақтап тұрыңыз. Ағаш сізге өз энергиясын береді. Ақырындап ағашты жіберіп, ағаштың астына отырыңыз. Жан – жағыңызға қараңыз. Орман ішіндегі тіршілікті көріп тұрсыз ба? Осы қалыпта біраз отырыңыз. Бұл сіздің ағашыңыз. Бұл ағашқа сіз қалаған уақытыңызда келе аласыз. Орманның таза ауасымен тағы да терең тыныс алып, артқа қайтуға дайындалыңыз. Келген жолдарыңызбен орманнан қайта шығыңыз. Ақырындап мектепке кіріп, өз кабинетімізге кірейік. Өз орынымызға отырайық. Осы сезімді жүректеріңізде сақтаңыздар.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет2) Оқушыларды түгендеу, көңіл-күйлеріне зер салу, сабақтың тақырыбын хабарлау. Сабақтың мақсатымен таныстыру |
Сабақ барысын талқылау: |
Үй тапсырмасын тексеру: Дәптердегі тапсырманы орындау. Оқулықтағы 14б.3-тапсырманы орындау. «Патшаның даналығы» аңыз әңгімені оқу.Сұрақтар Сабақ тақырыбына тарту мақсатында сұрақтар арқылы әңгімелесу өткізіледі:-Жан-жануарлардан, құстардан қандай үлгі-өнеге алуға болады?-«Сүйіспеншілікпен еңбектену» дегенді қалай түсінесіңдер? |
|
Дәйексөз: Мать Тереза: «Ұлы нәрсе іздемеңдер, алайда кішкентай істі ұлы сүйіспеншілікпен қарау керек»- Ұлы нәрсе дегенді қалай түсінесіңдер?- Сүйіспеншілік дегеніміз не?2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.Бәріміз қосылып айту. |
|
Әңгімелеу. «Бүркіттің досы-сұңқар» ертегі. Бір күні Бүркіт өзіне адал дос іздеп әлемге хабар жібереді. Құстар жиналып, Бүркіттің алдына келіпті.Сонда Бүркіт: Кімнің қандай қасиеті бар? – деп сұрапты.Бірінші болып Қаз сөйлеген екен: Мен суда да жүземін, жерде де жүремін, ұша да білемін, - депті.Жапалақ ортаға шығып: Менен басқа құстар түнде ұшып көрген емес, - деп мақтаныпты.Құстардың көбі өз-өзін мақтаған екен. Сонда Бүркіт алыстау тұрған Сұңқардан: Сен неге үндемейсің? Сенің қандай қасиетің бар? – деп сұрапты.Сұңқар: Менің үндемей тұрған себебім, өзімде түрлі қасиет те жоқ, бір ғана қасиетім бар. Ол өзіңіз сияқты шаршамай ұшу, - депті.Бүркіт: Бір басыңа осы қасиет те жетеді. Маған сен ғана адал дос бола аласың. Асырмай тек әділдігін айттың, - депті.Содан бері Бүркіт пен Сұңқар ғана самғайтын болыпты.Сұрақтар: Ертегі не туралы? Қаз бен жапалақ неліктен бүркітке адал дос бола алмады? Бүркіттің іздегені не еді? Сұңқардың бойындағы қандай қасиеттерді жоғары бағалады? Сендер өз достарыңның бойында қандай қасиеттердің болғанын қалар едіңдер? Достарыңның адалдық,әділдік, батылдық, серіктік қасиеттері қандай әрекеттерден көрінеді?Бүркіт (Aguila chrysaetos) – сұңқар тәрізділер отряды, қаршыға тұқымдасының қырандар туысына жататын, оның ең ірісі және бірбеткей саналатын, мекенді (қыстайтын) жыртқыш құс. Латынша атауы «Алтын қыран» деген мағынаға ие. Түркі халықтарының көпшілігі бұл құсты бүркіт деп атайды. Және де бұл атауы осы жыртқыш құстың өз жемтігін бүріп ұстайтындығынан шыққан деп пайымдайды. Оның мекені: Солтүстік Америка, Еуразия, Солтүстік-батыс Африка, Жапония, Қазақстан. Елімізде бүркіттің 6 түр тармағы бар. Олар Маңғыстау, Үстірт, Мұғалжар, Сыр бойы, Қызылқұм, Бетпақдала, Сарыарқа, Тянь-Шань, Тарбағатай, Алтай өңірлеріндегі жазық жерлерде, тау бөктерінде кездеседі. Бүркіттер жұптасып тіршілік етеді. Бүркіт бейнесіКөшпелі халықтардың таным-түсінігінде қыран бүркіт – батылдықтың, батырлықтың, мықтылық-тың, қайсарлықтың, еркі- ндіктің символы. Қазақ-стан Республикасының Туында бүркіт азаттықтың айбыны ретінде бейнеленген. Қазақтар бүркітті пір тұтатындықтан, оның атын қастерлеп, бүркіт-тей қыран, өжет, қайсар болсын деп жаңа туған балаларына да оған қатысты аттарды қойған. Олар: Бүркіт, Бүркітбай, Бүркітхан, Бүркітбек тәрі-зді есімдер. Тастүлек, Тірнек, Тірнекбай, Балапан сияқты есімдер де бүркітшілердің ырымдап қойған аттары. Қазақ халқы тіпті, бүркіт мекен ететін тауларды: «Бүркіт тау», «Бүркіт шың» деп, бүркіт ұя салатын жерлерді «Бүркіт ұя», «Бүркіт тас» деп те атаған. Және өздері- нің ұлттық ою-өрнек, әшекейлерінде «құс тұм-сық», «бүркіт тұмсық», «бүркіт аяқ» деген де кескіндерді бейнелеп, «Бүркіт биін» билеген. Бүркітті, оның құрал-жабдығын мұралыққа қалдыруҚұсбегі бүркітшілік өнерін ұрпағына үйретіп кетуге тиісті. Ол бүркітін көтеріп жүре алмайтын немесе кәсібін балаларына, туған-туыстарына жалғастыруға бермекші болған кезде «бүркітімді енді сен көтер» деп солардың біріне сыйлайды. Мұрагерлікке құсы-мен бірге оның құрал-жабдықтарын да береді. Бүркітті қабылдап алушы жас құсбегі: «Әкемнің бүркіті», «атамның бүркіті», «ағайымның бүркіті» деп мұра бүркітті басқаларынан ерекше қастерлеп, ұстайтын болады.Дәптермен жұмыс. |
|
Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс.1-тапсырма «Менің талпыныстарым» тақырыбында эссе жазыңдар. Эссе жазу кезінде мынандай мәселелерді ескеріңдер: басты мақсатың, өз талпыныстарыңның тізбесі, өз бойыңдағы жақсы қасиеттер, қол жеткізген жетістіктерің, 2-тапсырма Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып өлеңді оқыңдар. Адам болғым келеді Сәрсенбі Дәуітов Ойы терең мұхиттай ... болғым келеді, Көңілі аппақ сүттен де ... болғым келеді. Адалдықты сүйетін жүрегімен, жанымен, Бал бұлақтай мөп-мөлдір ... болғым келеді. Отты, ойлы жыры бар ... болғым келеді, Қиындықтан қайтпайтын ... болғым келеді, Адамдардың бәрінен ... болғым келеді, Ең бастысы өмірде – ... болғым келеді. Қажетті сөздер: таза, дана, бала, кіші, асыл, ақын, кісі.Жоба тапсырмасын орындау. Сұрақтарға жауаптарыңды, бақылауларыңды, ойларыңды дәптерде берілген жоба күнделігіне жазып толтыр. Менің қандай қабілеттерім бар? Мен достаса аламын ба? Мен достарыммен бірге не істегенді ұнатамын? Конфуций Ұстаз айтты: – Жас бүлдіршіндер үйде ата-аналарын құрметтеуі, түзде үлкендерді сыйлауы тиіс, іс-әрекетте сақ болуы, сөзінде әділ болуы, адамдарды шексіз сүюі абзал-ақ. |
|
Топпен ән айту. «Айгөлек» Сөзі:Н.Баймұхамедов Әні: Б.байқадамовҮй тапсырмасы: 18б. әнді жаттау. Дәптердегі тапсырманы орындау. «Маған досыммен қызықты» коллаж жасап келу |
|
Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.Мұғалім жәй дауыспен:«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады» |
|