«Мен анама не сыйлаймын?»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мен анама не сыйлаймын?»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен анама не сыйлаймын?»

Тапсырмалар:

  1. Өзбетінше әсер алып, өз ойымен жұмысты ойлап шығару ұсталығын өндіру.

  2. Қиялын, түстерін, пішіндерін және композицияларын сезінуді дамыту.

  3. Көркемдік шығармашылықта дербестікті, сенімділікті, талапшылдықты тәрбиелеу.

Ортаны ұйымдастыру:

Топ бұрышында аналар суреттері жасырынған. Үстел үстінде хат жатыр. Үстелдер екі екіден қосылған, бөлек үстелдің үстінде: бояулар (акварель), балауыз борлар, суы бар шыны, палитралар, қылқаламдар, ақ және түрлі форматтағы реңделген қағаз. Релаксацияға арналған кілем.

Мазмұны:

(Топқа кірер алдында)

  • Балалар, біздер портреттер, яғни, «Аналар күні» мерекесіне арналған біздің аналарымыздың портреттер галереясына барамыз (Топқа кіру, балалардың таң қалуы, портреттер жоқ).

  • Балалар біздің галереямыз бос (Тәрбиеші үстелге жақындайды да хат табады).

  • Қараңдаршы, мен үстел үстінен хат таптым, онда былай деп жазылыпты:

«Таңшолпан» тобының балаларына Әсемнен.

(Хатты оқу, содан кейін балалар портреттерді іздеуге барады, іздеуден кейін бір-бірінің қастарына тұрып, порттреттерін ұстап тұрады).

  • Міне, біздің портреттер галереясы, аналарымыз портреттерден бізге қарап тұрады және тыңдайды, олар туралы не айтасыңдар (Балалар жауабы).

  • Аналарымыз туралы қандай жақсы және нәзік сөздер айтылды. Аналарымызға не сыйлауға болады?

Бала: «Мен сүйікті анама

Сый сыйлаймын тағы да

Ғажайып гүл секілді

Тігіп берем орамал.»

Бала: Қанша жұлдыз аспанда

Сан жетпейді санасаң.

Бұл жұлдыздар шоғыры

Сыйлаймын мен анама.

Бала: Түрлі - түсті сыйды мен
Анама сыйлаймын.

Әдемі қарындаштармен

Суретті саламын.

Бала: Анама сый етіп,

Сөреге гүл саламын.

Төбені де бояр ем

Бірақ бойым кішкене.

Бала: Жидеден жасалған моншақты

Анама мен сыйлаймын.

Оны ешкімге сатпаймын

Шеберлігі тамған саусақтан.

(Жарық сөнеді және П.И.Чайковскийдің «Түстер вальсі» әуенінің сүйемелдеуімен сиқырлы Пері келеді, қолында жеті түсті гүл бар).

  • Балалар, бізге қонаққа кішкентай сиқырлы пері ұшып келді де, не алып келді? (Жеті түсті гүл).

  • Қалай ойлайсыңдар, бұл қандай гүл? (Балалардың жауабы: сиқырлы, ертегілі, ерекше, тамаша, алуан түсті).

  • Пері: «Балалар, жақынырақ келіп, әрқайсысың өздеріңе сиқырлы гүл желегін жұлып алыңдар, көздеріңді жұмып, сиқырлы әуенмен аналарыңа сыйлап жатқандарыңды елестетіңдер. Ал сиқырлы гүл желегі сендерге көмектеседі». (Релаксация: балалар кілемге жатады, көздерін жұмады, жарық өшіріледі, П.И.Чайковскийдің «Бал-шекерлер сарайы» әуені орындалады және балалар аналарына арналған сыйларын ойша суреттейді).

Жарық жанып, балалар үстелге жақындап, жұмыстарына кажетті көркемдік құрал-жабдықтарды алып, сурет салуға кіріседі (Сурет салуды ұйымдастыру үдерісі үстел басында немесе балалар таңдауымен жерде өтеді). Сабақ соңында балалар өз жұмыстарын қойып, аналарына не сыйға тартатынын әңгімелейді.

  • Балалар, аналарымызға тағы не сыйлауға болады, егер өзімізбен бояу болмай, сурет сала алмасақ немесе өз қолымызбен бір нәрсе жасай алмасақ? (Балалар жауабы: қуанышты күлкі, нәзік сөздер, жақсы көңіл-күй, күтім, жақсы ән, жұмсақ сүю).




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2018
600
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі