4.
Әңгімелеу. Бала
Бұлбұл
Бұлбұлдың ерекше әншiлiк
қабiлетiн таныған ұстазы:
- Бұлбұл, ержеткен соң кiм
боласың? – деп сұрады.
Шәкiрт
ойланбастан:
– Әншi болам, – дедi езуiне
тәттi күлкi үйiрiлiп.
– О-о! Әншi болу үлкен арман,
әрi үлкен өнер. Әншi болу үшiн ұстаздың талаптарынашыдасаң, сенi
үлкен жол адастырмай арманыңа жеткiзедi,– дедi
ұстазы.
– Ол қандай талап? Мен бәрiне де
төземiн, – деген Бұлбұлдың даусынан сенiмдiлiктi аңғару қиын
емес.
– Асықпа, оны әлi-ақ сезiнесiң,
- деп, ұстазы шәкiртiн ойландырып тастады.
Әншi болудан басқа ойы жоқ балауса Бұлбұл ұстаз сөзiнен ешнәрсе
түсiне алмады.Ертесiне ата-аналар жиналысы болды. Оған оқушылар да
қатысты. Барлық ата-анамен жеке сөйлескен ұстаз кезегi келгенде
Бұлбұлдың анасына:
- Балаңыз туралы айтыңызшы.
Бала жас шыбық секiлдi. Қисық өскен бұтағын кесiп, түзеп отыру
керек. Бүгiн оның мiнезi мен iс-әрекетiндегi кемшiлiктi жасырамын
деп, ертең үлкен қателiкке ұрынып жүрмейiк, – дедi.Ұстаздың
көкейiндегiсiн түсiнген ана:
- Бұлбұлдың балалығы болар,
– деп, сөзiн жұмсақ бастады. Онысы баланың көңiлiн ойлай
сөйлесейiк дегендi меңзегенi едi.
-Көп ұйықтайды, арманшыл.
Үлкен мақсатына тек қиялмен жетем дей ме деп қорқамын. Еңбектенуi
де аз. Бала ширақ болу керек емес пе?! Ата-анаға қазiр қолғабыс
тигiзбегенде, қашан тигiзбек? Әйтпесе…
Анасының сөзiн естiп отырған
Бұлбұл қып-қызыл боп кеттi. Жиналыс соңында Бұлбұл мен ұстаз оңаша
қалды. Ұстаз тағы да жұмбақтап:
Әлi де болса сөздiң мәнiсiн
толық түсiнбеген шәкiрт:
– Мұғалiм, ендi ерте тұратын
боламын, – дедi балалық мiнез танытып.
Бұлбұл үнсiз басын
изедi.
Шынында да ол осы оқиғадан
соң, ата-анасын таң қалдырды. Ерте тұрып, барлық шаруаға үлгердi.
Сабақты да жақсы оқыды. Сахнада ән де
салды.
-
Ұстаз шәкіртіне қандай
талаптар қоюымүмкін?
-
Оларды орындау тәрбие
жағынан қандай нәтиже береді?
-
Осы мәтіннен қандай
құндылықтарды байқадыңыздар?
-
Сендер болашақта қандай
кәсіп иесі болғыларың келеді?
-
Ата-аналарының айтқан
ақылдарын тыңдап ой түйесіңдер ме?Отбасында кімді үлгі тұтасыңдар?
Әңгімелеп берсеңдер.
|