Материалдар / Мен егемен елдің құрдасымын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен егемен елдің құрдасымын

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздіктің төл құрдасы ретінде жариялап отырмын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Шілде 2018
379
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МЕН ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ҚҰРДАСЫМЫН



-Picture 4 Бүгінде қазақ халқы қаһармандықпен қол жеткізген Тәуелсіздігімізге жиырма бес жыл. Бұл мереке әсіресе, Тәуелсіздіктің құрдастары үшін ерекше мейрам. Мен де егемен елдің құрдасымын. Мен 1991 жылы 28 тамызында дүниеге келгенмін. Тәуелсіздіктің төл құрдасы атану мен үшін үлкен мәртебе, бақыт және мақтаныш. Сол себепті де 25 жыл бойы дербес Қазақстанның ұрпағының қатарынан екенімді өмірімнің қай кездері болса да мақтанышпен айтып жүремін.

Халқымыздың арманы орындалған жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Сарыөзек ауылында дүние есігін ашыппын. Отбасымда 5 адам. Әкем, анам, екі әпкем және ең кенжесі мен. Кейіннен А.Назарбеков ауылына қоныс аударып, осы А.Назарбеков ауылы Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің алғаш мектеп табалдырығын аттап, осы мектепті оқып бітірген соң, колледжде орта білім алдым. Жоғары білімім де бар. Тараз қаласындағы Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институтында білімімді еселеп, туған жеріме қайта оралдым. Келісімен өзімнің алғаш табалдырығын аттаған мектебіме жұмысқа орналастым. Бүгінгі таңда Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінде технология пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасап жатырмын.

- Менің ойымша, тәуелсіз мемлекет атанып, жаңа өмірге қадам басқан Қазақстанмен бірге туылып, бірге өсу үлкен сынақ деп ойлаймын. Тарих беттерінен бодандықтан арылған күннен осы кезге дейін, яғни мен туылып өскенше, еліміз талай қиын кезеңдерден өткенін байқаймын. Бар тірлікті жаңадан бастаған мемлекетіміздің алдында көптеген асуларды бағындыру қажет болды. Жаңа үкімет құру, заң қабылдау, жұмыссыздық, халықтың хал-ахуалын арттыру, ел экономикасын дамыту секілді алуан белестер өту кезеңдері тұрды. Талайдың тезінен қаймықпаған халқымыз бұл асу мен белестерді де абыроймен басынан өткерді. Қазақ тілінің тұғыры ерекше мәртебеге ие болды. Білім ошақтарында жаңа жүйе бойынша білім қуып, жаңа басылған оқулықтармен оқыдық. Жаңашылдықтарға тап болып, оларды еңсеру жолын ұстанған еліміз міне, бүгінде әлем таныған қауқарлы мемлекет.

- Сол шақтан бастап аға буын өкілдерінің бізге деген көзқарастары айрықша болды. Оны ес білген кезден-ақ байқай бастадым. Олар бір ерекше сеніммен, үміт артып қарайтын. Жас мемлекеттің жас ұрпақтарына барлық нәрсені үйреткісі келіп, «Сендер – біздің болашағымызсыңдар», - деп айтып, мейірім танытатын. Тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде мемлекет тізгінін ұстайтын келешектің кемеңгерісіңдер деп сенім артып келеді. Сол сенімге әрқашан да жауапкершілікпен қарап, Қазақстанды өркендету үшін кішкентай болса да үлесімді қоссам деймін. Үнемі жетістікке жетуге тырысамын.

- Өмір есігін ашқаннан-ақ мен Тәуелсіз Қазақстанда өсудің артықшылықтарын көріп келемін. Бейбіт елде өміріме азық боларлық білімімді алдым. Жаңа Қазақстанның жаңашыл істеріне куә болып келемін. Қай жерге сапар шеккім келсе де егемендіктің арқасында жолым ашық екенін сеземін. Әке-шешем, әпкелерім, туыстарымның ортасында әрқашан қолдауға иемін. Қолымнан бір іс келмей жатса, өзіме қазақстандықтар демеу беретінін сезінемін.

- Менің Қазақстаным бүгінде бойжетіп, әлемдік сахнада өзін мойындатқан ел. Әлемде соғыстар, апаттар, қайғылы оқиғалар күн сайын орын алып жатқанда, мен аспаны ашық, тұғырлы елде туылғаныма сансыз шүкіршілік етемін. Бізді азат ел ету жолында жанын құрбан еткен ата-бабаларымыз, аға-әпкелерімізге айтар алғысым шексіз.

Мен - тәуелсіздіктің құрдасымын. Сондықтан дербес Қазақстанның дамуына үлес қосу, біздің елдің бетке ұстар азаматы болу – менің басты арманым. Осы арман жолында еш аянбаймын. Тәуелсіздіктің 25 жылдығында еліміз үлкен белестерді бағындырып, дамудың дара жолына түсті. Осы ретте, ерекше қарқынмен өркендеп келе жатқан мемлекеттің мерейін көтеріп, байрағын желбіретер Тәуелсіз Қазақстанның құрдастары екені айқын. Сол себепті де біз мұндай мәртебелі іске әрқашанда әзірміз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биіктей берсін!

Арайлым Исатаева
Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі

А.Назарбеков ауылы





























- Бүгінде қазақ халқы қаһармандықпен қол жеткізген Тәуелсіздігімізге жиырма бес жыл. Бұл мереке әсіресе, Тәуелсіздіктің құрдастары үшін ерекше мейрам. Мен де егемен елдің құрдасымын. Тәуелсіздіктің төл құрдасы атану мен үшін үлкен мәртебе, бақыт және мақтаныш. Сол себепті де 25 жыл бойы дербес Қазақстанның ұрпағының қатарынан екенімді өмірімнің қай кездері болса да мақтанышпен айтып жүремін. - Менің ойымша, тәуелсіз мемлекет атанып, жаңа өмірге қадам басқан Қазақстанмен бірге туылып, бірге өсу үлкен сынақ деп ойлаймын. Тарих беттерінен бодандықтан арылған күннен осы кезге дейін, яғни мен туылып өскенше, еліміз талай қиын кезеңдерден өткенін байқаймын. Бар тірлікті жаңадан бастаған мемлекетіміздің алдында көптеген асуларды бағындыру қажет болды. Жаңа үкімет құру, заң қабылдау, жұмыссыздық, халықтың хал-ахуалын арттыру, ел экономикасын дамыту секілді алуан белестер өту кезеңдері тұрды. Талайдың тезінен қаймықпаған халқымыз бұл асу мен белестерді де абыроймен басынан өткерді. Қазақ тілінің тұғыры ерекше мәртебеге ие болды. Білім ошақтарында жаңа жүйе бойынша білім қуып, жаңа басылған оқулықтармен оқыдық. Жаңашылдықтарға тап болып, оларды еңсеру жолын ұстанған еліміз міне, бүгінде әлем таныған қауқарлы мемлекет. - Өмір есігін ашқаннан-ақ мен Тәуелсіз Қазақстанда өсудің артықшылықтарын көріп келемін. Бейбіт елде өміріме азық боларлық білімімді алдым. Жаңа Қазақстанның жаңашыл істеріне куә болып келемін. Қай жерге сапар шеккім келсе де егемендіктің арқасында жолым ашық екенін сеземін. Ата-анам, әпкелерім, туыстарымның ортасында әрқашан қолдауға иемін. Қолымнан бір іс келмей жатса, өзіме қазақстандықтар демеу беретінін сезінемін. Мен - тәуелсіздіктің құрдасымын. Сондықтан дербес Қазақстанның дамуына үлес қосу, біздің елдің бетке ұстар азаматы болу – менің басты арманым. Осы арман жолында еш аянбаймын. Тәуелсіздіктің 25 жылдығында еліміз үлкен белестерді бағындырып, дамудың дара жолына түсті. Осы ретте, ерекше қарқынмен өркендеп келе жатқан мемлекеттің мерейін көтеріп, байрағын желбіретер Тәуелсіз Қазақстанның құрдастары екені айқын. Сол себепті де біз мұндай мәртебелі іске әрқашанда әзірміз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биіктей берсін!
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!