М.Төлегенов атындағы жалпы
білім беретін орта мектебінің ата - аналар арасындағы «Мен елімді
сүйемін» атты патриоттық ән байқауы
М.Ж.Шаңғытбаева (мектепалды
даярлық сыныбы тәрбиешісі, Ырғыз ауданы, Ақши ауылы
)
Мақсаты:
оқушылар бойына өз еліне, ұлтына деген
сүйіспеншілікті қалыптастыру. Патриоттық сезімдерін ояту
.
1--Жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты
қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
«Рухы күшті ел – алынбайтын
қамал» дейді халық нақылы. Отан – қасиетті ұғым. Отанымызға, туған
халқымызға адал қызмет ету- біздің азаматтық
борышымыз. «Мен елімді
сүйемін!» атты патриоттық ән
сайысы жас жеткіншектер бойында Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға
тәрбиелей отырып, ұлттық мінез, ұлттық намысты қалыптастыратын
өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту мақстаында
өткізіліп отыр.
2--Жүргізуші
-Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Мен елімді сүйемін!» атты
патриоттық ән сайысын ашуға рұқсат етіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз,
бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің
өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 28 жыл ішінде
тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен
аман өткізіп келеміз.
2--Жүргізуші
Мерейім – нұрлана бер, азат
күнім,
Көрейін бақытымның азаттығын.
Таңымды тамылжытқан
бостандықтан
Танылды бар әлемге қазақ бүгін.
1-Жүргізуші: Бүгінгі
сайысымызға әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс
болыңыздар:
1.Қапизова Күнсұлу (Ауылдық
клуб меңгерушісі)
2.Серікболова Бекзат (ата
ана)
3.Зейнуллина Рахила (мектеп
тәлімгері)
2-Жүргізуші
:
Отан-әр адамның жүрегіне жылы
тиер қасиетті сөз .Адам жүрексіз өмір сүре
алмайтындай Отансыз да өмір сүре алмайды. Отанымыз-Қазақстан
. Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген
мелекеттер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы
Туы,Әнұраны бар. Еліміз егемендігін 1991 жылы 16 желтоқсанда
алды .
Талай ғасыр бабалардың арманы,
Арманыңды бүгінгі ұрпақ жалғады
Егемендік белгісі боп көк туың
Аспаныңда қыран бүркіт
самғады.
Қазақстан Републикасының мемлекеттік
гимні
1-Жүргізуші: Ендеше , құрметті көрермендер! Біз патриоттық әндер
сайысына қатысатын ата аналардың өнерлерін тамашалау үшін, сайысқа
қатысатын ата аналар номерлерді таңдасын сол реттік нөмірлер арқылы
біз сайыскерлердің өнерлерін тамашалайық!
2-Жүргізуші
:Біздің еліміз- Тәуелсіз
Қазақстан Республикасы Мемлекетіміз бұл тәуелсіздікке
оңай жеткен жоқ. «Ақтабан шұбырындыны»
ашаршылықпен қайғы-қасиретті, желтоқсанның суық
ызғарын женген ата-бабаларымыздың арқасында біз
осындай зайырлы мемлекетке айналып
отырмыз.
Тәуелсіздік таңы атты біз
аңсаған,
Туған елім жайында мен ән
салам
Еркіндікті арман етіп
ата-бабам,
Ерлігімен өз жерін қорғай
алған
Ән : Туған
жер
Орындайтын:Әбілдина
Айнұр
1-Жүргізуші
:
Егемендік
алып, қанатымызды еркін жайғалы да , биыл
28 жыл болыпты. Қазақстан ірі мемлкеттердің бірі .
Осы күннің өзінде де еліміз талай асуды бағындырды.
.
Кең байтақ өз жетпейсің
елім менің ,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
.
Бүгінде бар әлемге даңқың
жетті
Тәуелсіз Қазақстан елім менің
Ән :
Атамекен
Орындайтын:Қартбаева
Кенжегүл
2-Жүргізуші
:
Қазағым бар қайсарлы,
Барлық елге танымды
Көк туың көкке
желбіреткен,
Жасай бер ,жаса
Қазақстаным!
Ән : Егемен
Қазақстан
Орындайтын:Қырбаева
Эньбира
1-Жүргізуші
:
Қазақстан Республикасы жерінің кеңдігімен , табиғи
байлығымен мақтана алады.Бізбен бірге
халқын қолдайтын,қорғайтын әділетті Елбасымыз
бар.Елімізде 131 ден астам ұлт өкілдері өмір
сүруде.Олардың барлығы бір-бірімен тату- тәтті өмір
сүруде.
Тілі бөлек болғанымен –тілек
бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек
гүл.
Қазақстан бар ұлысқа
шаңырақ
Шалқаймастан шаттығымыз тіреп
тұр
Ән : Туған
өлке
Орындайтын: Жайшылықова
Назым
2-Жүргізуші
:
Мерейім – нұрлана бер, азат
күнім,
Көрейін бақытымның азаттығын.
Таңымды тамылжытқан
бостандықтан
Танылды бар әлемге қазақ бүгін.
Ән :
Атамекен
Орындайтын:Расмуханбетов
Серік
1-Жүргізуші
:
Қанатымды қағып
ұшқан жанұям
Түсер еске Махамбеттей
батырлар
Осы жолды аңсап еді
ақындар
Отанымның ар
намысты киесі
Мен сүйетін қалың халқым
бар
Ән : Туған
жер
Орындайтын:Шайқақов
Рамазан
1-Жүргізуші
:
Туған өлкем менің гүл жайнаған
,
Бұлағында су ағып, құс
сайраған.
Жайлауында көк өсіп ,
асып-тасып,
Құлағында асыр сап бала
ойнаған
Ән : Сарыарқа
Орындайтын:Жүсіпбаева
Зина
2-Жүргізуші
Туған елім-Қазақстан сүйікті
өлкем,
Мен сені әрқашанда сүйіп
өтем
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған
өлкем.
Ән : Мен
қазақпын
Орындайтын:Сқақ
Қайрат
1-Жүргізуші
Ыстыққой шіркін туған
жер
Кіндік қаның тамған жер
.
Неткен сұлу , неткен көркем
Осы менің туған
өлкем.
Ән : Ұлы
отан
Орындайтын:Аймұханбетова
2-Жүргізуші
:
Сүйемін Отанымның әрбір
күнін,
Жұлдыз шашқан әсерлі айлы
түнін
Сүйемін Отанымның әрбір
гүлін
Маған қарап үн қатқан әсем
үнін
Ән : Менің
елім
Орындайтын:
1-Жүргізуші
:
Отан деген ыстық екен оттан
да
Отансыз адам болмас бұл
ғаламда
Әсем оның жұпар гүлі , асқар
тауы,
Кең далада жайқалған
жасыл бауы
Ән : Туған
жер
Орындайтын: Байзолова
Гүлмира
2-Жүргізуші
:
Біз барлық
мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген ортада өсіп, білім
алып , өмір сүріп отырған ел келешегіміз! Сондықтан
да қатарластарыма айтарым, тек жақсы оқып ,ел
үшін қызмет етейік !Біз Қазақстанның
патриоттарымыз . Тәуелсіздігіміз баянды
болғай!
Атыңнан айналайын қазақ деген
,
Қазағым , қайсарлығың ғажап дер
ем.
Бір ата,бір ананың
түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек
тілегіміз!
дей келе
атты
патриоттық әндер байқауын қорытындылау сөз кезегі
әділқазылар алқасына
беріледі.
1-Жүргізуші:
( Құрметті көрермендер ,
әділқазылар алқасы жеңімпаз ата
аналарымызды анықтағанша әсем әнге кезек берейік, қабыл алыңыздар!
)
(Марапаттау сәті)
2-Жүргізуші
:
Тәуелсіздіктің келуі елдің ырыс-несібесінің мол болып,
халқымыздың тұрмыс-тіршілігі қазіргіден де жақсара беретіндігіне
жол ашқандай. Елбасымыздың айқындап берген бағыт-бағдарларын
басшылыққа алып, еліміздің ертеңі еңселене беруі үшін еңбектене
берейік, ағайын!
Келесі
кездескенше сау-саламатта
болыңыздар!