МЕН ЕЛІМНІҢ КІШКЕНТАЙ ПАТРИОТЫМЫН! ТАҚЫРЫПТЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

МЕН ЕЛІМНІҢ КІШКЕНТАЙ ПАТРИОТЫМЫН! ТАҚЫРЫПТЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІ

Материал туралы қысқаша түсінік
: Балаларды Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. «Азамат» деген сөздің терең мәнін түсіндіріп өту.«Отанды сүю – от басынан басталады.» «Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.» «Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.» мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Болашақ» II- кіші тобы

Тақырыбы: Мен елімнің кішкентай патриотымын.

Мақсаты: Балаларды Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. «Азамат» деген сөздің терең мәнін түсіндіріп өту.«Отанды сүю – от басынан басталады.» «Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.»
«Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.» мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау.
Көрнекіліктер: Президент , астанамыз Астана суреттері, қарындаштар, ақ қағаз, түрлі – түсті қарындаш. Слайд

Балалардың назарын аудару.
Үлкенге де “СІЗ”,
Кішіге де “СІЗ”.
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз!
Балалар шаттық шеңберінде көңілдері көтеріңкі болып, зейін қояды.
Бір-бірімен таныстыру.
Сұрақ: Балалар, Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Тәрбиеші түсіндірмесі:
-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.
Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның.

Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің.
Отан адам үшін біреу ғана.Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.
Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.
Біз, Қазақстанның патриотымыз!
ҚР-ның Әнұраны орындалады.
Сұрақ:
– Балалар «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
– «патриот» қандай болу керек деп ойлайсыздар?

Біз қандаймыз? Аса өнегелі, жауапты, тәртіпті
Не істейді? Өз Отанын сүйеді, қорғайды, еңбек етеді
Кім? Азамат, жеке тұлға
Бұл әрбір азаматтың қандай құқығы мен міндеті бар екендігін түсінеміз.
Азаматтың құқығы ғана емес, азаматтық парызы да бар.
Сіздер кішкентай балапандар – еліміздің болашағысыздар.
«Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан…» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер.
– Міне осы өсиеттерді есте сақтау әркімге де қажет.




Қорытынды
Енді мен сендерге парақ беремін «Менің ауылым» тақырыбында суреттерді бояймыз.
Ал ендігі тапсырма, отан туралы мақал – мәтелге көңіл аударайықшы:
«Отанды сүю – отбасынан басталады.»
«Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.»
«Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.»
Мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау.
Міне енді осының барлығын біз кішкене жүрегімізге тоқып алсақ келешекте жақсы да сенімді Қазақ еліміздің нағыз “АЗАМАТТАРЫ” боларсыздар деп үміттенемін.
Тәуелсіз Қазақстан-Ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын.
Қазақ тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Елімізде әрқашан тыныш болсын!
Мәңгілік еліміз жасасын!

Қазіргі таңда үштұғырлы тіл жайлы көптеп айтылып жатқаны бәріңізге мәлім. Міне биыл балаларыңыз да үш тұғырлы тілді қолға алмақшы. Яғни қазақ тілімен қатар орыс, ағылшын тілінде білім алмақшы.
Міне біз де өз үлесімізді қоспақшымыз. Мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз, ағылшын тілін үйренеміз.

Енді балалар тақырыбымыз не үйрендік?
Бүгін мен білдім:
Мен үйрендім:
Қиындық тудырды:
Қолымнан келді:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Тастан жарып шыққан гүл секілді алдағы күнге сенімділікпен ұмтылатын білімді ұрпақтарымыз көп болсын!



















35 «Шұғыла» бөбекжайы

















Тақырыбы: Мен елімнің кішкентай патриотымын.

«Болашақ» II- кіші тобы













Тәрбиеші: Д.С Габбасова















Орал 20







Құрметті ұстаздар! Қымбатты балалар, ата-аналар және барша қазақстандықтар!

Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын! 1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді.

Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!

Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!

«Балапан» тобы








































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2018
725
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі