Мен ертеңгі– заманауи педагогпын
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледж
Студенті Хамит
Әсем
ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Адамзат қоғамын алға сүйрейтін құдіретті күш тек білімге ғана тән. Елдің өркендеуі, өркениетті әлемде өзіндік орнының болуы білім саласының дамуымен тікелей байланысты.
Қазақтың тұңғыш демократ ғалымы Шоқан
Уәлиханов
"Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі
үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет"
деп
ел үшін азаттық қандай маңызды болса,
білімнің де сондай құнды екенін атап кеткен болатын. Ата-бабамыз
аңсаған егемендікке қол жеткіздік. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болуы
үшін азаматтарымыз білімді болуы керек. Халқымыз білімді жастарға
үміт артады. Білімді, өнегелі, ой-санасы терең, жан-жақты дамыған,
бәсекеге қабілетті ұрпақты оқытып тәрбиелеу қазіргі заман
ұстаздарының алдында тұрған зор міндет, үлкен жауапкершілік.
Өйткені, егеменді еліміз өркениетті елдер қатарынан көрініп,
ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл - ұстаздар
еңбегінің жемісі екені
даусыз.
Жаңа заман ұстазы, заманауи педагог қандай болу керек? Оған ғұлама ғалым Әл-Фарабиден артық анықтама берген ешкім жоқ шығар?! Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. Сонымен қатар, жаңа заман талабына сай үш тілді еркін меңгерген, жаңа педагогикалық, инновациялық, ақпараттық технологияны игерген, оқытудың тың әдіс-тәсілдерімен қаруланған ізденімпаз жан болуы керек.
Мен - ұстазбын. Бұл мамандықты жүрек қалауымен таңдап, оның қыр-сырына қанып келемін. Қызығы мен қиындыққа толы ұстаздық өмірімде білгенімді үйретіп, білмегенімді үйренудемін. Сенеканың сөзімен айтсақ, ұстаздар басқаларды үйрете жүріп өзі де үнемі ізденісте жүріп үйреніп жүретін жандар.
Менің ұстаздық ұстанымым – үнемі іздену, жаңалыққа ұмтылып, абыроймен еңбек ету, әр білім алушының бойына ізгіліктің дәнін себу, өркениеттің қатал талаптарына сай болатын бәсекеге қабілетті, қоғамның сұранысына ие маман тәрбиелеу.
Мен - заманауи педагогпын. Заманауи педагог — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі және солай болуға тиіс.
XXI ғасырдағы қоғам тез қарқынмен дамып қана қоймай, барлық саланы да жандандыруда. Білім беру саласы да ондай өзгерістерден шет қалған жок. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін демократияландыру, білім беру жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. Нәтижесінде білім беру мазмұны жаңалануда, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары, тың әдіс-тәсілдер дүниеге келуде.
«Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті өзіңнен баста» демекші, ұстаздар қауымы елде болып жатқан жаңалықтан хабардар болып, өзгеріске бейім болуы керек. Заманауи педагог ретінде өз алдыма нақты әрі биік мақсат қойып, үнемі шығармашылығымды шыңдап, жаңа педагогикалық, инновациялық, ақпараттық технологияларды, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеріп отыруға тырысамын.
Бүгінгі студент – ертеңгі маман. Сондықтан, маман даярлауда оны жаңашылдыққа бағыттау, бәсекеге қабілетті, әлемдік білім деңгейіне сай оқыту ең алдымен ұстаз ретіндегі біздің міндетіміз. Қоғам бізден соны талап етеді. Болашақ маман дайындауда білім алушыларымның тиімді оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгеруін, жаңа технологияларды игеруін, мақсатына жете алатын, өз кәсібіне жан-тәнімен берілген, балаларды жақсы көретін мейірімді, жан-жақты болуларын маңызды деп санаймын. Сонда ғана олар тәрбиелейтін болашақ ұрпақ Отанын, ана тілін сүйетін, өзге тілдерді де жетік меңгерген, еңбекқор, парасатты, дүниетанымы жоғары, мінез-құлқы көркем, жауапкершілігі зор, сын тұрғысынан ойлай алатын, салауатты, жаңа әлеуметтік-экономикалық нарықтық қоғамда өз орнын таба білетін тұлға болады деп сенемін.
Ұстаздың алдынан хан да, қара да, дана да шығады. Ал ұстаздық ету әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талапты, табандылықты, жан-жақтылықты қажет ететін қасиет. Күн астындағы теңдессіз, ең құрметті мамандықтың иесі болғанымды өзіме мәртебе санаймын.
Әдебиеттер
1. ҚР-ның «Педагог мәртебесі туралы» Заңы, 2019 жылғы 27 желтоқсан
2.
Әбиев Ж. Ә., Бабаев С. Б., Құдиярова А. М. Педагогика: Оқу құралы.
Жалпы редакциясын басқарған Құдиярова А. М. – Алматы:
Дарын,-2004.
3. Ұстаздың шеберлікке жету жолдары. /Құрастырған
Ж. Нүржанова.-Алматы, 1991.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз