Материалдар / Мен ғарышкер боламын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен ғарышкер боламын

Материал туралы қысқаша түсінік
окушыларга
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
1972
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК



«Бекітемін»: _________

колледждің әдіскері:

Сапарғалиева Н.С

«Келісемін»: _________

Жетекшісі:

Салбанова А .Т


САБАҚ ЖОСПАРЫ

ТАҚЫРЫБЫ: «Мен ғарышкер боламын»


Өтетін орны: «Көгедай орта мектебі» КММ

Сынып: 4

Мерзімі:20.04.2021ж

Тобы: 310

Машықкер: Солтанбекова Жанна

Баға: «__»___________



Семей, 2021 жы



Пәннің аты: Музыка

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

«Мен ғарышкер боламын»

Мақсаты

Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру.

Балалардың сөздік қорларын байыту. Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту.

Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Ашық менің жүрегім,
Күнде күліп жүремін
Бірге ойнап, бірге күлген
Достарым көп білемін.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Сабақтың басы

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде табиғат қандай құбылыстарға өзгереді?

-Көктемнің неше айы бар? Айларын атаңдар.

-Сәуір айында қандай мереке бар, естеріңе түсіріңдерші?

-Иә, бұл сәуір айында үлкен мереке бар. Ол – ғарышкерлер күні деп аталады.

Жұмбақ шешу: Ұшады қанатсыз

Зырлайды аяқсыз. /Зымыран/ - ракета- rocet

Ұшқыш емес, бірақ ол

Аспанда қалықтап ұшады

Оны кім деп ойлайсындар? /Ғарышкер/-космонавт- cosmonaut

Ғарышкерлер дегеніміз кімдер?

-Ғарышкерлер дегеніміз – олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар.

-Балалар аспаннан нелерді көруге болады?



Сабақтың ортасы

Космический пейзаж (Ғарыштық пейзаж)

Музыкасын жазған Ч.Айвз

Бейнеролик көру:

https://youtu.be/-jo0q0mIiz8


Мәтінді оқып сұрақтарға жауап беру:



Шығармашылық жұмыс:

1 топ: « Мен ғарышкер боламын» әнінің 1інші щумағы мен қайырмасын мәтіннің мазмұна қарай қол қимылдарымен көрсетеді.


2 топ: « Мен ғарышкер боламын» әнінің 2інші щумағы мен қайырмасын мәтіннің мазмұна қарай қол қимылдарымен көрсетеді.


Ескерту: ӘР ТОП ШАПАЛАҚТЫ БІР ЫРҒАҚПЕН ШАШЫРАТПАЙ СОҒУЛАРЫ КЕРЕК.

Сергіту сәті

Қане қанат жазайық,
Зымыран боп ұшайық.
Ай бетінде болайық,
Қайта жерге қонайық.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Сабақтың ортасы

Осыдан 46 жыл бұрын – 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан Спутник атты бірінші жасанды жер серігі ұшырылған болатын. Мереке шеңберінде бірқатар үздік қызметкерлер космостық техниканы игеру мен ғарыштық бағдарламаларды дамытуда жеткен табыстары үшін медалдар мен ескерткіш белгілермен марапатталатын болады.
Еліміздің стратегиялық маңызы зор нысаны саналатын Байқоңыр ғарыш кешенінің тіршілігі жалдық сипат жағдайындағы ерекшеліктермен тыныстауда. Ресейдің құзырындағы Байқоңыр қаласы мен іргелес Төретам кенті және Ақай қыстағын қоса есептегенде бұл өңірде елу мыңнан астам Қазақстан азаматы тұрады.
Кеңес Одағының ғарышкері Гагарин Юрий Алексеевичтің өмірінен сыр шертсек.
Юрий Гагарин 1934 жылдың 9 наурыз күні Смоленс облысы, Гжатск қаласында дүниеге келген. әкесі Алексей Иванович, ал анасы Анна Тимофеевна Гжатск ауданына қарасты Клушино ауылынан, қарапайым ауыл еңбекқорлары болған. Олар Юрийді еңбеқорлыққа тәрбиелеген. Неміс басқыншылығының қиын кезеңдерін бастан өткізе отырып Гагарин отбасы 1945 жылы Клушино ауылынан Гжатск қаласына қоныс аударған.
1949 жылы мектепті бітіре отырып, осы жылы Люберецкое училищесіне ұшқыш мамандығы бойынша түсті. Одан кейін Саратовский техникумына оқуға түседі. 1954 жылдың 25 қазанынан бастап Саратовской аэроклубында жаттыға бастайды.
1957 жылы Юрий Гагарин, Валентина Ивановнамен үйленіп, олардың отбасында Лена және Галя атты екі қыз тәрбиелейді. 1959 жылы Юрий жаңа ұшқыштар техникасына байланысты ұшқыштар қатарына үміткер ретінде өтініш - рапорт жазады. Және 18 желтоқсанда Москваның орталық ғылыми - авиациялық госпиталына денсаулығын тексеру үшін барады.12 сәуір күні Гагарин бірінші жерден ұшуын "Восток" ғарыш кемесінде бастады. Осы ғарышқа алғаш ұшу оған Кеңес Одағының Батыры атағын алып келді. 1962 жылдың 12 сәуірінен бастап 12 сәуір – ғарышкерлер мерекесі болып жарияланды. 1964 жылы Кеңес ғарыш әскерлерінің командирі болып бекіді.
1968 жылы 27 наурызда Киржачск ауданының Новоселово ауылының маңындағы жаттығу кезінде қайтыс болды. Кремлевск жарындағы Қызыл алаңда жерленген.
Байқоңыр қалалық Өзін-өзі басқару қоғамдық кеңесінің жанынан құрылған ономастикалық комиссияның ұсынысымен қалалық әкімшілік басшысы Александр Мезенцов Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, Қазақстан мен Ресей батыры, авиация генерал-лейтенантыБайқоңыр қалалық Өзін-өзі басқару қоғамдық кеңесінің жанынан құрылған ономастикалық комиссияның ұсынысымен қалалық әкімшілік басшысы Александр Мезенцов Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, Қазақстан мен Ресей батыры, авиация генерал-лейтенанты, ғарышкер ұшқыш Талғат Мұсабаевқа "Байқоңыр қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім қабылдады.
Қала басшысының шешімінде: "Талғат Мұсабаевтың Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағының экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуына және ғарышты игеруге қосқан айрықша еңбегі атап көрсетілді".
Талғат Мұсабаев "125 тәулікке созылған өзінің алғашқы ғарышқа ұшу сапарын "Союз ТМ-19" жүк кемесі мен "Мир" орбиталық станциясының бортинженері ретінде 1994 жылдың 1 шілдесінен 4 қарашасы аралығында жасады. Ол екінші ұшу сапарын "Союз ТМ-27" жүк кемесі мен "Мир" орбиталық станциясының командирі ретінде 1998 жылдың 29 қаңтары мен 25 тамызы аралығында жасады. Үшінші сапар 2001 жылдың 28 сәуірі мен 6 мамыры аралығында өтті. Ол кезде Т. Мұсабаев "Союз ТМ-32" жүк кемесі мен Халықаралық ғарыш станциясына алғашқы ресейлік келіп-кету экспедициясының командирі болған.

Қазақтың тағы бір тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров өміріне тоқталып өтсек. 1991 ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1992 ж. сәуірінен — Қазақстан Республикасы қорғаныс мемлекеттік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің ғарыш игеру жөнінде көмекшісі. Парламентке сайланудың алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры, Алматы қаласы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.


Үйге тапсырма

Ғарышкерлер туралы мәліметтер іздеп келу.

Күнделіктеріне жазып алу

Сабақтың соңы



Ән айту


Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін пысықтау.

-Балалар бүгінгі күн қалай аталады?

-Ғарышкер дегенді қалай түсінеміз?

-Біздер қандай ғаламда тұрамыз?

-Ғарышқа сынақ ретінде бірінші болып қай жануар ұшты?

-Ғарышқа ұшқан орыс азаматы кім?

-Қазақ елінен кім ғарышкерлер ғарышқа ұшты?

-Ғарышқа киетін киімді не деп атайды?

-Неге арнайы киім киеді?

Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапар, ғарыш алаңы Байқоңыр, зымыран, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері, ғарышкерлердің киімі туралы;

Нені түсінеді: Ғарыш әлеміне тұңғыш ұшқан орыс азаматы Ю.Гагарин, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы мәліметтерді;

Нені меңгереді: Ғарыш әлеміне арнайы ғарыш кемелерінің ұшатындығын, ғарышкерлердің арнайы дайындықтан өтетіндігін, олардың арнайы киімдерінің болатындығын.



Мен ғарышкер боламын

Өлеңін жазған: С. Қамшыгер
Әнін жазған: Ө. Алтаев

Байқоңырдың даласы,
Кең көкжиек арасы.
Мен – қазақтың киелі,
Арда туған баласы.
Биіктерден қараймын,
Жұлдыздарды санаймын.
Ғарыш, әлем көкжиегі –
Арманы ғой талайдың.

Қайырмасы:
Жер-жаһанды шоламын,
Алыстарға барамын.
Ғаламат ғаламды танитын,
Мен ғарышкер боламын.
Таудай батыр боламын,
Таусылмайтын талабы.
Тоқтар мен Талғат ағамдай
Мен ғарышкер боламын.

Көңіл толғап алысқа,
Тырысамын намысқа.
Ел арманын арқалап,
Ұшамын мен ғарышқа.
Ғылым, білім – жолдасым,
Басқа бақыт орнасын.
Мен ғарышкер боламын.



































https://youtu.be/69XV5plUcI0






Кері байланыс

 РЕФЛЕКСИЯ: «БАҒДАРШАМ»




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!