Материалдар / Мен және экология. Сынып сағаты

Мен және экология. Сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен және экология. Сынып сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2024
70
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Мен және экология

Мектеп:

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП:

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаттары

  • Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру

  • Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде бііз және табиғат байланыстылығын білуге үйрету;

  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысқа дағдылануға, өзін-өзі тануға, тіл мәнерін, ой-өрісін дамытуға бейімдеу.

  • Табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу


Бағалау критерийі

Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.



Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы


Ресурстар

Басталуы 3минут


Ұйымдастыру кезеңі:

1)Оқушылармен сәлемдесу.

2)Оқушыларды түгелдеу.

3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.

«Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу

Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады.

Топқа парта бойынша бөлу:

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Бәрі хормен:

Амансын ба, Алтын күн!

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Ал, қанікей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Табиғат - қоғамның қорғаны. Алғашқы қауымнан қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адам баласының өмір сүруге қажет барлық мұқтажын табиғат өз қазынасымен жомарттықпен өтеуде. Өміріне, экономикалық –географиялық жағдайына, тарихи дамуына қарай қазақ халқы табиғат қойнауында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр.

Суреттер, слайд

Бағалау




Ортасы 20 минут

Балалар табиғат дегенде ойымызға не келеді?

Табиғат — ол Өсімдік. Өсімдік — бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын, ыстықта — көлеңке сая, суықта- пана, ауырғанда — дәрі, ренжігенде — қуантатын табиғаттың сұлу көркі — гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті — жасыл желек, орман.

Сөздік жұмыс

Экология - «эйкос» - үй, «логос» - білім – қоршаған орта туралы білім деген сөзді білдіреді. Ал енді, біз табиғаттың бөлшектерін қарастырып шығайық. Қоршаған ортаның экологиясын зерттейік.

Балалар, қазір біз Қазақстанның әсем табиғаты туралы және оған тиіп жатқан зардаптар туралы видеофильм көреміз.

(талдау жұмысын жүргізу)

Келесі кезекті тапсырмаларға береміз.

1-жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып, жатқан ба-лаларды көрді-де, тұрып қалды…

Сұрақ:

1. Арман не істеді деп ойлайсыңдар?

2. Арман қандай бала?

3. Бұтақ сындырып жатқан балалар қандай екен?

2-жағдаят. Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақтың көзінің қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді

Сұрақ:

1. Серіктің әрекеті қанда болады деп ойлайсыңдар?

2. Серіктің бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?

3. Бұлақтың көзінің бітеліп қалуына кімдер кінәлі деп ойлайсыңдар?

Осы табиғатымызды сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа қалдыру біздің азаматтық борышымыз. Ендеше осы істе сендер қандай үлес қосар едіңдер?

1. «Бір, ағаш кессең, он, ағаш ек» — жасыл желек бағдарламасына ат салысамыз;

2. «Судың да сұрауы бар» — суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз,

ластамаймыз

3. Орман-тоғайды, бақтарды күл — қоқыстан тазалап, өрттен қорғаймыз.

4. Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.

Қызығушылықты ояту.

Балалар, мына сөзжұмбақты шешсек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады екен.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Аяқталуы 10 минут


Сөзжұмбақ сұрақтары.

1. Аң патшасы.

2. Қазақстанның әсем қаласы.

3. Қазақтың қарт, ақыны.

4. Қазақтың батыр қызы.

5. Қазақстандағы көмір өндіретін жер.

6. Ай аты.

Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой дейміз. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім — кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса, солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: сөндірілмей тастал ған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір, ағаштың өсуіне қаншама көп жылдар керек екендігін біз білеміз. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстайық, табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін-де сүйе алмайды.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік

пен қатысқан топты басқа топ оқушылары бағалайды.






Сабақтың соңы

2 мин










Рефлекция « Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады:

- Мен бүгін ........білдім

- Маған .... қызықты болды

- Маған....қиын болды



«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ