МКҚК «Ақбөпе» бөбекжайы
«Мен және мені қоршаған орта»
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Тәрбиеші: Әдиетова Г.Қ.
2020-2021ж
Білім беру саласы: Әлеумет
Тақырыбы: «Мен және мені қоршаған орта»
Күні: 25.11.2020ж
Тобы: «Қарлығаш » ересек тобы
Мақсаты: балаларды туған жерге, қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Өлі және тірі табиғатпен таныстыру. Құстар мен өсімдіктерді, жануарларды қорғауға және қамқорлық жасай білуге, ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: слайд,табиғат көрінісі, сурет
Ұйымдастыру бөлімі: балалар, бізге қонақтар келіп отыр. Барлығымыз ортаға шығып, шаттық шеңбер құрып, қонақтармен амандасайық.
Балалар ортаға шығып, шаттық шеңберін құрып, амандасады.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсіздер
ме!
Шаттық
шеңбері:
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
Тамаша, балалар. Орнымызға отырайық. Балалар, біз бүгінгі ұйымдастырылған сабағымызды бастамас бұрын, тобымыздың көңіл-күйін анықтап алайықшы.
-Балалар, сендердің көңіл-күйлерің қалай?
-Жақсы.
-Балалар, біз қай елде тұрамыз?
-Қазақстан.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз
-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Күн суытады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Адамдар жылы киіне бастайды.
-Олай болса, табиғаттың керемет сұлулығын тамашалап, жақсы көңіл-күймен бүгінгі ұйымдастырылған сабағымызды бастаймыз. Балалар, бізді не қоршап тұр? Табиғат.
-Бізді қоршаған әлем (табиғат) – жануарлар, өсімдіктер, жәндіктер, су, топырақ.
-Тамаша балалар.
- Міне, балалар, қараңдаршы біздің еліміздің табиғаты қандай тамаша. Бізде кең байтақ дала да, аспан мен тілдескен таулар да бар. Ұлан байтақ жерімізде аңдар мен құстар мекендейді.
-Балалар қарайды.
-Балалар, сендер қандай жануарларды білесіңдер?
-Жылқы, сиыр, қоян, қасқыр.
-Жануарлардың неше түрі бар?
-Екі, үй жануарлары және дала жануарлары.
-Жақсы, балалар, керемет.
-Енді, мынау үй жануарларының төлдерін атаңдаршы.
- Жылқынікі – құлын, сиырдыкі – бұзау, түйенікі – бота.
Үй жануарлары үйде, ал дала жануарлары далада орманда өмір сүреді. (Үй жануарларын адамдар бағады, тамақтандырады. Ал дала жануарлары өздерінің тамақтарын өздері тауып жейді)
Балалар бізге хат келген екен. Ішінде не жазылып тұр екен. Ашып оқимыз ба?
-Иә
-Мен – орманшы аталарыңмын. Мұнда бірнеше тапсырмалар берілген. Сендер тапсырманы дұрыс орындасаңдар, кішкене болса да табиғатқа өз пайдаларыңды тигізген болар едіңдер. Кане тапсырманы орындаймыз ба?
-Иә.
-Табиғаттың неше түрі бар?
-Екі
-Тірі табиғатқа нелер жатады?
-Жануарлар, адамдар, өсімдіктер, құстар, жәндіктер.
-Өлі табиғатқа нелер жатады?
-Тау, тас, күн, су, жер.
-Тірі табиғат пен өлі табиғаттың айырмашылығы қандай?
- Тірі табиғат өседі, ал өлі табиғат болса өспейді. Балалар мынау гүл. Ол қандай табиғатқа жатады? Тірі. Ал мынау тас, ол – өлі табиғат.(Ұстап көріп, айырмашылығын айтады.
-Сылдырлап, мөп-мөлдір болып ағып жатқан не?
-Өзен суы.
-Суды ластауға бола ма?
-жоқ, болмайды.
-Жарайсындар, балалар. Енді, таза ауада тыныс ала отырып, сергіту жаттығуын жасап алайық.
Сергіту сәті: Қоюланып қара бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп,
Жапырақты жамылып,
Жата қалды көбелек.
Дидактикалық ойын:
Жарайсыңдар, балалар. Балалар сендер табиғат туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?
Гүлді жұлуға болмайды, гүлді аялау керек.
Ағашты кесуге болмайды, олар бізге таза ауа береді
Суды ластауға болмайды, сусыз өмір жоқ
Көбелектерті өлтірмендер, ол әдемілік белгісі
Құсты атуға болмайды, құс адамзат досы.
Жасыл шөпті жұлуға болмайы, ол біздің жерімізге көрік береді.
Керемет балалар.
Біз орманшы атаның тапсырмаларын орындау арқылы табиғатты қорғап, аялау керек екендігін білдік.
Енді балалар қазір біздер шығармашылықпен жұмыстанамыз. Мен сіздерге табиғаттың боялмаған суретін беремін. Сендер осы суретті түрлі түске боялған тұзбенен бояйсыңдар. Ең алдымен үлгімен таныстырып өтейін.
-Балалар сендерге түсінікті ме? Ал ендеше барлығымыз орнымызға отырамыз, жұмысымызды бастаймыз.
Балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты: «Ұшты-ұшты»
-Мен құстың атын айтсам, қолдарынды сермейсіңдер, ал заттың атын айтсам бір қалыпты тұрасыңдар.Мысалы ұшты-ұшты қарлығаш ұшты – балалар құстар секілді қанаттарын қағады.
Керемет, балалар, жарайсыңдар, өте тапқыр екенсіңдер.
-Балалар, біз тапсырмаларды дұрыс орындадық па?
-Иа.
-Дұрыс айтасыңдар. Балалар біз табиғатқа қамқорлық жасау арқылы оның көркеюіне, өсуіне қол ұшымызды тигіземіз. Балалар табиғаттағы алуан түсті гүлдер, биік таулар, жарқырап сәулесін шашқан күн, таза ауа адамдарға денсаулық пен қуаныш сыйлайды екен, яғни бізде табиғаттың бір бөлшегіміз.
Керемет, жарайсыңдар балалар. Бүгін сендер табиғатқа қамқорлық жасау қаншалықты маңызды екенін түсіндіндер.
Осыменен біздің оқу қызметіміз аяқталды. Сау болыңыздар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Мен және мені қоршаған орта" ашық ұйымдастырылған оқу қызметі (ортаңғы топқа арналған)

шағым қалдыра аласыз