Материалдар / Мен жане менин конил- куйим
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен жане менин конил- куйим

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашык сабак
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2020
595
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Мен және менің көңіл-күйім»

Мақсаты: Оқушының өз мінезіне басшылық жасай алуын    қалыптастыру.

·        Көңіл-күйін жағымды арнаға түсіруге баулу.

·        Көтеріңкі көңіл-күйдің айналасындағыларға әсерін түсініп,сезінуге  тәрбиелеу .

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, тілегін білдіру, жаттығулар т.б.

Құралдар: Суреттер, слайд, әңгіме т.б.

Сабақ барысы : Ұйымдастыру бөлімі

  1. Жаттығу «Көңілді шаттық шеңбер»

Қане бәріміз ортаға шығайық. Балалар ең алдымен амандасып, ойымыздағы жақсы тілектерімізді  бір-бірімізбен арнайық.

  • Сәлем, Камила. Жүзің қандай жарқын.Саған тек жақсылық,жақсы көңіл-күй тілеймін. Шеңбер бойынша әрі қарай жалғаса береді.

Сабағымызды бастамас бұрын «Менің көңіл-күйім» жаттығуын орындайық онда бүгінгі көңіл- күйлерімізді анықтайық. Ол үшін мына тақтадағы берілген үш эмоцияның біреуін таңдау керекпіз. Алдарындағы көңіл-күйлерді таңдап алып, тақтаға жапсырайық.

Сұрақ- жауап

- Өздеріңнің көңіл-күйлерің қалай? Көңілдісіңдер ме?

- Адамның көңіл-күйін қалай байқауға болады екен?

- Бет әлпетінен,көзінен,аузынан қимылынан т.б.

- Ал адамның көңіл күйін көтеріп,жақсартуға болама екен?

- Оған жақсы сөз айтып,сыйлық сыйлауға болады не жақсылық жасауға болады.

Суретте – гномдар бейнеленген. Суреттегі көңіл күйлеріне қарап, олардың әрқайсысына ат қой. Қазіргі уақыттағы өзіңіздің көңіл күйіңізді белгілеңіз.Есім – сезімді жаз. Өзіңе ұнаған гномды дөңгелектеп сыз.

Гномдардың бет-бейнесі баланың шынайы базалық құндылықтарын көрсетеді. Мимика арқылы басқа адамдардың эмоцияларын тани алуға бола ма?

Суретпен жұмыс . Суреттегі көңіл-күйлерді атап шығайық.















Көңіл күйі, көңіл-күй – адамның психикалық процестерге, барлық қызметіне, соның ішінде оқу материалын меңгеруге әсер ететін эмоционалдық жағдайы. Көңіл күйіне қарап адамдарды: шат, жайдары, көңілді, жылы жүзді, ызбарлы, ызалы, т.б. деп ажыратуға болады. Көтеріңкі көңіл адамға қуат бітіріп, бойын сергітеді, ал уайым-қайғы жүнжітіп, жабырқатып жібереді.

Оқушыларды ыңғайлы отырғызу. Мен сендерге бір әңгіме оқып берейін.

  Марат деген баланың мысығы болыпты. Өзі пештің түбінде жата береді екен,өте жалқау мысық болыпты. Тіпті тышқан да ұстамапты. Бір күні Марат мысығын қапқа салып орманға апарып тастайды. Мысық орманда қарны ашып,үйін сағынады. Енді ол өз қателігін түсінеді. Ешқашан жалқау болмаймын деп өзіне уәде береді. Бірақ Маратқа баруға қорқады екен.

- Балалар біреу біздің есігімізді қағады ғой?Кім екен бұл?

*Бұл –мысық.

- Е, бұл Мараттың орманға тастап кеткен мысығы ғой!

- Келген қонаққа не дейміз?

*Жоғары шығыңыз.

- Балалар мысықтың көңіл-күйі қандай?

*Өте көңілсіз ,жабырқау екен.

- Ал кім оның көңіл-күйін сұрайды?

Мысық: Мен жалғызбын не істерімді білмеймін.

Психолог: Қане бәріміз мысыққа көмектесейік.Енді мұңайма. Біз сенің көңіл-күйінді көтереміз. Бүгінгі сабағымызды бізбен бірге тамашалауға шақырайық,

- Қалай ойлайсыңдар біз бірігіп оған көмектесе аламыз ба?

*Иә,біз оған әсем ән салып берейік

«Жағымсыз жағдайдан құтылу» жаттығу

Алдарындағы қағазға, көңіл-күйге қаяу түсіретін жағдайды жазыңдар. Оны ешкім оқымайды, көрмейді, сондықтан ашық, ұялмай қорықпай жазуға болады. Енді осы қағазды 2-ге бүктеп оны ұсақ бөліктерге бөлеміз. Енді сіздің жағымсыз мәселеңіз қоқыс болып қалады. Оны қоқыс шелегіне тастаймыз. Сіздердің көңіліңізді түсіретін жағдайға енді ешқашан қайтып оралмайды, оны еске түсірмей, жоққа шығарамыз деп ойлаңдар.

-Біз  мысықтың көңілін қалай көтердік?

- Мысықтың көңіл-күйі көтерілді ма?

«Болады, болмайды» жаттығуы.

Мен сендерге сөздер айтамын, ал сендер болсандар болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болса- онда аяқпен топылдатады. Мысалы: қасқыр орманда кезіп жүреді- алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр – аяқтарын топылдатады. Кастрюлде кесе қайнап жатыр. Мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр. Қыз үйдің суретін салып отыр. Ит аспанда ұшып жүр. Тышқан атпен шауып бара жатыр.Мысық машинамен жұмысқа бара жатыр. Біздер оқушымыз. Құмырсқа доп ойнап жүр. Оқушы сабақ айтты.

Енді бәріміз тұрып, серігіп алайық. Сергіту сәті: «Қара жорға» биін билету.

Серігіп алсақ сабағымызды әрі қарай жалғастырайық.

  «Көңіл- күйді бейнеле» жаттығуы

Берілген сұрақтарға сай әр түрлі көңіл-күйді бейнелендер:

  1. Ойланып тұрған адамның бет-әлпет кескіні;

  2. Ренжіп тұрған адамның бет- әлпеті;

  3. Қайғылы адамның бет- әлпеті;

  4. Ашулы адамның бет- әлпеті;

  5. Таңданған кейіп көрсету;

  6. Өкініп тұрған адамның бет- әлпеті;

  7. Қуанып тұрған адамның бет- әлпеті.

  • Осы жаттығуды орындағанда қиын болды ма?

  • Қандай көңіл- күйде болдындар?

  • Жаттығу ұнады ма?

Ал енді мысыққа тілегімізді білдірейік. Ақ қағазға жазып, конфертке салып беріп жіберейік. Мысықтың көңіл-күйі түскен уақытта осы сендердің жазған тілектерінді оқып көңіл-күйі көтерілсін. Жазған тілектерінді мысыққа айтып берейік. Мысықтың көңіл-күйі басында қандай болды? Ал қазір қандай болды? Мысықта өз тілектерін білдіреді оқушыларға.

Мысықты шығарып салу. Сау бол мысық. Енді мұңайма. Біз сені жақсы көреміз.

Қорытынды: Балалар енді бізде көңіл-күйімізді түсірмейік. Бір-бірімізді ренжітпейік.

Жаттығу: «Жүректен жүрекке»

Оқушылар шеңберге шығып, бір-біріне тілектерін айтып, жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Психолог: оқушылар басында сендердің көңіл- күйлерінді білдік. Енді қазір қандай болды көңіл-күйіміз? Мен сендерге көңіл-күйдің бейнеленген суреттер беремін сендер біреуін таңдап тақтаға жапсырасындар. Оқушыларға сыйлық тарату.

Сабаққа қатысқандарыңызға көп-көп рахмет! Сау болындар!








Абай атындығы ЖОББМ








«Мен және менің көңіл-күйім»

(тренинг)



Мектеп психологы: Даутова А.Н.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!