Мен және менің
әріптестерім
Мақсаты:
Ұстаздар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, қиын жағдайдан шыға
білуге және өзін-өзі тануға баулу.
-
«Қане танысайық!»
жаттығуы
Нұсқау: Әр қатысушы 30 секунд ішінде өзін-өзі
таныстырады. Бұл жерде өзінің есімін, өмірінің қызықты жайларына
тоқталуға болады.
– Біз бір – бірімізбен таныстық. Енді өзімізді
өзіміз білеміз бе?
-
«Мен басқаның
көзімен»
Ортаға бір оқушыдан кезекпен шығып ,қалған
қатысушылар ол жайлы қандай ой- пікірде екенін айтады . Оқушы өзін
басқаның көзімен қандай адам екенін
анықтайды
-
«Аплодисменты»
ойыны
Жүргізушінің нұсқауы бойынша
айтылған икемділік мен сапасын ие болса, сол қатысушылар нұсқауды
орындайды. Қалғандары осы қатысушыларға қол шапалақтап
отырады.
«Маска»
ойыны
Қатысушылар кезекпен масканы
кие отырып, ешкім білмейтін жағымсыз қасиетін
айтады.
-
Менің қиыншылықтарым
(Сила и ресурсы
метод)
Қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды
естеріне түсіріп , ортаға салады , өзгелермен ой бөліседі
.
-
Тыныс алу
жаттығулары
Орындыққа
жайлы отырып,денемізді бос ұстаймыз, демімізді мұрнымызбен ішке
тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар
дауыспен
•“А” -
дыбысын айтыңыз. Ол бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін
тигізеді;
•“Е” -
қалқанша без жұмыстарына әсер етеді;
•“И” - миға,
көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді;
•“О” –
жүрекке, өкпеге әсер етеді;
•“У” –
асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді;
•“Я” –
барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
•“М” –
барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
•“Х” –
ағзаның тазаруына көмектеседі;
•“ХА” –
көңіл-күйді көтеруге әсер етеді.
-
Өсиет әңгіме,
пікіралысу
Қатысушыларға өсиет әңгімені
тыңдап, оны талқылау ұсынылады.
«Өмір ұсынған
мүмкіндіктер»
Бір күні түнде бір адамға
періште келіп, оған оны күтіп тұрған ұлы істер туралы айтып кетеді.
Ол адамның қолында үлкен байлық болатынын, қоғамда беделді азамат
болып, керемет әйелге үйленуге мүмкіндігі бар екенін айтады. Ол
өмір бойы сол айтылған ғажайып өмірді күтеді, бірақ ең соңында
жалғыздықтың күйін кешіп, кедейліктің азабын тартып, өмірден өтеді.
Ол жұмақтың есігінің алдына келгенде сол баяғы өзіне келіп кеткен
періштені көріп қалады да айтады: «Сен маған үлкен байлық, қоғамда
бедел және керемет әйелің болады деген уәдең қайда? Мен өмір бойы
соны күттім, бірақ ешнәрсе өзгермеді», - дейді. Сол кезде періште
тұрып: «Мен оны уәде еткен жоқпын, мен саған қолыңда үлкен байлық
болатынын, қоғамда беделді азамат болып, керемет әйелге үйленуге
мүмкіндігің бар екеніне уәде бердім, бірақ сен оның барлығын өз
уысыңнан шығарып алдың», - дейді. Сол кезде ол адам аң-таң күйде
періштеге қарап: «Мен сенің не туралы айтып тұрғаныңды
түсінбедім»,- дейді. Сол кезде періште: «Есіңде ме, сенде жеке
шаруашылық ашу туралы ой болған, бірақ сен тәуекел етпедің,
сәтсіздіктен қорықтың, сөйтіп ешнәрсе істемегенің рас қой?»,- деп
сұрайды.
Әлгі адам қызарып кетеді.
«Сенің сол ойыңды жүзеге асырудан қорқып, одан бас тартқаның үшін,
ол бірнеше жылдан кейін басқа өзінің қорқынышын жеңе білген адамға
берілген болатын. Егер есіңде болса ол адам хандықтағы ең ауқатты
адамдардың бірі болды. Сонымен бірге, есіңдеме, қалада жер
сілкінісі болып, көптеген үйлер қирады, қаншама адамдар үй астынан
шыға алмай мерт болды. Сол кезде сенің кейбір адамдарды құтқаруға
мүмкіндігің болды, бірақ сен ешкімді құтқармадың, қорықтың, өзің
жоқта үйіңдегі мал-мүлкіңді тонап кетер деп жан айқайы шығып, көмек
сұраған адамдарға қарамай, өз үйіңе кетіп қалдың», -
дейді.
Ол адам өзінің ұятты тірлігін
есіне түсіріп, қызарып кетеді. «Бұл сенің мыңдаған адамның өмірін
сақтап қалуға деген үлкен мүмкіндігің еді. Сол кезде сені қалада
тірі қалған халықтың барлығы сыйлайтын еді», - дейді
періште.
«Есіңде ме, саған бір сарғылт
шашты өте керемет әйел ұнаушы еді ғой. Ол оған дейін және кейін
көрген әйелдердің ешбіріне ұқсамайтын. Бірақ, сен оны ешқашан өзің
сияқты адамға тұрмысқа шықпайды деп ойлап, қорыққаннан одан сырт
айналдың. Осы кезде әлгі адамның көзінде жас пайда
болды.
«Иә, досым менің», - деді
періште, ол сенің жарың болатын еді, екеуіңде тамаша сәбилер де
болатын еді, сен ол әйелмен өмір бойы нағыз бақытты адам болатын
едің», - дейді.
Өмірде бізге күн сайын әртүрлі
мүмкіндіктер кездесіп отырады, бірақ көбінесе біз оны мына
оқиғадағыдай қорқыныш пен тәуекелге бара алмауымыздан ол
мүмкіндіктерді қолдана алмаймыз.
-
«Қайта байланыс»
жаттығуы
Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы
кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз
ойларын білдіреді:
- Тренингте ең бірінші не ұнады?
- Не ұнаған жоқ?
- Өзің жаңадан не білдің?
б) "Алған әсеріңіз қандай?"- үлестірмелі карточкалар /смайликтер/
арқылы анықтау.
в) тренингке қатысушыларға рахмет айта отырып, сабақты
аяқтау
«М.Әуезов атындағы орта
мектебі» КММ
Бекітемін:
Мектеп директоры: Жикенова
Н.А
МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ
ӘРІПТЕСТЕРІМ
Жас мамандарға арналған
тренинг
Психолог: Даулетханова
М.Д
2018
жыл