Мен және менің балам: түсінісушілікті іздеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен және менің балам: түсінісушілікті іздеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналармен коучинг өткізуде бұл материалдың көмегі зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ата-аналармен өткізілген шебер-класс


Өткізген

Сарина Галия Асылбековна

Жұмыс орны

«№4 ЖОББМ» КММ, Шалқар қаласы, Ақтөбе облысы

Шебер-кластың

тақырыбы



Мен және менің балам: түсінісушілікті іздеу

Жалпы мақсатым:

Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

Күтілетін нәтиже:

Ата-аналар түрлі тапсырмалар орындау барысында балалармен тіл табысудың тиімді жолын табады. Бала тәрбиесіндегі проблемаларды талқылай отырып, оң ықпал ететін әдістер туралы өз түсінігін қалыптастырады, тиімділігін ұғынады, қолданады.

Түйінді идеялар:

Топпен, жұппен, жеке жұмыс жасау дағдыларын үйренеді.

Ресурстар:

А- 3 парақтары,стикер, интерактивті тақта, маркер, қалам, жұлдызшалар, смайликтер

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Ата-аналардың іс-әрекеті

Қызығушы

лықты ояту


1.«Жылы лебіздер» жаттығуы






























Шеңбер бойынша тұрғызу


Интерпритация:

Қазіргі қоғамда ата-ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата-ананың бақыты неде? Баласы ата-анасын қалай бақытты  етпек ?

Бүгінгі шебер-класты ақын Мұзафар Әлімбаевтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын:

Қипақтайды қит етсе анаң, әкең.

-Қайтсем  ғана осыны адам етсем?

Басқалардың осындай балалары,

Тап осындай жаңғалақ шала ма екен?

Ойым емес, оллаһи, біздікінің

Енжарлығы елде жоқ ала бөтен…

Туа сала тұлпардың жалын тартқан,

Қырғиларға қызығып қарап өтем.

Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,

Бұ да бір күн алаудай жанар ма екен?!

Ел қатарды елеулі еңбек етсе-ау

Болмаса да топ жарған дара бөтен.

Мүше тістеп, мықтылар той жасаса,

Жерге қарап мен сорлы қалар ма екен?…

Үміт пенен күдіктің ортасын

Ата-ананың үміті талады екен!


Бүгінгі тренинг тақырыбы : "Мен және менің балам: түсінісушілікті іздеу".

Қазіргі кезде ата-ананың бірінші мақсаты қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды.Көпшілік ата-анада тұрақты жұмыс жоқ. Бала -шағаның қамымен жүрген ата-ана олардың тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды.Осыдан келіп баламен арада кейбір түсініспеушілік те болып қалады.Баланы тек қана киіндіріп, тамақтандырумен ғана шектеліп қоймай,олардың тәрбиесіне де аса мән берулеріңіз қажет. Біздің мақсатымыз - балаларыңызбен қарым-қатынастарыңызды бұрынғыдан да жақсартып,бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.


Бір-біріне тілек айтады


Ата-ана жауаптары тыңдалады



2.Топқа бөлу


3. Ашық сұрақтар










4.Ситуациялық жағдайлар «Тығырықтан шығу»


Кеспе қағаздар арқылы топқа бөлу


1.Бала тәрбиесіне отбасында кім көңіл бөледі? (әкесі немесе шешесі)

2.Балаңыздың бойында ерекше қасиеттері бар ма?

3. Байқаған жағдайда қандай мүмкіндік жасадыңыз? (Биге бейім, ән айтқанды ұнатады т.б.)

4. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 6-7 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?


1-топ

Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз?

2-топ

Балаңыздың оқу үлгерімі орта деңгейде. Үйде ешкім жоқ болып, бүгін үйде қалуды ескерттіңіз. Балаңыз сабақтан қалғысы келмейді. Сіз былай деп жеңдіңіз: "Сен мектепке барғанмен не бітірем дейсің, оқығанмен сенен бәрібір ештеңе шықпайды, босқа нашар баға аласың". Ашумен айтып қалдыңыз. Сіздің әрекетіңіз?

3-топ

Балаңыз әкесінің ұялы телефонын жасырып сабаққа алып кетті. Сабаққа әкелген бойда оқу құралдарын алып жатып, жерге түсіріп сындырып алды. Оны көрген пән мұғалімі ұялы телефонын алып, телефон ұстауға болмайтынын ескертіп, мектеп әкімшілігіне тапсырды. Бүгін әкесі вахтаға жол жүруі керек. Сіздің әрекетіңіз? Баланың арасына түсесіз бе?




Топ мүшелерінің пікірі тыңдалады


















Топ талқылайды, қорғайды

5. Талқылауға тапсырма:.

«Ащы пияз» қазіргі заман аңызы
























Бағыттаушы сұрақ

Тақтаға ватманға салынған пияздың суреті ілініп, аңыз оқылады

     Өз балаларыма көңіл бөлуге әрдайым менде уақыт болмайтын. Жұмыс, қызмет бабында өрлеу, жеке бас өмірім. Бірақ, менің балаларым ештеңеден тарықпай өмір сүріп жатты, менің олардың тәттілік – компьютерлік қажеттілікте рін қанағаттандыруға қаражатым жетіп отырды.Менің олардың кемшіліктеріне көз жұмып қарасам, олар менің тарапымнан көңіл бөле алмайтынымды кешіріп жатты. Бірақ мейірімді, жібектей балалық шақтың уақыты тез өтіп кетті. Күрделі жасөспірімдік кезең басталды. Алғашқы өзара кінә қою, алғашқы шынайы сезімдер. Менің жасаған қорытындым: менің балаларым сүйіспеншіліксіз өскен. Мен олардың есеюіне көңіл бөлмеппін, олардың нашар қылықтары мен әрекеттеріне тосқауыл қоймаппын және жамандықты жақсылықтан ажырата білуді үйретпеппін.

 Кезекті келеңсіз жағдайдан соң ас үйде пиязды аршып тұрып, көзімнен жас кетті.

   Анам кіріп келіп:

- Неге жылап тұрсың? – деді.

- Білесің бе, ащы пияз қолыма түсіпті. Көзді жасаурататын сұрыптары болады ғой, сол шығар , -дедім

- Демек, оны аз суарған шығар деді анам да, Мен бір маңызды нәрсені түсіндім: егер де балаларға балалық шағында аз су құйылса, өздерінің ересек өмірінде олар басқаларды көп жылатады.


-отбасында осындай қарым –қатынас пен сезімдер болмаса бала қандай болып өсуі мүмкін?




ватманда бейнеленген жуаның үстіңгі бөлігінде жасыл жапырақты өскін бейнеленген. Әрбір отбасында балаға қандай сезім мен қарым - қатынас болу керектігін, мысалы: мейірімділік, махаббат, түсіністік.....т.с.с. Осындай жақсы сөздермен жуаның жасыл өскінін толтырады



V. Кері байланыс

«Ашығын айтсам...»






Рефлексия

Анкета


Менің есімім...........................................................................

Менің тренинг барысында түйгенім..................................... Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады..................................

....................................................................................................

Жүргізушіге ұсыныс.................................................................



Бала дегеніміз –болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.


Ата-аналар анкетаны толтырады






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2018
683
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі