Мен және менің болашақ мамандығым

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен және менің болашақ мамандығым

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің болашақ мамандығым туралы қызықты эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен және менің болашақ мамандығым

Болашақ мамандығым туралы ой қозғамас бұрын «Мамандықты қалай таңдау керек ?» - деген сұраққа жауап беріп алуды жөн көрдім. Мамандық таңдау – өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау. Демек мамандық таңдау дегеніміз – өзің айналысқың келетін, жүрегіңе, жаныңа, табиғатыңа жақын жұмысты таңдау. Көптеген мамандықтар бар және олардың атқаратын қызметі мен міндеттері адамзат баласының игілігі үшін екенін естен шығармауымыз керек. Сондықтан әр істі адам адамзат баласына бір пайдам тисе деген ниетпен жасауы керек. Әр мамандықтың өзіне тән қиыншылығы болады. Сөйте тұра адам өз мамандығын сүйіп, жан-тәнімен істегенде ғана биік белестерді бағындыра алады.

«Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз.»

-деген Әл-Фарабидің қанатты сөздері бұған дәлел болмақ. Үлкен өмірге жетелейтін алғашқы баспалдақ бұл-мамандық таңдау. Менің ес білгелі бері арманым, қалайтын мамандығым –ұстаз болу. Бұл мамандықты таңдап отырғаныма үлкен септігін тигізген менің алғашқы ұстазым еді. «Ұстаздық еткен жалықпас-үйретуден балаға» - демекші алғашқы ұстазым мен үшін көкжиектен қол бұлғаған күн сияқты. Талмай, тынбай, бар жанын,мейірімін салып білім беру жолында еңбек ететіндігі маған үлгі болды. Бала қиялым асқақ армандарға қол созуда. Мен де ұстазыма ұқсап өз ісімнің маманы болуды қалаймын. Ерте келіп, елдің ең соңында қайтатын ұстазымның ізденімпаздығына , қайратына таң қалып, тәнті боламын. Бейне бір ұстаз болып дүниеген келеген адамдай, бейне ұстаздық мамандығы сол кісіге арналғандай. Сұңғақ бойдың, сұңғыла ойдың иесі ұстазым мен үшін әлемдегі ең әдемі жан.Ұстазымның әтірінің иісі де әлі есімде. Гүлназ ұстазыма деген балалық пәк көңілім мені ұстаз болу арманыма жетелейді.

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» -деп Ж.Аймауытов атамыз дөп басып айтқан. Егер адам жай күнелту үшін ғана мамандығын алып жүрсе одан дұрыс маман шықпайды және ол адамда жұмысқа деген ынта, жігер болмайды. Жай сүрлеу, шаршаңқы өмір салтымен күндерін өткізері анық. Ұстаз әр баланың ерекшелігіне назар аударып, төзімділікпен, асқан ыждахаттылықпен жұмыс істеуі қажет.Ұстаздық әмбебап мамандық. Ұстаз актер де, биші де әнші, де бола алады. Бір ұстаздың бойында қырық түрлі қасиет пен отыз түрлі өнер болуы сол қасиет пен өнерді ұстаздық мамандықпен ұштастыра білу де тек нағыз ұстазға тән. Ұлтымызға жаны ашыр Ұлы ұстаздарымыз қаншама. Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов аталарымыздың қазақ болашағы үшін еткен еңбектері мен төккен терлерін ерлік деп білемін. Олардың жүріп өткен жолдары да ,сан қилы ,бұралаң болды. Қиын -қыстау заманға қарамастан өз мақсаттары мен мамандықтарына адал бола білген «Ұлт ұстазы» деген атқа лайық тұлғалар.

Қазір алдыңғы буын ағаларымыз бен апайларымыздан сұрасам ұстаздық мамандығын таңдамауыма кеңес береді. Ол дегеніңіз қиындықтан қашу деп түсінемін. Алайда менің жүрегімнің қалауы , мақсат, арман қиялдарымның барлығы тек ұстаздық мамандықпен байланысты. Сондықтан мен бұл ретте өз қалауымды тыңдаймын. Мен тарих пәнін қызығып оқимын. Болашақта тарих пәнінің мұғалімі болғым келеді. Бұл пән мен үшін әлі ашылмаған жұмбақтарымен ерекшеленеді. Тарих қатпарларында қалыс қалған деректерді түсіндіре отырсам, оқушылардың тарихымызға деген қызығушылығы оянар еді. Әр қазақ мектеп жасынан өз тарихын біліп,мақтанышпен айтып отыруы керек деп ойлаймын . «Ұстаз-ұлы есім» сол есімге сай болу үшін ерінбей еңбектену керек екенін де түсінемін. Ұстаз боламын деп айту, құр армандау, бос қиялдау еш нәтиже бермейтіні анық. Адам бір істі бастамас бұрын жоспар құруы керек деп есептеймін. Менің алдағы жоспарым: Жазғы демалыс кездері өткен тақырыптарды қайталау. Әдеби –тарихи шығармалар оқу. Сөйтіп асқақ армандарыма бір табан болса да жақындай түсу. Болашақта тарих пәнінен сабақ берсем, тарихты бүге-шігесіне дейін оқып, біліп мықты ұстаздардың қатарынан көрінсем деген арманым бар. Сол армандарымды жүзеге асыруға бар күш- жігерімді жұмсаймын деп өзіме серт бердім.















Қатысушының тегі аты -жөні

Әсетқазин Бекжан Дәулетқазыұлы

Жетекшінің толық аты-жөні

Тайтөлеуова Жазира Бақтығазықызы

Ата-анасының толық аты -жөні

Әсетқазыұлы Дәулетқазы

Облыс, аудан, қала, село(ауыл) атауы

Абай облысы, Абай ауданы,Көкбай ауылы

Білім беру мекемесінің атауы

«Көкбай атындағы орта мектебі» КММ

Байқау атауы

«АЛТЫН ТҮЛЕК»

Телефон, ұялы, е-mail

Zhazira_0083@mail.ru

тел:87025460083

Сапалы 3*4 фотосы




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2025
237
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі