Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Мен және менің достарым!
Мақсаты: 1. Өзінің есімін, тегін атай білуге жаттықтыру.
2. Топтағы балаларды атымен атауды үйрету; «ұл», «қыз» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту.
3. Адамдармен өзара түсінісіп, қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ойыншық тышқан, доп, бала-лардың суреттері, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: достық, ынтымақ.
Билингвальды компонент: дос – друг, ұл – мальчик, қыз – девочка.
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
Қандай ғажайып таң! Бәріміз шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімізге игі тілектерімізді айтайық. Бізге қонаққа келіп тұр. Кім болды екен? (Тышқан жылап кіріп келеді). Педагог тышқанның даусына салып: – Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің көңіл күйім түсіп кетті, өйткені менің достарым жоқ. Қарап тұрсам, сендер өте көңілдісіңдер, сендер көпсіңдер. Мен достардың қандай болатынын да білмеймін. Балалар, алдымен танысып алайық. Шеңбер бойымен өз есімдеріңді атап шықсаңдар жақсы болар еді. |
Шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне игі тілектерін білдіреді, тышқанға әрқайсысы аттарын айтады. |
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
1. Білімді өзектендіру: – Тышқанға көмектесіп, достың қандай болатынын және достық туралы айтып берейік. – Сендердің достарың бар ма? – Достық дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Билингвальды компонент: дос – друг, ұл – мальчик, қыз – девочка. 3. Достық тақырыбында әңгіме өткізу. – Достық (дружба) – адамдардың бір-бірімен жақсы ниетпен араласуы, бірге ойнауы. Балалар, нағыз достың қандай болатынын білесіңдер ме? Ынтымақ (содружество) – адамдар арасындағы ұйымшылдық, бірлік. 4. Үлестірмелі материалмен жұмыс. Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді, қалай орындағандарын қадағалайды. Жеке жұмыс жүргізеді. «Иә немесе жоқ» ойыны. Шарты: педагог сөйлемдерді айтады, балалар келісетіндерін немесе келіспейтіндерін «иә», «жоқ» деген жауаптармен білдіреді. – Ұзақ дос боламыз. – Достықты біз бағалаймыз. – Бірге ойнаймыз. – Бір-бірімізге көмек көрсетеміз. – Достарды ренжітеміз. |
Сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерімен бөліседі. Қайталайды. Педагогті мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Тапсырманы орындайды. Сұрақтарға жауап бере отырып, ойынға қатысады. – Иә. – Иә. – Иә. – Иә. – Жоқ. |
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
– Досымның қолындағы ойыншығын тартып аламын. 5. Саусаққа арналған жаттығу: Достық Қыздар менен ұлдар Дос қой біздің топта. Ұсынса біреу қолын, Ешқашан бас тартпа. 6. «Досың туралы айт» жаттығуы . – Досыңның есімі кім? – Сенің досың ұл ма, әлде қыз бала ма? – Досың ызақор ма, әлде мейірімді ме? |
– Жоқ. Саусаққа арналған жаттығуды орындайды. Мәтін мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды. Өз достарын сипаттайды. – Менің досымның аты – Айша. – Ол – қыз бала. – Ол мейірімді. |
|
Рефлек-сиялық- түзетушілік |
Тышқан: Балалар, сендерге көп рақмет. Менің кетуім керек. Енді мен дос табатыныма сенімдімін, өйткені мен дос және достықтың не екенін түсіндім. Балалармен қоштасады. |
Педагогпен бірге сабақты қорытындылайды. Тышқанмен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: заттарды сипаттап айтуға және басқа да ойыншық-тардың неден жасалғанын ажыратуға арналған тапсырмаларды.
түсінеді: металл және ағаштан жасалатын ойыншық түрлері туралы мәліметтерді тыңдап.
қолданады: заттардың қандай материалдардан жасалғанын анықтап, оларды топтастыра білу дағдыларын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Мен және менің достарым" ашық оқу қызметі
"Мен және менің достарым" ашық оқу қызметі
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Мен және менің достарым!
Мақсаты: 1. Өзінің есімін, тегін атай білуге жаттықтыру.
2. Топтағы балаларды атымен атауды үйрету; «ұл», «қыз» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту.
3. Адамдармен өзара түсінісіп, қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ойыншық тышқан, доп, бала-лардың суреттері, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: достық, ынтымақ.
Билингвальды компонент: дос – друг, ұл – мальчик, қыз – девочка.
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
Қандай ғажайып таң! Бәріміз шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімізге игі тілектерімізді айтайық. Бізге қонаққа келіп тұр. Кім болды екен? (Тышқан жылап кіріп келеді). Педагог тышқанның даусына салып: – Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің көңіл күйім түсіп кетті, өйткені менің достарым жоқ. Қарап тұрсам, сендер өте көңілдісіңдер, сендер көпсіңдер. Мен достардың қандай болатынын да білмеймін. Балалар, алдымен танысып алайық. Шеңбер бойымен өз есімдеріңді атап шықсаңдар жақсы болар еді. |
Шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне игі тілектерін білдіреді, тышқанға әрқайсысы аттарын айтады. |
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
1. Білімді өзектендіру: – Тышқанға көмектесіп, достың қандай болатынын және достық туралы айтып берейік. – Сендердің достарың бар ма? – Достық дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Билингвальды компонент: дос – друг, ұл – мальчик, қыз – девочка. 3. Достық тақырыбында әңгіме өткізу. – Достық (дружба) – адамдардың бір-бірімен жақсы ниетпен араласуы, бірге ойнауы. Балалар, нағыз достың қандай болатынын білесіңдер ме? Ынтымақ (содружество) – адамдар арасындағы ұйымшылдық, бірлік. 4. Үлестірмелі материалмен жұмыс. Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді, қалай орындағандарын қадағалайды. Жеке жұмыс жүргізеді. «Иә немесе жоқ» ойыны. Шарты: педагог сөйлемдерді айтады, балалар келісетіндерін немесе келіспейтіндерін «иә», «жоқ» деген жауаптармен білдіреді. – Ұзақ дос боламыз. – Достықты біз бағалаймыз. – Бірге ойнаймыз. – Бір-бірімізге көмек көрсетеміз. – Достарды ренжітеміз. |
Сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерімен бөліседі. Қайталайды. Педагогті мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Тапсырманы орындайды. Сұрақтарға жауап бере отырып, ойынға қатысады. – Иә. – Иә. – Иә. – Иә. – Жоқ. |
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
– Досымның қолындағы ойыншығын тартып аламын. 5. Саусаққа арналған жаттығу: Достық Қыздар менен ұлдар Дос қой біздің топта. Ұсынса біреу қолын, Ешқашан бас тартпа. 6. «Досың туралы айт» жаттығуы . – Досыңның есімі кім? – Сенің досың ұл ма, әлде қыз бала ма? – Досың ызақор ма, әлде мейірімді ме? |
– Жоқ. Саусаққа арналған жаттығуды орындайды. Мәтін мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды. Өз достарын сипаттайды. – Менің досымның аты – Айша. – Ол – қыз бала. – Ол мейірімді. |
|
Рефлек-сиялық- түзетушілік |
Тышқан: Балалар, сендерге көп рақмет. Менің кетуім керек. Енді мен дос табатыныма сенімдімін, өйткені мен дос және достықтың не екенін түсіндім. Балалармен қоштасады. |
Педагогпен бірге сабақты қорытындылайды. Тышқанмен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: заттарды сипаттап айтуға және басқа да ойыншық-тардың неден жасалғанын ажыратуға арналған тапсырмаларды.
түсінеді: металл және ағаштан жасалатын ойыншық түрлері туралы мәліметтерді тыңдап.
қолданады: заттардың қандай материалдардан жасалғанын анықтап, оларды топтастыра білу дағдыларын.
шағым қалдыра аласыз













