«Мен және менің достарым» Тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мен және менің достарым» Тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеленушілердің өзін-өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді анықтау, дамытуға бағыт беру, орталыққа бейімдеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі








Тақырыбы

«Мен және менің достарым»

Тренинг









Орындаған: З.Умбетбаева

Мерзімі: 18.09.2020 ж




















Тараз 2020 жыл


Тақырыбы: «Мен және менің достарым»
Мақсаты:
 Тәрбиеленушілердің өзін-өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді анықтау, дамытуға бағыт беру, орталыққа бейімдеу.
Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, сызба-карточкалар


Жүру барысы

Кіріспе
Дүниедегі ең үлкен нәрсе - кеңістік
Бәрінен жүйрік - ой
Бәрінен дана - уақыт
Бәрінен жеңілі - басқаға ақыл айту
Бәрінен қиыны - өзіңді өзің тану.


Мағынаны тану

Достық- адамдарды бір-біріне бауырмал, жақын ететін, кіршіксіз, таза, ізгілікті қарым-қатынас.  Бір-бірлерінің  көзқарастары мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады. Адам досына ғана өз сырын айта алады, шынын жасырмайды. Дос болу дегеніміз-керек кезде қол ұшын беру, сыйлау, қадірлеу. Өзінің жан досы бар адам бақытты.
Досым саған сенемін, сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен
Достық деген — адамның көрігі екен
Достық деген — ақылдың серігі екен .

Іскерлік ойыны : «Комплименттер бұрқасыны»

Топқа бөлу кезеңі

Геометриялық фигураға назар аударып әркім өзіне ұнаған фигураға барып отырады.
Өздері таңдаған фигураның нені білдіретінін, неге осы фигураны қалағандарыңды айтасыңдар.
(оқушылардың болжамдарынан кейін, мұғалім осы тесттің мақсатын түсіндіреді)
И. Панарин тесті
Тіктөртбұрыш - таңдағандар лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қаблеті басым жандар.
Үшбұрыш - өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.
Төртбұрыш - жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар.
Дөңгелек - осы 5 фигураның ішіндегі өте мейірімді, басқаның қайғысын қуанышын да бөлуге даяр тұратын жандар.
Зиг-зак - шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүретін жандар.



«Мен достарыммен біргемін» топпен жұмыс

  1. Бір тәрбиеленушіге, оның жағымды және жағымсыз қасиеттерін көрсетіп атын атамай мінездеме бер. Оның кім екенін өзге оқушылар табады.

  2. Өмірдегі ең қажетті 3 нәрсені ата.

  3. Аяқталмаған ой: «Егер мен осы алдымызда тұрған педагог болсам. ...»

  4. «Міне мен қандаймын?» тақырыпқа сәйкес өз қабілетін ортаға көрсету.


«Суреттерді аяқтайық» жаттығуы
Мақсаты: Тәрбиеленушілердің логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту.
Алдын-ала тақтада мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады. Балалардың көздері шарфпен байланады да, олар кезек-кезек шығып, бірі денесін, бірі басын салса, бірі аяғын салады, осылайша жалғаса береді.
1. Суретті аяқтау қиын болды ма?
2. Жаттығу ұнады ма?
3. Бұл жаттығудың тиімділігі бар ма?


«Жүректен  жүрекке»   

  • Балалар шеңбер бойына тұрады.

  • Жігіттер тобының орындауындағы «Жан досым»   әнін бірге орындау, немесе достық туралы басқа әнді орындау.


Рефлексия. «Сенің көңіл-күйің болмаса...» 




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2020
1890
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі