"Мен және менің ортам" тренингі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мен және менің ортам" тренингі

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып қыздарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Губайдуллина Алмагул Мейрамгаликызы

Батыс қазақстан облысы, Орал қаласы, Жаңақала ауданы

3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің педагог – психологы

«Мен және менің ортам»

Тренинг мақсаты: тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған орта, өзін-өзі қалыптастыру барысында ұмытылысын дамыту, өзін-өзі тану қабілетін, өзін-өзі дамыту жолында мақсат қойып, оны орындау мен жеке тұлға ретінде өсуін дамыту.

Қажетті құралдар: тренинг ережесі, магнитофон, жай әуен, ақ парақ пен қалам.

Тренинг барысы:

І. Ұйымдастыру.

1. Амандасу.

2. Келісім шартын қабылдау.

  • Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі сергіту сәтіне қош келіпсіздер!

Әрбір адам – өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде» адамдар бір ортада бір-бірімен сыйластықта болғанына не жетсін?

Олай болса, бүгінгі тренингімізді «Мен және менің ортам» деп атай отырып, арамыздағы жақсы қарым-қатынасқа арнаймыз. Тренингті бастамас бұрын, келісім шартын қабылдап алайық.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Қарым-қатынас жасау арқылы адамдар айналадағы дүниеден мәлімет алады, жан-дүниесі кеңейеді, білімі тереңдейді. Адамдармен қарым-қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады десек артық емес. Ендеше, қарым-қатынасқа түсу үшін орнымыздан тұрып, шеңбер жасайық. Қолдарымыздан ұстап атымыздың бас әрпін сын есіммен тіркестіріп айтамыз. Мысалы, Мен мейірімді Миргүлмін, Мен көрікті Кәмшатпын.

  1. «Екі шындық және бір өтірік» ойыны.Сіздер қазір екі шындық және бір өтірік айтасыздар. Мысалы, менің атым Миргүл. Мен осы мектептің жобасын жасаған белгілі архитектормын. Және мен балмұздақты ұнатамын. Әрі қарай жалғастырамыз.

Кейде отбасында, жүрген ортамызда, көпшілік орындарда түсініспеушілік, кикілжің, ерегес жағдайлармен бетпе-бет кездесіп қаламыз. Кикілжіңнің неден шығатынын, кикілжіңді болдырмау, одан шығу жолдары бар ма, сол тұрғыдан жұмысымызды жалғастырайық.

  1. «Карусель» ойыны. Топ мүшелері 2-ге бөлінеді. 1-ші топ ішкі, 2-ші топ сыртқы болып бөлінеді. Әрбір топқа мен белгілі бір рольді берем. Сендер соны тез арада 2-3 минутта көрсетулерің керек. Мысалы:

анасы мен қызы, мұғалім мен оқушы, жігіт пен қыз, сатушы мен сатып алушы, дәрігер мен пациент, жүргізуші мен жол полициясы.

  1. «Пікір-талас» ойыны

Топ үшке , яғни үш-үштен бөлінеді. Әрбір үштікке міндеттері беріледі. Қатысушылардың біреуі «керең және мылқау» рольін ойнайды:ол ештеңені естімейді, сөйлей алмайды, бірақ, оның құзырында көру,ым-ишара, пантомимика бар; екінші қатысушы «керең және сал адамның» рольін ойнайды: ол сөйлей және көре алады; үшіншісі: «соқыр және мылқау». Ол тек естуге және көрсетуге қабілетті. Барлық үштікке ұсынылатын тапсырма: кездесу орны, уақыты және мақсаты жайында келісу.

4. «Егер мен...»

Шеңберде тұрған оқушылар бір-бірінің сөйлемдерін аяқтайды. Барлығы да шынайы болулары керек. Мысалы: 1) Егер мен милиционер болсам... 2) .... мен ақысыз балаларға диснейленд жасар едім т.б.

ІІІ. Рефлексия

  1. Оқушылардың тренингтен алған әсері.

  2. Қосымша өз пікірлері.

Сонымен, тренингімізді ұлы Абай атамыздың «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынас» деген сөзімен аяқтай отырып, тренингімізге қатысып, ойларыңызды білдіргендеріңізге рахмет айтамыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.06.2018
551
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі